Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_4-t_1241_zhiribelik_saba_1179_Stom_kaz_2016-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.5 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

биологиялық химия Кафедрасы

БИОХИМИЯДАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«СТОМАТОЛОГИЯ»мамандығы, ІІ КУРС

МАМАНДЫҒЫ: 051302 «СТОМАТОЛОГИЯ»

КАФЕДРА: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

КУРС: 2

ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАН: Д.Ш.Жетпісбай

Алматы, 2016

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1 « » тамыз 2016 ж.

Бекітілді

Кафедра меңгерушісі, профессор ____________________________ Шарипов К.О.

1 Сабақ

1.Нәруыздар. Амин қышқылдары, пептидтер, нәруыздар. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жалпы қасиеттері.

Зертханалық жұмыстар: нәруыздарға түсті реакциялар (№1,2 жұмыс), тұнбаға түсіру реакциялары (№10,12,13,14 жұмыс).

Химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

2.Мақсаты:

1. Биохимиялық зертханада жұмыс жасау барысында студенттерді қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

2.Нәруыздардың атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері мен әртүрлі Нәруыздардың рөлі туралы білімдерін биохимияның басқа да бөлімдерін меңгеруге, оқу-ғылыми жағдайларды шешуге пайдалана білуге үйрету.

3.Оқыту міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

  1. Нәруыздардың атқаратын қызметтерін және жалпы қасиеттерін білу.

  2. Нәруыздардың жалпы қасиеттері және олардың функциялары туралы алған білімдерін жай және күрделі нәруыздардың жеке өкілдерін талдағанда қолдану.

  3. Денатурация механизмдерін түсіну және денатурациялаушы агенттерді медицина мен стоматологияда қолдану үшін Нәруыздардың жалпы қасиеттері және олардың функциялары туралы білімдерді қолдану.

  4. Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

  5. Биохимиялық зертханада жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасы сұрақтары арқылы құқықтық құзырлылықты қалыптастыру.

  6. Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында операциональды дағдыны меңгеру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

  2. Нәруыздардың атқаратын функциялары (атап шығу).

  3. Нәруыздардың жалпы қасиеттері.

    1. элементтік құрамының ұқсас болуы

    2. жоғары молекулалық массасының болуы;

    3. Нәруыздардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;

    4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

    5. нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері және олардың нәруыз молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;

    6. Нәруыздарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы (№1, 2, 3а, 7а).

    7. Нәруыздардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының нәруыз зарядына әсері.

8) Нәруыздардың коллоидты қаситтері. Нәруыздың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

9)тұнбаға түсу реакциялары және Нәруыздардың тұздалуы (№10, 12, 13,14).

10) осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

11) нәруыз молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

1) Қауіпсіздік техникасымен таныстыру,

2) Блиц- сұрақ (әр студентке бір сұрақтан қойып отыру арқылы)

3) Ауызша талдау, келесі сұрақтар бойынша:

а)Нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері және олардың нәруыз молекуласының тұрақтандыруға қатысуы (1 кесте).

б) Нәруыздардың амфотерлік қасиеттері. Нәруыз зарядына орта рН әсері. (төмендегі 1,2,3 жаттығуларды орындау арқылы талдау).

Нәруыздардың амфотерлік қасиеттері бойынша жаттығулар:

  1. Нәруыздың жалпы формуласы

осы нәруыз қандай қасиетке ие? рН= 4,7; 7,0; 10 шамаларына тең болғанда, нәруыз заряды қандай болады? Осы нәруыздың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

  1. Нәруыздың жалпы формуласы

Осы нәруыз қандай қасиетке ие? ИЭН-сі қай ортада? Нейтрал ортада заряды қандай? Осы нәруыздың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

  1. Нәруыздың жалпы формуласы

Осы нәруыз қандай қасиетке ие? рН-тың мәні қай шамада бұл бейтарап болады. Осы нәруыздың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

Нәруыздарға түсті реакциялар: жалпы және жеке аминқышқылдары үшін. Бұл реакциялардың медицинадағы маңызы.

в)Нәруыздардың коллоидтық қасиеттері. Ерітіндідігі Нәруыздардың тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

г) Нәруыз молекулаларының құрылымдары (2 кесте).

д) Денатурация, ренатурация.

3) Жазбаша бақылау (химиядан алған білімдерінің бекітілу деңгейін тексеру)

4) Зертханалық жұмыстарды орындау:

а) Нәруыздарға түсті реакциялар (№1, 2, 3а, 7а);

б)тұнбаға түсу реакциялары (№10, 12, 13,14) және Нәруыздардың тұздалуы

Кестелерді толтыру:

№1 кесте «Нәруыз молекуласындағы байланыстар түрлері»

Байланыс аты, оған сипаттама

Қалай байланыс түзіледі?

Мысал келтіру (формуламен көрсету)

Пептидтік (ковалентті, берік)

Бірінші АҚ-ң СООН тобы мен екіншінің NH2 тобы есебінен

Дисульфидтік (ковалентті, берік)

2 цистеиннің тиотоптары тотығуы есебінен

Сутектік (ковалентті емес, әлсіз)

Пептидтік байланысқа қатысатын пептидтік топтардың оттек пен сутектегі артық зарядтары есебінен

Иондық (ковалентті емес, әлсіз)

Диссоцияланған МАДҚ СООН тобы менДАМҚ NH2 тобының арасында

Гидрофобтық (ковалентті емес, әлсіз)

Заряды жоқ көмірсутектік радикалдарының есебінен

№2 кесте Нәруыз молекуласының құрылымдары (структуралары)

Нәруыз молекуласының құрылымдары

Осы структураны тұрақтандыратын байланыс түрлері

Осы құрылым арқылы анықталатын нәруыздың негізгі қасиеттері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]