- •Жоспары:
- •Бүйрек және жүктілік Жүктілік кезіндегі бүйректің және зәр шығару жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жүктілік кезіндегі физиологиялық өзгерістер
- •Жүктіліктің асқынулары
- •Зәр шығару жүйесінің инфекциясы.
- •Жүктілердегі артериялық гипертензия
- •Преэклампсия
- •Эклампсия.
- •Бса бар әйелдердегі жүктілік
- •Жүкті әйелдердегі бүйректің жедел зақымдалуы (бжз)
- •7 Курстың «Бүйрек және жүктілік»
- •Бағалау парағы
Жүктіліктің асқынулары
Зәр шығару жүйесінің инфекциясы.
Жүктілерде зәр жүйесінің инфекциясы мына түрлерде дамуы мүмкін:
Асимптоматикалық бактериурия
Цистит
Жедел пиелонефрит
Паранефрит
Бүйрек абсцессі
Бүйрек карбункулы
Жүктілерде инфекцияның дамуына физиологиялық өзгерістер – глюкозурия, зәрдің сілтілі реакциясы, зәр жолдарының дилятациясы ықпал етеді. Зәр жүйесінің инфекциясы, асимптоматикалық бактериуриямен қоса, мерзімінен бұрын босану, ұрық даму кідірісі және перинатальды өлімге қауіп болып есептеледі. Сондықтан, жүктіліктің ерте мерзімінен бастап, үнемі зәрді бактериологиялық себу арқылы тексеру қажет және қажетінше антибактериалды терапия жүргізу қажет.
Ең кеңінен қолданылатын антибиотиктер – амоксициллин, ампициллин, цефалексин, нитрофурандар, налидиксий қышқылы. Ұрыққа қаупі дәлелденбесе де, цефтазидим, цефотаксим, цефаклор, амоксиклав қолданылуы шектелген. Фторхинолон, имипенем, триметопримді қабылдауға болмайды, сонымен қатар, ұрықтың зақымдалуын туғызуы мүмкінпрепараттар – сульфаниламидтер, ко-тримаксазол. Тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетинді қолданғанда ұрықтың зақымдалуы дәлелденген.
Жүктілердегі артериялық гипертензия
Жүктілерде артериялық гипертензиямен жүретін асқынуларға келесі жағдайлар жатады
|
бұл термин жүктілерде артериялық гипертензия жүктіліктің 20 аптасына дейін немесе жүктілікке дейін анықталған жағдайда қолданылады |
|
жүктіліктің 20 аптасынан кейін дамитын протеинуриясыз АГ.
|
|
Диагноз мына 2 белгінің бірі болғанда қойылады:
|
3а. Кейде ауыр преэклампсияны бөліп қарастырады, ол алдындағы аталған белгілерге қоса, келесі симптомдардың біреуі немесе одан көбі байқалса:
Клиника сы – бас ауруы, көру бұзылыстары, естің бұзылысы, өкпе ісінуі, цианоз, эпигастрийдегі ауру-сезімі, бауыр жасушаларының зақымдалу белгілері, тромбоцитопения 100 мың/мкл, ұрықтың даму кідірісі, ми-васкулярлы бұзылыстар. |
|
|
преэклампсия үдеуі нәтижесінде дамитын тонико–клоникалық тырысулар жүктілік уақытында немесе босанғаннан кейін 4 апта ішінде байқалуы . |
|
|
|
немесе
- протеинурияның кенеттен өсуі - АГ кенеттен жоғарылауы - тромбоцитопения - бауыр ферменттерінің жоғарылауы |
