Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diagnostika-tolyk_nuska.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457.23 Кб
Скачать

47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз.

Векслердің тесті немесе Векслердің шкаласы ең белгілі тесттердің бірі болып табылады, бұл тест зияткерліктің даму деңгейін өлшеу үшін арналған және Дэвид Векслердің көмегімен 1939 жылы өңделді. Векслердің Бұл тесті ақыл-ойдың иеарархиялық үлгісінде негізделген ж.е оны құрайтын вербалды ж.е вербалды емес интеллект пен ақыл ойға ортақ диагноз қояды.Векслердің тесті 11 жеке субтесттерден, вербалды ж.е 5вербалды емес бөлек 2 қатардан тұрады. Әрбір тест 10нан 30ға дейін біртіндеп қиын сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады.Вербалды субтесттка ортақ ұқсастықтарды, қабілеттерді,цифрлар қатарын жаңғырту кіреді.Ал вербалды емес субтестка суреттегі жетіспейтін бөлшектерді табу, фигуралардың дұрыс қоюлуы ж.е т.б жатады. Әрбір субтестты орындаған сайын балл беріліп баллдық шкаламен есептеп нәтижесін шығарады.

Тест нәтижесін өңдеу және оның интерпретациясы.

Нәтижені өңдеу мен оның интерпретациясы үш деңгйде жүреді: 1) жалпы интеллекттің яғни вербалды және вербалды емес интеллекттің баллдарын санау және интерпретациялау. 2) сәйкестірілген коэффиценттер негізінде субтесттерді орындау бағаларының профилін анализдеу. 3) индивидуалды профилге тексеру барысында байқалған тәртіпке және басқа да диагностикалық ақпараттарға сүйене сапалы интерпретация жасау.

Нәтиженің стандартты өңделуі әр субтест бойынша бастапқы бағамен айқындалады. Бағаларды вербалды және вербалды емес бөлшегі бойынша қосып, кестеде вербалды және вербалды емес IQ анықтайды.

Векслер бойынша IQ нәтижесінің классификациясы:

  • 130 балл және жоғары – өте жоғары IQ – халықтың 2,2% - ында бар.

  • 120-129 балл – жоғары IQ – халықтың 6,7%-ы.

  • 110-119 балл – жақсы норма – халықтың 16,1%

  • 90-109 балл – орташа IQ – халықтың 50%

  • 80-89 балл – нашар норма – 16,1%

  • 70-79 балл – шетеулі аймақ – халықтың 6,7%

  • 69 балл және одан төмен – ойлау дефекті – 2,2%

48. Люшердің көп түсті тестіне байланысты маманның бейнесін көрсету әдістемесін жүргізілу жолдарына тоқталыңыз.

Люшердің түрлі-түсті тестілерінің қысқартылған “Сегіз түсті қатары” сынағы жүргізіледі.Люшер сынағы классикалық нұсқада қолданылады. 73 түс кестесі көмегімен және 8 түс қатарын қолдану арқылы қысқартылған сынақ бойынша өтіледі. Олардың біріншісінде ауқымды сынақ өткізіліп, психодиагностикалық зерттеудегі негізгі құрал болғанда құнды болып табылады.Люшердің түстерді таңдау тесті сыналушының белгілі бір әрекетке, көңіл күйге, функционалдық жағдайға көбірек бейім екенін және тұлғаның барынша тұрақты сипаттарын айқындауға негізделген.Шетел психологтары Люшердің тестін кейде кәсіптік бағдар бойынша іріктеу, өндірістік ұжымдарды жасақтау, этникалық, геронтологиялық зерттеулер, жар таңдауға кеңес беру кезінде қолданады.Психологиялық интерпретациялаудағы түстердің маңызды әр түрлі сыналушылардың көптеген тобын жан-жақты зерттеу барысында айқындалады.Түстердің сипаттамасы (Люшер бойынша) 4 негізгі және 4 қосымша түстерден тұрады Негізгі түстер:көк –орнықтылықты, көңіл толғандықты білдіреді;көк- жасыл – сенімділік, табандылық, кейде бір беткейлік сезімі;қызғылтсары-қызыл – ерік күшін агрессивтілікті, шабуылға бейімділікті, қызбалықты білдіреді;ашық сары - белсенділік, қоғамдық қатынасқа ұмтылыс, экспансиялық, көңілділік. Жанжал болмаған кездегі тиімді жағдайда негізгі түстер, негізінен алдыңғы бес позиция болуы тиіс.Қосымша түстер: 5) күлгін; 6) қоңыр; 7) қара 8) нөлдік (0). Бұлар: алаңдаушылық, стресс, қорқыныштан мазасыздану, жабығу секілді жағымсыз сипаттарды білдіреді. Осы түстердің (негізгілердің де) маңызды көп жағдайда олардың ықпалдаса орналасуымен, орындарға бөлінумен айқындалады, ол төменде беріледі.Түстерді негізгі түстерге (1 қара-көк, 2 көк-жасыл, 3 қызғылт сары, 4 ашық сары) және қосымша түстерге, оның ішінде 7 қара, 0 сұр, ахроматикалық, 5 күлгін, 6 аралас қоңырға бөлінеді.Негізгі түстер, Люшер қанағаттанушылық пен талаптануға деген қажеттелік (көк), өзін танытуға, жеке бас тәуелсіздігіне деген қажеттелік (жасыл), «әрекет ету мен табысқа жетуге» деген қажеттілік (қызыл) және «алға ұмтылу мен үміттенуге» деген қажеттілік (сары) деп белгілеген негізгі психологиялық қажеттіліктерді білдіреді. Сондықтан олар автордың пікірінше белгілі бір мөлшерде әрі толық теңдікте алғашқы ұстанымда болуы тиіс. Қосымша түстерге мән берілмейді, олар психологиялық «алғашқы элементтер» болып табылмайды және негізінен алғанда негізгі түстердің әрекет ету сферасын кеңейту үшін, оларды қандай да бір қатар ұстанымына еркін араластыру үшін енгізілгенМ.Люшер түрлі позициядағы түстер сәйкестігі белгіленген арнайы кесте құрастырды. Онда тәжірибе жасалушы сезінген шиеленістер көрсетілген (бұл шиеленістердің себептері, мотивтері қаралмаған). Елеулі шиеленістерді көрсететін түстер жиынтығы бар екі алдыңғы, екі соңғы позицияларды қарастырамыз.Барлық зерттелінген балалардың 25 %-і бірінші ұстанымға негізгі түстерді (1,2,3,4,) қойған. Сыналушылардың 45 %-нен агрессивтілік, қозғыштық, пікір айтуда тәуелсіздік байқалған. Егер 2.13 пен 2.14 кестелердің мәліметтерін салыстыратын болсақ, Арал қаласында зерттелген балалардың шамамен 60 %-і жұмысқа қабілеттіліктің төмен деңгейінде және стресс жағдайында екендігін көруге болады, ал Ақши ауылының балаларына қарама-қарсы көрініс тән, бұл жерде балалардың тек 30 %-інен ғана жоғары мазасыздану деңгейі мен өзіне сенімсіздік байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]