Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.69 Кб
Скачать

Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық диагностикасы

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводында 8.07.15- 03.10.15жж.машықтану барысында ішкі жұқпайтын аурулар жиі кездесті. Яғни катаральді ринит, өңешің бітелуі, мес қарынның газбен керілуі, мес қарынның асқа толып керілуі , ішекте газ жиналуы т.б. аурулар.

Жұқпалы емес ішкі аурулардың ішінен ас қорыту мүшелерінің аурулары бірінші орын алатын. Өйткені, ас қорыту жүйесі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Осы аурулардың себептері; дұрыс азықтандырмау,азықты дұрыс дайындамау, бір азықтан басқа азыққа көшуі,рационның дисбалансы, мационның аздығы және т.б.

Мес қарынның газбен керілуінің себебі малдар жиі ашитын азықтарды көп жегенде пайда болады.

Мес қарынның асқа толып керілуі ауруының негізгі себебі малды көп мөлшерде құнарсыз азықпен азықтандырғанда немесе әбден ашыққан малды мол жайылымға шығарғанда байқалады.

Өңештің бітелуінің себептері өңеш көбінесе түйнек тамырлы азықтармен бітелуі мүмкін, кейде тәбеті өзгерген малдар неше түрлі бөгде заттарды (шүберек, сүйек, ағаш бөлшектері,картоп) жұтып қоюы кезінде кездеседі.

Екінші орында , ас қорыту мүшелерінің ауруларынан кейін тыныс алу мүшелерінің аурулары тұрады. Осы аурулардың таралуы жануарлардың табиғи резистенттілігінің төмендеуімен сипатталады, бағып күту технологиясының нашарлығы нәтижесінде.

Риниттер азықтану технологиясының нашарлауынан пайда болатын. Мұрыннан кілегей қабығына механикалық, термиялық немесе химиялық тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде. Себептеріне келсек малды жайылымға шығаратын жолдың құрғақ, шаңды болуы.

Аталып көрсетілген ауруға емдік шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар малдардың бағылуы, ұсталу тәртібі, азықтандырылуы, серуенделу жағдайлары зерттелінеді.

Малдар көбінесе жаз мезгілінде жайылымда бағылады, оларды ұстауы арнайы қораларда, азықтандырылуында кемшіліктер болды, көбіне бір жақты азықтандырылды. Витаминдеу жұмыстары жүргізілді, дератизация жұмыстары сирек жүргізіледі. Бұлардың барлығы түрлі аурулардың туындалуына себепкер болады. Бір айта кететін жайт шаруашылықта диспансеризацияға баса көңіл аударылмайды. Сол себептен дер кезінде ауру малды анықтай алмай,ауру малдың көбі хроникалық түрге ауысып, малдың өнімділігі төмендеп, шығынға әкеледі. Соңғы кездегі жиі кездесетін аурулар тізімін талдай отырып шаруашылықта тиісті алдын алу,сақтық шараларының тиісті деңгейде атқарылмауын айта кету керек

Айта кететін болсақ, қарапайым іш өту кезінде, нәжісіне қарап диспепсия деп айтып, дипсияға қарсы ем жұмыстары жүргізіледі. Бірақ нәжісті лабораторияға зерттеуге жібермейді. Осындай қарапайым кемшіліктері бар. Дегенмен шаруашылықта жұқпалы емес ауруларға емдеу жүргізу жоспары жақсы құрылған деп айтуға болады. Бронхопневмония ауруына тиімді Ресейден әкелінгенДраксин препаратын бір ретті қолданады.

Тыныс алу жолдарының ауруларын алдын алу мақсатында, бұзаулардын қораға кірердін алдында, астына саломадан төсеніш төсеуінің атап кетуге болады.

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ХИРУРГИЯ

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводында 08.07.15- 03.10.15жж.машықтану барысында хирургиялық жұмыстарды атқаруға қажетті құрал – жабдықтармен қамтылған. Қажетті дәрі – дәрмектертерді жылдық сұраныспен алдырады.

Шаруашылықта хирургиялық аурулардың алдын алу шаралары қарастырылған, олар:

  1. Малды клиникалық зерттеуден уақтылы жүргізу;

  2. Малдарды бағып – күту , азықтандыру кезіндегі травматикалық факторларды болдырмауды қадағалау;

  3. Асептика және антисептика тәртіптерін қадағалау;

Өндірістік машықтану өткен кезде, осындай ауруларды кездестірдім: мүйізді қабаттың беті қабынған; кездейсоқ соғылулар мен зақымданулар; жиі көз аурулары ; кеуде қуысы жарасы.

Осы аталған шаруашылықта хирургиялық аурулардың ішінде ең жиі кездесетін аурулар конъюнктивиттер және кератиттер. Көбінесе көз қабыршағына механикалық жолмен бөгде заттар түсуінен болады, қатты азықты жеу кезінде.

Іріңді ісіктер және соғып аурулар жұмсақ ұлпаларды ұрып алуынан пайда болады, кейін қабынады және іріңдейді.

Мүйіздерге зақым келу себептері оттықтар жанында , суаттардың және сиыр қорасынан басқа объектілерінен сиырлардың әдейісіз мінез – құлығы қызмет етеді, тағыда бір айтатын жәйіт шаруашылық толығымен мүйізсіз сиырлар, бірақ біз яғни практикант студенттер жумыс уақытынан тыс уақытта ауыл тұрғындарының үйіне барып тексеру емдеу жұмыстарын алып бардық, ауыл малдарында кездескен хирургиялық аурулардын бірі мүйізбен зақымдаудан туған « сүзісу» сиырлардың немесе бұқалардың арасында болады. Мүйізге зақым келмес үшін дер кезінде мүйіздерін кесіп тастау жұмыстарын жүргіздік.

Жануарларда әртүрлі сипаттағы жаралар болды,себеп жұмыскерлердің (бақташылар, малшылар) мал иесінің жануарларға дөрекі қатынасы (соққылар айырлармен, күректермен , қамшылармен және т.б.).Сонымен қатар, дұрыс салынбаған тұрақтарда шегелер,сымдар ашық шығып тұрғандықтан басқа жаралар пайда болуы мүмкін.

Өндірістік машықтану практикасы кезінде мен осы шараларды өткізуге қатыстым: зарасыздандыру,іріңді ісіктерді ашып көру,кератит, конъюнктивиттарды емдеу.

Шаруашылықта кездесетін барлық хирургиялық аурулар ветеринарлық мамандармен арнайы емханалық журналда тіркеледі.

Бүгінгі күні, шаруашылықтын ветеринарлық мамандар хирургиялық аспаптармен және тігуге арналған материалмен төмен деңгейде жабдықталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]