Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diagnostika-tolyk_nuska.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457.23 Кб
Скачать

20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Сауалнама – зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуін әлеуметтану өлшем тәсілі.Сауалнама- бұл арнайы іріктеліп алынған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының талапқа сай логикалық құрылысының жиынтығы. Паталогиялық м.қ диагностикалау үшін Шмишек тесті қолданылады. Жеткіншектер акцентуациясын анықтауға арналған Шмишек тесті. Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады.Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған.Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның түсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.«Мінез акцентуациясын бағалау» тесті.Нұсқау: Сізге 97 сұрақ ұсынылып тұр, олардың әрқайсысына сіз «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруіңіз қажет. Ойлануға көп уақыт жүмсамаңыз. Мұнда «жаман» немесе «жақсы» жауаптар болуы мүмкін емес. Бұл тест барысында келесі мінез құлық паталогиялары анықталынады:

  • Гипертимді,

  • Лабильді,

  • Сенситивтік,

  • Шизоидтық,

  • Эпилептоидтық,

  • Тұрақсыз,

  • Астено-невротик,

  • Демонстративтік,

  • Циклоидтық,

  • Аффектті-экзальтациялық.

21. 12-жылдық білім беру жүйесін психологиялық – педагогикалық диагностикалау жолдарына сипаттама беріңіз.

Қазіргі педогогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құру, оны сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Қазақстан  Республикасының  2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы басты мақсат мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл алты жасар балалардың бойында оқу қызметін меңгерту, олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттарының бірі ретінде танылуда. Сонымен қатар  12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім  беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 12 жылдық білім беруга балалардың дайындығын және олардың психологиялық көңіл-күйерін жайлы ақпарат алу ең маңызды жұмыс болып табылады. Осы тұста психологиялық-педагогикалық диагностикалау жұмыстары әрбір 12 жыдық білім беруге көшкелі отырған барлық мектептерде жүргізілуі керек.

Психологиялық-педагогикалық диагностикалық жұмыстарға мыналды жатқызсақ болады:

  1. Бала балабақшадан келген соң оның меңгерген біліктерін тексеру, баланың мінез құлқы жайлы тәрбиешілер мен ата-анасынан жапы ақпарат алу.

  2. Отбасылық карта жасау, қиын балалар анықталған жағдайда жеке отбасылық карта жасалса, көп жағдайды сыныпқа бір отбасылық карта жасалады.

  3. Дезадаптация құбылысын анықтау, оны жою үшін арнайы тренингтер өткізу. Себебі баланың бойындағы дезадаптация құбылысы балабақшадан мектепке 1 сытыпқа келгенде көрініс табуы мүмкін.

  4. Ата-аналардан отбасылық жағдайына, балалардың мінездерін, қызығушылықтарын анықтау мақсатында анкета алу, ал балалардың қызығушылықтарын, ауытқушылықтарын анықтау барысында ойын ретінде өткізу ұсынылады, себебі 6-7 жасар бала әріп танығанымен де, өзі жеке шешім қабылдай алмайды.

  5. Ауытқушылығы бар балалар анықталған жағдайда бақылау, байқау әдістерін қолдану арқылы диагностикалау жұмысын жүргізу.

12 жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына  мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:

  • Баланың дамуына психологиялық жағдай жасап, жеке және интеллектуалдық дамуына әр жастың кезеңіне тән көмек көрсету арқылы, олардың өзін – өзі оқытуға, тәрбиелеуге, дамуына жағдай туғызып, қалыптастыру;

  • Оқушылардың жеке тұлғасын, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бақылау, бағыттау;

  • Оқушылардың психологиялық денсаулықтарын және сыныптағы оқушылардың әлеуметтік – психологиялық жағдайларын ескеру;

22. «Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз.

Қорқыныш - Индивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп қолайсыз эмоция. Қорқыныш бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей. Тіршілік үшін қауіпті факторлардың нақты әрекетінен болатын ауру не басқа да зардап түрлерінен ерекше қорқыныш олардан күн ілгері болады. Қатердің сипатына байланысты қорқыныш сезімінің қар құндылығы мен тән сипаты ерешілігі алуан түрлі болады (қауіптену, қорқу, шошу, үрей). Егер қауіп негізі анық емес не ұғынылмаған болса, ондай күй алаңдау деп аталады. Функциялық тұрғыдан қорқыныш субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болады.

Үрей (гр. рапіһоп — қорқыныш сезімін туғызатын) — жалған немесе шындық қауіптерден жаппай үрейлену. Үрей моральдық — психикалық көңіл-күйдің, рух күшінің төмендеуі, қабылдаудың бәсеңдеуі, еліктеу, ретсіз қозғалыс, илану механизмдерінің белсенді әрекеттерінің күшеюі. Үрейленушілік — арнайы әлеуметтік жағдайларда мазасыздану және үрейленуден, адамның қатты әсерленгіштігінің нәтижесінде болатын толғаныстар.

Қорқыныш, үрей барлық адамдардың өмірінде болатын құбылыс. Психолог дәрігерлер мен мамандар үрей туғызатын құбылыстық әсердің қай-қайсының да мезгілдерінің уақытылы, сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа көріністі, сезімдік бейнелі болып келетінін, соған ұқсайтынын айтады. Яғни, үрей, қорқыныш сана-сезіміңнен шықпай, сонда орнығып алатын мәңгілік құбылыс емес. Ол біртіндеп жоғалып отырады. Адамның денесіндегі құбылыстардың механикалық және динамикалық беріктілігі бар. Осы екі бірлік дененің тұрақтылығы мен сымбаттылығын құрайды. Мұндай күшке жаны, тәні адал жандар, тақуа діндар адамдар ие болады. Оларды табиғаттың қорқыныш, үрей тәрізді тылсым күштері көбінесе жеңе алмайды.

үрей, қорқыныш жүйкесі жұқа адам-дарға үйір. Себебі, адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүйке жүйесі. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, түрлі жүйке ауруларына, психикалық сырқатқа көбінесе жоғары қызметте, кеңседе қағаздармен, есеппен көп жұмыс істейтіндер, өмір бойы көп қиыншылықтар, жоқшылықтар көріп келе жатқан адамдар ұшырайды. Солардың ішінде еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі бірқатар психологтардың айтуынша, адамдар мұндай жағдайда өзіне-өзі көмектесуі қажет.

23. Тұйықтылық және оны түзету жолдарын талдаңыз.

Тұйықтық – қоғаммнан оқшауланып, тек өзінің қызығушылықтарымен айналысуы. Тұйық адамдар басқа адамдармен ашық сөйлесе алмай, өз пікірін ашық жеткізе алмай қиналады, себебі олар олардың ойлары басқаларға қызық емес деп ойлап, өз ойларымен, сезімдерімен бөлісуден қорқыды, қысылады.

Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:

  1. Баланың жеке мінезіне

  2. Көру мен есту кемістігіне

  3. Зияттың жетілмеуіне

  4. Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына

  5. Невротикалық өзгерістерге

  6. Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм).

Тұйықтық мінезді түзетудің бірнеше жолдары бар:

  1. Ашық болу. Егерде бір адам келіп сізбен әңгіме бастағысы келсе,одан қашпай ол адамды күліп, жылы шыраймен қарсы алып, арқаңызды тіктеп,оның әңгімесін белсенді тыңдаңыз. Оның қал-жағдайы қалай екенін, басқада мәселелері жайлы қысылмай сұрап, достық ниетте екеніңізді білдіріңіз.

  2. Сұрақ қоя білу – өте маңызды болып табылады. Әңгімелесуші жолдасыңыздан оның болашаққа деген жоспарлары, қызығушылықтары туралы сұрақ қойыңыз. Тергеушілер секілді көп сұрақ қоюдың қажеті жоқ, тек екі-үш сұрақ қосаңыз жеткілікті.

  3. Өзіңіз туралы ақпаратпен бөлісіңіз. Құрбыңыздың сіз туралы қойған сұрағына қысылмай жауап беріп, өзіңіздің қызығушылықтарың туралы қысылмай айта беріңіз.

  4. Адамды түсіне біліңіз. Сұрақ қоймас бұрын адамның көңіл-күйіне мән беріңіз, ол айтқысы келген әзілді түсініп сол адаммен бірге қуаныңыз.

  5. Өзіңізбен қызығушылығы жақын адамдарды үйіңізге шайға немесе қыдырып, әңгіме дүкен құруға шақырыңыз.

  6. Жаңа дүниелерді байқап көріңіз. Бұрын тек кітап оқумен ғана айналыссаңыз, енді басқада бір үйірмелерге барып көріңіз.

  7. Ең бастысы жаныңызға жақын, ішкі жан дүниеңізді түсінетін, сырыңызды бөлісетін адам табуға тырысыңыз.

24. Зейінді дамытатын тәсілдерді тізіп жасаңыз.

«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет.Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады.

Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді.

Зейінді дамытуға арналған бірнеше тәсілдер:

  1. Ұяшық ішіндегі болялған дөңгелектер. 8 ұяшық болады, 8 ұяшықтық 8-нде боялған дөңгелектер әртүрлі ұяшықтарда орналасады, балаларға оны 2-3 мин көрсетіп кейін қайта салуын өтінеміз. Күрделі болғандықтан 6-сыныптан жоғары оқушыларға өткізіледі.

  1. Жануарлардың айырмашылығын табу. 2 сурет беріледі, ол 2 суретте де бірдей аң бейнеленген. Алғашында 1 сурет көрсетіліп, жақсылап қарауын сұраймыз да, 1 суретті жауып 2 суретті көрсетіп айырмашылығын табуын сұраймыз. 5-7 жасар балаларға арналға жаттығу.

  2. Жаңылтпаш айту. Баланың зейін қойып тыңдауын дамыту үшін жаңылтпаш айтып, оны қайтаауын өтінуге болды.

  3. Түрлі түсті фигуралар. 6-7 турлі түсті фигуралар көрсетіледі, балалар фигураларды түстерімен есте сақтап қалу керек. Кейіннен сол фигураларды ақ параққа салып, есте қалған түстерімен бояуды сұраймыз. Кімнің зейін қойып қарап, есте сақтағаның анықтауға болады.

  4. Мұғалім бірнеше дене жаттығуларын көрсетеді, балалардан сол жаттығуларды ретімен қайталап беруін сұраймыз, балалардың зейін қойып қарағанын анықтауға болыды.

25. Қобалжулық пен ұялшақтылықты түзету жолдарына сызба құрастырыңыз.

Тым қатты қобалжымау үшін не істеуге болады? Аздап қобалжу кәдімгідей нәрсе екенін ұмытпа. Алайда тым қатты қобалжитын болсаң, өз-өзіңді ұстау мен еркін сезіну және кеудені тік ұстап тұру қиын болады. Сондықтан қобалжуды басу қажет. Мұны қалай істеуге болады?

Жақсылап дайындал. Тапсырмаңды дайындауға уақытыңды аяма. Талқылайын деп жатқан тақырыпты нақты түсінгеніңе көзіңді жеткізіп ал. Егер негізгі ойларды өзің таңдайтын болсаң, онда тыңдаушыларыңа не мәлім екенін және қандай мақсатқа қол жеткізгің келетінін ескер. Бұл көбірек пайдалы болатын материалдарды іріктеп алуыңа көмектеседі. Егер алғашқыда материалдарды топтау мен тыңдаушыларыңның қажеттіліктерін анықтау қиындық тудырса, тәжірибелі баяндамашымен кеңес, ол саған көмектеседі. Не айтатыныңды нақты біліп, оның тыңдаушыларың үшін пайдалы екеніне сенімді болсаң, оны өзгелермен бөлісуге деген ықыласың қобалжудан да күшті болады.

Әсіресе алғы сөзіңе мән бер. Неден бастайтыныңды нақты білу өте маңызды. Әдетте бір-екі ауыз сөзден кейін қобалжу басылады.Уағыздау қызметіне дайындалғанда да, осы қадамдарды жасау қажет. Не туралы айтатыныңды ғана емес, қандай адамдарды кездестіретінің жайлы да ойлан. Ұсынысыңды жақсылап дайында. Тәжірибелі жариялаушылармен кеңесіп көр.Бәлкім, баяндаманың мәтінін толық жазып алып, тек оқып бере салсам, қобалжымаймын деп ойларсың. Алайда, шын мәнісінде, әрбір баяндаманың алдында одан бетер қобалжи бересің. Кейбір баяндамашылар көбірек жазып алса, өзгелері азырақ жазып алатыны рас. Бірақ, ең бастысы, тыңдаушыларың үшін құнды материал тапқаныңа толық сенімді болуың керек. Дәл осы нәрсе — толық жазып алған баяндама мәтіні емес — өзіңе көңіл аудармауыңа және тым қатты қобалжымауыңа көмектеседі.

Дауыстап айтып жаттық. Осылай етер болсаң, ойыңды жеткізе алатыныңды біліп, өзіңе сенімді боласың. Дауыстап жаттыққанда есіңде белгілі бір бейнелер қалады да, баяндамамен шыққанда олар дайын тұрады. Жаттыққанда көз алдыңда тыңдаушылар отырғанын елестетіп, мінбеде тұрғандай тұрып не үстелдің басында отырып сөйле.

Тәжірибе жинақта. Қызметке неғұрлым көп шыққан сайын, соғұрлым азырақ қобалжитын боласың. Кездесулерде қаншалықты көп жауап берсең, өзгелердің алдында сөйлеу де соншалықты жеңіл болады. Қауым алдына көбірек шығып сөйлейтін болсаң, әр шыққанда қобалжығаның да азая береді. Осындай мүмкіндіктердің көбірек болғанын қалайсың ба? Онда біреудің орнына шығу керек болғанда, көмекке дайын тұр.Енді осы қадамдардың бәрін жасағаннан кейін, өзіңді дұрыс ұстай алмаудың белгілерімен танысқаның жөн. Ал осы белгілерді анықтап, оларды жеңуді үйренгенде, қобалжымай сөйлеу жеңілірек болатынын көресің. Адамның өзін ұстай алмауы оның қимыл-әрекеті мен сөйлегенінен байқалады.

Қимыл-әрекеттен байқалуы. Өзіңді ұстай аласың ба, жоқ па, бұл тұрысың мен қолдарыңның қимылынан білінеді. Алдымен, қолды алайық. Егерде баяндамашы екі қолын екі жанында тік ұстап, яки қолдарын артқа ұстап не алдындағы қойғыштан қатып ұстап тұратын болса, сондай-ақ қолын қалтасына бір салып, бір шығарып, түймелерін түрткілеп, беті мен мұрнын жөнсіз ұстай берсе, я болмаса көзілдірігін қайта-қайта түзетіп немесе қолындағы қаламсабын айналдырып, сағатын, сақинасын және алдындағы қағаздарын қайта-қайта түрте берсе, сондай-ақ жасаған ишараттары еркін болмай, үзік-үзік болып жатса, бұл — оның өзін ұстай алмай тұрғаны.

Адамның өз-өзіне сенімсіздігі басқа да қимылдарынан байқалады. Мысалы, кейбіреулер аяқтарын тыпырлатып я теңселе береді, қақиып не бүкірейіп тұрып алады, еріндерін қайта-қайта жалап, жұтынып, жиі және үстірт тыныс алады.Осындай қобалжудың белгілерімен шындап күресетін болса, олардан арылуға болады. Алайда бұлардың бәрінен бірден арылам деп ойлама. Біреуін таңдап ал да, одан арылу үшін не істеу керектігін алдын ала ойластыр. Күш сала отырып, қимыл-әрекеттеріңді қадағалауды үйренесің.

Сөйлегенде байқалуы. Қобалжығаннан даусымыз бір түрлі тым жоғары шығып не дірілдей бастауы мүмкін. Кейбіреулер жиі жөтеліп, я болмаса тым тез сөйлейді. Мұның бәрінен дауыстың шығуын саналы түрде қадағалай отырып, құтылуға болады.Егер мінбеге шығар алдында қобалжып тұрғаныңды байқасаң, онда бірнеше рет терең тыныс ал. Тұла-бойыңды бос ұстауға тырыс. Қобалжып тұрғаныңа мән бермей, дайындаған мәліметіңді тыңдаушыларың неліктен есту керектігін ойлан. Сөйлемей тұрып, тыңдаушыларыңа қарап ал. Жылы жүзді біреуін тап та, оған қарап күлімсіре. Алғы сөзіңді асықпай бастап, беріліп сөйлеуге тырыс.

Қандай нәтиже күтуге болады? Қобалжуың сап тыйылады деп күтпе. Көпшіліктің алдына шығып сөйлеудің алдында кейде көп жылдық тәжірибесі бар баяндамашылардың өзі де қобалжиды. Алайда олар өздерін қолға алуды үйренген. Егерде барынша күш салып, қобалжудың сыртқы белгілерінен арылатын болсаң, тыңдаушыларың сені өзін еркін сезінетін әрі байсалды баяндамашы ретінде қабыл алады. Бұдан кейін де қобалжуың мүмкін, бірақ мұны ешкім байқамайды.Адреналиннің бөлініп шығуы қобалжу тудырғанымен, бұл ағзаның күш-қуатын арттыратынын есіңнен шығарма. Оны шабыттанып сөйлеуге жұмса.Осы нәрсенің бәріне үйрену үшін міндетті түрде көпшіліктің алдына шығып сөйлейтін кезді күтудің қажеті жоқ. Күнделікті өзіңді ұстай алуға және айқын сөйлеуге үйрет. Бұл саған өзге де маңызды жағдайларда — мінбеге шығып сөйлеу мен уағыздауда — өзіңді сенімді сезінуіңе көмектеседі.

Ұялшақтықтың алдын - алу жолдары

Ұялшақтық - өте жасырын ұғым және өз алдына жеке мәселе. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, зерттеушілердің пікірінше, осы жағдаймен жастардың тең жартысы азап шегуде. Ұялшақ болу ішкі жан дүниесін аша алмау, қорқу, қоршаған ортамен байланысқа түсе алмау, соған бола қобалжу, ойын еркін түсіндіре алмау. Ол әр адамда болады деп ашық айта алмаймыз. Себебі әр тұлғаның психологиясы әрқилы, табиғаты да бөлек. Біз білетіндей, мінезі жұмсақ, момын, тым ойға берілгіш келетін кісілер өмірде өз жолын табуда қиналады.Бұл адамдардың достары аз, қоршаған ортасы тар, өзінің жан дүниесі сияқты мұңлы болып келеді.Бұдан шығатын қорытынды, барлық айналадағы болып жатқан құбылыс адам баласымен өте тығыз байланысты. Мұндағы басты мақсатымыз қоғамда белсенділік таныту. Сіз мүмкін адамды танып білуде, қатынас жасауда қиналарсыз, өйткені, адам баласы біз білетіндей бірдей болмайды. Сондықтан қандай қиын жағдайды бастан өткерсеңіз де, яғни кикілжің күйзеліс, түсінбестік, шатасу сияқты мәселе болса, ымыраға келуге тырысыңыз. Мейлі сіздің ойыңызды дұрыс түсінбей, пікіріңізге шалыс айтуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда керісінше, өз еңсеңізді түсірмеңіз, себебі қазақта «жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші әрқашан ортада пікіріңізді айтып, ашық болуға тырысыңыз.

Көптеген психологтар, әлеуметтанушылар және т. б мамандар ұялшақтықты кең түрде зерттеуге тырысты. Ол ұялшақтықтың неден туындайтынын көрсетті. Жеке адамды тұлға ретінде зерттеушілердің пікірінше ұлшақтықтың адамда ата - тектен тараған, яғни тұқымда бар деп сараланады.Бихевиористердің айтуынша, ұялшақтық қоғаммен тіл табыса алмайтын немесе өмірге бейімделуден, қашқындықтан қалыптасады. Психоаналитиктердің ойынша, өзіне сенімсіздіктен, ойын сырт ортаға шығара алмаудан. Әлеуметтанушылар немесе балалар психологының тұжырымдауынша, ұялшақтықты белгілі бір жеке термин ретінде қарастыра келе әлеуметтік ортаның қалыптасуына байланысты туындайды деп көрсетеді.

Қ. Б. Жарықбаевтың айтуынша, ұялу – басқа адамның әдетте жақындарының қылығымен не тұлғалық мінездерінің көрініс беруімен байланысты болуы мүмкін. Ұялшақтықты өзіне - өзі кемелдендіру, білім мен біліктілікке жету, өз қабілеттілігін арттыруға бағытталған мінез - құлықтың

қуатты қозғаушы күші арқылы жоюға болады. Ұялудың бастапқы шегі әркімнің құндылық бағдарына әрбір жеке тұлғаның қасиетіне, айналасындағы адамдардың өз жөніндегі пікірлеріне, сезімталдығына байланысты.

26.Есті дамытатын тәсілдер

Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады.

Жаттығу.Кроссвордтар мен түрлі логикалық есептерді шешіп, немесе қара өлең атаулыларын жатқа оқып, шет тілдерінен сабақ алу – есте сақтау қабілетінің ең мықты қалыптасуының себепкері екен. Бұл – миға жұмыс берудің ең оңай тәсілдері саналады.

Жүзім шырыны.

Егер біздің ағзамызға осы бір сусынды сіңірер болса, есте сақтау қабілетіміз 20 пайызға жоғарылайды. Ескертетін жайт, шырын – күлгі түстес болуы қажет. Оның құрамында миға пайдалы аксидонттардың үлесі зор.

Физикалық белсенділік.

Жүгіру мен жүру, би жатытығуларына қатысып неғұрлым денені көбірек қозғалтатын әрекеттерге бару – есте сақтауды күшейтеді.Мұндай қарқындылық ми қабатына кислород түсіріп өз әсерін беретін көрінеді.

Дыбыстап сөйлеу.

Әдетте, ақпараттарды дыбыстап қайталап отырсақ – ол жазу процесіне қарағанда жиі есте сақталады. Мәселен, телефон нөмірі, мекен-жай немес есімдер тізімі.

Ұйқы.

Ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқы процесін жақсы адамдар ұзағырақ өмір сүретін көрінеді.  Ұйқы кезінде біздің ағзамыз тыныштыққа құрылады. Ұйқы уақытында гормондар көлемі жылдам өзгеріске түсіп отырады. Ұйқысы жақсы адамның есте сақтау қабілеті есе қатты дамыған.

Релаксация.

Медитация,йога, массаж секілді адам ағзасын тыныштыққ бөлейтін іс-әрекеттер бұл тарапта өз септігін тигізеді.

Көздің жаттығуы.

Егер адам баласы күн сайын таңертең көзді оңға, солға, жоғары,төмен қаратып 30 секундтай жаттықтырып тұрса, есте сақтау қабілеті 10 пайызға көтеріледі. Бұл – дәлелді қажет етпейтін факт. Ми қабатының екі бөлігі де бір-бірімен тығыз байланыста болып, есте сақтауға өз әсерін тигізеді.

Ассосациялар.

Кез-келген объектіні есте сақтап қалу үшін белгілі бір түске, я болмаса иіске, дәмге байланысты дүниелерді ерекше есте сақатаған дұрыс. Ол – әлгі объектіні жылдам еске түсіруге көмегін береді.

Тамақтану.

Денсаулық пен дұрс тамақтану – есте сақтау қабілетінде үлкен рөл атқарады. Әрине, бұл азықтар – антиоксиданттарға жатады. Жаңғақ, қаражидек, өрік және цитрусты өнімдерді тұтыну – әсіресе тиімді.

Витаминдер.

Бұл жердегі көшбасшы – «В» витамині. «В 12» витаминінің  жетіспеуі -есте сақтау қабілетін толығымен бұзады (балық, ет, жұмытрқа, құс өнімдері т.б).  Мидың жұмыс жасауындағы ең жақсы көмекші. Одан бөлек «С» және «Е» витаминдері де қолайлы.

Ми тарапына жасалынатын осындай жаттығулар арқылы есте сақтау қабілетімізді күшейте отырайық

27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол – зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол. Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен, логикалық мағынасы барларын осы жерде келтіреміз.

Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі.Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту. Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.

Ұсынылып отырған графикалық-сандық тест.

Орындау ережесі:1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.

Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек. Орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер бірінші реттен ретін таба алмаған бала тағы уақыт беруді өтінсе, оған екінші және үшінші рет орындап көруге мүмкіндік берген дұрыс. Сондықтан орындауға берілген уақыт баланың логикалық ойлауына шектеу қоймауы керек

А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі. Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық кабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.

Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

1-ші тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.

2-ші тапсырма. А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесі.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгеін анықтау және дамыту.Балардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.

Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

«Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен тұрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.

1-4 есептер өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып, мағынасына түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.

5-10 есептерде бір түрлі, мағынасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер қолданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің мағынасын білдіреді. Бұл есептерді шешу үшін, онда қолданылған жасанды сөздердерді кәдімгі, мағынасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде «ойда» мағынасыз сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады. Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.

11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нәрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.

13-16 есептерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек. Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде - олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек.

Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.

Психологқа ескерту: есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді:

1. 1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1 сұраққа жауап беріледі;

2. 19-шы-20-шы есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;

3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.

логикалық ойлауды дамыту тестері тек балалардың ғана осы процесін дамытып қоймастан, оны жүргізген психологтың, педагогтың да логикалық ойлауының тереңдеуіне үлкен әсері бар екенін байқадық. Логикалық ойлауды дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолданудың негізгі екі жолын анықтадық:

1. Сабақтарда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану;

2. Арнайы психологиялық шығармашылық тестер мен тапсырмаларды қолданып, баланың ой-өрісін тереңдету.

28. Өмірдің алғашқы кезеңіндегі ойлау мен сөйлеу мәселелеріне тоқталыңыз.

Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды – оның жүруі мен еңбектеу әрекетін және басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз керек.

Мен осы бағытта алға қойған мақсатыма жету үшін баланың дағдарыс кезеңі оның организміндегі болатын елеулі өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды қай бағытта іздестіріп көру керектігін атап айтуды жөн деп санаймын. Бұл мәселедегі түйін баланың бойындағы қалыптасатын жаңа құрылым жасына қатысты-ау деп ойлаймын.

Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін болсақ, онда сәбидің, дамуы оның танымының тарихымен байланысты екенін айқын аңғарамыз. Егер мен бұл сұраққа үстірт жауап бергім келсе, онда К.Маркстің «сана дегеніміз қоршаған ортамен қарым-қатынас» деген белгілі сөзін қолданар едім. Шын мәнінде адамның жеке басынын ортамен қарым-қатынасы оның санасының сипатын білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл мәселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мәні ерекше. Өйткені сананын сырын ашып беруде қазіргі ғылыми түсініктерде орашолақтық айқын байқалады. Тілдің санамен тығыз байланысты болатынына күмән келтіре алмаймыз. Мен бұл жерде сөйлеудің санамен байланысты екенін ерекше атап көрсетіп, мәселені тек сөйлеуге әкеп тірегім келмейді. Бұл мәселенің мазмұнын талдауда мен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай өрлеп отыру арқылы зерттеу қажеттігіне баса көңіл аударғым келеді. Көркемдеп айтқаңда мен бұл драманың өрі басты, әрі екінші актері болуға тиіспін. Маған бала санасының өзгеруі мен оның сөйлеуінің дамуын теориялық жағынан із-дестіру – бұл мәселенің өзегі.

Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.

Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.

Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.

Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.

Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,

Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз

Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жекё басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]