- •Жалпы ауаның трансшекаралық ластануы
- •1 Сур. Қазақстандағы алғашқы энергия ресурстарын тұтыну құрылымы.
- •2 Сур. – Қазақстан көмірінің баланстық қорының таралуы
- •3 Сур. – Негізгі кен орындардың картасы
- •4 Сур. Көмірді өндіру мен жеткізудің болжамдық көлемі (млн. Тонна)
- •5 Сур. Жылу электрстанцияларының анықталған электрлік қуаты (мың кВт)
- •6 Сур. Электрстанциялардың анықталған жылу қуаты (Гкал/сағ)
- •7 Сур. Атмосфералық ауаның ластануындағы ірі кәсіпорындардың үлесі
- •8 Сур. Тұрақты көздерден шығатын заттардың динамикасы (мың тонна)
- •Ауаны ластаушы заттардың трансшекаралық таралуын техникалық регламенттерге сәйкес бақылау
- •9 Сур. Ресурстарды басқарудың тиімділігі төмендету мен жоғалтылған пайданың мөлшері бағдарламасы арасындағы тәуелділік (млрд. Ақш доллары).
- •10 Сур. Энергия тиімділігі мен жаңа генерациялар құрылысын арттыруға кеткен инвестициялар (Украина) шығыны
9 Сур. Ресурстарды басқарудың тиімділігі төмендету мен жоғалтылған пайданың мөлшері бағдарламасы арасындағы тәуелділік (млрд. Ақш доллары).
2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарына, Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бойынша 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республика экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін электр энергетикалық саласын айтарлықтай дамыту керек. Қазақстанның бірегей электрэнергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елерінің энергия жүйелерімен параллельді тәртіппен орнықты жұмыс атқарады [8].
Бұл жоспарда осы бағдарламаларды іске асыру бойынша жобалардың болашағы бар (4 кесте).
Жоба атауы |
Жобаны іске асыру мерзімі |
Қуаты, МВт |
Құны, млрд.тг. |
Балқаш ЖЭС құрылысы |
2009–2015 г.г. |
1320 |
366,6 |
Орал ГҚЭС құрылысы |
2010–2012 гг. |
54 |
9,8 |
Мойнақ СЭС |
2006–2012 гг. |
300 |
54,1 |
Ақшабұлақ кенорнындағы ГҚЭС құрылысы |
2010–2012 гг. |
87 |
17,7 |
Атырау ЖЭО кеңейту мен қайта жөндеу |
2006–2010 гг. |
75 |
16,4 |
Екібастұз ГҚЭС-2 №3 энергия блогының құрылысы |
2009–2013 гг. |
500 |
114,2 |
Екібастұз ГҚЭС-1 №8 блогын қалпына келтіру |
2010–2012 гг. |
500 |
23,4 |
Ақсу ГҚЭС №2 блогын қалпына келтіру |
2009–2011 гг. |
325 |
12,9 |
Шардара СЭС жаңғырту |
2010–2015 гг. |
116 |
13,5 |
Мойнақ СЭС қуатын жіберу |
2010–2012 гг. |
- |
10,3 |
«Алма» 500 кВ станциясы құрылысы |
2010–2014 гг. |
- |
30,0 |
ҰЭЖ жаңғырту (II – кезең) |
2010–2016 гг. |
- |
52,0 |
Азиада-2011 үшін Алматы қ. Және Алматы облысындағы трансформаторлық станциялардың құрылысы |
2009–2011 гг. |
- |
19,9 |
Бұдан басқа ауаның үлкен қашықтыққа трансшекаралық ластануы туралы, Тұрақты органикалық ластағыштар туралы ратификацияланған Конвенциялармен, Хаттамалармен қабылданған Қазақстанның міндеттерімен атмосфералық ауаны қорғау бойынша ұлттық заңнаманы үйлестіруді қажет [9,10].
Қазіргі кезде Қазақстан Еуропада (ЕМЕП) ластағыш заттардың – ауыр металдардың алыс қашықтыққа тасымалдауын бақылау мен бағалаудың бірегей бағдарламасы шеңберіндегі Хаттаманы ратификациялау туралы сұрақтарды қарастыруда [11]. Бұл халықаралық келісім-шарттармен көмірді жағу кезінде түзілген ластағыш заттарды, әсіресе: күкірт пен азот қышқылдары; түрлі дисперсті бөлшектер (күл мен шаң); ауыр металдар – қорғасын, сынап, кадмий; тұрақты органикалық ластағыштарды реттеуге бағытталған.
Украинада жүргізілген зерттеулерге сай, көмір жаңа генерациялар салуға қарағанда реконструкцияға аз инвестиция қажет ететін маңызды пайдалы қазбалардың бірі болып табылатындықтан Қазақстандағы жылуэлектрстанцияларының энергия тиімділігін арттыру, оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет (10 Сур).
Қолданыстағы генерациялық қуаттарды жаңғырту кезінде шыққан газдардағы ластағыш заттарды тазалау, жоюды тиімді ету бойынша ең озық технологияларды пайдалану құралдар мен қаражатты үнемдеу кезіндегі қоршаған орта жағдайын айтарлықтай жақсартады.
Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту концепциясы энергияны жинақтау мен энергия тиімділігін арттыру, бағамдарды орнату арқылы ынталандыру мен генерациялық қуаттар мен электр, жылу энергиясын тасымалдау желілерін жаңғырту үшін ынталандыру, және де энергиямен қамтамасыз ету мақсатында ынталар құруды қарастырады. Бұдан басқа энергия тиімділігін арттырудың мониторингісі мен халықаралық стардарттар мен тетіктерді енгізуге жеткілікті мөлшерде қаржы бөлу қарастырылуда. Энергия тиімділіктің техъникалық іс-шаралары шеңберінде – энергиаудитін жүргізу, марикровка жасау, барлық коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жағдайын бағалау (қазандықтар, жэылу желілері және т.б.), көшелерді жарықпен қамту қажет. Өнеркәсіпте энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларға энергия тиімділік стандарттарын әзірлеу мен барлық өнеркәсіптік жабдықтарды сертификациялаудан тұрады [12,13].
