Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шойын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29.79 Кб
Скачать

Шойынның шығу тарихы.

Шойын туралы алғашқы деректер б.д  6-ғасырына келеді. Қытайда жоғары фосфорлы темір рудаларының құрамында 7% фосфор бар шойын алып, әр түрлі бұйымдар құйған. Батыс Еуропада 14-ғасырда шойын өндіру домна пештері пайда болған кезде басталды. Алынған шойынды болат өндірісіне немесе қару-жарақ жасауға жұмсаған(пушка т.б.). Ресейде шойын өндірісі  16-ғасырда басталды, бұдан ол дамып І Петр кезінде барлық елдерді басып озды, бірақ жүздеген жылдардан соң, Батыс Еуропа елдерінен қалып қояды. Тек 18-ғасырдың екінші жартысында вагранкалардың пайда болуы, құю цехтарының  домна цехтарына бүлінуіне әкелді, яғни, шойын құю өндірісінің дамуынан бастады. 19-ғасырдығ басында соғылатын шойындарды өндіру қажеті туады. 20-ғасырдың екңінші жартысында шойындарды легерлеу тәсілдерін қолдана бастайды, ал бұл болса, шойынның қасиетін жоғарылатып, арнаулы қасиеттері бар шойындарды  қолдануға мүмкіндік бере бастады(тозуға төзімді, коррозияға төзімді). 18-ғасырдың аяғында шойыннан құю архитектура саласында кеңінен қолданыла бастайды. Әсіресе, шойыннан конструкциялар құю 19-ғасырда дамып, тарихта «шойын ғасыры» деген атқа ие болды.

Шойынның құрамы мен жіктелуі

Домна пештерінен алынған шойын:

  1. Қайта өңделетін шойын (болатқа қайта өңдеу үшін)

  2. Құймалы шойын (машина жасау зауыттарында) болып бөлінеді.

Шойын құю цехтарында құймаларын өндіру ұшін шойынды мына түрлерге бөледі:

Үлпек түрінде – графиттері бар шойындарға(соғылатын шойын)

Қолданылуына байланысты – құралдық және арнайы қасиеттері бар шойындарға

Химиялық құрамына байланысты – легирленген және легирленбеген шойындарға бөлінеді. Құрылысына қарай  – ақ, сұр.

Графиттің түріне байланысты – тілім, шар(беріктігі жоғары шойындарға)

Ақ шойын – барлық көміртегі (массалық үлесі 6.67) цементит түрінде болады. Бұл шойынның беріктік, үйкеліске беріктік, қаттылық, морттық қасиеттері жоғары болып келеді. Шойынның морттық қасиеті құрамындағы көміртектің мөлшерінің артуына байланысты болатқа өңдеуге арналған. Ақ шойын соқаның пышағын, диірменнің шарларын соғатын шойын алу үшін қолданады. Ақ шойындар тез сынғыш, өте қатты және морттылығы жоғары, кескіш аспаппен жақсы өңделмейді, сондықтан ақ шойын деталь жасауға қоллданылмай қайта өғделетін шойын ретінде, яғни, болат жасауға қолданылады

Сұр  шойын ( құймалы  шойын) Шойынның  көп  қолданылатын  түрі « машина жасау, сантехникалық бұйымдар, құрылыс  конструкциялары). Сұр  шойындарда  көміртегі  бос  күйінде  пластикалы  графит  шойынның  беріктігін  төмендетіп, кесумен  өңдеудің  сапасын  жақсартады). Мұндай  шойындардың  құрамында  графит  болғандықтан, сынығы  сұр  түсті  болады.Бл  шойынды  жайлап  суыту арқылы  кристаллизация   жолымен  алады. Сұр шойындарда  графит  тілім  түрінде  болады.  Көміртегі   мөлшері 2,2-3,7 %. Сұр  шойын арзан  құрылымдық  материал  болып  есептеледі. Оның   жоғары құйылғыштық  қасиетері  бар, кесумен  жақсы  өңделеді, тозуға төзімді, тербелмелі  және  ауыспалы  жүктеме  барысында  тербелістерді   жою  қабілеті  бар. Машина  жасау  өнеркәсібінде , құрылыста  детальдарды  жасау  үшін  констукциялық  материал  ретінде   қолданады.