- •Жалпы ауаның трансшекаралық ластануы
- •1 Сур. Қазақстандағы алғашқы энергия ресурстарын тұтыну құрылымы.
- •2 Сур. – Қазақстан көмірінің баланстық қорының таралуы
- •3 Сур. – Негізгі кен орындардың картасы
- •4 Сур. Көмірді өндіру мен жеткізудің болжамдық көлемі (млн. Тонна)
- •5 Сур. Жылу электрстанцияларының анықталған электрлік қуаты (мың кВт)
- •6 Сур. Электрстанциялардың анықталған жылу қуаты (Гкал/сағ)
- •7 Сур. Атмосфералық ауаның ластануындағы ірі кәсіпорындардың үлесі
- •8 Сур. Тұрақты көздерден шығатын заттардың динамикасы (мың тонна)
- •Ауаны ластаушы заттардың трансшекаралық таралуын техникалық регламенттерге сәйкес бақылау
- •9 Сур. Ресурстарды басқарудың тиімділігі төмендету мен жоғалтылған пайданың мөлшері бағдарламасы арасындағы тәуелділік (млрд. Ақш доллары).
- •10 Сур. Энергия тиімділігі мен жаңа генерациялар құрылысын арттыруға кеткен инвестициялар (Украина) шығыны
1 Сур. Қазақстандағы алғашқы энергия ресурстарын тұтыну құрылымы.
Қазақстанның көмір өнеркәсібі ел экономикасындағы ірі салалардың бірі болып табылады. Республиканың отын-энергетикалық балансы тауарлық нарықтағы отын-энергетика ресурстарының маңызды түрлерінен құралған, олардың ішінде ең негізгілері табиғи ресурстар болып табылады. Табиғи ресурстар отын-энергетикалық кешенінің жалпы көлемінің 71,7% құрайды. Республиканың табиғи ресурстарының құрамында 50,7% мұнай, сондай-ақ газконденсат, 31,7% - көмір, 17,6 % - табиғи газ бар.
Қазіргі таңда республиканың көмір саласы Қазақстанда электр энергиясы өндірісінің 78% қамтамасыз етеді. Энергетикалық көмір ресурстары қазіргі кезде тек жылу электр станцияларының қажеттілігін толық мөлшерде қамтамасыз етеді. Тез дамып жатқан урбандалған аумақтардың коммуналдық секторлары мен тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру үшін Шұбаркөл және Майкүбі кен орындарында күлі аз көмірді өндіру көлемін арттыру жоспарлануда.
Көмірдің баланстық қоры ішкі қажеттіліктерді қамтуға және көмір өнімінің айтарлықтай көлемін экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары қазақстандық көмірді жақын және алыс шетелдерге тасымалдау географиясы кеңейді. Қазақстандық көмірді негізгі импорттайтындар Ресей Федерациясының Орал және Батыс Сібір электрстанциялары. Қазақстандық көмір сондай-ақ, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Болгария, Венгрия, Дания, Польша, Румыния, Түркия, Финляндия және басқа елдерге экспортқа шығарылады.
Көмір кен орнының үлкен бөлігі Орталық (Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндерінде) және Солтүстік Қазақстанда (Торғай көмір бассейні) шоғырланған (2 Сур.).
2 Сур. – Қазақстан көмірінің баланстық қорының таралуы
Кокстелетін көмірдің барлық баланстық қоры Қарағанды облысында жатыр. Қарағанды бассейніндегі жер астындағы көмір шахталарынан күлділігі 10-нан 35 пайызға дейін жететін жоғары сапалы кокстелетін көмір өндіріледі. Бассейндерде газдың қоры үлкен және ұзақ жылдардан бері одан метан өндіріп алынады.
Екібастұз бассейні Астанадан солтүстік-шығысқа қарай Павлодар облысында орналасқан. Бассейнде метанға бай көмір карьерлері шоғырланған. Екібастұз көмірінің күлділігі өте жоғары, 35-тен 50 пайызға дейін жетеді. Бұл көмір, ең алдымен, тұрмыстық мақсатта, және де жылу электр станцияларында электр энергиясын өндіру үшін қолданылады. Республиканың айтарлықтай өнеркәсіптік потенциалына ие батыс және оңтүстік аудандарында кен-орындардың түрлі орналасуына байланысты көмір отыны тапшылық тудырады (3 Сур.).
Қазақстанда сапасы төмен және күкір мөлшері жоғары көмір түрлері көп, олар бастапқы энергия ресурсына деген сұраныстың 40% қамтиды. Энергетика мен өнеркәсіпте пайдаланылатын көмір ресурстары байыту деңгейі бойынша төмен болуымен ерекшелінеді. Экспортқа шығарылатын көмірдің халықаралық стандарттарға сай келмеуі нәтижесінде сыртқы нарыққа төмен құнмен шығарылады.
Қазақстанның экономикалық өсімі артқан сайын отынның қатты түрлеріне деген сұраныс артады. Отын-энергетикалық кешеннің тиімділігін арттыру үшін көмір саласын дамыту бағдарламасы қабылданды, бұл бағдарламада көмір өндіру көлемін арттырумен қатар, жаңа техникалық шешімдерді орындау негізінде жылу мен электр энергиясын өндіруге көп назар аударылады.
