- •Жарыққа қатынасты өсімдіктердің типтері
- •Жарық –ботанико-географиялық фактор ретінде
- •Фотопериодизм
- •Ауаның ластануы
- •Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.
- •Дәріс- 1. Өсімдіктерді қорғау химиясы және технологиясы
- •Халықаралық экологиялық құқық
- •Торпырақтың өсімдік қоректенуіндегі маңызы
- •Дәріс-2. Өсімдіктердің минералды қоректенудің экологиясы.
- •Өсімдіктің қоректенуі. Өсімдік қоректенгенде міндетті түрде топырақты қолданады. Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.
- •Топырақтардың орташа химиялық құрамы, %
- •Топырақтың радиоактивтігі
- •Мазмұны: топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы
Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.
Ауаның құрамында бірнеше зиянды қоспалар болады. Солардың ішінде адам, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне ең қауіптісі радиоактивтік заттар. Олардың жер бетіндегі көзі атом және сутегі бомбаларының тәжірибе жасау кезінде жарылуы, атомдық реакторлар, атомдық электростанциялар атом өнеркәсібінің қалдықтары және т.б. Әсіресе атом және сутегі бомбаларының жарылуынан пайда болған радиоактивтік заттарыдың ауаға қосылуы ерекше назар аударады. Радиоактивті к затар ауадан жерге жауын-шашынмен түседі де, жер бетіндегі судың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың денесіне шоғырланып радиоактивтік әсер ететін мөлшерін арттырады.
№ 9 Дәріс - Топырақ-экологиялық фактор ретінде
Табиғат байлығы жөнінде әңгіме болғанда алдымен тілге тиек ететініміз топырақ немесе жер. Қазақтың «Жер-ана» деген қанатты сөзінде үлкен мән жатыр. Топырақ сыртқы ортамен тығыз қарым-қатынас жасай алады. Топырақ күн сәулесін, суды сіңіре алады, құрамында әртүрлі микроорганизмдер мен өсімдіктердің тіршілік етуіне қолайлы орта бар.Борпылдақ бөлшектерінің аралықтарында ауа, су, орналасатын қуыстар көп.
Топырақтың табиғаттың басқа бөліктерінен ерекше бір ғажап қасиеті бар. Топырақ көптеген микроорганизмдердің, көп клеткалы организмдердің қатысуымен өздігінен тазаланып, қалпына келеалады. Демек, организмдердің, тіршілік процесінде мен жан-жануарлардың өліктері ыдырап минерал тұздарын, су, көмірқышқыл газы жасалады. Бұл заттарды өсімдіктер пайдаланады. Мұнымен бірге, топырақта қаршірік жасалып, топырақ тыңаяды. Топырақтың жаңа қабаты жасалады. Топырақ жасалуы көп уақытқа созылатын күрделі процесс. Совет және Американ топырақтану ғалымдарының деректері бойынша жер қыртысының 2,5 см-і жасалу үшін 100 жыл, ал бірқалыпты температурада 90см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл қажет екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалпына келуіне сыртқы ортаның факторлары да (ыстық, аяз) кедерге жасайды. Мысалы, Сібірдің жылуы жоқ жерінде осы кездің өзінде әлі бұзылмаған мамонттардың қалдығының табылуы бұған дәлел болады.
№ 10 Дәріс - Топырақ-экологиялық фактор ретінде
Жоғарыда айтылғандай топырақты қорғаудағы істеліп жатқан игілікті жұмыстарға қарамастан бүгінгі күні топырақтың құнарлылығын арттыру мен эрозиядан қорғау проблемасы адам баласын алаңдатып отыр. Эрозия топырақ үшін өте қауіпті және жыл саын ұлғайып келе жатқан құбылыс.Эрозиядан әсіресе Құрама Штаттар, Индия, Пакистан, Канада сияқты т.б. елдер көп зардап шегеді. Топырақтың эрозияға ұшырауы біздің елде де көп жерді қамтиды.
Су эрозиясымен күресу үшін көлбеулігі екі градусқа жететін беткейлерді көлденеңіненжырту керек. Ал көлбеулігі екі градустанартық жерлерде көлденең жырту көмек бермейді. Сондықтан ол жерлердесу жинайтын микролимандар, қатарларды реттеу сияқты агротехникалық шаралар жүргізіледі. Мұндай жағдайда көлденең жүргізілетін әр тосқауыл боразда мен жыртылған арықтың қырлары суға тосқауыл болады, өсімдік суды жақсы сіңіреді және құнарлытопырақ ағып кетпейді.
№ 11 Дәріс - Өсімдік және топырақ жабынының өзара әрекеті.
Топырақтың табиғаттың басқа бөліктерінен ерекше бір ғажап қасиеті бар. Топырақ көптеген микроорганизмдердің, көп клеткалы организмдердің қатысуымен өздігінен тазаланып, қалпына келеалады. Демек, организмдердің, тіршілік процесінде мен жан-жануарлардың өліктері ыдырап минерал тұздарын, су, көмірқышқыл газы жасалады. Бұл заттарды өсімдіктер пайдаланады. Мұнымен бірге, топырақта қаршірік жасалып, топырақ тыңаяды. Топырақтың жаңа қабаты жасалады. Топырақ жасалуы көп уақытқа созылатын күрделі процесс. Совет және Американ топырақтану ғалымдарының деректері бойынша жер қыртысының 2,5 см-і жасалу үшін 100 жыл, ал бірқалыпты температурада 90см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл қажет екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалпына келуіне сыртқы ортаның факторлары да (ыстық, аяз) кедерге жасайды. Мысалы, Сібірдің жылуы жоқ жерінде осы кездің өзінде әлі бұзылмаған мамонттардың қалдығының табылуы бұған дәлел болады.
№ 12 Дәріс Биотикалық факторлар.
Тұздылығы жоғары топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады. (грекше «галос»-тұз). тұздылық мөлшері және ерекшеліктеріне қарай: сор және сортаң деп бөлінеді.
Сордың бет жағын тұзды су басып жатады. бұларда көктемде ылғал мол болады да, жазға қарай тұздылығы артып, бет жағы гипс есебінен жүреді. Сортаңда тұз топырақтың төменгі қабаттарында жиналады, жоғарғы қабаттары тұзсыз. Топырақтың бұл қабыты құрылымсыз болады. Топырақтың төменгі қабаты тағыз, кепкен кезде бағаналы бөліктерге және кесектерге жарылады. негізгі галофиттерге сор өсімдіктері жатады. Олар алаботалар тұқымдасының өкілдері. Сыртқы көрінісі жағынан галофиттер суккуленттерге ұқсас, суға қаныққан (салмағының 92%-не дейін). Тамырлары біршама нашар, тереңге кетпейді. Б.А. Келлер галофиттердің мынадай типтерін ажыратады: 1. Бұзаубас сортаң типі. Жапырақтары қатты өзгерген, шырынды, сабағы бунақталған өсімдіктер. 2. Шведка (Snaeda mfritima) типі. Жапырақтары өзгермеген, шырынды етженді өсімдіктер. 3. Көкпек типі. Жапырақтарының беткейінде көпіршік тәрізді түктерге ұқсас су сақтайтын ұлпалары болады. 4. Етженді емес сортаңдар типі. Өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында тұзды ерітінділер бөлініп тұратын бездері болады, осылар арқылы өсімдік өз денесіндегі артық тұздан арылады.
Өсімдіктердің басым көпшілігі үшін тұздың жоғарғы концентрациясы өте зиян, мысалы, ас тұзы топырақта 2-3 процент болған жағдайда өсімдік өледі. Осыған қарамастан галофиттердің денесінде ас тұзының мөлшері өте жоғары (49-50%-ке жетеді). Галофиттерге өте жоғары осмостық қысым тән, сондықтан олар тұзды топырақтан ылғал қабылдай алады. галофиттердің көпшілігінде, ол 20-30 атм, кейде 100 атм-ға жетеді, ал кейбіреулерінде 150 атм болады.
№ 13 Дәріс Өсімдік қауымдастықтары.
Өсімдік пен топырақ тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені топырақ-өсімдіктердің бекіну ортасы, сол сияқты органикалық қосылыстарды синтездеу үшін қажетті су мен минералдық заттардың негізгі көзі. Өсімдіктердің тіршілігі үшін топырақтың химиялық құрамы, физикалық қасиеті, құрылымы, ылғалдыылығы және тағы басқа ерекшеліктерінің маңызы зор.
Өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты үшке бөледі.
Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлылығына талабы өте жоғары (дала, орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).
олиготрофты (грекше «олигос»-аз, «троф»-қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) өсімдіктері жатады.
№ 14 Дәріс Өсімдіктердің тіршілік формалары.
Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер, гигрофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін «өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет ендірген ботаник ғалым А.Гумбольт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі папоротник, астық, мүк. Осындай «формалар» жиынтығы және олардың әрқайсысының үлесі зерттелген аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) анықтайды.
Құрылымдық топтар және өсімдіктер жамылғысының географиясы туралы ғылымның басты кезеңі А.Гризебахтың жұмысымен байланысты Ол өсімдік формасының санын 60-қа дейін жеткізіп оларды «өсімдіктер формасы» деп атады.
Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н.Краснов, А.Б.Келлер, И.Г.Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник – эколог А.Б.Келлердің (1933) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек». В.Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген, оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уақыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтайды.
А.Б.Келлердің анықтамасына екі негіз: генетикалық (белгілі бір систематикалық топқа жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған. И.Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.
Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі. Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады:
Ағаштар – жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер, қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.
Бұталар – жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардың айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы жер бетінде таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
Бұташықтар – бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см – ден аспайды (қара жидек, вереск).
Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар, жебір).
Лиандар – сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).
Жастықша өсімдіктер – қоректік заттерға кедей тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындағын, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді. сондықтан жастық пішіндес болады. Жсатықша өсімдіктер іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының, мұхиттағы тасты аралдардың, теңіз жағалауларының, арктикалық тундраның өсімдіктері (143-сурет).
Суккуленттер- су қорын сақтайтын өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустер, агавалар).
Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылар, ұзын және қысқа тамырсабақтылар, жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетінде столондылар.
Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсеріненпайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығы алынған.
Барлық жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік формаларын ескере отырып Дания ғалымы К. Раункиер (1905) өзінің соны жүйелеуін ұсынады. Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктердіңсыртқы бейнесі-габитусы емес, негізгі морфолого-физиологиялық ерекшеліктері алынды. Бұл жүйенің физиологиялық принципі-өсімдіктің тыныштық кезеңге (жауабы); морфологиялық принцепі-бүршіктердің немесе өркендердің өсімдіктер өсуіне қолайсыз жыл мезгілдері кезінде орналасуының топырақтың жоғарғы беткейіне қатынасы. Бұл жүйе іс жүзінде қолданылады және жабықтұқымдылардың тіршілік формаларының эволюциясын, ағаштардан бастап шөптесін өсімдіктерге дейін, зоналар бойынша көрнекілейді.
И. Джефридің, кейінірек Э. Синнота мен И.Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады.
К. Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі бес тобын ажыратады: Олар фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.
1. фанерофиттер (грекше «фанерос»-ашық, анық)- бұған ағаштар, бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабыршақтарымен жабылады. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар-ылғалды тропикалық орман өсімдіктері. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегафанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нанофанерофиттер (грекше «мега»-үлкен, ірі; «мезос»-орташа; «микрос»-кішкентай; «нанос»-ергежейлі) деп бөледі. К.Раункиер фанерофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады. Эпифиттер –ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік қабыршақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ерекше тіршілік формасы. Систематикалық құрамы және экологиялық топтары жағынан алуан түрлі.Басым көпшілігі папоротниктер мен орхидийлер. Эпифиттер тропикалық орманның ағаштарының діңдері мен бұтақтарының жоғарғы деңгейін мекен орнына пайдаланады, өсіп денесін жарыққа шығарады. Эпифиттер тек қана шөптесін өсімдіктер емес бұталар және ағаштар да бола алады. Экологиялық тұрғыдан орманның іш жағына қарайғы көлеңкелі жеріндегі ағаштарға орналасып өскен эпифиттер гигрофиттер, ал ағаштардың жоғарғы деңгейі, ұшындағы эпифиттер – ксерофиттер. Соңғыларының жапырақтары шырынды, олардың денесінде су қорын жинайтын арнаулы орындары, түйнектері болады.
2. Хамерофиттер – бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана (25 см-ден жоғарғы емес) жоғарғы орналасады. Бұларға бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташықтар, көптеген төсемелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шыға алады.
3. Гемикриптофиттер (грекше «геми» - жертылай; «крипто» - жабамын) – көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жабылып орналасады. Қыстап шығатын бүршіктерді өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қорғайды. Раункир гемикриптофиттерді протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер деп екіге бөлді. Протогемикриптофиттердің жандану бүршіктері орналасқан негізіне дейін жыл сайын шіріп кететін, жер бетінде ұзарған өркендері болады. Жертағанды гемикриптофиттердің топырақ деңгейінде тұтас қыстап шыға алатын қысқарған өркендері болады. Қыста алдында жертағанның сабағы жер бетінде қалатын бүршікті топыраққа қарай тартып орналасады.
4. Криптофиттер – жандану бүршіктерінің орналасуына қарай: геофиттер және гидрофиттер деп бөлінеді. Геофиттердің (грекше «гео» - жер) бүршіктері топырақта бір сантиметрге дейінгі тереңдікте орналасады. Бұған тамырсабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегетативтік өркені суға батып тұрады, сондықтан бүршіктері су астында қыстайды.
5. Терофиттер (грекге «терос» -жаз)-бір жылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.
№ 15 Дәріс Тірі табиғатқа әсер.
Жарықтың жасыл өсімдіктер үшін физиологиялық мәні зор, олар жарық жеткілікті болған жағдайда ғана қалыпты өсіп дами алады. Жарық өсімдіктердің сыртқы көрінісіне, анатомиялық құрылысына әсер етеді. жарық жеткіліксіз жерде өскен өсімдіктердің (этиолданған) реңі солғын жасыл, буынаралықтары ұзарған, жапырақтары майда. Табиғатта белгілі дәрежеде этиолданған өсімдіктер орманның төменгі белдеуінде, шалғында кездеседі.
Жарықтың өсімдіктердің сыртқы пішініне ғана емес, ішкі құрылымына да, әсіресе бәрі бірдей дәрежеде қажет етпейді. Соған байланысты өсімдіктерді үш топқа бөледі: 1) жарық сүйгіш өсімдіктер-гелиофиттер (грекше «гелиос»-күн). Бұлар жарық мол жерде ғана өседі. Бұған тундра, шөл дала және ормансыз тау шыңдарының өсімдіктерін жатқызуға болады. Қарағай, балқарағай, шаған, емен, тал жарық сүйгіш өсімдіктерге жатады. 2) көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық мол жерде тіршілік ете алады және де көлеңкеге де төзімді болады. Бұған шалғынның көптеген өсімдіктері, шырша, самырсын, шамшат, жөке ағашы, үйеңке, көптеген папортниктер мен мүктер т.б. жатады. 3) Көлеңке сүйгіш өсімдіктер-сциофиттер (грекше «циа»-көлеңке). Бұлар көлеңкелі жерлерде ғана тіршілік ете алады. Бұған еуропа құсықшөбі, саумалдық және көптеген орман өсімдіктері жатады.
Өсімдіктер физиологиясы. Даму тарихы.
Пәннің мақсаты және міндеттері.
Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және тірі организмнің қасиеттері.
Өсімдіктер физиологиясының әдістері.
Өсімдіктер физиологиясынан қысқаша сипаттама.
Өсімдіктер физиологисы өсімдік организмдегі тіршілік құбылысына байланысты процестердлі зерттейтің ғылым.Жер бетіндегі өсімдік әлемі төмен және жоғары сатыдағылар болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктер (санырауқулақтар, бактерияларө, көбнесе, бір клеткалы да, бүкіл әрекеттерін өздігінше, дербес жүзеге асыра алады. Жоғары сатыдағы осімдіктер болса коп клеткалы, ьелгілі тіршілік қызметін атқаратын, толып жатқан үлпалардан, мүшелерден түратын күрделі қүрылымды организмдер болып есептеледі. Осыған байланысты осімдіктер физиологиясы өзінің зерттеулерін жеке клеткадағы тіршілік әрекеттерінен бастайды. Содан кейін жеке мүшелердегі және түтас есімдіктегі минералдық коректену, фотосинтез, тыныс алу, сырқы ортаның қолайсыз жағдай ларына тозімділігін, есу мен дамуының физиологиялық негіздерін зерттейді.
Жоғары сатыдағы осімдіктердің негізгі мүшелері- тамыр, сабақ, дің, жапырақ, кебею мүщелері- гүл шоғыры, жемістер мен дәндер.
Басқа тірі организмдерге қарағнда есімдіктердің ездеріне ғана тән ерешеліктері бар. Олардың ішіндегі бірінші орынды олардың автотрофтағы, яғни коршаған ортадағы минералдык заттарды пайдаланып, алуан түрлі органикалық заттарға айналдырушылық қабілеттілігі алады.
Осімдік клеткаларының пішінің қалыптастыратың катты, ірі заттарды еткізбейтін тығыздалған қабатының болуы осімдік элемінің жалпы эволюциясына тиісті ықпал жасады.
Өсімідіктердің сулы ортадан қүрлыққа шығуы олардың қоректену мүшелерінің сыртқы ортамен жанасатын беттік аудандарына тәуелді етті. Осыған байланысты есімдіктердің сыртқы пішіндері қүрделеніп, бөлшектеніп, торамдалып, удайы үлғайыштык қасиет калыптасады.
Өсімдіктердің физиологиясының негізгі міндеті - есімдік организмнің еміріндегі тіршілік әрекеттерінің ішкі тетіктерін - механизмдерін, зандылықтарын, сыртқы орта жағдайларына байланыстылығының негіздерің
ашып, оларды адам қоғамының иінилигіне байланысты өзгертіп, иегудің өдістерін қалыптастыруға бағытталған.
Осы замандағы физиологиялық ғылыми зерттеулер төмендегі бағыттарда жүргізіледі
Биохимиялық бағыт- өсімдіктерде фотосинтез, тыныс алу процестерінде пайда болатын әр түрлі органиқалық қосындылардың тіршіліктегі маңызын зерттейді
Биофизикалық бағыт - клеткадағы энергетикалық процестерді есімдік электрофизиологиясының, су алмасудың, тамыр арқылы қоректенудің, фотосинтез бен тыныс алудың физико-химиялық зандылықтарын зерттейді.
Онтогенездік бағыт- ішкі биохимиялық және биофикалық процестерге тауеледі өсімдіктердің дамуының жасына байланысты зандылықтарды, морфогенезді және өсімдіктің дамуын иегерудиң мүмкіндік жолдарын зерттейді( фотопериодтық, өсімдіктерді шынықтыру, жасанды жарықтаөсіру т.б.ө.
Эвөлюциялық немесе салыстырмалы бағыт- белгілі түрдің, өкілдің филогенздік, сыртқы ортанын белгілі жағдайларында жеке өсімдік дамуының ерекшеліктерің ашып, генотип функциясы ретінде онтогенезді зерттейді.
