Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биологиялық ресурстар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.15 Mб
Скачать

2. Өсімдік биоресурстары. Ормандар және оның маңызы.

Өсімдіктер биоресурстары ежелден адамзат игілігіне пайдаланып келеді. Өсімдіктер ресурыстарының көпшілігін ормандар құрайды.

Орман биосферасының негізі компонентті б.е. Ол тұратқтылықты ұстайды және зат алмасудың өз-өзін реттеуіне қызмет ет. Сосын бірқатарда су тасқынынан қорғану, топырақты сақтау, денсаулықты тіктеуде үлкен қызмет атқарады.

Сондай-ақ жануарлардың жасау ортасын құрайды. Адамзат үшін ежелден жасау ортасын, азық-түлік көзі орман б.к. Бұл қасиет әлі күнге дейін жалғасып келешекте соның үшін ағаш дайындаудың негізгі орман б.е. Орман үй жаунарларын бағуда, шөп дайындауда, аңшылықта үлкен маңызға ие. Орманның эстетикалық маңызы жөнінде айтпаса да болады. Тұрмыста, қалалық ауданда көгалдандыру жұмысында пайдаланамыз. Орманшылықта үйренетін пәндер бірнеше олар орманшылық, ормантану, орман мәдениеті, геоботаника, дендрология, орман милерациясы. Бұл пәндер өсімдіктерді өсіру, олар арасындағы байланыс, сырт ортамен байланысын, ауа су режимін т.б. заңдылықтарды зерттеу. Солардың ішіндегі ең негізділері дендрология және орман милерациясы б.е.

Дендрология – ботаниканың бір бөлігі болып ағаштарды зерттейтін пән (гр. дендрон – ағаш, логос – ғылым). Дендрология пәні V-VI ғасырдан бері келе жатыр. Ол ағаштардың өсу этаптарын өсімдіктердің өсіп өркендеуін дәуірлерге бөліп зерттейді. Орман милерациясы болса адамзат жәрдемінде қоршаған ортаны табиғатты жаңарту жақсылауда қызмет етеді. Ол өз ішінен агролесомилерация ауылшаруашылығы орманшылығында қамтиды.

Дүниезүзі 7-ші орман конгресінде айтылғандай ең үлкен ресурстің бірі – орман ресурстары б.е. Халық қожалығында орманың аралау материалдары есебінде (қағаз, фанер) дайындалды. Орманнан тиімді пайдаланғанда фанер өңдеуін айтуға болады. Қазіргі уақытта фанерге талап күшейіп барады. Кейінгі жылдары ағаштар химиялық өндірісте кең қолданылады. Мысалы: целлюза, қағаз т.б. талшық алынады. Сонымен бір қатарда жануарлар үшін ашытқы, этилл спирті,фурфурае, көмір қышқылы, құрғақ легни тағы басқалар алынады. Ине жапырақты өсәмдіктерді аралаудан алдын гектарына бірнеше тонна сымала алынады. Орман химиялық өндірісінде Ғ ғы айтылған басқа сірке қышқылы, дубильді заттар, көмір т.б. өндіріледі. Халық шаруашылығында орман өнімдерінен негізгі аралық және қосымша өнімдер алынады.

Негізгі өнім – ағаш материалдары аралық өнім- бұтақтар, апилкалар т.б.

Қосымша өнім – жайлау шөп дайындау, жеміс-жидек. Орман милерациясында төмендегідей мақсатта жұмыстар атқарылады.

А) ені 12,5-15 метірдей аралықты қорғаныс үшін (жел, дауыл, қар т.б.)

Б) су тасқынынан сақтау үшін 15 м енділікте

В) селден сақтау, пырылудан сақтау үшін 20-15 м ендікте ағаштар егіледі. Сондай – ақ қар, тау көшу т.б. жзұмыстарда да пайдалланылады. Орман милерациясын дұрыс пайдалану аул шаруашылығында үлкен пайдасын тизізеді. (жеміс-жидек). Орманшылардың экологияны тіктеуде маңызы зор. Олра құс, жануарлардың жағдай үшін жақсы жағдай жасайды.

Орман құрылысы. Орман ярусты жайласқан болады. Үлкен ормандар 2-3 ярусты болады. Ярус есептеледі. Ярус негізгі орманды құраушы б.е. Себебі биік ағаштан құралған болады.2ші 3 ші ярустар әдетте көлеңке сүюші өсер б.е. Көп ормандарда 3-ші ярус болмайды ормандарды есепке алу токсация белгілеріне қаралады.

Тоқсация грекше өлшеу деген сөзді білдіреді токсация орманныі құрылысы мінездемесі аңықталады орман құрамына қарап екіге бөлінеді.

1. Таза ормандар. Бір түрдегі ағаштан құралған.

2. Аралас ормандар. Тұрлі ағаштардан құралған

Ормандар түріне қарап екіге бөлінеді.

1. Жай ормандар – бір ярусты.

2 Күрделі ормандар – көп ярусты.

Орманнның қалындығы гектар есебінде есептеледі. Мысалы: жүз қарағай дана га (дана, га, д,га) орманнның өніміділгі шаруашылық банитед деп аталады. Онда ағаштың жуандығы жемісі қосымша өнімдер есепке алынады.

Ормандар пайдалануына, көлеміне қарай үш топқа бөлінеді:

1.Судан және желден қорғаушы ормандар. Бұлар өзен, көл, авто, темір жол бойларында егіледі. Бұл ормандардан біз өндірісте пайдаланбаймыз.

2.Көп тұрғындар жасайтын орталық орындарда қорғаныс және денсаулықты тіктеу үшін отырғызылады. Бұл ормандар шектелген түрде пайдаланылады.

3.Бұл ормандар көп аудандарды иелейді. Оларды өндірісте және ағаш материалдарын даярлауда кең пайдаланамыз.

Өсімдіктер ресурстарынан жартылай бұта шөптесін өсімдіктер қоры да үлкен маңызға ие. Олар медицинада биологиялық белсенді заттар жасауда кең пайдаланады.Өсімдіктер ресурстарының тағы бір пайдалысы ауыл шаруашылығы өсімдіктер есептелді.Ауыл шаруашылық өсімдіктерінен адамзат өздеріне қажетті киім кешек, азық түлік жасауда кең пайдаланады. Біздің Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 5770 түрі өседі. Төменгі сатыдағылардың 500 ге жуығы өседі.

Орман шаруашылығы– экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.

Орман қоры. Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4,2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%).

Жұмыскерлер. Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктері.

Қазақстан аумағының орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктеріне қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:

шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман);

солт-тегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы);

оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;

оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады. Егістікті қорғау үшін қолдан отырғызылған орман жолақтарының ауыл шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

Орманды пайдалану. Орман шаруашылығы жұмыстары.

Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар.