- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
Номиналды жылулық қуаты, кДж/сағ |
8,4 |
Сұйық бойынша өткізу мүмкіндігі, т/тәу |
100 |
Сұйықты қыздыру температурасы, оС |
70 |
Мұнай газының –отындық мөлшері, м3/сағ |
25 |
Қыздырғыштың массасы, т |
2,73 |
|
1-қыздыру бөлімі; 2-оттық; 3- түтін шығатын құбыры; 4- қарау люгі; 5- сақтандырғыш клапан; 6-газ айырғышы; 7- сыйымдылық; 8- негізі (тірегі). |
Бақылау сұрақтары:
Құбырлар бойымен газдысұйық қоспасы қозғалған кезде олардың есебі несімен ерекшеленеді?
Қоспадағы газдың құрамы құбырлардың гидравликалық есебіне қалай әсер етеді?
Тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайлар қандай сұйықтарға жатады?
Чем отличается распределение скоростей в структурном потоке ньютондық және ньютондық емес сұйықтардың құрылымдық ағынындағы жылдамдықтардың таралуы несімен ерекшеленеді?
Мұнайдың қандай қасиетін тиксотропия деп айтады ?
Мұнай қыздырғыштары не үшін қолданылады ?
11 Апта.
№ 21 Дәріс. Кәсіпшілік құбырларын пайдалану кезіндегі қиыншылықтар. Мұнай құбырларының бітеліп қалуын болдырмау және парафиндер мен тұз шөгінділерін жою әдістері. Гидраттардың түзілуі және олармен күресу әдістері. Құбырлардағы қысым пульсациясы және олармен күресу әдістері.
Мұнай кен орнының территориясында салынған лақтыру желілері мен мұнай жинау коллекторларының ластануы келесі себептерге байланысты:
1) Ағыс жылдамдығының баяулығынан ұңғыдан жер бетіне шығарылатын қатты бөлшектер құбырларда шөгіп, оның өткізгіш қимасының ауданын азайтуы салдарынан.
2) Парафиннің, тұздардың кристалдарының шөгуі және бұзылуы қиын қатты шөгінділердің түзілуі салдарынан.
3) Құбырлардың ішкі бетінің коррозиясы әсерінен темір қағының түзілуі салдарынан.
Құрамында С17Н36 – С36Н74 ауыр көмірсутектері бар парафинді мұнайларды жинау және тасымалдау кезінде едәуір қиыншылықтар кездеседі. Өйткені құбыр қабырғаларында жиналған парафиндер, оның өту қимасын азайтады да сұйықтың тасымалдануы нашарлайды .
Құбыр қабырғаларында парафинді шөгінділердің түзілуіне келесі жағдайлар әсер етеді:
құбырлардың ішкі бетінің жағдайы (кедір-бұдырлы, тегіс, жылтыратылған); кедір-бұдырлы құбырлардың қабырғылары парафиннің түзілуіне мүмкіндік туғызады, себебі жетілген турбулентті режим кезінде ағыстың қарқынды араласуына мүмкіндік жасайды, осының салдарынан құбырлар қабырғасының маңында газ бен парафин бөлінеді;
мұнайдың парафиндерді еріту қабілеті – мұнай ауыр болған сайын, ол соғырлым парафиндерді нашар ерітеді, сондықтан парафиннің құбыр қабырғаларында шөгіп, жиналуы қарқынды жүреді;
мұнайдағы парафиннің концентрациясы;
мұнай ағысындағы қысымның төмендеу қарқыны – қысым айырмашылығы ұлғайған кезде мұнайдың газсыздандырылуы қарқындырақ жүреді, осының әсерінен парафинді ерітетін жеңіл компоненттердің бөлінуі қарқынды жүреді;
мұнай-газ ағысының жылдамдығы – ұңғы шығымы төмен болған жағдайда ағыс жылдамдығы азаяды және сәйкесінше парафин шөгінділері тез түзіледі.
