- •Б.Ғ.К., доцент
- •Дәрістер жинағы
- •1.Қазақстан биоресурстарының маңызы.
- •2. Өсімдік биоресурстары. Ормандар және оның маңызы.
- •3. Жануарлар ресурстары. Жабайы және үй жануарлары.
- •Дәріс № 2 Шөл, шөлейт аймақ өсімдіктері.
- •1. Қазақстандағы шөл, шөлейт аймақтары.
- •2. Шөлейт аймағы, климат және өсімдіктердің дүниесі.
- •3. Шөл аймақтары, климаттық жағдайы және өсімдіктері.
- •Дәріс № 3 Құмды аймақ өсімдіктер дүниесі. Құм аймағы топырақтары.
- •1. Құмды аймағына жалпы сипаттама. Солтүстік құм аймақтары өсімдіктері.
- •2. Құм аймағы топырақтары. Оңтүстік құм өсімдіктері.
- •3. Құм аймағы топырағы түрлері. Топырақ құрамы тұздылығы.
- •4. Эфемерлер мене эфемероидтардың ерекшеліктері.
- •Дәріс № 4 Қазақстан су қоймалары өсімдіктер қоры. Өндірісте пайдаланылатын және қорғауға қажетті өсімдіктер дүниесі.
- •1. Су қоймаларына сипаттама. Су қоймаларында өсетін өсімдіктердің ерекшелігі.
- •2. Қазақстанның су қойма өсімдіктерінің өкілдері.
- •3. Қазақстанда жойылып бара жатқан өсімдіктер.
- •Дәріс №5 Қазақстан жануарлар дүниесі.
- •2. Биоэкологиялық аймақтарда жануарлардың таралуы.
- •3. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланыстылығы.
- •4. Су құстарының сипаттамасы және миграциясы.
- •5. Маусымды және қорғауға алынған құстар.
- •Дәріс №6 Бірқазандар және аққулар.
- •1. Бірқазандардың сипаттамасы. Бұйра бірқазан ерекшелігі.
- •2. Қызғылт бірқазанның тіршілік етуі, көбейуі.
- •3. Аққулардың сипаттамасы және тіршілік етуі, маңызы.
- •Дәріс № 7 Бұталы орман құстары. Қазақстанда су жануарларының ресурстары. Балықтар.
- •1. Бұталы орман құстарына сипаттама.
- •2. Қырғауылдың тіршілік етуі, оны өсіру, маңызы.
- •3. Бекіре балығы мен насос тұқымдастар.
- •4. Тұқы (карп) тұқымдастар.
- •5. Көксерке тұқымдастар және лақа тұқымдастар.
- •1. Тұқы балықтарының сипаттамасы. Қарапайым сазан балық.
- •2. Қазақстандағы балық шаруашылығының маңызы.
- •1 −Кесте. Тоғанды балық шаруашылығының белдеулері
- •3. Усцинов және ысылдағыш геккон.
- •4. Шөл және түркістан агамасы. Сұр варан (кесірткенің бір түрі).
- •Дәріс №9 Жыландар отряды.
- •1. Соқыр және бума жыландар тұқымдасы.
- •2. Ала және улы жыландар.
- •Жылан жайлы аңыздар
- •Уының емдік қасиеттері
- •3. Су жыландарына жалпы сипаттама.
- •4. Қарапайым су жыланы тіршілігі. Жыландардың өндірістегі маңызы.
- •Дәріс №10 Қосмекенділер мен сүтқоректілер класы.
- •1.Каспий, батпақ, шөл тасбақалары.
- •4. Кірпі тустылар.
- •5. Жер қазушылар мен қол қанаттар туыстары.
- •Дәріс № 11 Жұп тұяқтылар отряды. Қабан туысы. Бұғылар отряды.
- •1. Жұп тұяқтыларға сипаттама.
- •2. Қабандар көбеюі, маңызы, жаулары, аурулары.
- •3. Еліктердің сырт көрінісі, жасау жағдайы, маңызы.
- •Дәріс № 12 Ұсақ мүйізділер туыстығы. Жайран және сайғақ (бөкен). Азия муфлогы және Архар.
- •1. Ұсақ мүйізділер сипаттамасы
- •2. Жайран мен бөкеннің сырт көрінісі және маңызы
- •3. Муфлондар келіп шығуы.
- •4. Архарлар, олардың маңызы.
- •Дәріс № 13 Кемірушілер және қоян тәрізділер отрядтары.
- •1. Тиындар туыстығы және жай тиындар. Тиындарды өндірісте пайдалану.
- •2. Сарышұнақ және құбыжық.
- •Сары сарышұнақ
- •Дикарбз (құбыжық). Түрі эхидна
- •3. Қоян туыстары.
- •4. Пишуха туыстылар.
- •5. Қоян туыстылардан пайдалану
- •1. Қожанның сырт көрінісі. Екі түсті қожан.
- •2. Ұзын құлақ жарқанат. Жарқанаттар маңызы.
- •3. Нутрияның келіп шығу тегі. Қазақстанда нутрия өндірісі және көбейіп дамуы.
- •Дәріс № 15 Андатра. Жыртқыштар отряды. Ит тустылар. Қасқыр.
- •1. Андатраның келіп шығуы және сырт көрінісі.
- •2. Андатраның кемшілігі және өндірісі.
- •3. Ит туыстыларға сипаттама. Қасқырлар түрлері, жасау жағдайы.
- •4. Түлкі оның жасау жағдайы. Ит туыстылардан өндірісте пайдалану.
Дәріс №6 Бірқазандар және аққулар.
(1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Бірқазандардың сипаттамасы. Бұйра бірқазан ерекшелігі.
2. Қызғылт бірқазанның тіршілік етуі, көбейуі.
3. Аққулардың сипаттамасы және тіршілік етуі, маңызы.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Бірқазандардың сипаттамасы. Бұйра бірқазан ерекшелігі.
Бірқазандар (Pelecanidae) – ескекаяқты құстар отрядына жататын құстар. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес күн өтісімен ұядан ұшады. Бірқазан 3-4 жасында жұмыртқалай бастайды. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.[
Бұйра бірқазан. Қазақстан территориясында екі түрлі: бұйра (кудрявый пеликан) және қызғылт (розывый пеликан) бірқазандар тіршілік етеді. Бұлар ертеден халық құрметтейтін құстардың бірі. Бір кезде Гадчиндегі жетім балаларды тәрбиелеу институтының (орта білім беретін оқу орны) киім формасындағы түймеде балапандарын қоректендіріп тұрған бірқазан бейнеленген де, астында «тәрбие беретін үйдің пайдасына» деген жазу бар. Түймедегі жазуға барлығы да үйреніп кетті, ешкім бұл жерде бірқазанмен тәрбие үйінің қандай байланысы бар деп сұраған жоқ. Ондағы жазу карта ойынынан түскен табыс жетім балаларды тәрбиелеейтін мекемеге көмек дегенмен парапар еді. Бірқазан – бұл жағдайда жас ұрпақтарға жан аямай қамқорлық жасаудың символы есебінде бейнеленген. Көне дәуірдегі халықтардың сенімі бойынша, бірқазан балапандарын тәрбиелеуде, кеудесін жыртып, өзін-өзі құрбандыққа шалып ұрпақтарын өзінің жанымен қоректендіреді екен. Оның жетім балаларға қамқорлық жасаудың символы есебінде бейнеленуіде осыдан болуға тиіс. Мұндай ырым-сенім бірқазанның отырған кездегі ерекше қалпын көргеннен шықса керек. Кейде ол мойнын жоғары қарай созып алып, тұмсығын кеудесіне қатты қысып отырады. Мұндай кейіпті бұл құс қауырсынын тазалаған кезде немесе тұмсығының астындағы қапшығынан балық аулаған кезде құйылған суды төгіп жіберу үшін пайдаланады. Баланы тәрбиелеу мен қамқорлыққа алудың белгісі ретінде суреттеліп жүрген бірқазандар қандай қанаттылар еді, енді соған тоқталайық.
Ересек бұйра бірқазанның қауырсыны көбіне ақ, желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді. Оның аты да осыған байланысты қойылған болу керек. Аяғы сұр, тұмсығының астындағы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары келеді. Салмағы 13кг дейін жететін алып құс. Оның дене пішінінде, әсіресе, тұмсығының формасы көңіл аударады. Ол өте ұзын және төменгі жағында азық жинайтын созылғыш қапшықпен жабдықталған. Оның құрылысы бізді таңдандырмай қоймайды. Ол тек Мың аралдан 60-65 тей ғана құс санаған. Ертеде Сарыкөлдің құстың көптігімен атты шыққан еді. Соңғы кезде онда бұйра бірқазанның шағын – шағын тобы қалды.
Алакөл аралдарында қазірде бұл құстың 2,5-3 мыңдай ұя салады. Сөйтіп, бұл баяндаулар да Оңтүстік Қазақстанның өзен-көлдерінде бірқазанның аз қалғанын айқын көрсетеді. Осы алып ірі құсты қорғап қалу үшін қазір мүмкін болған жағдайдың барлғын жасау қжет болып отыр.
Бірқазандар - өте сақ және батыл құс. Керекті уақытта жауарынан жақсы қорғана да біледі. Мәселен, жараланған құс қанатымен, тұмсығымен адамды ұрып оған әлі жеткенше айбат шегеді. Аспанда үлкен биіктікте ұшып келе жатқан ол адамды көзі шалса болды, бұрылып ала жөнеледі. Өзінің мөлшері мен салмағының үлкендігіне қарамастан бірқазандар ұшатын кезде жүгірмей – ақ аспанға тез көтеріледі, жазда көп уақыт аспанның салқын биігінде қалықтауды ұнатады. Жер бетінде теңселіп ауыр қозғалады. Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды.
