Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Максутова срс2. Ауаны ластаушы заттарды трансшекаралык ластануын баылау жйелері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Ауаны ластаушы заттардың трансшекаралық таралуын техникалық регламенттерге сәйкес бақылау

Қазіргі кезде шығарындыларды мемлекеттік реттеу мен бақылау Техникалық регламенттерге сәйкес орындалады.

Аталған Техникалық регламентке реконструкцияны қажет ететін, реконструкция қажет емес, жұмыс істеп тұрған немесе жаңа іске қосылатын жылу электр станцияларына енгізілген қазандық құрылғылар үшін шығарындыларға қойылатын талаптардың дифференциациясы бойынша толықтырулар енгізу ұсынылады. Бұл ұсыныс электр станциясының жағатын көмірінің энергия тиімділіктің және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кезеңімсен өтуге мүмкіндік береді.

Энергия тасымалдағыштарға қажеттіліктердің артуы көрінісінде эмиссияны төмендету жылу электр станцияларының жабдықталуына тәуелді болады.

Шет елдердің меншікті шығарындылар стандарттарымен салыстырсақ, Қазақстанда энергия көздерінде қатты бөлшектердің жоғары меншікті шығарындылары анықталған, ол ең алдымен күлділігі жоғары Екібастұз көмірін пайдаланумен байланысты. Азот қышқылдары мен күкірт диоксидтерінің шығарындылары осы салада орта есеппен мүмкін деп есептеуге болады. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің азот пен күкірт диоксидтері шығарындыларының жалпы зиянды әсері туралы талаптарын ескерсек, бұл саланы әсіресе ірі өнеркәсіп орталықтарында дамыту жоспары барлық ластағыш заттар эмиссиясын төмендетуді қамтамасыз ету керек. Эмиссияны төмендету үшін қойылған мақсаттар, міндеттер мен мақсатты көрсеткіштер ҚОҚМ Стратегиялық жоспарында, 2010-2014 жж. арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында айқындалады [6,7].

2014 жылға дейін атмосфераға шығатын улы заттардың көлемін 2009 жылмен салыстырғанда 5,9% азайту бойынша мақсатты көрсеткіштерге жету үшін келесі іс-шаралар қарастырылған: халықаралық стандарттарға сай келетін технологияларды пайдалана отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу; өнеркәсіп кәсіпорындарында ластағыш көздерден және санитарлық-қорғау зоналарындағы эмиссияны күндіз-түні автоматты түрде бақылау жүйесін енгізу; «Арселор Миттал Темиртау» АҚ Борисенко А.В. жүйесінің өндірістік газдардан тазалау кешенінің құрылысы; Шығыс Қазақстан облысында атмосфералық ауаның, суаттардың, топырақ, азық-түлік өнімдері мен ауыз су жағдайын бақылау мен бірегей ғылыми-өндірістік оперативті мониторинг орталығын құру; «Карагандауголь» байыту фабрикаларының, шахталары мен көмір кескіндерінен болатын зардаптарды жою; тұрақты органикалық ластағыш қалдықтары мен қорларын жою бойынша Дүниежүзілік Банк жобасын жүзеге асыру және олармен ластанған аумақтарды қалпына келтіру; жеке-жеке инвентаризациялау; құрамында полихлордефинил бар жабдықтар мен қалдықтарды уақытша сақтау; қоймалар мен қорымдардағы пестицидтерді шығару мен пакеттерге бөлу.

Қоршаған табиғи ортаға кері әсерін төмендету үшін төмендегі іс-шараларды қарастыратын бірқатар іс-әрекеттер жүргізу керек: отынды жағу технологиясы мен өндірісін жақсарту, жартылай немесе жекелей тұйық циклдерге негізделген технологияларды ендіру; «жел бағытын» ескере отырып өнеркәсіп орындарын оңтайлы орналастыру, олардың айналасына санитарлық-қорғаныс аймақтарын құру, ең улы өндірістерді қала мен елді-мекендер сыртына шығару, құрылысты тиімді жоспарлау мен аумақты көгалдандыру; қоршаған орта сапасын тұрақтандыру мен жақсарту; орнықты дамуға өту тетіктерін құру; гидрометеорологиялықжәне экологиялық мониторингті жаңғырту және енгізу.

Қоршаған ортаға шығатын эмиссияны төмендету индустриялы нысандардың диверсификациясы мен техникалық жабдықталуы арқылы, ең қолжетімді сапалы технологияларды енгізу жолымен жүзеге асырылатын болады. Еуроодақтың тәжірибесі бойынша кешенді экологиялық рұқсатнамалар енгізілуде, оның құрамында эмиссия нормативтері, энерготиімділік, энергия және ресурс жинақтау критерилері, ең жақсы технологияларға көшу тәртібі мен мерзімінен тұрады.

Республиканың орнықты дамуға өтуі тетіктерін құру үшін мақсатты көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, мемлекеттік бақылауды күшейту, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығатын эмиссияны азайту жоспарлануда.

Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті енгізу мен жаңғырту үшін Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті атмосфералық ауа сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесіне ауыстыру ұсынылады.

Қазақстан халқы мен экономикасын электрмен толық қамту жаңа электрэнергетикалық нысандарды салумен, жұмыс етуші нысандарды кеңейту мен қалпына келтірумен, ұлттық энергетикалық желілермен жаңғыртумен байланысты, ол өз кезегінде барланатын ресурстарды заманауи басқарудың жоғалтылған пайдаларын айтарлықтай төмендетеді (9 сур.).