Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_4-t_1241_zhiribelik_saba_1179_Stom_kaz_2016-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.5 Кб
Скачать

2. Мақсаты:

Белоктар алмасуының бұзылыстары кезінде қан мен зәрдің биохимиялық сараптамаларының нәтижелерін интерпретациялауды және сәйкес ұсыныстарды беруге үйрену.

3. Оқытудың міндеттері:

Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:

  1. Гемоглобиннің түзілуі мен ыдырауының негізгі сатыларын білу.

  2. Сарғыштанудың әр түрлерінің молекулалық механизмдері мен зертханалық көріністерін білу.

3) Биохимияның басқа тақырыптарын және постреквизиттерді талдағанда бұл тақырыптың мәліметтері бойынша білімдерді қолдану.

4)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

5)Күрделі белоктар алмасуының бұзылыстары және олардың алдын алу үшін өмір салты мен қоректену, зертханалық зерттеулер туралы ұсыныстарды дәлелдеу.

6)Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Гемоглобиннің ыдырауының сатылары, реакциялар реті.

2) Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі.

3)Тікелей және тікелей емес билирубин, қасиеттері және құрылысы.

4) Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:

Бағдарламалық бақылау сұрақтары бойынща жазбаша сұрау

Тақырып сұрақтары бойынша аузша талдау.

Шағын топтарда ЖИГСО әдісі бойынша жұмыс, тест, TBL .

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

  1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

  2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

5.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

6.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

7.Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

8.Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

7. Бақылау

Сұрақтар:

1.Гемоглобин, құрылысы, ролі.

2. Гемоглобин ыдырауы.

3.Тікелей және тікелей емес билирубиннің құрылысы және қасиеттері.

4.Гипербилирубинемия, сарғыштану туралы түсінік. Сарғыштану түрлері. Жалпы билирубин нормасы.

5.Сарғыштану түрлерінің пайда болу себептері, белгілері (лабораториялық нәтижелер), механизм туралы түсінік (№1кестені толтыру)

№1 кесте – Сарғыштану түрлері

Сарғыштану түрлері

Пайда болу себебі

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшері

Зәрдің түсі

Нәжіс түсі

жалпы

тікелей

тікелей емес

1.

Гемолиздік (бауыр үсті)

2.

Паренхималық (бауырлық)

3.

Обтурациялық (бауыр асты)

4.

Жаңа туған нәрестелердегі (физиологиялық)

Блиц сұрақтар:

  1. Гемоглобин ыдырауы қайда жүреді?

  2. Эритроциттерден босап шыққан гемоглбин қандай нәруызбен тасымалданады?

  3. Өт пигменттерін атаңыз.

  4. Зәр, нәжіс пигменттерін атаңыз.

  5. Сарғыштану түрлері қандай?

  6. Қан плазмасындағы жалпы билирубиннің қалыпты мөлшері.

  7. Билирубиннің түрлерін атаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]