- •Б.Ғ.К., доцент
- •Дәрістер жинағы
- •1.Қазақстан биоресурстарының маңызы.
- •2. Өсімдік биоресурстары. Ормандар және оның маңызы.
- •3. Жануарлар ресурстары. Жабайы және үй жануарлары.
- •Дәріс № 2 Шөл, шөлейт аймақ өсімдіктері.
- •1. Қазақстандағы шөл, шөлейт аймақтары.
- •2. Шөлейт аймағы, климат және өсімдіктердің дүниесі.
- •3. Шөл аймақтары, климаттық жағдайы және өсімдіктері.
- •Дәріс № 3 Құмды аймақ өсімдіктер дүниесі. Құм аймағы топырақтары.
- •1. Құмды аймағына жалпы сипаттама. Солтүстік құм аймақтары өсімдіктері.
- •2. Құм аймағы топырақтары. Оңтүстік құм өсімдіктері.
- •3. Құм аймағы топырағы түрлері. Топырақ құрамы тұздылығы.
- •4. Эфемерлер мене эфемероидтардың ерекшеліктері.
- •Дәріс № 4 Қазақстан су қоймалары өсімдіктер қоры. Өндірісте пайдаланылатын және қорғауға қажетті өсімдіктер дүниесі.
- •1. Су қоймаларына сипаттама. Су қоймаларында өсетін өсімдіктердің ерекшелігі.
- •2. Қазақстанның су қойма өсімдіктерінің өкілдері.
- •3. Қазақстанда жойылып бара жатқан өсімдіктер.
- •Дәріс №5 Қазақстан жануарлар дүниесі.
- •2. Биоэкологиялық аймақтарда жануарлардың таралуы.
- •3. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланыстылығы.
- •4. Су құстарының сипаттамасы және миграциясы.
- •5. Маусымды және қорғауға алынған құстар.
- •Дәріс №6 Бірқазандар және аққулар.
- •1. Бірқазандардың сипаттамасы. Бұйра бірқазан ерекшелігі.
- •2. Қызғылт бірқазанның тіршілік етуі, көбейуі.
- •3. Аққулардың сипаттамасы және тіршілік етуі, маңызы.
- •Дәріс № 7 Бұталы орман құстары. Қазақстанда су жануарларының ресурстары. Балықтар.
- •1. Бұталы орман құстарына сипаттама.
- •2. Қырғауылдың тіршілік етуі, оны өсіру, маңызы.
- •3. Бекіре балығы мен насос тұқымдастар.
- •4. Тұқы (карп) тұқымдастар.
- •5. Көксерке тұқымдастар және лақа тұқымдастар.
- •1. Тұқы балықтарының сипаттамасы. Қарапайым сазан балық.
- •2. Қазақстандағы балық шаруашылығының маңызы.
- •1 −Кесте. Тоғанды балық шаруашылығының белдеулері
- •3. Усцинов және ысылдағыш геккон.
- •4. Шөл және түркістан агамасы. Сұр варан (кесірткенің бір түрі).
- •Дәріс №9 Жыландар отряды.
- •1. Соқыр және бума жыландар тұқымдасы.
- •2. Ала және улы жыландар.
- •Жылан жайлы аңыздар
- •Уының емдік қасиеттері
- •3. Су жыландарына жалпы сипаттама.
- •4. Қарапайым су жыланы тіршілігі. Жыландардың өндірістегі маңызы.
- •Дәріс №10 Қосмекенділер мен сүтқоректілер класы.
- •1.Каспий, батпақ, шөл тасбақалары.
- •4. Кірпі тустылар.
- •5. Жер қазушылар мен қол қанаттар туыстары.
- •Дәріс № 11 Жұп тұяқтылар отряды. Қабан туысы. Бұғылар отряды.
- •1. Жұп тұяқтыларға сипаттама.
- •2. Қабандар көбеюі, маңызы, жаулары, аурулары.
- •3. Еліктердің сырт көрінісі, жасау жағдайы, маңызы.
- •Дәріс № 12 Ұсақ мүйізділер туыстығы. Жайран және сайғақ (бөкен). Азия муфлогы және Архар.
- •1. Ұсақ мүйізділер сипаттамасы
- •2. Жайран мен бөкеннің сырт көрінісі және маңызы
- •3. Муфлондар келіп шығуы.
- •4. Архарлар, олардың маңызы.
- •Дәріс № 13 Кемірушілер және қоян тәрізділер отрядтары.
- •1. Тиындар туыстығы және жай тиындар. Тиындарды өндірісте пайдалану.
- •2. Сарышұнақ және құбыжық.
- •Сары сарышұнақ
- •Дикарбз (құбыжық). Түрі эхидна
- •3. Қоян туыстары.
- •4. Пишуха туыстылар.
- •5. Қоян туыстылардан пайдалану
- •1. Қожанның сырт көрінісі. Екі түсті қожан.
- •2. Ұзын құлақ жарқанат. Жарқанаттар маңызы.
- •3. Нутрияның келіп шығу тегі. Қазақстанда нутрия өндірісі және көбейіп дамуы.
- •Дәріс № 15 Андатра. Жыртқыштар отряды. Ит тустылар. Қасқыр.
- •1. Андатраның келіп шығуы және сырт көрінісі.
- •2. Андатраның кемшілігі және өндірісі.
- •3. Ит туыстыларға сипаттама. Қасқырлар түрлері, жасау жағдайы.
- •4. Түлкі оның жасау жағдайы. Ит туыстылардан өндірісте пайдалану.
4. Су құстарының сипаттамасы және миграциясы.
Қазақстанның ұлан - байтақ жері су қорларына өте бай. Әсресе, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл, Есік,Ертіс,Іле, Шу, Сырдария сияқты өзендердің тигізер пайдасы зөр. Бұл өзендердің суы көктемде молайып, олардың атырауында айдын көлдер мен көлшіктер пайда болады. Қазір су шаруашылығы мамандарының мәліметі бойынша респбуликамызда 35 мыңнан астам көл бар. Олардың үштен біріндейі Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарында. «Су бар жерде өмір бар» дегендей жағаларында жайқалып қамыс, құрақ өскен бұл жерлерде көгілдір айдын еркелері су құстары мекендейді.
Республикамызда қанаттылардың 481 түрі кездесе, оның 56 дан астам түрі аңшылық шарушылында зор маңызы бар су құстары.
Біздің аймақта су көздерінің мол болуы көктемде су құстарының жаппай үшіп келуне, ұя басуына және олардың түлеуіне мүмкіндік береді. Сырдария, Шу, Іле өзендері мұз құрсауынан босай бастасымен-ақ аққу, қаз, үйректер ұшып келе бастайды. Мәселен, Целеноград облысындағы Қорғалжын көліне 32 мың қасқалдақ, сегіз мыңдай үйрек және көптеген аққу, қаз ұя салады.Қазақ ССР Ғылым академиясы Зоология институтының жүргізген ғылыми зерттеулерінде су құстарының өніп өсуі аяқталған мезгілде олардың саны үш төрт есе ұлғаятындығын анықтады. Яғни күзгі аңшылық маусымы ашылған кезде республика суларында 10-12 миллиондай құс (оның кырық проценті қасқалдақ)тіршілік етеді деген сөз. Оған қоса, сентябрь айының аяғында Сибирьден жылы жаққа қарай ұшкан он миллиондай құс біздің өлкемізді басып өтеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңізші!
Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік түмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әр- бір түрінде түрліше болады. Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құймышақ безі жақсы жегілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады. Сүңгуірлер — өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен та-бады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді. Сол сияқты чистиктер де жақсы сүңгиді. Жер бетімен нашар қозғалады. Құрлыққа тек қана ұя салу, балапан басу кезінде ғана шығады. Нашар ұшады, кейбір түрлері тіпті ұшпайды. Ұясын су жағаларынан қашықтатпайды. Сүңгуірлерге: қайрлар, балта тұмсықтар, гагарлар, поганкалар жатады. Ауада — суда кездесетін кұстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тумсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Сонымен қатар жақсы жүзеді. Кейбір түрлері ғана сүңги алады. Олар ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп байқап, кұйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады. Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен шағалалары. Жерді және суды мекендеуші — құстар тобына: үйректер, аққулар, қаздар жатады. Олар ұясын су коймаларынан жырағырақ салады. Басқаларына қарағанда еулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы — сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді. Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі. Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бө-ліктерін мекендейді. Нашар сүңгиді. Отырған жерінен бірден тік жоғары көтеріліп, жақсы ұшады. Бұталы, шөптесін су қоймаларында жиі кездеседі. Қаздардың сулы ортамен байланысы шамалы. Су жағасына ұялағанымен суға өте сирек түседі. Құрлықтағы өсімдіктердің тұқымымен, көк жасыл бөліктерімен қоректенеді. Аузындағы “сүзгі аппараты” үйректерге қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді.
