- •1.Мембраналық процесстердің биофизикасы
- •1.1. Биологиялық мембраналар. Құрылымы, қасиеттері және оларды зерттеу жолдары.
- •1.1.1. Мембраналардың негізгі қасиеттері мен функциялары
- •1.1.2. Мембраналардың химиялық құрылымы.
- •1.1.3. Модельдік мембраналар
- •1.1.4. Фосфолипидттік молекулалардың көмірсутек тізбектерінің мембраналардың липидтік биқабатындағы қозғалғыштығы
- •1.1.5. Мембранадағы молекулярлық компоненттердің қозғалғыштығы
- •1.2.2. Мембрана арқылы заттардың пассивті тасымалдаудың механизмдері
- •1.2. Биологиялық мембраналар арқылы бейэлектролиттердің тасымалдауы. Пассивті тасымалдаудың негізгі механизмдері.
- •1.2.1. Пассивті және белсенді тасымалдау ұғымдары.
- •1.2.3. Мембрана арқылы бейэлектролиттердің тасымалдауының механизмдері
- •1.3. Каналдардар арқылы ионддарды тасымалдау. Биологиялық мембраналар арқылы белсенді тасымалдау.
- •1.3.1. Иондардың тасымалдауы. Мембраналар арқылы иондардың тасымалдауының электродиффузиялық теориясы.
- •1.3.3. Иондық каналдардың құрылымы мен қызмет атқаруы.
- •1.3.4. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың белсенді тасымалдауы. Натрий-калийлік насос.
- •1.4. Электір қозу құбылысы. Тыныштық потенциалы және оның молекулярлық механизмдері.
- •1.4.1. Электір қозу ұғымы.
- •1.4.2. Мембраналық потенциал және оны тіркеу әдістері.
- •1.4.3. Тыныштық потенциалының молекулярлық механизмдері.
- •1.5. Жүйке талшықтарының және басқа қозғыш ұлпалардың әрекет потенциалдары. Молекулярлық механизмдері.
- •1.5.1. Әрекет потенциалының фазалары.
- •1.5.2. Әрекет потенциалының генерациясы.
- •1.6. Ходжкин-Хаксли үлгісі беретін иондық тоқтардың формалды сипаттамасы. Жеке каналдардың қызмет атқаруларының тәуелсіздігі.
- •1.6.1. Ходжкин-Хаксли үлгісі беретін иондық тоқтардың формалды сипаттамасы.
- •1.6.2. Жеке каналдардың қызмет атқаруларының тәуелсіздігі.
- •1.7. Кардиомиоциттердің әрекет потенциалы. Жүрек ұлпалары бойымен әрекет потенциалдарының таралуы.
- •1.7.2. Кардиомиоциттің әрекет потенциалының пайда болуының молекулярлық механизмі.
- •1.7.3. Диастолалық деполяризация және табалдырық потенциал.
- •2. Фотобиологиялық процесстердің биофизикасы.
- •2.1. Биологиялық жүйелердің жарықты жұту заңдылықтары
- •2.1.1. Кванттық биофизиканың пәні мен мақсаттары.
- •2.1.2 Биологиялық маңызды молекулалардағы электронды көшулер.
- •2.1.3. Биожүйелермен жарықты жұтуының электрондық спектрлері.
- •2.1.4. Биомолекулалардың сапалы және сандық спектрофотометриялық талдауы
- •2.2. Биологиялық жүйелердің люминисценциясы.
- •2.2.1. Флуоресценцияның кванттық шығуы
- •2.2.2. Триплетті қалыптың сипаттамасы. Фосфоресценция.
- •2.2.3. Энергияның миграциясы және оның түрлері.
- •2.3. Фотобиологиялық процестердің алғашқы сатылары. Фотобиологиялық әсерлердің спектрлері.
- •1. Фотобиологиялық процесстердің алғашқы стадиялары
- •1.2.Фотобиологиялық әсерлердің спектрлері
1.1.2. Мембраналардың химиялық құрылымы.
Мембрананың құрамына кіретін негізгі химиялық қосылыстар – липидтер мен ақуыздар.
Мембраналық липидтер.
Мембраналық липидтердің негізгі функциясы - биқабаттық матриксті қалыптастыру. Негізгі класс - глицерофосфатидтер. Мембраналық липидтер амфифильдік құрылымдарға жатады, яғни екі бөліктен тұрады: полярлы бастан және судан қорқатың гидрофобтық құйрықтан
Глицерола деп аталатын гидроксильді топ, құрамына фосфат кіретін, полярлы топпен байланысады, екі басқа гидроксильді топ гидрофобтық қалдықтармен байланыста болады (сурет 3).
Майлы қышқылдардың
тізбектері
Сурет 3 - Фосфатидилэтаноламиннің амфифильдік молекуласының құрылымы.
Фосфоглицеридтердің көбісінде фосфаттық топ глицеролдың sn-З-қалыпында жатады да холинді, этаноламинді, миоинозитольды, серинді немесе глицерольды топтармен байланысады.
Май қышқылдарының құрамына көміртек атомдарының тек қана жұп саны креді (14-тен 24-ке дейін). Қанықпағандықтың дәрежесі түрлі болады, бірақ жиі кездесетіндері - 18:1, 18:2, 18:3 и 20:4. Табиғатта кездесетін май қышқылдары екілік байланыстардың цис-конфигурациясымен сипатталады. Фосфолипидтердің көбісінің құрамына бір қаныққан және бір қанықпаған тізбек кіреді. Жануарлардың жасушаларында қанықпаған тізбек глицеролдың sn-2-қалпында жатады.
Мембраналық ақуыздар
Липидтер мембраналардың биқабаттарының құрылымын тұрақтандыру ролін атқарса, ақуыздар биомембраналардың белсенді компоненттері болып табылады. Мембраналық ақуыздардың құрылымы әртүрлі, олардың молекулярлық массасы 10000-наң 240000 D (Дальтон) дейін жетеді.
Мембраналық ақуыздар интегралды және перифериялық ақуыздарға бөледі. Интегралды ақуыздардың құрамына кең көлемді гидрофобтық аймақтар кіреді, және олар суда ерімейді. Мембранаға бекітілу тәсілдері суретте бейнелген (сурет 4).
1
2 3 4
5
6
7
Cурет 4 – Мембраналық ақуыздардың мембранаға бікітілу тәсілдері. 1 – зәкір функциясын атқаратын интегралды ақуызбен байланысу (сукцинат-дегидрогеназа), 2 – биқабатпен электростатикалық әрекеттесу (миелиннің негізгі ақуызы), 3 - гидрофобтық байланысу (Е. Coli пируват-оксигеназасы), 4 – қысқа сегменттен тұратын зәкір арқылы (цитохром), 5 – жеке трансмембраналық сегмент (гликофорин), 6 - көптеген трансмембраналық сегменттер (лактозопермеаза), 7 - ковалентті байланған липидтен тұратын зәкір (сілтілі фосфатаза).
Құрамына сәйкес ақуыздар β-қабаттар мен α-спиральдарға бөлінеді.
Функциясына сәйкес ферменттік, тасымалдаушы, реттеуші және тіректі-құрылысшы ақуыздар болады.
1.1.3. Модельдік мембраналар
Липосомалар.
Липосомаларды немесе фосфолипидті везикулаларды липидтерді суға шашырату арқылы алады. Әрекеттесулердің типіне сәйкес не мульти-, не моноламелярлы липосомалар пайда болады (сурет 5).
Фосфолипидтер
Мультиламеллярлық липосомалар
Моноламмелярлық липосомалар
Жылдам
Баяу
Ультрадыбыс
Сурет 5 - Фосфолипидтік везикулалардың құрылуының схемасы (Рубин А.Б., 1999)
Қарапайым механикалық әрекеттесулердің нәтижесінде көпқабатты құрылымдар пайда болады. Липидті қабаттардың қалындығы 6,5 - 7,5 нм., ал ара қашықтықтықтары 1,5 - 2 нм. дейін жетеді. Көпқабатты липосомалардың диаметрі 60 нм. мен 400 нм. арасында болады. Мультиламелярлы липосомаларды липидті биқабаттың тосқауыл функциясын зерттеу үшін қолданылады.
Ультрадыбыстың әсерінен моноламеллярлық везикулалар (20-40 нм.) пайда болады. Моноламеллярлық липосомаларды көптеген медико-биологиялық зерттеулерде қолданады, бірақ көлемі кішкене көлемі мен осмостық пассивтілігімен байланысты олардың зерттеулерде қолдануы шектеулі. Қазіргі заманда диаметрі 100 нм. астам үлкен моноламелярлы липосомаларды жасау әдістемелер дамыған.
Көптеген мембраналық ақуыздарды жасанды везикулалық мембраналардың құрамына енгізуге болады. Ондай комбинативті жүйелер протеолипосомалар деп аталады. Ақуыздарды липосомаға енгізуінің тиімділігі мембраналардың липидті құрамынан, рН, тұздық құрамынан, температурадан және т.б. факторлардан тәуелді. Медицинада липосомаларды дәрілерді ағзалар мен ұлпаларға жеткізу үшін микрокапсула ретінде қолданады (мысалы, инсулинді жеткізу үшін).
Жалпақ биқабатты липидті мембраналар.
Мембраналардың липидтік биқабатының өтімділігін зерттеу үшін жалпақ биқабатты мембраналар (БЛМ) қолданылады. БЛМ дайындау үшін ішндн электролиттің ерітіндісі бар стақанның ішіне қабырғасында диаметрі 1 мм. тең тесік бар тефлоннан жасалған басқа стақанды орналастырады (сурет 6).
Сурет 6 – Жалпақ биқабатты липидті мембраналарды дайындау схемасы. Шыныға (1) электролиттің ерітіндісін қосады (2) және ішіне тефлонан жасалған ыдысты батырады (3). Ыдыстың қабырғасында тесік болады - (4).
Стақанның қабырғасындағы тесікке капиллярмен фосфолипидтердің сұйық гептан немесе гександағы ерітіндісінің тамшысын еңгізеді (сурет 7).
Сурет 7 – Тефлондық ыдыстың қабырғасындағы жалпақ липидті биқабатты мембранасының құрылуы. А – Капиллярмен (4) гептандағы фосфолипидтің ерітіндісінің тамшысын (5) ыдыстың қабырғасының тесігіне (3) еңгізіледі. В – тамшы тесіктің қуысына жайылады. С – ерітуші зат біртіндеп азаяды және липидті мембрана құрылады. D – құрылған липидті мембрана.
Құрылған жалпақ мембананың липидтерінің молекулаларының бастары су ортасына қарай орналасады, ал гидрофобты құйрықтар тамшының ішіне тығылады.
Бұл құбылысты алғашқы рет О. Мюллер байқаған. Ол екі су фазаларын шектейтін, ауданы 0,5-5,0 мм2 тефлондық ыдыстарынң кішкене тесіктерінде мидің фосфолипидтерінен құрылған БЛМ алған.
