Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меркантилизм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.77 Кб
Скачать

Меркантилизм

Меркантилизм (франц. mercantіlіsmeитал. mercante – деген сөзден шыққан – саудагер‚ көпес) – капиталдың бастапқы қорлану дәуірінде дүниеге келген сауда-өнеркәсіп буржуазиясының экономикалық теориясы мен саясаты.

16 ғасырда пайда болып, 18 ғасырдың аяғына дейін дамыды. Меркантилизмді Адам.Смит (1723 – 90) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері” (1776) атты басты еңбегінде негіздеді. Меркантилизм Батыс Еуропа елдері – АнглияФранцияИспанияПортугалияИталияда дамыды.

Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:

  • Англияда – Уильям.СтаффордТомас .МенДжон. Стюарт;

  • Италияда – Антонио.Серра;

  • Францияда – Антуана. де МонкретьенЖудит.Б. Кольер.

Меркантилизм теориясының кейбір нышандарын орыс экономисі, І Петрдің замандасы И.Т. Посошковтың “Сараңдық пен байлық туралы” деген еңбегінен де кездестіруге болады.

Меркантилизм ілімін жақтаушылар – меркантилистер – қоғам байлығы мен әл-ауқатының көзі материалдық игіліктер өндірісі емес‚ тауар және ақша айналысы саласы деп есептеді. Олардың пікірінше қоғамның әл-ауқатына сыртқы сауданы реттеу‚ тауарлар әкелімінен әкетілімінің басым болуы және елде ақшалай капиталдың қорлануы жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан келіп “меркантилдік” деген термин сауда‚ коммерц. деген мағынада қолданыла бастады. Сонымен бірге ол материалдық пайдакүнемдікпен‚ бас пайдасын күйттеушілікпен байланысты ұсақ есепшіл‚ саудагерлік дегенді де білдіреді.

Физиократтар

Физиократтар - XVIII ғасырдың саяси-экономикалық ағым. Бұл мектептің негізін салушылар болып француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) болды. Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндірісте. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер табиғаттың берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді. Бұл жерде ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда, т.б.) «өнімсіз» деп саналды. Физиократтардың жеткен жетістігі болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде (әсіресе, Кенэнің Францияның ұлттық шаруашылығын зерттеуі) ұдайы өндіріс үдерістерін зерттеуі табылады. Сонымен, физиократизм – бұл пайда табудың жолы ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатынын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты

Классикалық теория

Классикалық теория, классикалық мектеп – классикалық саяси экономияны жасаған экономикалық ой-пікір мектебі. Классикалық теория өкілдері нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуын зерттеді, экономика санаттар мен заңдар жүйесін, экономика құбылыстарды танып-білудің себеп-салдарлық әдісін талдап жасады. Олар мемлекеттің экономикаға араласпауын және еркін нарықтық бәсекені қолдауды көздейтін экономикалық либерализм тұжырымдамасын әзірледі. Мектеп 17-ғасырдың аяғында дүниеге келіп, 200 жыл өмір сүрді.

  1. Оның дамуы 4 кезеңді қамтиды.

  2. 1) 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың ортасы классикалық теория идеясының пайда болуы. Англияда Уильям .Петти (1623 – 87), Францияда Пьер.Буатильбер бір мезгілде еңбек құны теориясын ұсынды. Олар ақшаны адамдарға қасірет әкелетін бірінші зұлымдық деп қарады. Олардың идеяларын физиократтар мектебіне біріккен француз экономистері дамытты, бұл мектептің негізін қалаушы – Франсуа .Кенэ (1694 – 1774) болды.

  3. 2) 18-ғасырдың аяғында ағылшынның ұлы экономисі Адам Смит классикалық саяси экономияны қалыптастырды.

  4. 3) 19-ғасырдың алғашқы жартысында Ұлыбританияда Давид .Рикардо, Томас.Р. Мальтус, Францияда Ж.-Батист. Сэй, Америкада Генри.Ч. Кэри бұл ілімді ары қарай дамытты. 4) 19-ғасырдың 2-жартысында ағылшын экономисі Дж. Стюарт. Милль мен неміс экономисі Карл.Маркс Классикалық теорияны жаңа сатыға көтерді. Классикалық теорияның негізгі зерттеу нысаны ретінде өндіріс үдерісі қарастырылды. Қоғамдық ұдайы өндірістің қалған кезеңдері өндірістің заңдылықтарымен байланысты туындайтын тәуелді кезеңдер ретінде қарастырылды. Классикалық теория қаржы, ақша және несие теориясының дамуына үлкен үлес қосты.