- •Жарыққа қатынасты өсімдіктердің типтері
- •Жарық –ботанико-географиялық фактор ретінде
- •Фотопериодизм
- •Ауаның ластануы
- •Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.
- •Дәріс- 1. Өсімдіктерді қорғау химиясы және технологиясы
- •Халықаралық экологиялық құқық
- •Дәріс-2. Өсімдіктердің минералды қоректенудің экологиясы.
- •Өсімдіктің қоректенуі. Өсімдік қоректенгенде міндетті түрде топырақты қолданады. Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.
- •Торпырақтың өсімдік қоректенуіндегі маңызы
- •Топырақтардың орташа химиялық құрамы, %
- •Топырақтың радиоактивтігі
- •Мазмұны: топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы
Ауаның ластануы
Адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын тозаң мен газдардың жалпы мөлшері атмосфераның бүкіл массасымен салыстырғанда өте аз. Мысалы, таза ауаның шамамен 240000 бөлігінде, ластанған заттың бір бөлігі келеді. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш км-лік қабатта шоғырланады. Мұндай шоғырлану әсіресе өнеркәсіпті қалаларда көп байқалады. Ауаның әр түрлі заттармен ластануы, бүлінуі алғашқы кезде өнеркәсібі ерте дамыған Европа мен Америкада басталғаны белгілі. Ол кезде ауаны тазартуға өндірістен заводтардан және фабрикалардан шығатын улы газдар, шаң-тозаңдар және тағы басқа зиянды заттарды ұстаудың тиісті, құралдарын ойлап таппаған. Соның салдарынан ауада улы қосылыстар жылдан-жылға көбейе берген. Мәселен, Англияның кәсіпорындарын құбырларынан жылына 420 миллион тонна шаң-тозаң, түтін, күйе, түрлі улы қосылыстар биосфераға тарап жатады.
Ауа екі жолмен: табиғи және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ауада үнемі аэропланктондар-бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары, өсімдіктердің тозаңдары және т.б. кездеседі. Ауаның табиғи ластануы қандай дәрежеде өтсе де, атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Үлкен вулкандар атқылағанда шыққан түтін мен күл шоғы жер шарын қоршап, атмосфераның көптеген кеңістігін алып кеткендігі байқалған. 1883 жылы тамызда. Каракатау вулканы атқылағанда шамамен 150 миллиард тонна шаң мен күл шоғын 32 км биікке дейін лақтырып тастаған. 1912 жылы 6 маусымда Аляскада Катамай вулканы атқылағанда Беллоруссияның маңайын қара түнек басып кеткен, соның нәтижесінде сол жылы басқа жылдармен салыстырғандакүннің ашық сәулелі мерзімі 4-5 сағатқа кем болған. Сол сияқты 1908 жылы тунгус метеориті түскенде де ұсақ шаңдар көтеріліп көп уақытқа дейін аспан кеңістігі күңгірт тартып тұрған.
Ауаны ластанудың негізгі кездері: жылу электростанциясы, металлургия, химия, мұнай өндіретін, цемент және басқа да заводтар мен фабрикалар. Ауаға шығатын заттың химиялық құрамы пайдаланған отынның түріне өндіретін өнімнің құрамына, өндірістің жасау тәсіліне және т.б. байланысты. Мысалы, Павлодардың алюминий заводы ауаны өзінің түтінімен бірге фторлы қосылыстарымен ластайды. Қарағандының синтетикалық каучук өндіретін заводы көмір қышқыл газын (СО2) , аммиак, күкірт қыщқылының буы, күкіртсутек, азот оксидін, қосоксидін т.б. ауаға шығарады. Атыраудың мұнайды қайта өңдеу заводында қоршаған ортаға да, адам өміріне де өте қауіпті күкіртсутек және т.б. улы заттар бөлінеді. Ақтөбенің химия заводы азот оксидін , фторлы газдар, сульфаттар арқылы ауаны ластайды. Жасанды талшық шығаратын өндіріс орындары сулы күкірткөміртек және жағымсыз иісті күкіртсутек бөліп шығарады. Қарағандының коксохимиялық өндірісі ауаны күкіртті және зиянды қосылыстарды, азоттың қосоксидін шығарып ластайды. Химиялық өнеркәсіпке тән сипат, олардың ауаға бөлініп шыққан заттары бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп өте күрделі, улы қосылыстар түсіп қоршаған орта ауасын жоғары дәрежеде ластауында.
Жылу электростанциялары көп мөлшерде ауаға шаң-тозаңдар, түтіндер мен күйелер қосады. Қуаты орташа жылу электростанциясы орталығы тәулігіне 2000 тонна сапасы төмен көмір жағып, ауаға шамамен 400 тоннакүл және 120 тонна күкірт оксидін шығарады. Оның ауаны қанша ластайтынын айтпаса да түсінікті.
Ауаны, шамадан тыс ластайтын өндірістің бірі-цемент заводтары. цементтен бөлінген шаңдар тек ауаны ғана ластап қоймай, заводтың барлық территориясын, оның маңайын қоса қамтиды.
Ауа тазалығын бұзуда автотранспорттың да айтарлықтай ролі бар. ірі қалаларда автомобильдер бөліп шығаратын улы көмір оксидінің мөлшері күннен күнге арта түсуде. Мамандардың есебі бойынша, бір машина сағатына ауаға 6-10 текше метрге жуық улы газ бөліп шығарады екен. Олай болса, Қазақстанның ірі қалаларында қаншама машиналар күні-түні тынымсыз жүріп жатыр? 1990 жылы автомобильдерден тараған лас 3,5 млн тоннадан асты.
