Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биологиялық ресурстар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

5. Маусымды және қорғауға алынған құстар.

Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындары жылына 3,2миллион құс атып алады екен. Оның 2,7 миллиондайы су құстары. Ал олардың 63% үйрек, 20% қасқалдақ, қаз тәрізді еті дәмді қанаттылар. Расында, жабайы қанаттылардың өсіп өркендеуіне қамқорлық жасап, саны сиреп бара жатқан түрлерінің қорын көбейтуге шаралар қолдансақ және жүйелі түрде аулау ісі қолға алынса жылына он шақты миллион құс еті халықтың пайдалануына жарар еді. Ол үшін құстарға қамқорлық жасап, корын молайту керек.

Бұлардың ішінде саны үрдіс азайып бара жатқан және өте сирек кездесетін қоқиқаз, аққу, бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз сияқты атуға үзілді кесілді тиым салынған түрлері бар. Табиғаттың осы байылғын қорғап, қорларының молаюына қамқорлық жасау үшін республика территориясында саны азайып кеткен құстардың қай көлдерде таралғаның, биологиялық ерекшеліктерін санын көбейту үшін қандай шараларды жүзеге асыру керектігін білу барша жұртшылыққа қажет ақ. Әңгімемізді халық сүйіп ардақтаған, «Құс падишасы» атанған аққудан бастаймыз. Жалпы түсі ақ, салмағы 12- 13 килограмға дейін жететін ірі құс Қазақстанда оның екі түрі сұңқылдақ аққу (лебедь- кликун) және сыбырлақ аққу (лебедь- шипун) тіршілік ететіндігін оқушы қауымдар жақсы біледі.

Сұңқылдақ аққу біздің өнірде бүкіл орманды дала және далалық аймақтағы көлдерде, Каспий теңізінің солтүстік шығысында, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінде кең таралған. Ал сыбырлақ аққу Арал теңізі, Сырдария, Ырғыс, Торғай өзендері бойындағы көлшіктерде көбікер. Мәселен, соңғы жылдардағы зерттеулер, қазірде жылына Торғай өзенінің төменгі жағындағы Жаркөлде -10, Жыңғылды көлде -24, Байтақта -20, Айкөлде - 50, Аққу ұя салатындығын көрсетті. Алайда, соңғы 10 – 15 жылдар ішінде Қазақстанның өзен көлдеріндегі аққу саны адам айтқысыз азайып кетті. Оның басты себебі, құрғақшылық кезде біраз көлдер өзінен -өзі құрғап қалса екіншіден ол адам әрекетіне байланысты.

Тегінде қыран құстар – жыл құсы сияқты көшпелі емес, көбінесе отырықшы, бір үйренген жерін көбірек сағалайды. Олардың көбі өзінің ұялаған жерін тұрақты мекен етеді. Тек аң аулау үшін ғана басқа жаққа ұшып барып қайта оралып отырады. Олар өсіп-көбейген күнде де бұрынғы ұялаған жерінен ауып басқа өлкеге кетпейді, көзіне таныс болған және тау-тасы, орманы, тоғайы ұқсас келген көрші аймақтарды қоныстап жүре береді. Бірақ қыран құстардың күнелту, аң аулау бәсекесінен туған бір өзгешелік – олар ұя басатын кезінен өзге уақытта әрқайсысы біріне бірі кездеспей, алыстан қара көрсетіп жүргенді тәуір көреді. Жұбайлы қыран құстар ұялаған жерінің маңайын қыс бойы қыстап, алысқа ұшып бармаса да, екеуінің бір қосылып жүргені сирек кездеседі. Дегенмен арасында қайшылығы көп өзге құстар сияқты бұлар алып жейтін жемі үшін бірін-бірі қудалап, бәсекеге түспейді. Ұялайтын кезіне дейін әрқайсысы өз бетінше аң алып жеп, жазғытұрым қайтадан қосылып отырады. Бұдан көрінетін мысал, саят құстарының еркегі мен ұрғашысы бір қосылғаннан кейін жіктерін ашпай, көбінесе ұялаған жерін төңіректеп жүреді. Қысқа қарсы олардың бөлектеніп жүруінің басты себебі – бұл кезеңде аңның тапшы кездесуінен. Бірақ мұнда да олар бірінен-бірі алыстап кетпей, қара көрсетіп, біріне-бірі көрші жүреді. Қыс өтіп жаз шыққан соң олар ұясының төңірегіне қайта жиналып, жаңадан қынаменде құрып, ұрпақ көбейту міндетін атқару жұмысына кіріседі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Бартов В.Ф. Экономические аспекты экологические аспекты.

2. Экологические кризисы. М.1970г.

3. Веклиг О.А. Эколого – экономические противоречия. Киев – 1991

4. Охрана ланщафтов М.1982г.

5. Природные ресурсы и охрана окружающей среды в респуб. Казахстан. А-А. 1994г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Госид 17.11.01.77. Гидросфера, Использование и охрана вод М.1977г.

2. Госид 27, 59, 3, 88. Почвы, термины и определения М. 1988

3. Госид 12,1.03.84. Атмосфера М. 1984г.