Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меркантилизм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.77 Кб
Скачать

Неоклассикалық теория

Неоклассикалық теория– классикалық саяси экономияның идеяларын қазіргі қолдампаздық тұжырымдамалар шеңберінде көрсететін экономикалық ой-пікір бағыты.

Толығырақ

ХІХ-ғасырдың екінші жартысында экономикадағы барлық зерттеулер жекелеген нарықтық субъектілердің нақты қарым-қатынастарын қарастыруға бағытталады. Ғалым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды. Осыған байланысты экономикалық ғылымның аты өзгерді: «саяси экономия» термині «экономикс» ұғымымен алмастырылады. Экономикалық ғылым өзінің жаңа атауын ағылшын экономисі Альфред Маршаллдың 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» еңбегіне байланысты өзгертті. Олай болса, бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады. Маршаллдың басты назарында тұтынушылар мен өндірушілер өздерінің әл-ауқаттылық дәрежелерін қалайша арттыратындығы туралы мәселелерді талдау жағдайы тұрды. Оның ойынша, әл-ауқаттылықты максималдау тек еркін бәсекелестік жағдайында ғана болуы мүмкін және осы тұрғыда ғана нарық тепе-теңдікке келе алады. Неоклассиктердің жасаған негізгі талдау құралдары, бүгінде әлемдік экономикалық ғылымның «алтын қорына» жатады. Ол талдау құралдары мыналар болып табылады: шекті талдау, сұраныс икемділігі, нарықтардың өзара тәуелділігі, уақыт факторын ескеру арқылы қысқа және ұзақ мерзімдер арасындағы айырмашылықты көрсету, фирма теориясындағы өндіріс ауқымы тиімділігін талдау, т.б. Неоклассиктердің еркін бәсекелестікті жақтауы және мемлекеттің рөлін бағаламауы (ол тек «түнгі күзетші» қызметін атқарады) тұрғысынан экономикалық теория ХХ-ғасырдың соңына дейін бірнеше онжылдықтар бойы микроэкономикалық талдау шеңберінде дамып келді.

Киники

Киники - Антисфен ізбасарлары, ежелгі грек философия мектебінің өкілдері. Белгілі өкілі Синоптан шыққан - Диоген Киниктер құлиеленушіқоғамның демократиялық жақтарының көңіл күйін көрсетуші. Бақытты және мейірімділікті олар қоғамдық нормаға қарсылық деп білді, байлықтан,атақтан, барлық сезімдік қанағаттан, бас тартып тәуелсіз, еркін өмірді насихаттады.

Институционализм

Институционализм, институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату, құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекет тарапынан араласудың басқа да нысандары қоғамдық дамудың қажетті нышандары ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары дамыған бірқатар жетекші елдердің эконномика саясатына негіз ретінде алынған. Иституционализм экономикалық құбылыстарды қоғамдық психология, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жалпы жұрт таныған дағдылар, сондай-ақ ойлау тәсілі және адамдар тобы немесе тұтас халық үшін басым сипат алып отырған мінез-құлық сияқты институттар ықпалының нәтижесін түсіндірді. Онда әлеуметтік құбылыстар отбасы, мемлекет, кәсіподақтар, тағы басқа институттарға жатқызылады. Иституционализмді жақтаушылар мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихын зерделеуге баса көңіл бөлді. Кейінгі жылдары олар экономика үдерістерді технократиямен, технология детерминизммен байланыстыра бастады. Нео-иституционализм өкілдері трансакция шығын теориясын, меншік құқығының экономика теориясын, қоғамдық таңдау теориясын, тағы басқа талдап жасады. Барлық бағыттағы иституционализмге тән ортақ сипат: экономиканы бағалауға адамгершілік-психология тұрғыдан қарау; қазіргі заманғы экономика жүйені бүкіл қоғамның мүдделері үшін әлеумет бақылау және мемлекет реттеу тұғысынан реформалауды талап ету; жалпы ұлттың әлеумет-мәдени дамуына зиян келтіретін жеке дамуға сын көзбен қарау.[1]

Тарихы

Институционализм- XX ғасырдың 90-жылдарында тек әлеуметтік ғылым ғана емес, сонымен катар экономикалық, саяси ғылымдар да "жаңа институционализм" теориясына канық бодцы. "Жаңа институционализм" теориясының негізін салушылар арасында көптеген келіспеушіліктер бодцы, сонымен катар институттар туралы ортақ түсініктер де орын алды. Ол институттарда ресурстардың бірдей етіп бөлінбеуін қолдан отырып, белгілі бір билік етуші топтардың өзара іс-қимыл ережелерін ұсынуына мүмкіндік беретін әлеуметтік конструкциялар деп түсіндірді. Мұнда жалпы теориялардың екі тобың бөлуге болады; 1. біріншісінде, әлеуметтік факторлар мен институттарды күру процесіне кдтысушылар - институттардың Маңызды құраушысы болып табылады; 2. екіншісі, әлеуметтік институттарды әлеуметтік құрылысы ретінде тусіндіруге күш салады. Қазіргі заман ғылымында "жаңа Институционализмнің" төрт түрін бөліп көп көрсетуге болады:

  • тарихи институционализм

  • ұтымды таңдау институционализм

  • экономикалық институционализм

  • әлеуметтік институционализм

Қазіргі заман ғылымында ғалымдар "институт" ұғымының мағынасын түсіндіруде бір шешімге келе алмай отыр. Бірқатар ғалымдар институт ұғымын әлеуметтік қатынастарды анықтап мұндай қатынастарға қатысушылардың рөлін түсіндіретін, сонымен қатар қатысушылардың өзара әрекет ету процесін, әрекет ету нұсқаулығы мен қалған қатысушылардың іс-рекетін түсіндіру әдісі арқылы бақылайтын ұжым ретінде түсінеді. Енді бір теоретиктер "институт" ұғымы аясыңда арнайы ойлап табылған зандар мен ережелер, үшіншілері - ұжым арқылы орындалатын және бөлек-бөлек топтардың келісіміне қол жеткізу арқылы жүзеге асырылатын ресми емес ережелер түріндегі нормалар жиынтығы, төртіншілері - өзінен-өзі болатын нәрсе сиякты қабылданатын жүйе деп түсіңдіреді. Көріп отырғанымыздай зерттеушілер арасында бұл мәселе тұрғысынан ортақ бір шешім жоқ. Бүл "жаңа институционализмнің" негізін салушылар өз әріптестерінің теорияларын жақсы біле тұрса да, әдетте арадағы келіспеушілік туралы пікірталасты шешу мүмкін емес деп санайтыңдығынан көрінеді. Мұнымен қоса, "институт" феноменін түсінуде белгілі бір келісушіліктер немесе сәйкес келетің тұжырымдар да бар. Әңгіме барлық үлгінің қалай болған күңде де "кеңістік", "сахна" немесе "ойын" деп аталып жүрген оқшау әлеуметтік білімнің пайда болу проблемасымен байланыстығы туралы болып отыр. Бұдан институционализмнің барлық үлгілері - институттарды әлеуметтік конструкциялар түрінде түсінетіндігі туралы айтуға болады. Басқаша айтқанда, жаңа институционализмнің көптеген авторлары институттарды әлеуметтік субъектілердің немесе акторлардың ықпалының нәтижесі деп түсіндіреді. Үшіншіден, өзара іс-қимыл және институттар пайда болғанға дейін болған ресурстарды бөлу ережелері ықпал ету көздері болып көрінеді және де өлеуметтік субъектілер мінез-құлықтың үлгілерімен үйлесе келіп, институттарды ашудың және ұдайы өсірудің негізі болады.

Жана институционализм теоретиктері институттарды тудыратын және үдайы болып отыратын "өзара эсер ету ортасын" түсіндіруде де бір-бірімен келіседі. Негізгі көңіл аудартатын мәселелер мүндай әрекет ету аландарының пайда болуы, олардың тұрақтылығын қалай сақтайтындығы және түрінің өзгеруі болып табылады. Мұнда институциаландыру ережелері абстракциядан аландарда өзара әсер етуші бір үлгінің нақты бастауына айналатын процесс ретінде түсіндіріледі.