- •Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
- •Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері
- •«Банк» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Банк» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Ұшқыштар» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Ұшқыштар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сәуленің тойы» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сауленің тойы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық қартасы
- •«Экологтар. Бағбан» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Құрылысшылар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-ролді ойыны
- •«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Телевизия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Телевизия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жүргізушілер. Гараж. Жол полициясы» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Жүргізушілер. Гараж. Жол полициясы» сюжетті рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Мектеп» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Мектеп» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Цирк» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Цирк» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Театр» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Театр» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Пошта» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Пошта» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Редакция» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Редакция» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Билайн» Корпорациясы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Зообақ» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Зообақ» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Кітапхана» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Кітапхана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжеті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Ғарыш» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Ғарыш» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Олимпиада» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Олимпиада» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Мұражай» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Мұражай» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Шаштараз» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Шаштараз» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •Әдебиет
«Мектеп» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
Мақсаты: балалардың мектепке, мұғалімнің әрекетіне қызығушылығын іс жүзінде іске асыру үшін жағдай туғызу. Балаларды өздігінен рөлдерді бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету. Ойдағы жағдаятты түсіну және соған сәйкес әрекет ету. Баланың әлеуметтік белсенді саласын және оның ересектер мен балалардың түрлі позицияларда (мұғалім-оқушы-мектеп директоры) орын алатын мүмкіндіктерін айтып мектеп тіршілігі туралы ұғымын кеңейту
Жағдаят |
Атрибуттар |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мектепке бару. Мектепке дайындық, мектепке қажетті құрал жабдықтар алу. 1 қыркүйек, салтанатты жиын, сабақ, үзіліс, үйге қайту.
|
Мектеп құралдары, тақта, журналдар, карталар, атластар, күнделіктер.
|
Директор ролінде оқушыларды қабылдауға мектептің дайындығын тексереді, Білім күні мерекесінің сценариін ойластырады, сыныптарды безендіруге көмектеседі, оқушыларды сынып бойынша бөледі.
|
Мұғалімдер оқушыларды қарсы алады, оларды мектептің ауласына мерекеге қатарға тұрғызады, сыныптарға апарады, сабақ жүргізеді, баға қояды, дәптерлер тексереді, үзілісте балалармен бірге ойнайды. Оқушылар 1 қыркүйек туралы тақпақтар оқиды, мұғалімдерге гүл сыйлайды, партада отырады, сұрақтарға жауап береді, қолдарын көтереді, ойнайды, кітапханаға, асханаға барады. Ата-аналар балаларын мектепке жаздырады, балалармен бірге кеңсе тауарларын және мектепке арналған кітаптар сатып алады, портфельдерін жинауға көмектеседі, балаларын мектепке алып келеді, ата-аналар жиналысына келеді. Оқу іс жөніндегі орынбасар сабақ кестесін құрайды, сабақтарға қатысады, мұғалімдердің жұмыстарын бақылайды, үзіліс кезінде оларға ойындарда көмектеседі. Кітапханашы балаларға үйде оқу үшін кітап береді, кітаптарды талқылауды ұйымдастырады. Буфетші әйел балаларға самса, шай, тәттілер сатады.
|
«Цирк» сюжетті-рөлді ойыны
Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Д.В. Григорович «Гуттаперчадан істелген бала»;
- А.П. Чехов «Каштанка»;
- Ш. Перро «Пері»;
- Н. Носов «Тірі қалпақ»;
- Жақан Смақов «Қадам, тағы қадам»;
- В. Драгунский «Шардағы қыз»;
«Алтын ат» - югославия ертегісі
Өнімді іс-әрекет түрлері
- жарнаманың, билеттердің суретін салу, сайқымазақтың костюмін дайындау;
- «Цирк алаңы» әшекейленген өрнекті безендіру
Балалармен әңгімелесу
- цирк — балаларға арналған сауық-сайран;
- Жануарлар – адамдардың досы;
- жануарлар туралы қамқорлық;
- «Цирк деген не?», «Циркке кім қатысады?», «Көріністі тамашалайтындарды қалай атайды?», «Ал көрсететіндерді ше?»
Дидактикалық ойындар
- «Маймылдар»;
- «Сиқырлы қобдиша»;
- «Кішкентай сауыққой».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- «Цирк аңдары» қоршаған ортамен таныстыру;
- «Мен цирктемін» тақырыбына әңгіме құру, тіл дамыту;
- «Цирк қаһарманы» сурет салу.
Ата-аналармен жұмыс
- «Біз цирктеміз!» тақырыбында сабақ туралы ата-аналарға арналған хабарлама парағы.
