- •Қысқартылған сөздер
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі
- •I. Инъекциясыз жергілікті анестезия
- •II. Инесіз анестезия
- •III. Инъекциялық анестезия
- •Инфильтрациялық жансыздандыру
- •Жоғарғы жақ нерв өрімдерін жансыздандыру
- •Төменгі жақ нерв өрімдерін жансыздандыру
- •Жергілікті анестезияның жалпы асқынулары
- •Тақырыпқа байланысты тест сұрақтары
- •Тест жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •27.05.2010Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
Инфильтрациялық жансыздандыру
Инфильтрациялық анестезияның мақсаты - операциялық аймактың тіндеріне жансыздандыратын ерітіндіні сіңдіру болып табылады. Стоматологияда бұл әдіс - тіске, жаққа, жұмсақ тіндерге жасалатын операцияларда қолданылады.
Инфильтрациялық анестезияның артықшылығы:
- жүргізу әдісінің карапайымдылығы;
- инфильтрациялық анестезияны операциялық аймақтың
үшкіл нервтің кай бұтағының иннервациялануына қарамастан жүргізуге мүмкіндік туғызады;
- өткізгіштік анестезияға қарағанда инфильтрациялық анестетиктің жансыздандыру әсері тез басталады;
- өткізгіштік анестезияға қарағанда инфильтрациялық анестезия кезінде өте аз концентрациялы анестетик ерітінділерін қолданады, сол себептен олардың организмді уландыру қабілеті төмен болады.
Инфильтрациялық анестезияның кемшіліктері:
- тіндерге инфильтрациялық анестезия жургізген кезде олардың пішіні өзгереді, бұл беттің негізін пластикалық операциялары кезінде өте тиімсіз;
- новокаин хлор сутекті курделі эфир тұзы болғандықтан, ол тіндердің бикорбанатымен қосылып, бос негіз түзе отырып жансыздандырады, бірақ кабынған тіндерде қышқылды орта болғандыктан тұздардан негіз бөліну процесі жүрмейді де жансыздандыру әсері жеткіліксіз болады, сол себептен қабынған тіндерге өткізгіштік жансыздандыруды колданған тиімді.
Тістің нерв өрімдерін жансыздандыру
Ауыздың кіре берісінің өтпелі катпарының борпылдақ шел кеңістігіне жіберілген анестетик ерітіндісі сүйек кабықшасы, сүйектің сыртқы кортикальды қабаты, сүйек ми қабаты арқылы өтіп, соңында тістің нерв өріміне жетеді. Төменгі және жоғарғы жақтағы сыртқы кортикальды қаба-тының құрылысы әр түрлі. Жоғарғы жақта ол жұка, ұсақ көп тесіктерден тұрады, тек күрек тістердің аралық сызығы мен бет-жақ айдаршығы тұсында сыртқы кортикальды пластинкасы тығыз болып келеді. Төменгі жақтың кортикальды қабаты барлық жерде бірдей қалың, тығыз келеді. Тек ит тістер орналасқан аймақта тамырлар шығар тесіктің айналасы жұка болып келеді. Сондықтан тіс өрімін жансыздандыру жоғарғы жактың барлық тістеріне жасауға болады (тек бет-жақ айдаршығы өте калың болмаған жағдайда). Ал төменгі жақта күрек тістер мен ит тістерге. Жоғарғы жақтың барлық тістердің нерв өрімдерін жансыздандыруға қолдануға болады (бірінші азу тістен басқасын), ал төменгі жақта ит жане күрек тістерді жансыздандыру үшін. Балалардың сүйек тіндерінің толық жетілмегендігінен, альвеолярлы өсіндінің жұқа болуына байланысты нерв өрімдеріне жасалған жансыздандыру өте нәтижелі болады. Ауыз қуысы кіреберісінің кілегей қабатын екі бөлікке бөлуге болады. Tic түбіріне жақын орналасқан кілегей қабат бозғылттау, (кеңдігі) ені 5 мм жақын, ол альвеолярлы өсіндінің сүйек қабына қозғалыссыз жабысқан. Еріннің және ұрттың кілегей қабатына өтуші, ауыздың кіреберісіне жақын орналаскан бөлік ашық кызыл түсті және сүйек қабынан борпылдақ кілегей асты тінмен бөлектенген. Бүл бөлікте кілегей қабат козғалмалы. Осы альвеолярлы өсіндіні жабушы жұмсақ тіндердің құрылыс ерекшеліктері -жақ сүйегіне жергілікті жансыздандыру жасауға қолданылады. Инені кілегей қабаттың аз бекінген, көбірек козғалмалы бөлігіне енгізу қажет, яғни өтпелі қатпардың кілегей асты тініне (сүйек қабы астына емес) енгізу қажет. Бүл әдіс сүйек қабыныц зақымдалуынан және сыдырылуынан қорғап, көмегін тигізеді және инені енгізгенде аз ауырсынады. Инені енгізуді тіс түбірі ұшының проекциясына жүргізу қажет. Иненің қиғаш сызығын сүйекке қаратады. Иненің бағыты альвеолярлы жиекке параллель болу қажет, соның нәтижесінде бір инъекциямен анестетик ерітіндісін бірнеше тістерді жансыздандыру үшін жіберуге болады. Инені енгізген кезде аздап анестетик жібереді, себебі иненің қозғалысы әрі қарай анестетик ағынымен жүруі үшін, ауырсыну аз болу үшін, 2-3 тісте біркелкі жансызданудың болуы үшін 3-4 мл анестетик жеткілікті, жансыздану 8-10 мин. кейін басталады. Жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінің тіндерінің толық жансыздану болу үшін инъекциядан бөлек, ауыздың кіреберісінің таңдай жағынан косымша жансыздандыру жасалады. Ол үшін шприцтіц инесін тіс өсіне параллель қызыл иек жиегінен 10 мм дей кашыктыққа, таңдайдың жұмсақ тініне енгізеді. Енгізілетін анестетиктің мөлшері 0,3-0,5 мл-дей жіберіледі. Бірнеше көрші тістерді жұлуды қажет еткенде инфильтрациялық анестезияны өткізгіштік анестезияға ауыстыру қажет (үлкен таңдай немесе күрек тіс тесіктері арқылы). Төменгі жақта жансыздандыруды тіл бөліктен жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Себебі, көбінесе алдыңғы, тістер ішке қарай қисайып тұрады, инені қызыл иекке енгізуге кедергі жасайды. Бұндай жағдайда тіл жүйкесіне өткізгіш жансыздандыру жасаған дұрыс (cурет 1).
Жақ маңы жұмсақ тіндерін жансыздандыру
Инфильтрациялық анестезияның жургізілуі сырттан ішке қарай қабаттастырып, оны кілегей қабат және тері жағынанда жүргізілуге болады. Терінің терең емес бөлігін тілгенде жансыздандыру үшін, оның беткейлік қабатын ғана шоғырландыру жасайды. Жіңішке инені сүйір бұрыштап теріге шаншып және қысым арқылы аз мөлшерде анестетикті енгіземіз. Сол кезде ағарған беткейлі төмпешік кұралады - «лимон қабығы». Тері асты шел қабаты, сонымен қатар кілегей асты және одан терең қабаттарын инені терең енгізіп ерітінді сіңдіріле отырып, операциялық алаңның тереңдігіне байланысты, міндетті түрде операциялық алаңнан тыс тіндерді де қанықтыра жүрген жөн. Ұзак уақытқа созылған операция кезінде косымша анестетик енгізуге тура келеді. Шоғырландыратын аймақтағы қан тамырлар мен нервтерді жарақаттап алуды алдын алу үшін, инені енгізу жолына анестетикті ағының жіберу қажет.
Интралигаменрарлық жансыздандыру
Интралигаменрарлық анестезияның мақсаты-жұлатын себепті тіс байламының, жұмсақ тіндеріне жансыздандыратын ертінділерді сіңдіру болып табылады. Стоматологиялық емханаларда бұл әдіс, жоғарғы және төменгі жақ тістерімен олардың тұқылдарын жұлуда көп қолданылады.
Интралигаменрарлық анестезияның артықшылығы;
- жүргізу әдісінің қарапайымдылығы;
- инфильтрациялық анестезияға қарағанда интралигаментарлық анестезия кезінде өте аз мөлшерде анестетик ерітінділерін қолданады, сол себептен олардың организмді уландыру қабілеті төмен болады.
Интралигаментарлық анестезияның кемшілігі:
- тіс ұлпасын жақсы жансыздандырғанымен тістерді терапиялық мақсатпен емдегенде қолданылмайды, себебі жарақатты (жарақатты маргиналды) периодонтиттер дамиды.
Интралигаментарлық анестезияның жүргізілуі,ең алдымен тіс маңы жұмсақ тіндеріне беткеилік анестезия жасап алып, карпульді шприцтің ең жіңішке инесін тіс маңы сүйек тіні мен тіс түбірі аралығына барынша енгізіп әр тіс түбіріне қысым арқылы 0,5мл анестетик ертіндісін жібереміз,жансыздану 3-5 мин. кейін басталады (4-сурет).
Өткізгіштік жансыздандыру (анестезия)
Өткізгіштік анестезиянын артықшылығы:
- иненіц шаншылу саны аз-жиі бір шаншылумен шектелелі;
- инфильтрациялык анстезияға карағанда жансыздану толық деңгейде жүреді, ол операцияның кең көлемде және нәтижелі аяқтауға мүмкіндік береді;
- қосымша жансыздандырусыз қатар тұрған бірнеше тісті немесе түбірлерін бірдей жұлу мүмкіндігі;
- жақта ірінді-кабыну процесі болған кезде өткізгіштік анестезия тиімділігі инфильтрациялық анестезияға қарағанда жоғары;
- иненің шаншылу орны сау тіннен жасалады;
- инфекция ине бойымен тарамайды;
- анестетик және адреналин мөлшері аз көлемде енгізіледі;
- анестезиянын әсер ету уақыты ұзақ;
- өткізгіштік анестезия кезінде операциялық алаңның анатомиялық қатынасы өзгеріссіз қалады.
Дәрігер өткізгіштік анестезияны жүргізер алдында өткізілетін аймақтың сүйек және жұмсақ тіндерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін нақты елестету қажет. Өткізгіштік анестезия бөлінеді орталық (бағаналы) және перифериялық. Сонымен қатар ауыз ішілік және ауыз қуысынан тыс болып бөлінеді.
