Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биологиялық ресурстар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.15 Mб
Скачать

2. Биоэкологиялық аймақтарда жануарлардың таралуы.

Ертедегі зоогеографтар Орта Азияның жануарлар түрлерінің құрамына қарап бірнеше аймақтарға бөледі. Бұл жөнінде алғаш болып Н.А. Сверцов жұмыс алып барды. Ол Орта Азия аймағын 4 зоогеографиялық аймаққа бөледі.

1.Солтүстік Шығыс- Балқаш, Ыстықкөл, Нарын.

2.Орталық аймақ – Шу, Талас, Шатыркөл, Төменгі Нарын.

3.Солтүстік Батыс – Қаратау, Арыс, Сырдария, аралға дейін

4.Оңтүстік Батыс – Сырдария, Қызылқұм кіреді.

Одан кейінгі фауна анализімен М.А. Менсберг айналысты. Олда жоғарыдағы аймақтарға қосылған. Бірақ ол жануарлар құрамын есепке алып олардың экологиялық байланысына мән береді. Соның үшін ол екі аймаққа бөледі. Кейін бұл жөнінде Н.А. Зарудный, Б.А. Кузнецов,А.П. Кузнякиндер өз еңбектерін сіңіреді. Бірақ олар құрлықтағы жаруарларды есепке алған.

Л.С. Берг біздің территориямызда дүниежүзілік экологиялық аймақтарға бөлгенде эхтиофауна элементерін есепке алып тек галоартикалық аймақ деп белгіледі. Ол кейін Орта Азия аймақтарын Жерорта теңізі және Азия жоғары тау аймақтары дер екіге бөледі. Жерорта аймақтарына Каспий, Арал теңізі. Амудария, Сарысу, Шуды кіргізеді. Жоғары тау аймақтарына Балқаш, Тибет, аймақтарын кіргізеді. Бірақта аймақтар жоғарыда айтылғандай түрлі туман болғандықтан олардың шекерелерін қою өте қиын болады. Бұл мәселе әлі күнге дейін тартысумен келеді. Орта Азия Қазақстан фаунасы көбірек Оңтүстік Европа, Солтүстік Америка, Кіші Азия фауналарын характерленсе құстар фаунасы Б.К. Штыгманың жер орта теңізінің фаунасы мен сипаталады. Жерорта теңізі аймақтары фаунасы біздің фаунамызға сәйкес келеді. Мысалы: көбірек балықтар түрі, бауырмен жорғалаушылар, т.б.

Кем түрде болсада Жерорта теңізінің құстарыда кездеседі. Кейінгі фауналы топты Сибір фаунасы иелеп олар Хвой және ежелгі өсімдіктер аймақтарын құрайды. Сондай – ак ол аймақ тобына бауырмен жорғалаушылар, құстардыда кездестіруге болады.

Тірі организімдер өздерінің табиғи жағдайда сырт орта және өз ара түрлі жіпшелермен байланыста болады. Бүтін табиғатта биологиялық комплекстер арқылы ажыратуға болмайтын байланыста болып біріншісін өзгертірсе, екіншісін жоюға дейін барады.

3. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланыстылығы.

Жануарлардың өсімдіктермен байланыстылығы тек қоректік заттар арқылы көреміз. Мысалы: жануарлардың өсімдіктермен, жыртқыштардың етпен қоректенуі. Бірақта бұл жерде табиғат арқылы байланыстылығын айқын көруге болады. Мысалы: жануарлардың ін құруы, кемірушілердің сақтануы үшін топырақты жер бетіне шығаруы. Мысалы: құстар 1 түнде 15- 20 грамға дейін шығын шығарады,бұның нәтижесінде гектарына 300-600 килограмға дейін азот пайда болады.

Бұл жануарлардың өсімдектерге қолайлы жағдай жаратуы болып есептеледі. Сондайақ өсімдіктердің таралуында сүтқоректілердің рөлі үлкен .Мысалы: теріге пайдаланатын жануарлармен олардың жүні арасымен көптеген тұқымдар таралады. Сондайақ көпшілік жануарлардың асқазанында қорытылмайтың тұқымдар олардың тезегі арқылы кең көлемге тарайды. Адам баласы өсімдіктер дүниесін меңгеру басталғаннан бері өсімдіктермен жануарлар арасында үлкен қарым қатынас барлығымен соқтықты. Ол қарым қатнасын зерттеу әлі күнге дейін үлкен мәселе болып келеді. Өсімдікиеп ішінде көбірек жәндіктерден зиян көретін өсімдік бидай болып есептеледі. Тек кемірушілер отряды Қазақстан үшін үлкен шығын. Қазақстанда бір хамияк ініне жылына 16 килограмға дейін бидай таситыны анықталды. Сондайақ бау бақшада және техникалық егіндерде сүткоректілердің үлкен зиян көреміз. Омыртқалылар отрядының пайдасы жөнінде айтсақ шаруашылықтағы медицина тағы басқа өндірістердегі өнімдерді көрсетуге болады.

Әрбір экожүйе өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің жиынтығынан тұрады, қоректену түрі бойынша екі топқа бөлуге болады:

автотрофтар (өздігінен қоректенушілер) ұдайы өндіру мен өсу үшін минералды элементтерді қолданатындар мен фотосинтезді іске асыруға қабілетті жасыл өсімдіктер. Фотосинтез - күн энергиясының көмегімен су және көмір қышқыл газын қантқа айналдырудың күрделі процесі. Осындай жолмен қант пен азықтық минерал элементтерінің судан немесе топырақтан пайда болуы нәтижесінде, өсімдік өздерінің организмдерінің құрамына кіретін күрделі заттарды синтездейді. Басқа сөзбен айтқанда химиялық жай заттар: ауа, су, тау жыныстарының минералы мен топырақтар белок, май және көмірсутегі сияқты күрделі қосындыларға айналады. Өздігінен қоректенуші (автотрофтар) — бұл экожүйенің продуценттері (лат. рrоduсеns — өндіруші) органикалық еместен органикалық зат құратындар. Осы органикалық заттардан өсімдіктер мен жануарлардың тканьдері құралады. Фотосинтезделетін өсімдік экожүйенің қалған организмдерінің барлығына азықты өндіреді, сондықтан оларды продуценттер деп атайды.

Гетеротрофтар — (азық) коректену үшін органикалық заттарды қажет ететін организмдер. Бұл организмдерде зат алмасудың күрделі жолдары бар. Өз кезегінде барлық өздігінен қоректенушілер тұтынушы организм (консументтер) мен бастапқы органикалық емес компоненттерге (редуценттер) ыдырайтын органикалық заттар организмдері. Консументтер (лат. коnsumento – тұтынамын, қоректену) — бұл организмдер органикалық заттарды тұтынады. Оларға жататындар құрттар, балықтар, молюскалар жэне өзге де бунақ аяқтылар, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер және адам. Консументтер: бірінші — шөп қоректі жануарлар, екінші, үшінші және одан да жоғары реттегілер жануарлармен қоректенеді. Олар — жыртқыштар (ет қоректілер), сонымен қатар талғаусыз қоректілер (немесе эврифагтар) өсімдіктерді, т.б. жейтіндер (аю, түлкі, шошқа, тарақандар т.б.).

Редуценттер (латынша rеduсеns — қайта келуші, қалпына келуші) — өлі органикалық заттардың ыдырай бастаған организмдері. Өлі және жартылай бұзыла бастаған органикалық зат — детритпен қоректенетін түрлі сапрофит бактериялары, ұсақ саңырауқұлақтар және қалдықтармен коректенетін жануарлар — осыларға жатады. Топырақта — қалдықтармен қоректенетін ұсақ омыртқасыздар, мысалы, ұсақ кенелер, жер құрттары, көпаяқты құрттар; су экожүйесінде — молюскалар, крабтар мен құрттар; шіріген кезбе — бактериялар; өсімдік қалдықтары шірігенде — саңырауқұлақтар. Құрамы мен белсенділігі бойынша бұл редуценттер бірлестіктерінен әр алуандылығы өзге бірлестіктерге қарағанда кем емес. Ал, бұлар біздерге азды-көпті болса да таныс.

Бірде-бір организм басқалармен байланыссыз өмір сүре алмайтыны көпшілікке белгілі жайт. Әрбір тіршілік иесі тек қана қоршаған ортамен үйлесімді түрде, экожүйенің белгіленген шеңберінде тұра алады. Көрнекі құрал ретінде орманды алуға болады. Экологиялық жүйеде барлық организмдер арасындағы байланыстар өзара жалғасқан және қоректік арақатынасының күрделі тізбегін құрайды немесе трофтық тізбек (продуценттер — консументтер — редуценттер), қалай айтқанмен де қорек (азық) организмдердің тіршілік әрекетіндегі маңызды фактор.

Жануарлар мен өсімдіктерде белгіленген трофтық немесе қоректік байланыстардың орасан сандағы өзара бейімделулері туындады. Сандар пирамидасы деп аталатын экологиялық жүйенің айқындық заңдылығы бар. Осыған байланысты тізбекті звено құрайтын қатарда жеке даралардың саны үнемі азая береді. Мәселен, солтүстік ормандарда 1 қасқырға шамамен 100 бұлан, Африка саванналарында ірі жыртқыштарға (арыстан, қабылан, сілеусінге) 350-ден 1000-ға дейін жабайы жануардан келеді. Қасқырлардың саны мен тәулік ішінде азықты қажет етудің мәліметі орташа есептелді. Күнтізбелік жыл ішінде 2400 қасқыр — 7480 қабан, 5560 бұлан, 4020 елік алады. Жануарлардың қоректік тізбектегі санының жүйелі түрде азаюына сәйкес, олардың жалпы биомассасы да кемиді, ал бұл экожүйеге энергия ағынының қысқаруына әкеліп соқтырады.

Биоценоздағы айрықша трофтық байланыс — паразитизм, бір түр иесі өзге паразитке қызмет етеді — тек қорек түрінде емес, уақытша немесе тұрақты мекеніне де қызмет етеді (мысалы, фитофтора). Селбесу (симбиоз) деп аталатын (бұршақты түйнекті бактериялар) түрлер арасындағы өзара пайдалы байланыстар бар.

Көптеген орта параметрлерінің жиынтығы осы немесе басқа түрлердің тіршілік жағдайын анықтайтын функционалды сипаты оның экологиялық қуысын көрсетеді (энергияға айналдыруы, өзі тектестермен және ортамен ақпарат алмасуы). Н.Ф. Реймерс бойынша, экологиялық қуыс — экологиялыц жүйе ішіндегі түрлер ортасы немесе оның популяциялық тіршілік жағдайының жиынтығы. Сонымен, өзі мекендейтін әрбір түр аумаққа, өндіру функциясымен байланысты, қоректік қажеттілігіне сәйкес орынды иеленеді. Осындай экологиялық байланыстар биоценоздың белгіленген құрылымын жасайды. Биоценоздар — динамикалық жүйелер, олар тұрақты даму жолында және оларға сукцессия тән.

Сукцессия (латынша — suссеssіо — тұқым қуалау, бірізділік) бір биоценозды өзгенің тізбекті түрде ауыстыруы. Бұл құбылыстың мәні мынада, биоценоздың ішкі ықпалының дамуы нәтижесінде олардың қоршаған ортамен өзара әрекеті біртіндеп «ескіреді» және биоценоздың өзге үлгілерімен ауысады. Көлді қамыс пен өсімдіктер басса, ол батпақ болып, кепсе жайылымға айналады; өрттен кейін орманда топырақ жыныстарының ауысымы болады.

Экологиялық жағдайдың маңыздысы сол, әр текті күрделі биоценоздардың түрлі сыртқы әсерге қарсы тұруының тұрақтылығы соғұрлым жоғары болады.

Табиғи биоценоздардың қосынды түрлері эволюция процесінде бір-біріне бейімделгені соншалықты, өздерінің биогеоценоз құрылымдары жайында, толық қамқорлық жасағандай тұрақтылығымен анықталады. Жыртқыштармен оның жемтігінің арасындағы өзара қатынастары кері байланыс деп аталатыны мысал болады. Бір түр екіншіге зиян келтіреді және онсыз өмір сүре алмайды. Тағы бір мысал, әйтеуір жәндіктің бір түрінің өсімдік текті қорегі мол болса, сол жылы оның популяциясы тез көбейіп, саны артады. Тепе-тендіктен шығаруға ұмтылатын жағымсыз кері байланыс жүйесінде керінеді. Бірақ, популяция санының шамадан тыс артып кетуі, өсімдік текті қорек қорларының азаюына әкеледі. Осындай жетіспеудің нәтижесі жүйедегі жағымсыз кері байланысты оның бастапқы қалпына қайтарып әкеледі.