- •5.Интелектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасына тоқталыңыз.
- •6.Жекелік қасиеттер диагностикасының мәні мен мазмұнын ашып жазыңыз.
- •7.Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •11. Ертегі терапиясы
- •Психологиялық - педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •17. Кіші мектеп жасындағы балалармен диагностикалық жұмыс жасау жолдарына талдау жасаңыз.
- •18. Вербалдық-логикалық ойлауды бағалау жолдарына ғылыми тұрғыдан анықтама беріңіз
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •29.Педагогикалық-психологиялық диагностикалау іс-әрекетінің моделін құрыңыз.
- •Педагогикалық-психологиялық диагностика ұғымдарының байланысын сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •37. «Дифференциялды-диагностикалық сұрақтама (ддо) сұрақнамасын құрыңыз.
- •38. «Кәсіп таңдау» мәселесіне байланысты сауалнама ұсыныңыз.
- •39. Ммрi әдістемесін өзіндік тұрғыдан талдаңыз.
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз.
- •45. Диагностикалық әңгімелесудің өзің туралы негізгі тәсілдерін атаңыз.
- •46. Креативті ойлау әрекетінің диагностикасына кесте құрастырыңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз.
- •48. Люшердің көп түсті тестіне байланысты маманның бейнесін көрсету әдістемесін жүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •49 Жеке адамды диагностикалау жолдарын талдаңыз.
- •50 Мектептерде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын анықтауға бағытталған сұрақнама құрастырыңыз.
- •53.Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акценттілігін анықтаңыз.
- •59. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау заңдылықтарын пайдалану жолдарына бірнеше ұсыныстар беріңіз.
- •60. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау саласын зерттеуші белгілі ғалымдардың еңбектерінен бірнеше анықтама жазыңыз.
11. Ертегі терапиясы
Адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.
Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі
Клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады.
Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.
Ертегі терапиясының жетекші идеялары :
өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;
оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну
қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;
қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;
үндестік пен күшті сезіну
Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер ерекше маңызды.Ертегіге талдау жасау рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады.
Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б.
Ертегі терапиясын жүргізгенде қиындық туғызатын жақтары
оқылып отырған кітаптың белгілі болуының салдарынан қызығушылықтың төмендеуініің мүмкіндігі;
көптеген қойылымдық қатарлар кейбір топтық сабақтарда шұғыл терапия жүргізуде, қысқа уақыттық терапия жүргізуде ертегіні жарамсыз қылады;
авторлық ертегілер өнердің әрбір туындысы секілді жанашырлықпен, ұқыптылықпен қатынас жасағанды талап етеді. Сол себепті психологтың ұсынып отырған жұмысы ретінде қойылымды өзгертіп отыру мүмкін болмайды. Ертегіні өзгерту немесе түрлендіру психологиялық қарым-қатынас атмосферасының бұзылуына және ертегінің бұзылуына әкеліп соғады.
Психологиялық - педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп, сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған. Қазіргі психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жеке психологиялық және жеке психофизиологиялық адам ерекшеліктерін зерттеуді, анықтау әдістерін өңдейді. Психодиагностика дегенде психологиялық практика облысы, яғни әртүрлі сапаларды (психикалық, психофизиологиялық ерекшеліктер, жеке бас белгілері) анықтаудағы психолог жұмысын есепке алады.
Психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жалпы психологиялық зерттеулермен практика звеносын біріктіру қызметін атқарады. Оның теориялық негізі психологиялық ғылымдардың сәйкес облыстарымен байланыстылығында. (жалпы, дифференциалды, жас ерекшелік, медициналық т.б.). Әдістемелік құралдары ретінде жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтау, өңдеу жолдарын және алынған мәліметтерді интерпретациялау үшін нақты тәсілдерді қолдану қажет. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті екіге бөлінеді: теориялық және практикалық
Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медицинада ежелден пайдаланып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықтау және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психодиагностикада бұл термин ХІХ ғ бері кеңінен пайдаланылады. Психодиагностика (грекше psyche – жан, diagnoctikos –тануға қабілетті) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынанан бағалау.Психодиагностиканың алдында келесі мәселелер зерттелінеді:
1. Психологиялық қасиеттердің табиғаты және оларды ғылыми негізде бағалау қаншалықты мүмкін екендігін анықтау;
2. Психологиялық қасиеттерді танып білуге және оның көрсеткіштерін нақты сандармен бағалауға қазіргі ғылыми білімнің негіз бола алатындығын дәлелдеу;
3. Қазіргі кезде пайдаланылатын психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің жалпы ғылыми-әдіснамалық талаптарға қаншалықты сай келетінін бағалау;
4. Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерге қойылатын әдістемелік талаптар;
5. Психодиагностика жүргізуге қойылатын талаптардың, әдіс-тәсілдер пайдаланып жинаған материалдардың нәтижесін талдау және түсіндіру ережелерінің сенімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздеу;
6. Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді құру тәртібі мен ғылымилық талапқа сай екендігін тексеру;
Психодиагностика міндеттері:
1. Белгілі бір қасиеттің даму жағдайын анықтау;
2. Белгілі бір қасиеттің даму динамикасын нақты бір уақытқа байланысты анықтау;
3. Индивидтің және топтың психологиясы мен жүріс-тұрысындағы нақты өзгерістерді анықтау;
4. Тұлғаның психологиялық дамуының кез-келген сипатын алдағы дамуға қатысты перспективасын тағайындау;
5. Адамдар және топтардың даму ерекшелігіне байланысты дифференциялдық жұмыс жүргізу үшін айыру, жіктеу, бөлу;
6. Индивидтің және ортаның қандай да бір міндетті шеше алу мүмкіншілігін анықтау;
Психодиагностика мақсаты:
1. Индивидттің жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық даму динамикасын зерттейді;
2. Әрбір адамның даралық ерекшеліктерінің және бейімделудегі мінез-құлық, әрекет өзгерістерінің оңды стандарттарын, оң және теріс ауытқушылықтарын анықтайды;
3. Қандай да бір оқытудың, жетілдірудің, тәрбиелеудің нәтижелерінің болуын қамтамасыз ететіндей эксперимент жүргізуге жағдай жасайды;
4. Индивидтің нышанын, дарындылығын, кәсіби бейімділігін анықтайды;
5. Индивидтің жай-күйін, топтағы алатын орнын зерттейді;
13.Әлеуметтік – педагогикалық тестілердің нәтижесін компьютерлік өңдеу жолдарын түсіндіріңіз
Тест жүргізу – қалыптасқан сұрақтар мен тапсырмаларда тұратын белгілі маңыздылық көрсеткіші бар психологиялық-диагностикалық әдіс. Жеке ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Педагогикада оқытудың ұзақтылығын көбейтумен және оқу бағдарламасын күрделендірумен байланысты қолданылатын диагностикалық әдіс. Ол жеке тұлғаның даму деңгейін, дағдысын, білімнің, ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Тесттердің көптеген түрлері бар. Бұлар – жетістік, зерделеу, креативті, проектілік, т.б. тесттер.
Тұлғалар арасындағы тесттер түрлі топтардағы адамдар қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің кейбіреуі қалыптасқан топ іші қатыныстары жүйесіндегі ерекшеленсе, кейбіреуі – қалыптасқан қатынастар жүйесіндегі адам орнын, үшіншісі – берілген тұлға енетін әлеуметтік топ психологиясын айқындайды. Мысалға, социометриялық әдіс тәжірибеге түсетін тұлғааралық қатынас жүйесінің өзі еніп отырған топтарға орнын анықтауға мүмкіндік тудырады. Осы әдіс көмегі арқылы жүргізілетін зерттеуге кемінде 10 адам қатысады және кем дегенде 1 жыл жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу математикалық тәсіл, формула, мөлшерлік есеп әдісі деп аталады, олардың көмегі арқылы тәжірибе барысында алынған мөлшерлік көрсеткіштерді жинақтауға, жүйелеуге болады.
Математикалақ статистика (орта арифметикалық, дисперсия, мода, медицина, т.б.) ауыспалы көрсеткіштер арасында кездесетін саралауға берілген тәжірибедезерттелетін статистикалық байланысқа мүмкіндік береді.
Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг – қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адамының кейбір қасиеттерін бағалау үшін «сотқа» жүгінуі.
Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшгерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсібі сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерекшеліктері, т.б.) анықтауда
14.Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
Мектепке дейінгі әлеуметттік педагогиалық диагностикалау жұмыстарын атап өтсек:
1.Мектепке дейінгі оқуға дайындықты жеке диагностикалау.Бұл жерде оқушылармен ата аналарға ағымдық кеңес беріледі.
2.Оқушы тұлғасына жеке диагностика
3.Оқушы тұлғасының өзін өзі бағалауына диагностика
4.Оқушының танымдық сферасын зерттеу
5.Оқушының көңіл күй сферасын зерттеу
Мектепке дейінгі балалармен педагог-психолог жоғарыдағы диагностикалық жұмыстарды жүргізеді.Сонымен қатар,ол мынадай кезеңдерденде өтеді:
Танысулық –қолданылатын әдіс тәсілдері негізінен ойындар: «кел,танысайық», «мен қандаймын», «айна», «менің жанұям»
Танымдық процестерді дамыту-(есте сақтау,ынта,ойша елестету) қолданылатын әдіс тәсілдері негізінен ойындар: «Есте сақта және қайтала» «Не жоғалды?» «Қиял қаласы» , «Сиқырлы жұмыртқа» т.б.суретін салу.
Қолдың ұсақ қимылын жетілдіру:сурет салу,балшық пен пластилиннен тақырыптық мүсіндеу, «Қуыршақ үшін төсеніш»,аппликациясы,ойындар: «Таны,біл ата», «Өзің жаса» контур бойынша фигуралар қию және т.б.
Мінез құлық еркіндігін дамыту:Психогимнастика: «Гномдар ойыны» ,мінез құлықпен тілдесу тренингтері(Р.В.Овчарованың бағдарламасы бойынша)
Мектептік үрей мен алаңдаушылықты түзету:Тақырыптық сурет салу: «мектепте», «көшеде», «аулада», «менің жанұям» аяқталмаған ұсыныстар әдісі,ойын әңгімелер: «Менің түсіме қорқынышты не енеді не күндіз неден қорқамын?».
15.Зерттеудің проектілік әдісін талдаңыз.
Проектілі әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
Проект технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.
Проект – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.
Проектілеу әдісі түсінігінің негізгі тезисін танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз.
Проектілеу әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.
Жобалық іс-әрекетібіріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған,ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар,балалардың шығармашылық және ойын іс-әрекеті.
Педагогикалық проектілеу– қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.
Проектілік оқытудың артықшылықтары:логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау,балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады.Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.
16.Әлеуметтік-педагогикалық диагностика жүргізу әдістерін тәжірибеде пайдалану жолдарын түсіндіріңіз.
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды
1.Патрионат бойынша тұрғын үй ,зейнетақыберу,жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді.
2.Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасайды.
3.Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер тобына жататын балаларды анықтайды.
4.Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады.
5.Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.
6.Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.
7.Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
8.Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді
Й. Шванцара төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:
Қолданылған материалдар бойынша (вербальды, вербальды емес, манипуляциялық, «қағаздар мен қарындаштар» тесттері);
Алынатын көрсеткіштер нәтижелері бойынша (қарапайым және кешендік);
«Дұрыс» шешімдері бар тесттер және әр түрлі жауаптары мүмкін болатын тесттер;
Зерттеушілердің психикалық белсенділіктері бойынша:
- интроспективті (зерттелінушінің өз тұлғалық тәжірибелері, қатынастары туралы хабарлама жасауы): анкеталар, әңгімелесу.
- экстроспективті (әр түрлі көріністерді бақылау және бағалау);
- проективті: зерттеуші тұлғаның санасыз көрінетін қасиеттерін (ішкі қақтығыстар, жасырын әуестіліктер) аз құрылымды, көп мәнді стимулдарға проецировать етеді;
- атқарушы: зерттеуші қандай да бір әрекетті (перцепциялық, ой, моторлы) іске асырады, оның сандық және сапалық ерекшеліктері интеллектуалды және тұлғалық қырлардың көрсеткіштері болып табылады.
В.К. Гайда және В.П. Захаров бойынша әдістер жіктелуі
Бұл жіктелулердің авторлары психодиагностикалық әдістерді төмендегі негіз бойынша жіктейді:
Сапасы бойынша: стандартты, стандартты емес;
Нақты орны бойынша:
- жалпы диагностикалық (Р. Кеттел немесе Г. Айзенк сауалнамасы типі бойынша тесттері, жалпы интеллект тесттері);
- кәсіби жарамдылық тесттері;
- арнайы қабілеттер тесттері (техникалық, музыкалық, ұшқыштарға арналған тесттер);
- жетістікке жету тесттері.
Зерттелінушіні операциялайтын материалдар бойынша:
- бланктік;
- пәндік (Коас кубиктері, Векслер жиынтығындағы «күрделі фигуралар»);
- аппаратуралық (зейін ерекшеліктерін зерттеу үшін құралдар).
Зерттелінушілер саны бойынша: индивидуалды және топтық;
Жауап беру формасы бойынша: ауызша және жазбаша;
Жетекші бағдар бойынша: жылдамдыққа арналған тесттер, күштілік тесттері, аралас тесттер. Күштілік тесттерінде тапсырмалар өте ауыр және уақыт шектелмеген. Зерттеушіні сәттіліктер, тапсырмаларды шешу тәсілі қызықтырады.
Тапсырмалардың бірыңғай кезеңдері бойынша: гомогенді және гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас және нақты тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерді өлшеуге арналған, гетерогенді тесттердегі тапсырмалар әр түрлі және интеллекттің әр түрлі сипаттарын бағалау үшін қолданады);
Кешенділіктері бойынша: изоляцияланған тесттер және тесттік жинақтар;
Тапсырмаларға жауап беру сипаты бойынша: арнайы жазылған жауаптары бар тесттер, еркін жауаптары бар тесттер.
Психиканы қамту аймағы бойынша: тұлғалық тесттер және интеллектуалды тесттер;
Ақыл-ой әрекеттерінің сипаты бойынша: вербальды, вербальды емес.
А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі
Төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:
Таңдалған амалдың негізінде жатқан әдістемелік принциптер сипаты бойынша:
- объективті тесттер (дұрыс жауаптардың болуы мүмкін тесттер, тапсырмалардың дұрыс орындалуы);
- стандартты өзіндік есептер:
тест-сауалнамалар, ашық сауалнамалар;
шкалалық техникалар (Ч. Осгудттың семантикалық дифференциалы), субъективті классификация;
индивидуалды-бағдарланған техникалар (идеографиялық);
- проективті техникалар;
- диалогиялық техникалар (әңгімелесу, интервью, диагностикалық ойындар).
Диагностикалық процедураға психодиагносттың өзінің араласу мөлшері мен оның психодиагностиканың нәтижесіне әсер ету деңгейі: объективті және диалогиялық. Біріншісі, психодиагносттың нәтиже интерпретацияларына, процедурасына, өңделуіне аз қатысуы; екіншісі, үлкен деңгейде әсер етуі.
