Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сюжетті-рөльдік ойындар 2010 .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: берілген ойын әрекеттер сюжеттеріне сәйкес балалардың топтарға бөліне білу және аяқталғаннан кейін қайтадан бір ұжымға бірігу білігін қалыптастыру. Тігінші, сәнгер, үлгішінің еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу, олардың ұжымдық еңбегі бір адамның ұқыптылықпен еткен еңбегі екіншісінің жұмысына байланысты екендігі туралы ұғымдарын кеңейту. Ойын барысында өлшеу тәсілдерін қолдану туралы білігін дамыту. Диалогпен сөйлеуін дамыту.

Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Сәнгермен сән үлгісін таңдау және талқылау. Маталар таңдау. Тапсырыс беруді рәсімдеуді қабылдау және орындау. Сән агенттігіне түсу. Сәнгерлер үшін шебер класс. Сәнгерлерге сахналық сөйлеуді, сахнада жүруді үйрену. Сәнді киімдер әзірлеу. Көрсетілім үшін сән үлгісін таңдау. Сәнгерлер-мен жұмыс. Фото суретшілер-мен жұмыс. «Портфо-лио» құрастыру. Сән үлгісін көрсету.

Шымылдық, түрлі өлшемдегі және түстегі маталар, түрлі-түсті жіптер, киімдердің үлгілері, журналдар, тігуге арналған құралдар, билетке арналған касса, билеттер, ақшалар, фотоаппарат-тар, камера, сән үлгілері. Косметикалық жиынтық.

Агент директоры рөлінде тапсырыс берушілермен, сәнгер, сән үлгісі, сән үйлер, сәнді киімдерге тапсырыс беру туралы әңгімелеседі. Сән үлгісі жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің жұмыстарының дұрыстығына көңіл бөледі.

Үлгішілер өлшемін алады, киім үлгісін жасайды. Қабылдаушы әйел тапсырыс беруді рәсімдейді, тапсырысты орындау мерзімін анықтайды.

Тігінші тапсырысты орындайды, бұйымның үлгісін алады. Кассир орындалған тапсырысқа ақша алады, билет сатады. Сәнгер дайын бұйымды көрсету үшін таңдайды.

Сәнгерлер подиум бойымен жүруге және қызықты сәнді киімдерді көрсетуге үйренеді, сәнді киімдерді көрсетеді.

Курьер шақыру билеттерін таратады. Ққонақтар өз орындарына отырады. Бақылайды, қол соғып қошеметтейді. Фото суретшілер қызықты кадрларды жазып алады, сәнгерлерге портфолио жасайды.

«Мектеп» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- Л.Н. Толстой «Филлипок»;

- С. Маршак «Бірінші қыркүйек»;

- Л. Воронков «Құрбылар мектепке барады»;

- Қ. Мырзалиев «Әріп»;

- З. Александрова «Мектепке»;

- И. Тандык «Мектепке»;

- Ж. Смаков «Кіші әліппе»

- С. Сағынғали «Сабақ әлдеқашан аяқталды».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- топ бөлмесін безендіру (үстелдер, орындықтар – мектептегідей дәстүрлі етіп қою);

- қажетті атрибуттарды дайындау.

Балалармен әңгімелесу

- «Мектеп деген не?», «Мектепке не үшін барамыз», «Сендерді бірнәрсеге үйрететін адамды қалай атайды?».

Дидактикалық ойындар

- «Әрбір қатардағы қандай сурет артық»;

- «Сөзді аяқта»;

- «Қимылмен еліктеу, етістіктермен сөздерді кеңейту».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- жақын жердегі мектепке саяхат;

- «Мамандықтар» тіл дамыту;

- «Аңдарға арналған мектеп» құрастыру.

Ата-аналармен жұмыс

- үйде ойын (балалардың қалауы бойынша)