- •Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
- •Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері
- •«Банк» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Банк» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Ұшқыштар» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Ұшқыштар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сәуленің тойы» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сауленің тойы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық қартасы
- •«Экологтар. Бағбан» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Құрылысшылар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-ролді ойыны
- •«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Телевизия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Телевизия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жүргізушілер. Гараж. Жол полициясы» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Жүргізушілер. Гараж. Жол полициясы» сюжетті рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Мектеп» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Мектеп» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Цирк» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Цирк» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Театр» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Театр» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Пошта» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Пошта» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Редакция» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Редакция» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Билайн» Корпорациясы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Зообақ» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Зообақ» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Кітапхана» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Кітапхана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжеті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Ғарыш» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Ғарыш» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Олимпиада» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Олимпиада» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Мұражай» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Мұражай» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Шаштараз» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Шаштараз» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •Әдебиет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ
әдістемелік құралы
Астана 2010
Сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу. Әдістемелік құрал – Астана, 2010. - 143 с.
Құрастырушы - авторлар:
Артюшина Л.И., Лойко В.А., Калашникова Т.М.
Рецензенттер:
Бектұрғанова Р.Ч. – Қостанай педагогикалық колледжінің директоры.
Шибельгут А.Е. – Қостанай қ. № 12 балабақшасының директоры.
Осы әдістемелік құрал мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдардың тәрбиешілеріне, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің студенттеріне арналған, 3-5 жастағы балалардың сюжетті-рөлдік ойындарын кешенді басқаруды модельдеу үшін біртума материал ұсынылған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2010
МАЗМҰНЫ
1 |
Кіріспе |
4 |
2 |
Балабақшада сюжеттік ойынды ұйымдастыру педагогикалық принциптері |
5 |
3 |
Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері |
6 |
3-5 жастағы балалардың сюжетті-рөлді ойындардың модельдері: |
||
4 |
Банк |
10 |
5 |
Теңізшілер. Балықшылар. Су астындағы кеме |
12 |
6 |
Ұшқыштар |
14 |
7 |
Отбасы. Қарлығаштың туылған күні |
17 |
8 |
Супермаркет. Жайлаудағы дүкен |
19 |
9 |
Мереке. Наурыз. Асхат пен Сәуленің тойы |
21 |
10 |
Экологтар. Бағбандар |
23 |
11 |
Құрылысшылар |
24 |
12 |
Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана |
25 |
13 |
Телевизия |
27 |
14 |
Жүргізуші. Гараж. Жол полициясы |
29 |
15 |
Ателье. Сән Үйі |
31 |
16 |
Мектеп |
33 |
17 |
Цирк |
35 |
18 |
Театр |
37 |
19 |
Зерттеушілер |
39 |
20 |
Пошта |
41 |
21 |
Редакция |
43 |
22 |
Билайн Корпорациясы |
45 |
23 |
Зообақ |
47 |
24 |
Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия |
50 |
25 |
Кітапхана |
52 |
26 |
Жылжымайтын мүлік агенттігі |
54 |
27 |
Ғарыш |
56 |
28 |
Химиялық тазарту |
58 |
29 |
Құтқару қызметі |
61 |
30 |
Олимпиада |
63 |
31 |
Мұражай |
66 |
32 |
Дизайнер студиясы |
68 |
34 |
Шаштараз |
70 |
35 |
Әдебиет |
72 |
КІРІСПЕ
«Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе сияқты», деп Сухомлинский В.А. жазған болатын.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді. Ал ойын - сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға, шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін.
Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын меңгеру мәселесі айрықша өзекті болып отыр.
Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың жаңа әдісі — модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып, тәрбиеші балаларға алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын, қатысушылардың әрекеттерін, әр бір нақты қатысқан адамдарды, әр бір әрекет етушінің міндеттерін, олардың қарым-қатынастарының мазмұнын еске түсіруге көмектеседі. Модельдеу процесінде тәрбиешінің міндетіне баланың барлық мүмкіндіктерін барынша өзектеуді қамтамасыз ететін ойынды басқаруды ұйымдастыру кіреді. Осылайша ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлауы, ойнау дағдыларының біртіндеп қиындатуы жүзеге асады.
Ұсынылып отырған модельдер қазіргі заманның барлық салаларын қамтып, құрамына әр түрлі тақырыптар кіреді: тұрмыстық, өндірістік және қоғамдық.
Әрбір модельдің келесі кезеңдері бар:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Технологиялық карта.
Балабақшадағы ойынды жоспарлауға және басқаруға қолданатын бұл әдіс мектеп жасына дейінгі балалардың еркін дербес ойын деңгейін бірталай арттыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқаулар педагогтар үшін пайдалы болады, әсіресе қазіргі уақытта, мектепке дейінгі білім берудегі «оқу» типі бойынша балалардың балабақшадағы өмірін ұйымдастыру дәстүрлі түрін кейін қалдырып, балалардың белсенділігінің еркін шығармашылық түрлеріне, соның ішінде балалар дамуының маңызды факторлары болып табылатын сюжетті ойынға көп көңіл бөлініп жатыр.
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Мектепке дейінгі балалық шақ — 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.
Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында туындайды.
Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды (немесе модельдейді).
Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады.
Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын - адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.
Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.
Балабақшада сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері:
Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс
1. Тәрбиеші балалармен бірге мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойнау тиіс, бірақ ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы өрістету қажет.
2. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне — ересек адамға және құрдасына — түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке өзіндік ойынды, ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан ара-қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді.
