- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
4 Апта.
№ 7 Дәріс. Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері. Минерализациясы, қаттылығы, рН сутекті иондарының құрамдық көрсеткіштері, судың тығыздығы мен тұтқырлығы, коррозиялық белсенділігі.
Мұнай кен орындарының қабат сулары ұңғы өнімінің ажырамас құрам бөлігі болып саналады және кәсіпшілікте мұнайды жинау және дайындау кезінде едәуір қиыншылық туғызады. Әртүрлі кен орындарындағы ұңғыдан мұнаймен бірге өндірілетін қабат суларын, әдетте олардың құрамында еріген минералды тұздардың концентрациясына, газдар мен микроорганизмдердің болуына байланысты ажыратады. Қабат суларын негізгі екі топқа бөледі:
1) қатты - хлоркальцилі және хлормагнилі;
2) сілтілі - гидрокарбонатнатрилі.
Көбінесе қабат суларының негізгі басты құрамына: хлорлы натрий NaCL, хлорлы кальций CaCL2 және хлорлы магний MgCL2 жатады.
Қабат суларында аниондар мен катиондарға ыдырайтын көптеген тұздар еріген.
Аниондарға жататын иондар: OH- , Cl-, SO4-, HCO3-, CO3-.
Катиондарға жататын иондар: H+, K+, Na+, NH4+, Mg++, Ca++, Fe++, Ba++, Lі+.
Қабат суларының құрамында коллоидтар болуы мүмкін: кремнидің қостотығы SіO2, алюминий тотығы Al2O3, темір тотығы Fe2O3, сондай-ақ газдар: көмірқышқыл газы, күкіртсутек, азот, сутек, инертті газдар, көмірсутектері де кездеседі. Олардың арасындағы сандық (мөлшерлік) қатынас қабат суларының түрін және қасиетін анықтайды.
Бірлік көлемге келтірілген қабат суында еріген заттың мөлшерін жалпы минерализация деп атайды.
Қабат суының минерализациясы 1кг/м3-тен 200кг/м3-ке дейінгі аралықта болады, көбінесе қабат суының минерализациясы г/л өлшенеді, бұнымен қатар кәсіпшілік практикасында минерализацияны Боме градусымен (Ве) белгілеу қолданылады
(2.13)
В.И.Вернадский [4] табиғи суларды құрамындағы тұздардың массалық үлесі (%) бойынша былай бөледі:
құрамында 0,001-0,1% тұз болса - тұщы су;
құрамында 0,1-5% тұз болса - минералды су;
құрамында 5-35% тұз болса - ащы су.
Судың қаттылығы оның құрамындағы кальций Ca2+ мен магний Mg2+ катиондарының жалпы мөлшерімен анықталады, және килограмға (ерітінді литріне) мольмен көрсетіледі.
Қабат суларының ең маңызды сипаттамасының бірі, бұл сулы ерітіндінің қышқылдық немесе сілтілік ортада екендігін көрсететін сутегі иондарының рН концентрациялық көрсеткіші.
Су молекуласының бір бөлігі иондарға ыдырайды (диссоциаланады)
Н2О =Н++ОН-,
Берілген температура кезіндегі тепе-теңдік күйі (жағдай) константамен сипатталады
;
(2.14)
мұнда СН+ және СОН- - судағы сәйкесті Н+ және ОН- иондарының концентрациясы, моль/л; СН2О - Н2О концентрациясы, моль/л. Су концентрациясы тұрақты және 55,56моль/л.
Демек: Кс=55,56K=CH++COH- (2.15)
Kс - температураға байланысты судың иондық туындысы.
Бейтарап реакция кезінде сутегі иондарының концентрациясы мен гидроксидтік топтар тең болады:
СН+ +СОН-=(CH+)2 ; (2.16)
Су температурасы 22 С кезінде иондық туындысы КВ=110-14 болса, онда СН+=10-7 моль/л. (2.17)
Сутегі иондарының концентрациялық логарифмінің оң мәні рН -деп белгіленеді, яғни:
-lg СН+ =pH (2.18)
немесе СН+ =10-рН
22 С температура кезіндегі химиялық таза су үшін рН=7 тең болса, онда мұндай суды бейтарап су деп атайды.
Практикада суды рН шамасы бойынша бес топқа жіктейді [2]:
3-ке дейін - қышқылды;
4-6 - әлсізқышқылды;
7 - бейтарап;
8-10 - әлсізсілтілі;
11-14 - сілтілі.
рН шамасы және суда еріген оттегінің болуы жабдықтардың коррозиясына едәуір әсер етеді. Қабат суындағы еріген тұздар металл коррозиясын үдетеді. Сонымен қатар қабат суларында күкіртсутек пен көмірқышқыл газының болуы оның коррозиялық қабілетін арттыра түседі. Қабат суының жоғары температурасы да оның коррозиялық әрекеттілігін арттырады.
Құрамындағы тұзға байланысты қабат суының тығыздығы мына формула бойынша есептелуі мүмкін:
қс = с+0,764S, (2.19)
мұнда с - 20 С кезіндегі тазартылған судың тығыздығы, кг/м3; S- судағы тұздың концентрациясы, кг/м3.
(t)-температурасы кезіндегі минералданған судың тығыздығын, 20С кезіндегі қабат суының белгілі тығыздығы бойынша жуықтап анықтауға болады:
қс(t) = қс(20)-0,0714(t-20) (2.20)
Судың тұтқырлығы құрамындағы тұздарға және температураға байланысты, және осының әсерінен тығыздыққа байланысты ол мына түрде жуықтап есептелінуі мүмкін:
қс =с (t)100,0008831 , (2.21)
мұнда қс -(t) температурасы кезіндегі қабат суының тұтқырлығы, мПас;
с(t)- -(t) температурасы кезіндегі тазартылған судың тұтқырлығы, мына формуламен анықталады:
с(t)=1353(t+50)-1,6928 , (2.22)
- 20 С кезіндегі минералданған және тазартылған су тығыздықтарының арасындағы айырмашылық, кг/м3;
= қс - 998,3 (2.23)
Тұщы судың жылусыйымдылығы - 4,19 кДж/кгК, кристалды NaCl - 0,88 кДж/кгК, сондықтан минерализацияны ұлғайтқан кезде, оның жылусыйымдылығы төмендейді.
Қабат суларының жылусыйымдылық коэффициенті 0,54-0,65 Вт/мК аралығында болады.
