Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.69 Кб
Скачать

Кіріспе

Мен Қайыргелді ЕргелдіС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің V курс студенті. Өндірістік машықтануды Солтүстік Қазақстан Обылысы,Тайынша ауданы, Аққұдық ауылындағы ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводында 08.07.15- 03.10.15жж.аралығында өттім.

Омбы Көкшетау тас жолында орналасқан. Көкшетауға 110 км, ал облыс орталығына Петропавлға 230 шақырым жерде орналасқан.

«Алабота» совхозы 1932 жылы мемлекеттік фонд жерінде ең алғаш құрылған болатын. Көп уақыт бойы шаруашылық ақбасты сиырларды өсірудегі асыл тұқымды фермасы түрінде болды. 1968 жылдан бастап асыл тұқымды совхозына, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігі бұйрығымен асыл тұқымды «Алабота» зауытына айналды. Қазақтың ақбас және Герефорд тұқымды сиырлары ұсталынады. Етті бағыттағы болып табылады.

Шаруашылық мақсаты:

Елді мекендегі мал шаруашылығын дамыту мен жоғары сапалы өнім өндіру.

Мал шаруашылығы саласының барлық нысандарында жануарлардың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жоғарлату үшін өткізілетін жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау.

Мал түрлерін сапалы азықпен қамтамасыз ету,мол әрі сапалы өнім алу.Жұмыс күшін ұқыпты пайдаланып,қаражатты жұмсау бағыты дұрыс болып, ұйымдастырылу шараларын уақытылы жасау көзделеген.

Өндірістік машықтандыру практикасында бас мал дәрігері Сакипов.О.Қтәрбиелеуінде болдым. Машықтану барысында университет қабырғасында алған теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік алдым.

Індеттану және инфекциялық аурулар

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды завотында өндірістік машықтану барысындасоңғы 5 жылдың деректері бойынша, жіті және созылмалы ағымда өтетін жұқпалы аурулар кездесіп, тіркелген жоқ. Алайда шаруашылық көлемінде жыл сайын, ағымдық алдын-алу сақтық шаралары жүргізіліп отырылады. Шаруашылық малдарын жылына 2 рет бруцеллезге тексеру үшін қан алып, серологиялық зерттеуден өтіп отырады. Сонымен қатар 2 айлық жастағы малдардан бастап барлық малды жылдың көктем және күз айларында туберкулиндеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Сондай – ақ барлық ірі қара мал басынсібір жарасына қарсы профилактикалық егу жұмыстарын жүргіздік.

Алабота асыл тұқымды зауытында өндірістік тәжірибені өту барысында инфекциялық ауруларды алдын алу мақсатында осындай ауруларға жалпы егу шараларын жүргіздік: Ол Сібір жарасына қарсы 55– МВжМБҒЗИ штамынан әзірленген СТИ тірі вакцинасын, Қарасанға қарсы концентрленген гидрооксиалюминді формолвакцинасын, Бұзаутасты алдын алу мақсатында ЛТФ-130 вакциналармен жұмысымды атқардым.

Сонымен қатар өндірістік машықтану кезінде бруцеллезге зерттеу үшін профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды 2418 бас, лейкозға 195 бас ІҚМ -дан (сиыр) және қан алу туралы АКТ берілді.Нәтижесінде бруцеллезге,лейкозға теріс нәтиже берді. Сібір жарасына вакцинациялау жұмысы 2744 бас малға, трихофитияның алдын алу мақсатында ЛТФ-130 вакцинасын 632 бас малға, туберкуллезға балау мақсатында 80 бас өндіруші бұқаларға туберкулинизация жұмыстарын жүргіздік.

Дезинфекция жұмыстарынан: «ДУК» көлігі көмегімен мал қораларына,дезинфекция жүргізілді. Әрбір ветеринарлық маманға қорғаныс заттары берілді: етік, респиратор, резеңке қолғап, брезент жамылғы. Дезинфектант ретінде 1кг хлорофост ерітіндісін 1т. суға араластырып, бөлменің шаршы 1 метріне ерітіндінің 1 литрі шашылды.

Індетке қарсы шараларға жоспарды бас мал дәрігері құрастырады. Бұл құжат ауылдың ветеринар мамандарының тәртіптілігін көрсетеді.

Жұмыс соңында әр аурулар тізімі мен актілер құрастырылады, осында жануар түрі, жынысы, түсі, инвентар номері, қолданылған препарат көрсетіледі.

Паразитология және инвазиялық аурулар

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды завотында өндірістік машықтану практикасын өткен уақытта шаруашылық малдары арасында инвазиялық аурулардың ішінен жиі Вольфартиоз,Телязиоз кездесті. Бұл екі ауру да мамыр – шілде айларында көп тіркелді.Ауру көзі болып вольфарт шыбындары табылады, олар жаңа пайда болған жараларға өз балаңқұрттарын салады.

Осы аурудың пайда болуына себеп жұмысшылардың жануарлармен дөрекі қатынаста болуы қамшымен соғудан.Ал сарпайдың маңайында вольфартиоздың пайда болуы патологиялық туу кезіндегі сыртқы жыныс мүшелеріндегі жарақаттанулар. Егер осы жараларды дер кезінде емдеп, алдын алмаса вольфарт балаңқұрттары дамып, мал вольфартиозға шалдығады.

Осы аурудың емі ретінде алдынғы жылдары механикалық жолмен тазартып, креолин препаратын қолданған. Біз практика барысында Чеми-спрей препараттымен волфазольпрепаратының тиімділігі жоғары екенін ескере, емге пайдалануды ұсындық.

Шаруашылықта жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйеніп,келесі мәселелерді қамтыдым:

А) Шаруашылықта паразитарлық ауру қоздырушыларының өсіп өнуін болдырмау үшін мал дәрігері жылына 2 рет бүкіл малды қамти отырып,ивомек препараттарын қолданады.Эктопаразиттерден пайда болған аурулармен күресу және алдын алу үшін ірі қара мен олардың төлдерін неостомазанның ерітіндісімен өңдейді, теріні тозаңдату жолымен өңдейді. Өңдеу жұмыстарын көктем және күзде өткізген жөн.

Б)Шаруашылық малдары табиғи аққан өзендерарқылы суарылады. Жалпы суаттарының жағдайы талаптарға сай келеді. Дегенмен жеке меншік иелігі болғандықтан, шаруашылық малдарының жайылымдарын ауыстыру мүмкіндігі жоқ.

В)Шаруашылықтың қасапханасы, қи сақтайтын қоймасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестендірілген.

Г)Паразитарлық ауруларға қарсы қолданылытын дәрі-дәрмекпен шаруашылықтың қамтамасыз етілуі төмен. Мысал ретінде креолин препаратының тиімсіздігіне қарамастан қолдануы.

Шаруашылықта деректерге қарағанда, соңғы 5 жылда ірі қара малмен жылқылардың массалық аурулары және де инвазиялық аурулардың себебінен малды мәжбүрлеп,сою тіркелмеген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]