Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биологиялық ресурстар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.15 Mб
Скачать

3. Жануарлар ресурстары. Жабайы және үй жануарлары.

Жануарлар дүниесі туралы түсінік. Жануарлар дүниесі тарихи өзгерістермен пайда болған өз ареалына ие болған жануарлар түрлері жиынтығы есептеледі. Жануарлар қоректену, жасау жағдайы, әрекеті, жасау ортасымен түрлі топтарға бөлінеді. Жануарлар классификациясынан басқа бір түрге кіргенмен олардың таралуына қарап та оларды бірнеше топтарға бөлінеді (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік).

Қазақстанда жануарлар ресурстарын пайдалануына қарай бірнеше топқа бөлінеді: жабайы жануарлар, үй жануарлары, суда жасайтын жануарлар.

Жабайы жануарлардың біздің елімізде аңдардың 150, құстардың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, қос мекнділердің 12, балықтардың 8 түрі бар. Биоресурстарын пайдаланудың ежелден келе жатқан түрі аңшылық есептеледі.

Аңшылық жануарлардың терісі, еті үшін ауланады. Қазақстанда кеңес өкіметі кезеңінде ауланған аңдардың 34%-і, суырдың 40%-і ауланады.Орта Азия мемлекеттерінде ауланған аң түрлері дүние жүзі бойынша алғашқы орында тұрады. Қазіргі күндері « жұмсақ алтын » деген ат алып отыр. Ауыл шаруашылығында әсіресе, ет өнімлерін жетістіруде тұяқты аңдардан кең пайдаланады. Кеңес үкіметі кезеңінде олардың саны 6,5-7,5 млн болса, қазіргі уақытқа келіп 500 -600 мың шамасында қалып отыр.

1970 жылы тұяқты аңдар есебінен жылына 6,5мың тонна ет дайындаған. Қазақстанда балықшылықта өркендеген кәсіптің бірі есептеледі. Балық кәсібі Балқаш, Каспий өндіреді. Одан басқа да 11мыңға жуық кішігірім өзендер,7000 көл бар. Қазақстанда жылына 490 мың центнер балық өндіріледі.

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.

Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400 — ден аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250 — ден аса түрі кездеседі.

Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 –ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12, балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез – келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан және тағы басқалар кездеседі.

Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен (оның 350 түрі ұялайды) тұрады. Қазақстан палеарктикалық – зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай – ақ физикалық – географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төоттік дәірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.

Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы — сексеуілдер, бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң – тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.

Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды, қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей беткейінде тянь – шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы — орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман — жан – жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең көп залал келтіретін тілсіз жау — өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Бартов В.Ф. Экономические аспекты экологические аспекты.

2. Экологические кризисы. М.1970г.

3. Веклиг О.А. Эколого – экономические противоречия. Киев – 1991

4. Охрана ланщафтов М.1982г.

5. Природные ресурсы и охрана окружающей среды в респуб. Казахстан. А-А. 1994г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Госид 17.11.01.77. Гидросфера, Использование и охрана вод М.1977г.

2. Госид 27, 59, 3, 88. Почвы, термины и определения М. 1988

3. Госид 12,1.03.84. Атмосфера М. 1984г.

Қазақстан өсімдіктері ендік аймақтық, биіктік белдеулік, секторлық және интра аймақтық заңдылықтарына бағынады. Қазақстанның өсімдіктер жамылғысы Солтүстік Тысқарытропикалық Патшалығына жатады. Өсімдіктер жиынының түрлері бореалды (Орал-сібір формациясы. Алтайлық солтүстік-батыс формациясы), далалы (Заволжье-Қазақстандық формация, Алтайлық оңтүстік, Сауыр-Тарбағатайлық және Зайсандық провинция) және шөлді (Тибеттік формация) түрлеріне жатады. Келесі геоботаникалық аймақты өсмідіктер бірлестігіне бөлінеді: тау бөктерлі ормандалалы, селеулі-ормандалалы, (селеулі-түрлішөпті, бұталы дала); тау бөктерлі далалы (жусанды-бетегелі, жусанды-селеулі-бетегелі, жусанды-дәнді псамофильді шөлді дала) — Зайсан және Алакөл ойпаттарының солтүстік перифериясы; шөлді (далаланған және ксерофильді дәнді дақылдары басым кәдімгі шөл) — Зайсан және Алакөл ойпаттарының оңтүстігі. Биіктік белдеулігі Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Қалба таулары аудандарында анық байқалады. Аймақтарға бөлінеді (төменнен жоғары): таулы және тау алды орманды-шалғынды-далалы (балқарағайлы таулы ормандар майқарағайлы-балқарағайлы бұталық және далалымен бірлескен ); таулы-тайгалы және шалғынды-тайгалы (майқарағайлы таулы қылқан жапырақты кедр мен балқарағайлы бірлескен, бұталық және шалғын, сонымен бірге көктеректі, шыршалы бұталы, қарағайлы орманмен бірлескен); биік таулы шалғынды (альпі ормандары және Алтай мен Тарбағатайдың субальпілік шалғындарымен бірлескен дала, кейбір жерлерінде айрықшаланған мүк және қына басқан шалғын); биіктаулы тундралы (жасыл мүктері, қыналары басым, биік гүлді өсімдіктердің қатысуымен, жайылған бұталы және аласа бұталы). Жамылғы көріністі. Облыс аумағында интра аймақты өсімдіктер де дамып келеді, олар қосымша ылғанданған жағдайдағы бедердің төмендеуінде немесе бөлектенген қазаншұңқырлардың бетінде бар.

Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, әсіресе 54-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi — сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн — бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем—күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем — ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ — жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 — 215 түрi — эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты — жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi — эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер — аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер — аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi бар.