- •Қысқартылған сөздер
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі
- •I. Инъекциясыз жергілікті анестезия
- •II. Инесіз анестезия
- •III. Инъекциялық анестезия
- •Инфильтрациялық жансыздандыру
- •Жоғарғы жақ нерв өрімдерін жансыздандыру
- •Төменгі жақ нерв өрімдерін жансыздандыру
- •Жергілікті анестезияның жалпы асқынулары
- •Тақырыпқа байланысты тест сұрақтары
- •Тест жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •27.05.2010Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
С.М. Закишева, А.Т. Тоқбергенова, А.Р. Тулқумбаев
Жергілікті жансыздандыру түрлері
(оқу әдістемелік нұсқау)
Қ
арағанды
2010
ӘОЖ 616.31-089.5
ҚБЖ 56.6.+54.5 я7
Ж 3-16
Пікір берушілер:
А.Ж. Жумадилова хирургиялық және терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі АҚ«АМУ»РhD
А.О. Омарханов ҚММУ анатомия кафедадрасының меңгерушісі м.а. м.ғ.к., доцент
Ж.Г. Танкибаева ҚММУ терапиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к., доцент
Ж 3-16 Закишева С.М., Тоқбергенова А.Т., Тулқумбаев А.Р., Жергілікті жансыздандыру түрлері. Оқу-әдістемелік құрал – Қарағанды. - 2010 – 84б.
ҚБЖ 56.6.+54.5 я7
Оқу-әдістемелік құралы стоматологияның өзекті мәселелеріне арналған.
Медициналық жоғарғы оқу орындары студенттеріне, дәрігер –хирург стоматологтарға, отлорингологтарға, стоматолог дәрігер-интерндерге арналып жазылған. Жақ-бет аймағында қолданылатын жансыздандыру түрлері, олардың қолданылу мақсаты мен әдістері, қолданылатын дәрі-дәрмектері мен құрал-саймандары,сақтық шаралары туралы берілген.
ҚММУ Әдістемелік Кеңесінде талқыланды және мақұлданды
Хаттама № 9 « 12 » 05 2010 ж
ҚММУ Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бекітілді және басылымға ұсынылды
Хаттама № 10 « 27 » 05 2010 ж
©
С.М.
Закишева, А.Т. Тоқбергенова, А.Р. Тулқумбаев,
2010
Қысқартылған сөздер
АҚҚ – артериалық қан қысымы
БИ –8 – инесіз инъектор
ОНЖ – орталық нерв жүесі
Т/І – көк тамыр ішілік
МАЗМҰНЫ
Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі.................................5
Инфильтрациялық жансыздандыру................................................................29
Жоғарғы жақ нерв өрімдерін жансыздандыру...............................................34
Төменгі жақ нерв өрімдерін жансыздандыру.................................................43
Жергілікті анестезияның жалпы асқынулары................................................59
Тест сұрақтары..................................................................................................67
Тест жауаптары.................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................76
Тақырыпқа қосымша суреттер.........................................................................77
Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі
Қазіргі кезде хирургиялық стоматологияда қолданылатын жансыздандырудың ең бастысы жергілікті анестезия болып табылады. Жергілікті жансыздандыру түрлері бірнеше топқа бөлінеді:
I. Инъекциясыз анестезия:
а) физикалық әдістер (хлорэтилмен мұздату);
б) химиялық әдістер (аппликациялық). II. Инесіз анестезия.
III. Инъекциялық анестезия:
а) инфильтрациялық (шоғырландыру);
б) өткізгіштік (бағаналық, перифериялық).
в) интралегаментарлық (тіс байламына).
Жансыздандырудың түрін операцияның көлеміне, сипатына жарақаттылығына, ұзақтығына байланысты таңдау қажет.
I. Инъекциясыз жергілікті анестезия
а) Жергілікті жансыздандырудың физикалық әдісін тіндерді хлорэтилдің көмегімен мұздату деп тусіну қажет. Бұл әдіс тек қана қысқа мерзімді операцияларда қолданылады. Себебі, ұзақ мерзімге созылған мұздатудан үскен тіндердің қоректенуі бұзылып өлі еттенуі, яғни некрозға соқтыруы мүмкін.
Мұздату арқылы жансыздандыру.
Жансыздандырудың бұл түрінде хлорэтил қолданылады. Хлорэтил қою сұйықтықты, газ түрінде кездеседі, қайнау температурасы - 12°С, ол капиллярлы түтігі бар қақпақпен жабылатын 30 гр. шыны ампулада сақталады. Ампуланы қолмен жылытқан кезде хлорэтил ағыны капиллярлы түтік арқылы едәуір күшпен сыртқа шығады. Сол сұйықтықтың булануының салдарынан тіндерде жылу жоғалып, бірте-бірте мұздап, соңында қата бастайды. Тіндер мұздағаннан кейін нервтердің сезімталдығы төмендейді, ал қатқан соң мүлдем жоғалады, Жансыздандыру толық болу үшін хлорэтилді тіннен буланып үлгеретіндей қашықтықта вертикальды қалыпта ұстау қажет. Хлорэтилдің жансыздандыру әсері қысқа (2-3 мин.) мерзімді болғандықтан, оларды тек беткей орналасқан абцесстерде, жедел іріңді периоститтерді ауыз ішінен тіліп жарғанда және оңай тіс жұлу операцияларында қолданады. Қазіргі кезде хлорэтилді жансыздандыру да сирек қолданады, негізінен теріде беткей орналасқан іріңдіктерді тіліп-жару үшін ғана жасалады.
Инъекциясыз жергілікті анестезияның жүргізу техникасы: операциялық аймақтан 30-40 см қашықтықта флаконның жіңішке түтікше тесігі арқылы хлорэтил бүркіледі. Мұздаған тіндер алғашқыда қызарып, кейін бозарып, кыраумен қапталып қатаяды. Осыдан кейін хирургиялық көмек жылдам жүргізілуі қажет, себебі хлорэтилдің әсер ету уақыты өте қысқа.
б) Аппликациялық (беткейлік) анестезия - тері беті мен кілегей қабатының беткей орналасқан жарақаттарында қысқа мерзімді өткізілетін операцияларға қолданылады.
Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне жағу, шашу (аппликация).
Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне сіңдіріп жансыздандыру кең қолданылады. Хирургиялық стоматология саласында аппликациялық жансыздандыру үшін дикайн, кокайн, ксикайн кеиінгі кездері лидокааинның 10% аэразольі қолданылады.
Дикайн (Dicaini) - ең жоғарғы бірлік мөлшері 0,009 г немесе 3% - 3 мл. ерітіндісі. Ол судың 10:1, ал спирттің 6:1 қатынасындай болады. Судағы ерітіндісі қайнатқанда өзгермейді және сақтаған кезде өзінің қасиетін жоғалтпайды. Дикайнның жансыздандырғыш қасиеті кокайнге карағанда жоғары. Сондықтан беткейлік жансыздандыру жүргізу үшін 1% дикайннің ерітіндісіне адреналин қосып, кокайн орнына қолданылады. Ал оның 2-3% ерітінділері сирек қолданылады.
Лидокаин ертіндісінің 10%-ы аэрозоль – құрамы лидокаин 4,8 мг, этаноль 96%. Шашатын түтігі бар қоңыр құтыда шығарылады.Бұл ертіндінің басқа беткейлік жансыздандыратын ертінділерге қарағанда қасиеті жоғары.
Аппликациялық анестезияның қажеттілігі:
- жас балаларға инъекциялық анестезия жасау алдында ине шаншылатын орынды алдын-ала жансыздандыру мақсатымен;
- патологиялык, тіс қалташықтарының қырып тазалауында;
- түбірі жартылай резорбцияланған сүт тістерін жұлу кезінде;
- парадонтоздың III—IV дәрежелі қозғалғыштығы бар тістерді жұлуда, беткей орналаскан абсцесстерді тіліп жаруда қолданылады: жансыздандыру аймағы мақта шиыршықтарымен қоршалып, кұрғатыуы қажет. Егер анестетик ерітінді күйінде қолданылатын болса, мақта немесе дәкені оған малып, операциялық аймакқа қойып сіңдіреді, ал препаратты аэрозоль күйінде қолданса, оны операциялық аймаққа бүркеді.
Анестетиктің жансыздандыру әсері 2—3 мин. өткен соң басталады, операция алдында операциялық аймақты антисептикпен өңдеу қажет.
