- •5.Интелектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасына тоқталыңыз.
- •6.Жекелік қасиеттер диагностикасының мәні мен мазмұнын ашып жазыңыз.
- •7.Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •11. Ертегі терапиясы
- •Психологиялық - педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •17. Кіші мектеп жасындағы балалармен диагностикалық жұмыс жасау жолдарына талдау жасаңыз.
- •18. Вербалдық-логикалық ойлауды бағалау жолдарына ғылыми тұрғыдан анықтама беріңіз
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •29.Педагогикалық-психологиялық диагностикалау іс-әрекетінің моделін құрыңыз.
- •Педагогикалық-психологиялық диагностика ұғымдарының байланысын сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •37. «Дифференциялды-диагностикалық сұрақтама (ддо) сұрақнамасын құрыңыз.
- •38. «Кәсіп таңдау» мәселесіне байланысты сауалнама ұсыныңыз.
- •39. Ммрi әдістемесін өзіндік тұрғыдан талдаңыз.
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз.
- •45. Диагностикалық әңгімелесудің өзің туралы негізгі тәсілдерін атаңыз.
- •46. Креативті ойлау әрекетінің диагностикасына кесте құрастырыңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз.
- •48. Люшердің көп түсті тестіне байланысты маманның бейнесін көрсету әдістемесін жүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •49 Жеке адамды диагностикалау жолдарын талдаңыз.
- •50 Мектептерде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын анықтауға бағытталған сұрақнама құрастырыңыз.
- •53.Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акценттілігін анықтаңыз.
- •59. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау заңдылықтарын пайдалану жолдарына бірнеше ұсыныстар беріңіз.
- •60. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау саласын зерттеуші белгілі ғалымдардың еңбектерінен бірнеше анықтама жазыңыз.
58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акценттілігін анықтаңыз.
Шмишек акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған.Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия» немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.
Сауалнама және жауаптарды бағалау кілті.
1. Сен, әдетте, байсалды және көңілдісің бе? (1).
2. Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе? (7).
3. Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма? (4).
Тест нәтижесін талдау. Сұрақтар соңында жақшада берілген номерлер акцентуация типін көрсетеді. Әр номер бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген коэффицетке көбейту арқылы акцентуацияның баллы анықталады. Нәтижесі 12 баллдан артық болса акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді. Талдауды жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.
Леонгард классификациясы бойынша, акцентуацияның 10 типін бөліп көрсетеді:
1. Гипертимді – көңіл-күйінің үнемі жоғары болуымен ерекшеленеді;
2. Кептелгіш (застревающие) – күйзеліске тірелуге және сандырақты реакцияға бейім;
3. Эмотивті - қызба, тұрақсыз.
4. Педантты (тақуа) - болмысында педантизмнің болуымен ерекшеленеді;
5. Мазасыз (тревожные)
6. Циклотимді, депрессиялық әсерге бейім;
7. Демонстративті, мінезінің истерикалық болмысымен ерекшеленеді;
8. Ашушаң (возбудимые), өте жоғары импульсивті реактивтілік тән;
9. Дистимді - көңіл-күйі бұзылуға бейім.
10. Бойын шаттық билеген (экзальтированные), аффективті экзальтацияға бейім.
59. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау заңдылықтарын пайдалану жолдарына бірнеше ұсыныстар беріңіз.
« Психодиагностика » сөзі - « психологиялық диагноз қою » дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.
Практикалық психодиагностика психолог іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолданылады . Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қалыптасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау.
Мұндай үғымдағы психодиагностика өз саласында мынадай мәселелерді қарастыратын ғылым болып табылады.
1.Психологиялық құбылыстардың табиғаты мен оларды ғылыми бағалаудың принципті мүмкіндіктері туралы.
2.Психологиялық құбылыстардың принципті түрде танылуы мен сандық бағалануы үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан жалпылама ғылыми негіздемелер туралы.
3.Қазіргі уақытта қолданылып жүрген психодиагностика құралдары, қабылданған жалпылама ғылыми методологиялық талаптарға қаншалықты сай келеді.
4.Психодиагностиканың алуан түрлі құралдарына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар қандай.
5.Психодиагностиканы жүргізу жағдайларында, алынған нәтижелерді өңдеу құралдары мен сол нәтижелерді қорыту тәсілдеріне қойылатын талаптарды қоса алғандағы практикалық психодиагностиканың нәтижелерінің сенімділігінің негіздемесі туралы.
6.Тесттерді қоса алғандағы психодиагностика әдістерінің ғылымилығын құрастыру мен тексерудің негізгі тәртібі туралы.
Психодиагностика міндеттері:
• Белгілі бір қасиеттің даму жағдайын анықтау;
• Белгілі бір қасиеттің даму динамикасын нақты бір уақытқа байланысты анықтау;
• Индивидтің және топтың психологиясы мен жүріс-тұрысындағы нақты өзгерістерді анықтау;
• Тұлғаның психологиялық дамуының кез-келген сипатын алдағы дамуға қатысты перспективасын тағайындау;
• Адамдар және топтардың даму ерекшелігіне байланысты дифференциялдық жұмыс жүргізу үшін айыру, жіктеу, бөлу;
• Индивидтің және ортаның қандай да бір міндетті шеше алу мүмкіншілігін анықтау;
• Индивидтің немесе топтың психикасына қандай да бір медициналық немесе әлеуметтік норманың сәйкес келу-келмеу жағын анықтау;
• Индивидтер немесе топтар үшін рекомендациялық түсінік беру
