Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ ғасыр Тесттер жинағы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.89 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Г.С.Обаева

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы

курсы бойынша

ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті

5В020500- филология:қазақ филологиясы

Мамандықтары бойынша ЖОО студенттеріне арналған

Ақтөбе - 2016

Обаева Г.С. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы курсы бойынша тесттер жинағы 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500- филология:қазақ филологиясы мамандықтары бойынша ЖОО студенттеріне арналған. – Ақтөбе, 2016. – 82 бет

Пікір берушілер:

А.Ш.Пангереев – филология ғылымдарының докторы, профессор

Сұлтан Ж.И. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданып, баспаға ұсынылды.

№ 5 Хаттама 19 мамыр 2016 ж

© Обаева Г.С.., 2016

АЛҒЫ СӨЗ

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті- ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Сонымен қатар, кезен әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне де ғылыми баға беріледі.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік озық көркемдік әдістермен, жанрлық- стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігіне де айрықша назар аударылады. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген, жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да терендетіле оқытылады. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болады.

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы кезеңін қүрайтын мұраларды қазіргі замандағы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту- пәннің негізгі мақсаты.

 Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын студенттерге терең жан-жақты меңгертуде жаңаша әдістемелік-технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендірудің күрделі міндеттері көзделеді:

  • пән материалдарының қазақтың ежелгі( ҮІ-ҮІІІғғ.) дәуірдегі, орта ғасырлардағы (ІХ-ХІғғ.), Алтын Орда-Қыпшақ кезеңіндегі(ХІІ-ХІҮғғ.) қазақ (түркі) өркениеті, ислам мәдениеті мұраларымен біртұтас, табиғи сабақтастығын ғылыми-теориялық тұрғыда негіздей оқыту;

  • ХІХ ғасыр әдебиеті шығармаларының өзіне дейінгі Қазақ хандығы ( ХҮ-ХҮІІІғғ.) кезеңіндегі ақын-жыраулар поэзиясымен дәстүрлі жалғастығын ( тақырып, идея,композиция,сюжет,стиль,тіл) тереңдете игерту;

  • ХІХғасыр ақын-жыраулары шығармашылығындағы Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлерімен сабақтастығын меңгерту;

  • пән бойынша қамтылатын әдеби шығармалардағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің ұлттық және жалпыадамзаттық сарындар жүйесімен (зар заман, діни –исламдық ағартушылық ағымдар, т.б.) тектестігін және өзгешеліктерін саралау;

  • Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын тереңдете ұғындыру;

  • ақындар шығармаларындағы лирикалық және эпикалық жанрларды ұлттық әдеби даму процесі тұтастығы поэтикасы зандылықтары тұрғысында таныту;

  • кезең әдебиетінің Азия, Еуропа, Америка, Африка, Австралия құрлықтары әдебиеттері үлгілермен әдеби байланыстарын поэтикалық үндестіктерін, өзгешеліктерін тарихи-салыстырмалы(компаративизм) әдебиеттану заңдылықтары бойынша қарастыруға дағдыландыру;

Аталған курс - филология мамандығы студенттеріне оқылатын міндетті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне оқылатын элективтік пән. Тест тапсырмаларын құрастыру барысында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының ҚР Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және теориясы кафедрасы құрастырған (Алматы 2014) типтік оқу бағдарламасы негізге алынды. Пәннің типтік бағдарламасына енген ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, пәннің мазмұны толық қамтылған. ХІХ ғасырдағы ағартушы-демократтық, зар заман бағыт өкілдері, олардың өмірі мен шығармашылығы, сонымен қатар сөз өнерінің саз өнерімен байланыстылығын танытатын әнші-ақын, сал-серілер поэзиясы шығармашылығындағы ұлттық идеяның жырлану көріністері де тесттер құрамында көрініс тапқан. Мазмұны мен сапасы жөнінде талапқа сай.

Ұсынылып отырған тесттер жинағында пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне сәйкес барлық тақырыптар қарастырылып, ХІХ ғасырдағы әдебиет курсы бойынша пайдалануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер түгелімен дерлік қамтылғандықтан, әдістемелік еңбектің құндылығы жоғары.

Тестілеу – студенттердің білімін, білігі мен дағдыларын тексерудің жедел әдісі. Әдістемелік әдебиеттерде бұл әдіс сондай ақ бағдарламаланған тексеру деп те аталады. Әдебиетте тест тапсырмалары бір-біріне тәуелсіз сұрақтар мен олардың әрқайсысына ұсынылатын бірнеше жауаптан тұрады. Сұрақтар саны тексеру нәтежиесі бойынша статистикалық талдау жасауға болатындай көлемде, ал әр сұрақтың жауаптары кездейсоқ жауап беруді болдырмайтындай мүмкіндігінше көбірек болуы қажет.

Тест арқылы студенттердің білімін тексеру әдісінің мынадай ерекшеліктері бар:

  • бақылау топ студенттеріне бір уақытта өткізіледі:

  • тексеру барысында аз уақыт алады;

  • тест сұрақтары бағдарламалық материалды толық қамтитындықтан, студенттің дайындық деңгейі туралы мәлімет береді;

  • студенттерге психологиялық тұрғыдан аз күш түседі;

  • автоматты түрде студенттердің бағаларын анықтап, үлгерімдеріне талдау жасап, тексеру құралдарының сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Тест тапсырмалары пәннің барлық бағдарламалық сұрақтарын қамтуы керек. Тест құрастыруда мынадай талаптар қойылады:

  • тест сұрақтары өтілген теориялық мәліметтерге сәйкес болуы керек;

  • тест тапсырмалары қысқа, қарапайым болуы керек;

  • жауаптар қысқа болуы керек және 1-2 сөйлем немесе цифрлар немесе терминдер, атаулар тағы басқа түрінде болуы керек;

  • тапсырмалардың күрделілігі мынадай болуы керек: әр вариант сұрақтарының 70-80%-ы білімді тексеруге (яғни анықтамалар, көркем мәтіндерден үзінділер, ақын-жазушы туралы мәліметтер т.б.), ал 20-30 %-ы білік пен дағдыны тексеруге, мамандық бойынша практикалық тапсырмаларды орындауға арналады. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының ең төмен көлемі 300 сұрақ болуы керек. Жинақты дайындау барысында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіның тарихы бойынша пайдалануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер түгелдей қамтылған.

Тест тапсырмалары

  1. Көтеш Райымбекұлының өмір сүрген жылдары:

  1. 1745-1818;

  2. 1741-1822;

  3. 1845-1911;

  4. 1765-1835;

  5. 1746-1819;

  1. Көтеш ақынның туған жері:

  1. Сарыарқа жері;

  2. Қазіргі Қостанай жері;

  3. Қазалы ауданы;

  4. Павлодар жері;

  5. Алтай жері;

  6. Баянауыл ауданы;

  1. Көтеш ақынның ел ішінде тек қана толық нұсқалы сақталып қалған өлеңдерінің саны:

  1. 11;

  2. 18;

  3. 17;

  4. 15;

  5. 16;

  6. 13;

  1. Көтеш ақын шығармаларын алғаш зерттеп, тарихи орнын пысықтап дәлелдеген кім?

  1. М. Мағауин;

  2. Т. Ізтілеуов;

  3. Ә. Кердері;

  4. Қ. Бекқожин;

  5. М. Ж. Көпейұлы;

  1. Көтеш ақын шығармалары басылып шыққан еңбектер:

  1. «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Алматы, 1967 ж.);

  2. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (Алматы, 1994);

  3. «Алдаспан» (Алматы, 1970 ж.);

  4. «Бес ғасыр жырлайды» І том (Алматы, 1984 ж.)

  5. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (Алматы, 1967 ж.);

  1. «Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз» деген пікірдің иесі кім?

  1. Х. Сүйіншәлиев;

  2. М. Ж. Көпейұлы;

  3. М. Мағауин;

  4. С. Мұқанов;

  5. Ә. Қоңыратбаев;

  1. Ғалымдардың пікірінше, Көтеш ақынның туындысына баланып жүрген атақты халық әні:

  1. «Үкілім-ай»;

  2. «Замандас»;

  3. «Сөйле, қалқам-ай»;

  4. «Елім-ай»;

  5. «Екі жирен»;

  6. «Ой көк»;

  1. Көтеш ақынды он жеті жасында елге танытқан туындысы:

  1. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің»;

  2. «Сексен ерікке қоймады-ау қалжыратып»;

  3. «Күркелінің бауыры күнде дауыл»;

  4. «Қартайғанда қатының дұшпан болды»;

  5. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма»;

  1. Ғалым С. Қасқабасовтың пікірінше, ақындардың рөлі қай ғасырдан бастап көтеріле бастады?

  1. ХІХ ғасырдың басы;

  2. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары;

  3. ХVIII ғасырдың соңы;

  4. ХVIII ғасырды ортасы;

  5. ХVIII ғасырдың 20-жылдары;

  6. ХVIII ғасырдың екінші жартысы;

  1. Қай ақын шығармашылығынан бастап жыраулық поэзиядағыдай өлең құру еркіндігі шектеліп, қазақ өлеңінің формасына өзгеріс ене бастайды:

  1. Шал ақын;

  2. Көтеш ақын;

  3. Бұқар жырау;

  4. Қобылан;

  5. Бұдабай:

  6. Тәтіқара:

  1. М. Ж. Көпейұлының қолжазбаларында кездеспейтін Көтеш ақынның туындысы:

  1. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің»;

  2. «Сөйлес дейсің, қонағым, сөйлеспеймін»;

  3. «Қартайғанда қатының дұшпан болды»

  4. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма»;

  5. «Алдымнан алты пұшық анталады»;

  1. ... «Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

  1. Мейрамға не еді сенің жаққан жалаң?

  2. Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,

  3. Болады ертең жесір қатын-балаң» үзіндісі Көтеш ақынның қай шығармасынан алынған?

  4. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің»;

  5. «Сөйлес дейсің, қонағым, сөйлеспеймін»;

  6. «Қартайғанда қатының дұшпан болды»

  7. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма»;

  1. «Алдымнан алты пұшық анталады»;

  1. Көтеш ақынның жасы ұлғайған шағында жазған риторикалық сұрауларға толы өлеңі:

  2. «Қартайғанда қатының дұшпан болды»;

  3. «Күркелінің бауыры күнде дауыл»;

  4. «Ет дегенде бет бар ма?»;

  5. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма?»;

  6. «Сөйлес дейсің, қонағым сөйлеспеймін»;

  7. «Сексен, ерікке қоймады-ау қалжыратып»;

  1. «Жаңа өлеңнің алғашқы қарлығашы» деп кімді атаймыз?

  1. Шал ақын;

  2. Тәтіқара;

  3. Бұдабай;

  4. Көтеш;

  5. Шернияз;

  6. Мұрат;

  1. Көтеш ақынның сынына қалған би, мырза:

  1. Тінәлі;

  2. Жұмалы;

  3. Тышқанбай;

  4. Торайғыр;

  5. Қапандеген;

  1. Көтеш ақынның айтыстарын, тіл қағыстарын көрсетіңіз:

  1. Көтеш пен арсыз қыз;

  2. Көтеш пен Күнікей;

  3. Көтеш пен қыпшақ қызы;

  4. Көтеш пен Сүйіндік;

  5. Көтеш пен Ботан;

  1. Шал ақынның өмір сүрген жылдары:

  1. 1748-1819;

  2. 1746-1812;

  3. 1784-1839;

  4. 1728-1809;

  5. 1722-1809;

  1. Шал ақынның туған жері:

  1. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы;

  2. Алтай өңірі;

  3. Тарбағатай жері;

  4. Сарыарқа жері;

  5. Қазіргі Солтүстік Қазақстан жері;

  6. Маңғыстау түбегі;

  7. Бұрынғы Сергеев ауданы;

  8. Шал ақын ауданы;

  1. Жыраулар поэзиясының айрықша белгілері:

  1. Ғаламдық, заманалық мәселелер қозғалады;

  2. Шешілмеген жұмбақтар мен шатасқан сөздерге толы;

  3. Күнделікті күйбең тіршіліктің әр сәті жырға қосылады;

  4. Ақындар мен жыршылар ;

  5. Ханды бұқара халық алдында мадақтау;

  1. Өз еңбегінде тарихи жырлар мен зар заман ақындарына жеке-жеке тарау арнаған әдебиетші, ғалым:

  1. С. Мұқанов

  2. М.Мағауин

  3. М. Әуезов

  4. Қ. Бекқожин

  5. Ә. Қоңыратбаев

  6. Х. Сүйіншәлиев

  1. Қай жылдан бастап республикалық баспасөз беттерінде Шал ақынның өлеңдері жарық көре бастады:

  1. 1928 ж.;

  2. 1919 ж.;

  3. 1911 ж.;

  4. 1929 ж.;

  5. 1920 ж.;

  1. Шал ақынның «Жаңа әдебиет» журналының 5-санында жарық көрген өлеңі:

  1. «Ата-ананың қадірін»;

  2. «Жігіт туралы»;

  3. «Жігіттің өзін білем дегені»;

  4. «Әйел сыны»;

  5. «Қыздар туралы»;

  6. «Он бес деген жасым-ай»;

  1. Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында жиналған Шал ақыннын өлеңдері бүгінде қанша жол шамасына жетті:

  1. 1200 тармақ;

  2. 1000 тармақтан астам;

  3. 1500 тармақ шамасында;

  4. 500 тармақ;

  5. 1300 тармақ;

  1. Шал ақын жайында тұңғыш тарихи мағлұматты қалдырған ғалым:

  1. Ғ. Малдыбаев;

  2. С. Мұқанов;

  3. Ш. Уәлиханов;

  4. Б. Жақыпбаев;

  5. М. Әуезов;

  1. Шал ақын туралы алғашқы тарихи деректер жазылған еңбек:

  1. «Қырғыз шежіресі»;

  2. «Алдаспан»;

  3. «Қазақ әдебиеті»;

  4. «Қобыз сарыны»;

  5. «Мес»

  1. «Қобыз сарыны» монографиясындағы Шал ақын туралы деректерді М. Мағауин кімнің аузынан жазып алған:

  1. Шөбересі Кодардан;

  2. Шөбересі Қошаннан;

  3. Шөпшегі Қошаннан;

  4. Немересі Ғабиттен;

  5. Шөбересі Тінәліден;

  1. Шал ақынның анасы кімнің қызы болып келеді?

  1. Қазыбек би;

  2. Жиембет;

  3. Бұқар;

  4. Төле би;

  5. Әйтеке би;

  1. Он бес жасында ханның өзін сөзден састырған Шал ақынның ақындығына әкесі неліктен қуанбайды?

  1. Үлкенді сынау – ұятсыздық деп түсінеді;

  2. Баласының батыр болғанын қалайды;

  3. Батыр бола ма деген үміті ақталмағасын;

  4. Әкесі хан қуғынына ұшырайды;

  5. Бұқараға жақпай қалады;

  1. Шал ақынның туындылары:

  1. «Пасыл да пасыл, пасылман»;

  2. «Балпаң, балпаң кім баспас»;

  3. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма?»;

  4. «Ет дегенде бет бар ма?»;

  5. «Ор, ор қоян, ор қоян»;

  6. «Саясы жоқ бәйтерек»;

  7. «Алаң да алаң, алаң жұрт»;

  8. «Ақжайлау мен Сандықтас»;

  1. Шал ақынның өлеңіндегі кедейлікті болдырмайтын үш нәрсе:

  1. Жоқтыққа мойымайтын қайсарлық;

  2. Елмен қатар күн кешпек;

  3. Жұмыстан тартынбайтын елгезектік;

  4. Ұйқыдан жиренбек;

  5. Қандай жолмен болса да мал таппақ;

  1. Шал ақын философиясындағы «Кедейдің кенже ұлы - ...... мырза»

  1. Ұйқы

  2. Күлкі

  3. Пара

  4. Қамсыздық

  5. Жалқаулық

  6. Тамақ

  1. Адамның сәби күнінен тоқсанға дейінгі өмірі баяндалатын Шал ақынның өлеңдері:

  1. «Бір жаста, екі жаста бесіктемін»;

  2. «Жиырма бес»;

  3. «Қартайғанда қатының дұшпан болды»;

  4. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма?»;

  5. «Үш-төрттен талап еттім асық жинап»;

  6. «Он бестегі жасым-ай»;

  7. «Отызда орда бұздық па?»;

  1. Шал ақынның айтыстары:

  1. Шал мен Күлімжан

  2. Шал мен Дегдар қыз

  3. Шал мен Шернияз

  4. Шал мен Көтеш

  5. Шал мен бәйбішесі

  1. «...Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап,

  1. Хан ата, қандай екен мал дегенің?».

  2. Жоғарыдағы өлең үзіндісінде Шал ақынның сынына қалған «Хан ата»:

  3. Кенесары;

  4. Әбілқайыр;

  5. Абылай;

  6. Уәли;

  7. Қасым;

  8. Тұрсын;

  9. Әбілмімбет;

  1. Шал ақыннан қалып, ел аузында үнемі қолданыста жүретін мақалды көрсетіңіз:

  1. «Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің»;

  2. «Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің»;

  3. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді»;

  4. «Малым жанымның садағасы»;

  5. «Жаным арымның садағасы»;

  6. «Қонақ келсе құт келер»;

  7. «Қонақ қойдан да жуас»;

  1. Қобылан Бөрібайұлының ғұмыр кешкен кезеңі:

  1. 1760-1840 ж.;

  2. 1750-1830 ж.;

  3. 1755-1845 ж.;

  4. 1750-1840 ж.;

  5. 1760-1820 ж;

  1. Қобылан Бөрібайұлының туындылары алғаш жарық көрген жинақ:

  1. «Алдаспан»;

  2. «Бес ғасыр жырлайды»;

  3. «Үш ғасыр жырлайды»;

  4. «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы»;

  5. «Ертедегі әдебиет нұсқалары»;

  1. Қобылан Бөрібайұлының туындылары алғаш рет қай жылы жарық көрді?

  1. 1968 ж.;

  2. 1967 ж.;

  3. 1927 ж.;

  4. 1957 ж.;

  5. 1962 ж.;

  6. 1978 ж.;

  1. «Әкең жақсы кісі еді жамбас жеген,

  1. Жақсыдан жаман туса оңбас деген.

  2. Сірә, шешеңізден бір кінә болған шығар,

  3. Иттің биті қылшықсыз болмас деген» деген өлең Қобылан Саққұлақұлының кімге арналған өлеңінен?

  4. Тінәліге;

  5. Абыралыға;

  6. Нұралыға;

  7. Ералыға;

  8. Көбентайға;

  1. Жанақ Сағындықұлы өмір сүрген жылдар:

  1. 1770-1836.;

  2. 1760-1856.;

  3. 1760-1846.;

  4. 1770-1856.;

  5. 1750-1846.;

  6. 1770-1826.;

  1. Жанақ ақынның туған жері:

  1. Қарағанды облысы;

  2. Павлодар облысы;

  3. Қарқаралы ауданы;

  4. Құмадыр бұйраты;

  5. Баянауыл ауданы;

  6. Жанақ ақын ауданы;

  1. Қобыз, домбырада шебер ойнаған, атақты айтыс ақыны:

  1. Көтеш ақын;

  2. Шал ақын;

  3. Жанақ ақын;

  4. Бұдабай;

  5. Қобылан;

  1. Шоқанның Жанақ ақынның аузынан жазып алған жыры:

  1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»;

  2. «Еңлік-Кебек»;

  3. «Қалқаман-Мамыр»;

  4. «Манас»;

  5. «Сұраншы батыр»;

  6. «Фархад-Шырын»;

  1. Ш. Уәлиханов зерттеулерінде жырды қобызға қосып айту өнері қай ақын өлгеннен кейін жоғала бастады?

  1. Тәтіқара;

  2. Көтеш;

  3. Шал;

  4. Бұдабай;

  5. Қобылан;

  6. Жанақ;

  1. Поляк революционері А. Янушкевичтің күнделіктерінде Жанақ пен кімнің айтысының тарқатылған мазмұны жазылған?

  1. Орынбай;

  2. Шөже;

  3. Шал;

  4. Арыстанбай;

  5. Сүйінбай;

  1. Революцияға дейін Жанақ ақын шығармалары қандай жинақтарда жарық көрген?

  1. «Киргизская хрестоматия» Ы. Алтынсарин;

  2. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» С. Сейфуллин;

  3. «Образцы народной литературы тюркских племен» В. Радлов;

  4. «Қазақ халық әдебиеті» энциклопедия;

  5. «Айтыс» энциклопедия;

  6. «Тауарих хамса» К. Халидов;

  1. С. Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931) жинағына енген Жанақ ақынның айтысы:

  1. Жанақ пен Орынбай;

  2. Шөже мен Жанақ;

  3. Түбек пен Жанақ;

  4. Жанақ пен баланың айтысы;

  5. Жанақ пен найманнан шыққан он жеті ақын;

  6. Жанақ пен бала ақын Сабырбай;

  7. Жанақ пен Күнікей;

  1. Жанақ ақынды Түбекпен болған айтысында тоқтатқан найман руының бала ақыны:

  1. Сабырбай;

  2. Құсбек;

  3. Жүсіп ;

  4. Сағынтай;

  5. Көбентай;

  1. Өзінің «Айтыс өлеңдері» атты еңбегінде Жанақ пен Күнікей қыз айтысы жайлы тың деректер көрсеткен ғалым, жазушы:

  1. С. Мұқанов;

  2. Ш. Уәлиханов;

  3. Қ. Бекқожин;

  4. М. Ж. Көпейұлы;

  5. В. Радлов;

  6. К. Халидов;

  7. М. Әуезов;

  1. Жанақ ақынның айтыстағы өнерін аса жоғары бағалаған С. Мұқановтың еңбегі:

  1. «Айтыс өлеңдері»;

  2. «Айтыстар туралы»;

  3. «Айтыс өнері»;

  4. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»;

  5. «Айтыс», көп томдық;

  6. «Жанақ ақын хикаясы»;

  1. Жанақтың айтыстары мен сөз қақтығыстарын көрсетіңіз:

  1. Ысмаил мен Жанақ;

  2. Жанақ пен Орманшы;

  3. Боқай мен Жанақ;

  4. Қадам мен Жанақ:

  5. Ноқай мен Жанақ;

  6. Шөже мен Жанақ;

  7. Жанақ пен Мұрат;

  1. Жанақ ақынға арналған Тәужи Айнатасовтың дастаны:

  1. «Жанақ ақын»;

  2. «Айтыскердің өмір»;

  3. «Ақын жолың»;

  4. «Жанақ ақын хикаясы»;

  5. «Сара жол»;

  1. Алшынбай бидің қарсылығына қарамастан Жанақтың өзімен бірге көмілген қобызын кісі жұмсап көрден алдыртқан кісі:

  1. Көбентай;

  2. Жұқаң;

  3. Торайғыр;

  4. Жамантай;

  5. Төребек;

  1. «... Сізден ат мініп, шапан киіп жүр екенмін деп, бас билігімді берсем де, сөз билігімді бере алмаймын», деген сөз Жанақ ақынның қай төреге айтқанынан:

  1. Бәкі;

  2. Рүстем;

  3. Көбентай;

  4. Төребек;

  5. Ералы;

  6. Нұралы;

  1. Көрнекті суырыпсалма ақын Абыл Тілеуұлының өмір сүрген жылдары:

  1. 1777-1864

  2. 1774-1867

  3. 1771-1864

  4. 1771-1867

  5. 1771-1845

  6. 1779-1849

  7. 1776-1846

  1. Абыл Тілеуұлының дүниеге келген жері:

  1. Алтай таулары;

  2. Жетісу;

  3. Сарыарқа;

  4. Атырау;

  5. Маңғыстау;

  6. Сырдария маңы;

  1. Атақты Мұрын жыраудың айтуынша, Абыл Тілеуұлы ақындық өнерге қалай түскен?

  1. Түсіне қария кіріп, аян берген;

  2. Жас кезінен машықтана бастаған;

  3. Қоғамдық жағдайдың әсерінен;

  4. Түсінде біреу аузына сұйық нәрсе құйып жіберді;

  5. Түсінде домбыра тауып алған;

  1. Абыл ақынның туындылары ең алғаш қай журналда басылып шықты?

  1. «Сана»;

  2. «Коммунистік еңбек»;

  3. «Жұмысшы»;

  4. «Коммунистік жол»;

  5. «Ақберен»;

  6. «Өсиет-нама»;

  1. Абылдың шығармаларын көрсетіңіз:

  1. «Баймағамбетке айтқаны»;

  2. «Заманқайым болар, жер ыңыранса»;

  3. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма»;

  4. «Мұнар күн»;

  5. «Жетім қыз»;

  6. «Аюдайын ақырып»;

  7. «Қызыл тіл Жиреншедей тілім, тақсыр»

  8. «Орай да борай қар жауса»;

  1. Абыл жырға қосқан Сүйінқараның батырлығы жайында тарихи деректер көрсетілген шығармалар:

  1. Ығылман ақынның «Исатай-Махамбет» дастаны;

  2. Ә. Кекілбаев «Күй» повесі;

  3. Ә. Әлімжанов «Махамбеттің жебесі»;

  4. Ә. Кекілбаев «Үркер»;

  5. А. Алекторов «Қырғыз қолжазбалары»;

  1. Абыл ақынның өмір және оның мәні, адамның тірліктегі қадыр-қасиеті жайында толғанатын өлеңдері:

  1. «Арғымақ атта сын болмас»;

  2. «Аюдайын ақырып»;

  3. «Қызыл тіл Жиреншедей тілім, тақсыр»;

  4. «Баймағанбетке айтқаны»;

  5. «Сексеннің біз де келдік жетеуіне»;

  6. «Естірту»;

  1. Абыл ақынның айтыстары:

  1. Абыл мен Шал ақын;

  2. Абыл мен Балдай қыз;

  3. Сушы қыз бен Абыл;

  4. Абыл мен Шөже;

  5. Абыл мен бәйбішесі;

  1. Абыл ақын қанша айтысса да тек бір ретте ғана жеңуге мүміндігі болған қыз:

  1. Тойбала;

  2. Ұлбике;

  3. Күнекей;

  4. Жібек қыз;

  5. Беріш қызы;

  6. Тоғжан;

  7. Балдай қыз;

  1. Абыл айтыпты деген ел аузында жүрген мақал:

  1. «Өлетін аурудың түсі кетеді, жігіт жарлы болса, үйінен кісі кетеді»

  2. «Адам қайғысы – заман қайғысы»;

  3. «Күн күркіресе, көп дүркірер»;

  4. «Алпыс күнде тасыған су,

  5. Алты күнде қайтар»;

  6. «Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз»;

  1. Түбек Байқошқарұлының өмір сүрген жылдары:

  1. 1780-1880;

  2. 1770-1860;

  3. 1780-1870;

  4. 1760-1840;

  5. 1760-1850;

  6. 1750-1810;

  7. 1770-1850;

  1. Түбек Байқошқарұлының туған жері:

  1. Шығыс Қазақстан облысы;

  2. Павлодар облысы;

  3. Бірінші Май ауылы;

  4. Жарма ауданы;

  5. Қарқаралы уезі;

  6. Бозащы түбегі;

  7. Түпқараған ауданы;

  8. Қарағанды облысы;

  1. Түбек Байқошқарұлы жастайынан тәрбиесінде өскен әкесінің аталас туысқаны, би:

  1. Жанақ;

  2. Тезек;

  3. Ақтайлақ;

  4. Қуандық;

  5. Тілеп;

  6. Қорабай;

  1. Әдебиетші-ғалым Ж. Тілепов Түбек ақын жайлы зерттеуінде ақынды қай жылы туған деп есептейді?

  1. 1781 ж.;

  2. 1783 ж.;

  3. 1780 ж.;

  4. 1785 ж.;

  5. 1790 ж.;

  6. 1789 ж.;

  1. «Абай жолы» романында Абайдың ұстаз тұтқан ақыны, Шүмектің прототипі:

  1. Түлеп;

  2. Жібек;

  3. Тінәлі;

  4. Садық;

  5. Сабырбай;

  6. Барлас;

  7. Түбек;

  8. Тілек;

  1. Түбек Байқошқарұлы айтысқан, сөз сайыстырған ақындар:

  1. Бақтыбай;

  2. Құлмамбет;

  3. Қарқабат

  4. Шал;

  5. Тәтіқара;

  6. Жанмамыр;

  7. Төре;

  1. 1965 жылы Түбек Байқошқарұлының айтыстары жарияланған ұжымдық еңбек:

  1. «Айтыс»;

  2. «Айтыс түрлері»;

  3. «Айтыс хақында»;

  4. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»;

  5. «Ақын Түбек»;

  1. Ж. Тілепов зерттеулерінде айтыста ылғи Шөжеге соқырлығы, Жанаққа жарлылығы, Түбекке ........ бетіне мін етіп басылған:

  1. Басқа діннен болғандығы;

  2. Сараңдығы;

  3. Ұйқышаңдығы;

  4. Аурушаңдығы;

  5. Әлсіздегі;

  1. Түбек ақын ауырып жүрген шағында

«Сағындым достым Түбек ұстазымыз,

Бір көріп қолыңды алмақ мұқтажымыз.

Мұхиттың дариясындай сөзің терең,

Өлеңге болмаушы еді, қоспағыңыз», - деп өлең арнаған Жетісулық досы:

  1. Жанақ;

  2. Тезек төре;

  3. Қарқабат;

  4. Құланаян;

  5. Құлмамбет;

  6. Бақтыбай;

  7. Сабырбай;

  1. «Аман-есен жүрсің бе, Тезек төре,

Елден жылқы қоймаған, кезеп төре,

Күні-түні жегенің ұрлық еті,

Ақыретке барасың не деп, төре?!» өткір сынының иесі:

  1. Құланаян;

  2. Жанақ;

  3. Бақтыбай;

  4. Түбек;

  5. Сабырбай;

  1. Құлмамбетпен айтыста өзін «темір сауытқа» теңеген ақын:

  1. Түбек;

  2. Құланаян;

  3. Жанақ;

  4. Тезек төре;

  5. Сабырбай;

  6. Бақтыбай;

  1. Түбекке «үш жүзден асқан Түбек, озған Түбек» үлкен баға берген айтыстағы қарсыласы:

  1. Сабырбай;

  2. Жанақ;

  3. Тәтіқара;

  4. Балдай қыз;

  5. Сушы қыз;

  6. Тезек төре;

  7. Жібек қыз;

  1. Түбек Байқошқарұлы «әм төре, әмбе ұры» сынайды:

  1. Құлмамбетті;

  2. Құланаянды;

  3. Тезекті;

  4. Жорғаны;

  5. Жанақты;

  6. Шалды;

  1. Сабырбай Ақтайлақұлының туған жері:

  1. Шығыс Қазақстан облысы;

  2. Құндызды өңірі;

  3. Баянауыл ауданы;

  4. Павлодар облысы;

  5. Жамбыл ауданы;

  6. Шыңғыстың етегі;

  7. Алатаудың баурайы;

  8. Алматы облысы;

  1. Сабырбай Ақтайлақұлының өмір сүрген кезеңі:

  1. 1795-1880;

  2. 1793-1888;

  3. 1793-1880;

  4. 1791-1888;

  5. 1799-1888;

  6. 1766-1856;

  7. 1800-1883;

  1. Сабырбайдың әкесі Ақтайлық кім болған кісі?

  1. Қарапайым шаруа адамы;

  2. Төре;

  3. Хан кеңесшісі;

  4. Күйші;

  5. Атақты жырау;

  6. Би;

  7. Елші

  8. Көрнекті қоғам қайраткері

  1. Атақты Жанақ ақынмен айтысқа түскен он жеті ақын Қу дауысты Құттыбай бидің қай баласынан тараған?

  1. Нарынбай;

  2. Жанкөбек;

  3. Ботақара;

  4. Боран;

  5. Байқара;

  6. Сейтен;

  1. Жанақ пен он жеті ақынның айтысынан үзінді енген түркітанушы В. В. Радловтың еңбегі:

  1. «Оңтүстік Сібір мен Жоңғар даласында тұратын түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілер»;

  2. «Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар»;

  3. «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде»;

  4. «Күнделіктер мен хаттар»;

  5. «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары»;

  6. «Қырғыз-қазақ әдебиетінің тарихы»;

  1. «Абай жолы» роман-эпопеясында «Садық баланың айтысы» сол кезде арқаға мәлім болған қай ақындардың айтысы еді?

  1. Садық пен Сабырбай;

  2. Садық пен Қадырбай;

  3. Жанақ пен Қадырбай;

  4. Қадырбай мен Түбек;

  5. Түбек пен Сабырбай;

  6. Сабырбай мен Жанақ;

  1. Жанақ пен баланың айтысы енген еңбектер:

  1. «Оңтүстік Сібір мен Жоңғар даласында тұратын түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері», 1870 ж.;

  2. «Қырғыз хрестоматиясы», 1879 ж.;

  3. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», 1931 ж.;

  4. «Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар», 1925 ж.;

  5. «Күнделіктер мен хаттар», 1979 ж.;

  1. Он жеті ақынның ғұмыр кешкеніне байланысты Құндызды аймағы қалай аталып кеткен?

  1. «Ақындар ордасы»;

  2. «Ақындар туған атырап»;

  3. «Өнерлі өлке»;

  4. «Өлең өлкесі»;

  5. «Ақындар елі»;

  6. «Киелі мекен»;

  1. Сабырбай ақын мұрасын зерттеу қай жылдан бастап қолға алына бастады?

  1. 1970 жылдан;

  2. ХХ ғасырдың екінші жартысы;

  3. ХХ ғасырдың соңына қарай;

  4. 1910 жылы алғашқы дерек жарық көрді;

  5. ХХ ғасырдың бірінші жартысы;

  6. ХІХ ғасырдың соңынан бастап;

  7. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап;

  1. Сабырбайдың ақындыққа бой ұруы қай сәттен басталады:

  1. Ақтайлақтың төрт ұлының бүркітке таласынан;

  2. Түсіне ақ киімді қария енгеннен бастап;

  3. Ел мықтыларының «сөз сөйле» деп қолқа салуынан;

  4. Түбек пен Жанақтың айтысын көргеннен бастап;

  5. Әкесінің жұмбағына жауап беруінен бастап;

  1. Ақтайлақ бидің асыранды баласы, атақты ақын:

  1. Байқара;

  2. Сабырбай;

  3. Түбек;

  4. «Абай жолы» романындағы Шүмектің прототипі;

  5. «Абай жолы» романындағы Барластың прототипі;

  6. Бопы;

  7. Солтабай;

  1. Сабырбай төмендегі айтыстардың қайсысында өзінің тұрпайы бір қалжыңы үшін жеңілі табады?

  1. Жанақпен;

  2. Тезекпен;

  3. Түбекпен;

  4. Жібекпен;

  5. Қырықбай;

  6. Күнекей;

  7. Байбала(Тойбала)

  1. Семей өңірі Біржан мен Сара айтысындай қатты қастерлеген Сабырбай мен Тойбаланың сөз қағысын ел арасына таратушы құймақұлақ қариялар:

  1. Шәкір Әбенұлы;

  2. Мұрат Қалиоллаұлы;

  3. Жаңқа Тағыберген;

  4. Тобай Сарыұлы;

  5. Жұмакүлбай Базарбайұлы;

  6. Ғабділахмет Шәкерұлы;

  7. Бәкір Бекдәулетұлы;

  1. А. Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар» кітабында есімі үлкен құрметке ие сыбан еліне билік жүргізген, Сабырбай ақын райынан қайтарып еліне көшіріп алған сұлтан:

  1. Тезек;

  2. Ораз-Мұхаммед;

  3. Қайдар;

  4. Тәлім;

  5. Қырықбай;

  6. Барақ;

  7. Шәкер;

  1. «Шұбарым, арғымағым, арыстаным,

Сөзге бай, ауыздыға қарысқаным....», - деп Сабырбай ақын кімнің тұлғасын суреттеген;

  1. Тезек төреге;

  2. Тойбалаға;

  3. Жанақ ақынға;

  4. Түбекке;

  5. Барақ сұлтанға;

  1. Дулат Бабатайұлының ғұмыр кешкен кезеңі:

  1. 1800-1884;

  2. 1802-1874;

  3. 1800-1854;

  4. 1812-1878;

  5. 1801-1874;

  1. Дулат ақынның туған жері:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы;

  2. Қазалы ауданы;

  3. Қызылорда облысы;

  4. Аягөз ауданы;

  5. Шығыс Қазақстан облысы;

  6. Бекетай;

  7. Жарма ауданы;

  1. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Барластың прототипі:

  1. Мұрат Мөңкеұлы;

  2. Шортанбай Қанайұлы;

  3. Сабырбай Ақтайлақұлы;

  4. Дулат Бабатайұлы;

  5. Түбек Байқошқарұлы;

  6. Абыл Тілеуұлы;

  1. Дулаттанудың негізін қалағандар:

  1. В. Радлов;

  2. М.Әуезов;

  3. С. Сейфоллаұлы;

  4. Б. Омарұлы;

  5. Ж. Ысмағұлов;

  6. М. Мағауин;

  7. Х. Сүйіншәлиев;

  1. Дулат Бабатайұлының алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай қалада, қай баспада басылып шықты?

  1. 1907 жылы Қазан қаласында Құсайыновтар баспасында;

  2. 1912 жылы Қазан қаласында Кәрібаевтар баспасында;

  3. 1880 жылы Қазан қаласында Құсайыновтар баспасында;

  4. 1909 жылы Петербурге Брагинский баспасында;

  5. 1911 жылы Қазан қаласында Кәрібаевтар баспасында;

  1. Сейілұлы Мәулекейдің Дулатпен қандай байланысы бар?

  1. Дулат шығармаларын ақынның өз аузынан жазып алған;

  2. «Замана сазы» кітабына алғысөз жазған;

  3. Дулаттанудың негізін қалаған адам;

  4. Дулат шығармаларын шағатай тілінен қазақшаға аударған;

  5. Дулат ақынның алғашқы жинағын құрастырып, бастырушы;

  1. 1991 жылы Құлмат Өмірәлиевтің құрастыруымен жарық көрген Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналған еңбек:

  1. «Өсиетнама»;

  2. «Мес»;

  3. «Өткен күндер»;

  4. «Шолпан»;

  5. «Замана сазы»;

  1. 1880 жылы Сейілұлы Мәулекей құрастырған Дулаттың «Өсиетнама» жинағындағы туындылардың жалпы көлемі:

  1. 2000 жол;

  2. 1500 жол;

  3. 1200 жол;

  4. 1000 жол шамасында;

  5. 2500 жол;

  1. Дулат Бабатайұлының туғанына 200 жыл толуына орай 2002 жылы Астанада жарық көрген жинақ:

  1. «Өсиетнама»;

  2. «Замана сазы»;

  3. «Дулат жырау тағылымы»;

  4. «Кеудем ақыл сарайы»;

  5. «Өсиет»;

  6. «Өлең кені»;

  1. Дулат Бабатайұлына арналған З. Ахметов пен С. Қасқабасов құрастырған бір томдық басылым:

  1. «Тұнық тұма»;

  2. «Кеудем ақыл сарайы»;

  3. «Өсиетнама» мен «Дулат жырау тағылымында»;

  4. «Өсиет»;

  5. «Замана сазы» мен «Кеудем ақыл сарайы»;

  6. «Өнегелі өмір»;

  1. Дулат толғаулары мазмұнына, жалпы табиғатына, болмысына қарай қанша топқа бөлінеді;

  1. 8

  2. 5

  3. 6

  4. 3

  5. 4

  6. 7

  1. Дулат жырау өлеңдерінде қай толғау түрі сирек кездеседі?

  1. Марқайыс толғау;

  2. Налыс толғау;

  3. Намыстаныс толғау;

  4. Сұқтаныс толғау;

  5. Сап толғау;

  6. Ойламалдау толғау;

  7. Сөгіс толғау;

  8. Күліс толғау;

  1. Қай ғалым өзінің қандай еңбегінде толғау түрін 8-ге жіктеп көрсетеді:

  1. З. Қабдолов «Сөз өнері»;

  2. Қ. Жұмалиев «Әдебиет теориясы»;

  3. В. Г. Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу»;

  4. Әбунәсір Әл-Фараби «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»;

  5. А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш»;

  6. М. Әуезов «Әдебиет тарихы»;

  7. С. Негимов «Өлең өрімі»;

  1. «Толғау – іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі», - деп анықтама берген қай ғалым?

  1. З. Қабдолов;

  2. С. Негимов;

  3. М. Әуезов;

  4. А. Байтұрсынов;

  5. Қ. Жұмалиев;

  1. «Өсиетнама» жинағына енген Дулаттың мысал өлеңдері:

  1. «Сарышымшық»;

  2. «Қара қарға»;

  3. «Ала қарға»;

  4. «Ала қойлар»;

  5. «Есек пен бұлбұл»;

  6. «Өгіз бен бақа»;

  7. «Піл мен қанден»;

  1. Аңызды сюжет етіп алған Дулат Бабатайұлының шығармалары:

  1. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»;

  2. «Ескендір»;

  3. «Қырық батыр»;

  4. «Ескелді батыр»;

  5. «Бір патша»;

  6. «Шаштараз»;

  1. Мағжанның қай шығармасында Дулаттың «Шаштараз» туындысымен үлкен мағыналық үндестік жатыр?

  1. «Шолпан»;

  2. «Қойлыбайдың қобызы»;

  3. «Ескендір»;

  4. «Пайғамбар»;

  5. «Жер жүзінде»;

  6. «Ескендірдің мүйізі»;

  7. «Орал тауы»;

  1. Дулат ақынның туған жерін ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейтін өлеңі:

  1. «Ақжайлау мен Сандықтас»;

  2. «Ата қоныс Арқадан»;

  3. «Бірінші сөз»;

  4. «Еспенбет»;

  5. «О, Сарыарқа, Сарыарқа»;

  6. «Асқар таудың сәні жоқ»;

  1. Дулаттың «Еспенбет» поэмасындағы бас кейіпкердің сәйгүлігі:

  1. Ақтабан;

  2. Кәріжал;

  3. Қарақасқа;

  4. Ақбөрте;

  5. Көктұйғын;

  6. Бесқасқа;

  7. Керқұла;

  1. Дулат шығармашылығындағы Еспенбет батырдың прототипі:

  1. Тәтіқара;

  2. Жиембет;

  3. Марқасқа;

  4. Ақтанберді;

  5. Қаз дауысты Қазыбек;

  6. Сүйінқара;

  1. Дулат ақынның ойынша «пәленің басы» неде?

  1. Атақта;

  2. Дүниеқоңыздықта;

  3. Қызғанышта;

  4. Іштарлықта;

  5. Ақшада;

  6. Сауда-саттық;

  1. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары:

  1. 1801-1855;

  2. 1802-1846;

  3. 1803-1846;

  4. 1804-1854;

  5. 1802-1856;

  1. Махамбет Өтемісұлының туған жері:

  1. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы;

  2. Маңғыстау облысы;

  3. Түпқараған ауданы;

  4. Жәнібек ауданы;

  5. Бекетай;

  1. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығын қанша кезеңге бөліп қарастыруға болады?

  1. 3

  2. 4

  3. 5

  4. 2

  5. 7

  6. 6

  1. Өз портретін жасап, көркем суреттеген Махамбеттің туындысы:

  1. «Бұдырайған екі шекелі»;

  2. «Исатай деген ағам бар»;

  3. «Еңселігім екі елі»;

  4. «Арғымақтың баласы»;

  5. «Арғымақ, сені сақтадым»;

  6. «Орай да борай қар жауса»;

  1. Махамбеттің бізге жеткен шығармаларының жалпы саны:

  1. 100-ден астам;

  2. 150 өлең;

  3. 1000 жол шамасында;

  4. 80-ге жуық;

  5. 200 шамалы;

  1. Махамбеттің көтеріліске үндеп, жігіттерді тәуекел қимылға шақырған өлеңдері:

  1. «Бұдырайған екі елі»;

  2. «Еңселігі екі елі»;

  3. «Үйде жатқан жігітке, Төбеден тегін атақ болар ма»;

  4. «Қызғыш құс»;

  5. «Беркініп садақ асынбай»;

  6. «Өлім-хақтың пәрмені»;

  7. «Тарланым»;

  1. Исатайдың астындағы аты:

  1. «Ақтабан»;

  2. «Қызыл жирен»;

  3. «Бесқасқа»;

  4. «Керқұла»;

  5. «Гүлсары»;

  6. «Күрең төбел»;

  7. «Ақбақай»;

  1. Махамбеттің Жәңгірді жеңетініне сенім білдіретін туындылары:

  1. «Әрайна»;

  2. «Мұңайма»;

  3. «Алты күндей алаулап»;

  4. «Мұнар күн»;

  5. «Кел, кетелік»;

  6. «Исатай деген ағам бар»;

  7. «Әй, Махамбет, жолдасым»;

  8. «Қызғаш құс»;

  1. Махамбеттің шығармаларын көрсетіңіз:

  1. «Қайда бар?»;

  2. «Қалы кілем, қара нар»;

  3. «Аягөз қайда барасың?»;

  4. «Тілек»;

  5. «Қаршыға деген бір құс бар»;

  6. «Алаң да алаң, алаң жұрт»;

  7. «Би Темірге бірінші толғау»;

  1. Хан тағдырын халық қолында етіп көрсететін Махамбеттің туындысы:

  1. «Алтын тақты хандардың»;

  2. «Мұнар күн»;

  3. «Исатай деген ағам бар»;

  4. «Қайда бар»;

  5. «Тарланым»;

  6. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында»;

  7. «Ханнан қырық туғанша»;

  8. «Қарада да қара бар»;

  1. Махамбеттің философиялық бағытқа негізделген өлеңі:

  1. «Бұл дүниенің жүзінде»;

  2. «Исатай деген ағам бар»;

  3. «Ереулі атқа ер салмай»;

  4. «Шолпан»;

  5. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас болмай ма?»;

  6. «Тарланым»;

  1. Махамбеттің «Ереул атқа ер салмай» өлеңі қанша тармақтан тұрады?

  1. 16

  2. 26

  3. 29

  4. 19

  5. 17

  6. 18

  7. 12

  1. Махамбеттің он бір буынды жалғыз өлеңі:

  1. «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай»;

  2. «Мұнар күн»;

  3. «Ереулі атқа ер салмай»;

  4. «Мен тауда ойнаған қарт марал»;

  5. «Тарланым»;

  6. «Исатай деген ағам бар»;

  7. «Орай да борай қар жауса»;

  1. Махамбеттің әр тармағы таза жеті буыннан тұратын өлеңі:

  1. «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай»;

  2. «Ереклі атқа ер салмай»;

  3. «Беркініп садақ асынбай»;

  4. «Толарсақтан саз кешіп»;

  5. «Орай да борай қар жауса»;

  6. «Бұл дүниенің жүзінде»;

  7. «Еменнің түбі – сары бал»;

  1. «Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға.

Қас үлектен туған қатепті

Қара нар керек біздің бұл іске.» Өлең тармақтары қанша буындардан құралған;

  1. 8, 7, 9, 11;

  2. 7, 8, 9, 10;

  3. 8, 9, 9, 10;

  4. 7, 9, 10, 10;

  5. 6, 8, 9, 11;

  1. Махамбеттің кезекті ұйқас арқылы құрылған өлеңі:

  1. «Мұнар күн»;

  2. «Исатай деген ағам бар»;

  3. «Ереулі атқа ер салмай»;

  4. «Алты күндей алаулап»;

  5. «Арғымаққа оқ тиді»;

  6. «Аспандағы боз торғай»;

  1. Махамбет өз шығармашылығында «Қызғыштай болған есіл ер» деп кімді ел қамқоры қылып көрсетеді?

  1. Өзін;

  2. Исатайды;

  3. Баймағамбетті;

  4. Қарауылқожаны;

  5. Шерниязды;

  6. Барлық көтерілісшіерді;

  1. Махамбет «қор туған нарқоспаққа» кімді теңеген:

  1. Жәңгірді;

  2. Өзін;

  3. Исатайды;

  4. Шерниязды;

  5. Баймағамбетті;

  1. Шернияз Жарылғасұлының өмір сүрген жылдары:

  1. 1807-1866;

  2. 1806-1867;

  3. 1807-1867;

  4. 1802-1865;

  5. 1805-1865;

  6. 1800-1876;

  1. Шернияздың дүниеге келген жері:

  1. Маңғыстау облысы;

  2. Атырау облысы;

  3. Қазіргі Ақтөбе облысы;

  4. Сағыз ауданы;

  5. Жарыпшыққан;

  6. Ойыл ауданы;

  7. Түпқараған ауданы;

  8. Бозащы;

  1. Баламырзаның Нұрымға айтқан өлеңінде Шернияз қай жылы қайтыс болған делінеді:

  1. 1869 ж.;

  2. 1877 ж.;

  3. 1881 ж.;

  4. 1879 ж.;

  5. 1874 ж.;

  1. Махамбеттің Шерниязға жасырған жұмбағында қандай оқиға тұспалданады?

  1. Исатайдың келесі жорығы;

  2. Хан баласының кісі қолынан қаза табуы;

  3. Махамбеттің жолдастарын естіртуі;

  4. Баймағамбеттің Махамбетті өлтіруге бұйрық бергендігі;

  5. Шернияз достығын сынау;

  1. Шернияз өлеңдерінің бізге дейін қанша варианты жеткен:

  1. 2;

  2. Өзге варианттары жоқ;

  3. 3;

  4. 5;

  5. 4;

  1. «Шернияз өлеңі» атты қолжазба кім арқылы алынған еді?

  1. Нұртуған;

  2. Жәмет жырау;

  3. Мұрын жырау;

  4. Марабай;

  5. Мәдебай;

  6. Нұрым;

  1. Шерниязға қатысы бар қолжазбалар:

  1. «Шернияз тарихы»;

  2. «Ақкете Шернияз өлеңі»;

  3. «Ақкетенің жүйрігі»;

  4. «Сөз зергері»;

  5. «Шернияз»;

  1. Алыш пен Омарбек қалдырған Шернияз өлеңдерінің варианттары қай жылы баспа бетін көрген?

  1. 1927;

  2. 1928;

  3. 1925;

  4. 1926;

  5. 1924;

  1. «Ар жақта Арынғазы дүбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген?...». Бұл үзіндіде Шернияздың «байеке» деп тұрғаны кім?

  1. Баймағамбет сұлтан;

  2. Арынғазы;

  3. Байтөк;

  4. Исатай;

  5. Нұртуған;

  1. Баймағамбет Шерниязға кімдерді жаманда деп қолқа салады?

  1. Өзін;

  2. Әйелін;

  3. Уәзірлерін;

  4. Махамбетті;

  5. Исатайды;

  6. Халқын;

  7. Қыздарын;

  1. Шернияздың Баймағамбет пен әулетін жамандағаннан ұмытылмай, ел аузында жүрген мақал:

  1. «Қатының жаман болса қайтіп құтыларсың»;

  2. «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін»;

  3. «Байеке, сіздің қызда жаман бар ма?»;

  4. «Өзі жақсы кісіге, бір кісілік орын бар»;

  5. «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай...»;

  6. «Жақсы қыс – жағадағы құндыз»;

  7. «Қас жақсының белгісі – топтан торай шалдырмас, жолдасын жауға алдырмас»;

  8. «Жақсы әйел бір ішер ас сақтайды»;

  1. Оқталып тұрған Баймағамбет Шернияздың басын алудан неліктен айнып қалады?