Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Максутова срс2. Ауаны ластаушы заттарды трансшекаралык ластануын баылау жйелері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать

7 Сур. Атмосфералық ауаның ластануындағы ірі кәсіпорындардың үлесі

Жылу электр станцияларындағы шығарындылар энергетикалық кешені эмиссиясының жалпы көлемінің шамамен 70 % (Солтүстік аймақ - 92 %, оның ішінде Қарағанды - 39 - 42 %, Павлодар 38 - 39 %) құрайды. Орталық аймақтағы шығарындылардың ең ірі көздері: «Испат-Кармет» ААҚ (36%), «ЕЭК» ААҚ (15,5%).

Тұрақты көздерден шығатын улы заттардың ең үлкен мөлшерін түсті металлургия кәсіпорындары - 29 %, екінші орында жылуэнергетика - 23 %, қара металлургия - 17 %, мұнайгаз кәсіпорны - 10%, тау-кен өнеркәсібі - 20 % және басқалар құрайды. Шығарындылардың 152 820 бірлік барлық көздерінен тазалағыш құрылғылармен 11 590 бірлігі жабдықталған.

Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары жылына үш миллион тоннаны құрайды, оның 85% 43 ірі кәсіпорындарға тиесілі. 1990-2008 жж. аралығында елдің отын-энергетикалық балансында табиғи газ үлесінің артуы мен оны бақылау есебінен, сондай-ақ өндірістің құлдырауы есебінен тұрақты көздерден шығатын шығарындылар көлемі үш есеге төмендеген. Шамамен эмиссияның төрттен үш бөлігі әуе көлігі, теміржол, су және автокөліктердің жұмысымен байланысты ¹.

2010 жылғы тұрақты көздерден шығатын ластағыштар 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда 11,3 % төмендеген (8 Сур.).

8 Сур. Тұрақты көздерден шығатын заттардың динамикасы (мың тонна)

Ластағыш заттар шығарындыларының ішінде негізінен газтәрізді азайған және сұйық заттар көп, олардың 2010 жылы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 15,7%.

Бірегей энергетикалық жүйенің түрлі көздерінен шығатын эмиссияларда басым болып келетіндер: қатты бөлшектер - 35 %, күкірт диоксиді - 31 %, көміртек оксиді - 19 %, азот оксиді - 14 %.

Шығарындылардың сапалық құрамы, ең алдымен, энергия көзінде пайдаланылатын отын түрімен анықталады (3 кесте).

3 кесте – Тұрақты көздерден шығатын эмиссияның динамикасы (мың тонна)

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Барлығы

Оның ішінде

Барлығы

Оның ішінде

Барлығы

Оның ішінде

қатты

NOx

SO2

Қатты

NOx

SO2

Қатты

NOx

SO2

2643,1

688,7

212,2

1078,5

2320

639,1

206,6

779,8

2227

639,3

215,6

723,6

Газдарды негізінен күлден тазалау жүргізіледі. Қазандық агрегаттары ылғалды күлді ұстағыштармен жабдықталған, мұнда күлмен қоса күкірт диоксидінің біршама мөлшерінен тазалайды. Бірегей энергетикалық жүйенің энерготасымалдағыштарындағы күлді ұстау дәрежесі республика бойынша шамамен 2000 жылы - 95,9 % -дан 2009 жылы - 97,5 % дейін артқан. Күлді ұстағыштардың тиімділігін арттыру негізінен, эмульгаторларды пайдаға асыруға енгізумен байланысты. Азот қышқылдары шығарындыларын қазандық ішінде жағудың техникалық әдісі арқылы азайтуға болады. Ластағыш заттар шығарындыларының мөлшерін минималды шығын жұмсай отырып төмендету мәселесін жаңа заманауи қазандық құрылғыларды енгізу немесе жылуэлектр станцияларының қазандық құрылғыларын қайта қалпына келтіру арқылы шешуге болады.

Сонымен қатар, газдарды тазалау жүйелері қазіргі заманғы талаптарға айтарлықтай сай келмейді. Урбандалған территориялар ауасының ластану жағдайының мониторингісіне сүйенсек, тұрғындардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілігі өте жоғары дәрежедегі зона ретінде Алматы, Зыряновск, Өскемен, Теміртау, Тараз қалалары ерекшеленеді.[5]