- •5.Интелектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасына тоқталыңыз.
- •6.Жекелік қасиеттер диагностикасының мәні мен мазмұнын ашып жазыңыз.
- •7.Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •11. Ертегі терапиясы
- •Психологиялық - педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •17. Кіші мектеп жасындағы балалармен диагностикалық жұмыс жасау жолдарына талдау жасаңыз.
- •18. Вербалдық-логикалық ойлауды бағалау жолдарына ғылыми тұрғыдан анықтама беріңіз
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •29.Педагогикалық-психологиялық диагностикалау іс-әрекетінің моделін құрыңыз.
- •Педагогикалық-психологиялық диагностика ұғымдарының байланысын сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •37. «Дифференциялды-диагностикалық сұрақтама (ддо) сұрақнамасын құрыңыз.
- •38. «Кәсіп таңдау» мәселесіне байланысты сауалнама ұсыныңыз.
- •39. Ммрi әдістемесін өзіндік тұрғыдан талдаңыз.
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз.
- •45. Диагностикалық әңгімелесудің өзің туралы негізгі тәсілдерін атаңыз.
- •46. Креативті ойлау әрекетінің диагностикасына кесте құрастырыңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз.
- •48. Люшердің көп түсті тестіне байланысты маманның бейнесін көрсету әдістемесін жүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •49 Жеке адамды диагностикалау жолдарын талдаңыз.
- •50 Мектептерде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын анықтауға бағытталған сұрақнама құрастырыңыз.
- •53.Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акценттілігін анықтаңыз.
- •59. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау заңдылықтарын пайдалану жолдарына бірнеше ұсыныстар беріңіз.
- •60. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау саласын зерттеуші белгілі ғалымдардың еңбектерінен бірнеше анықтама жазыңыз.
17. Кіші мектеп жасындағы балалармен диагностикалық жұмыс жасау жолдарына талдау жасаңыз.
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өмірінегі осы үздіксіз тәрбие үрдісінің ғана жемісі болмақ. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыпаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі болады.
Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осындай болуы олардың жаттауға икемілігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінің, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен көрінеді. А. В. Скрипеченко бастауыш мектеп оқушыларының математикалық ойлауы қабілеттілік пен талдап қорытуға байланысты, ол эксперименттік жолмен 2-ші сынып оқушылары 3-ші, 4-ші сыныптарға қарағанда қабілеті жоғары болады деп көрсетті. 2-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетіне ересектер жақсы әсер етсе, олардағы білім болашақта соғұрлым терең және тиянақты болады.
Кіші мектеп жасындағы балалармен диагностикалық жұмыс |
Іс-ірекеттің мазмұны |
Іс-әрекетті ұйымдастырудың амалдары мен тәсілдері |
|
|
Психодиагностикалық әдістемелері пайдаланудың жалпы нұсқауы төменегідей:
Кәсіби біліктілігі бар немесе баланы жақсы танып білген ересек адам әдістің ішкі, экспертті бағасына назар аударуы керек.
Мектепке дейінгі кезеңде экспертті бағалауға, баланың өзіндік бағалауын есепке алу керек, олар әлі де болса ересектердің пікіріне сүйенеді.
Мектепке дейінгі бала үшін жеке тұлғалық сұрақтарды қолданған жөн.
Мектепке дейінгі бала үшін тест ауызшы немесе тест түрінде беріледі. Кей кездері тапсырмаларды орындау үшін қарындаш және қағазды пайдаланады (қарапайым әрекеттерді орындайды)
Мектепке дейінгі баланың дамуын диагностикалау әр түрлі сипатта болады:
Эмоционалды.
моторлы.
танымдық процестерін.
тұлғалық ерекшеліктері.
18. Вербалдық-логикалық ойлауды бағалау жолдарына ғылыми тұрғыдан анықтама беріңіз
Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі. Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
