Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 Лекции.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.45 Кб
Скачать

Тақырып №1Психология және адам дамуы пәні,мақсаттары мен міндеттері

Даму дегеніміз – адамның уақыт өте дене құрылысының, ойлауының және тәртібінің организмнің биологиялық процестерінің қоршаған орта ықпалы қортындысында пайда болатын өзгерістер.

Даму аймақтары.

Даму 3 түрлі аймақта жүреді: физикалық, когнитивтік және психосоциалдық.

Физикалық аймақтарға мынадай физикалық мінездемелер кіреді:

Дене мен ішкі құрылыстардың формасы мен өлшемдері, ми құрылысының өзгерісі, сенсорлық мүмкіндіктер.

Когнитивтік аймақ блқ ақыл – ой қабілеттіліктерін және пихикалық процестерді, сонымен қатар нқтақыл – ой ұйымын қосады.

Бұған мынадай аймақтар жатады: қабылдау, ойлау, тапсырмаларды шешу, сөз, қиял.

Психосоциалдық аймаққа жеке адам қасиеті мен әлеуметтік білімдер жатады: Жеке адамға тән индивидуалдық және эмоционалдық стиль ерекшеліктері. Адамдардың әлеуметтік шындыққа көңіл бөлу ерекшеліктері.

Адамның бұл үш аймақта дамуы бір уақытта және өзара байланысты жүріп отырады.

Тәжірибе жүзінде оны баланың алғашқы өмір кезеңдерінен байқауымызға болады.

Даму деңгейінің жалпы мінездемесі.

Физикалық Адамнаң денесінің, бойының өзгеруі. Бұнда сыртқы өзгерістер: бой, салмақ және ішкі өзгерістер: сүйек өзгерістері, бұлшық ет, ми және сізім органдары. Бұл аймаққа тағы кіретіндер: денсаулық және қозғалыс түрлері. (жүру, еңбектеу, жазу білімдері).

Когнитивтік Ойлауға және проблемаларды шешуге қатысы бар психологиялық процестерді қосады. Қабылдауда, есте сақтауда, творчестволық қиял және сөздік қорда болатын өзгерістерді ала жүреді.

Психосоциалдық Тұлғааралық қарым – қатынас және жеке адам дамуын қамтиды. Бұл екі сферасы өзара байланысты. Бірі даму жағынан «Мен» концепцияны қамтыса, екіншіден әлеуметтік білімдердің құрылуын және тәртіп модельдерін қарастырады.

Даму психологиясындағы жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі эксперименталды зерттеудің мәндерін,жас ерекшелік психологиясындағы теория мен практиканың байланысын ашу. Жас ерекшелігінің дамуының фундаментальды және қолданбалы зерттеулерімен студенттерді таныстыру.

Жас ерекшелік психологиясының қолданбалы мәнділігін және денсаулық сақтауда, оқыту мен тәрбиеде, диагностика мен коррекцияда практикалық сұрақтарды шешу мүмкіндіктерін көрсету.

Жас ерекшелік психологиясы ғылымның бір саласы зерттеу обьектісі адамның жас ерекшелігі. Жас ерекшелік психолгиясының бөлімдері

1 Балалар психологиясы (0-7 жас)

2 Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы(7-11)

3 Жеткіншек (11-16)

4 Жас өспірім (16-20)

5 Ересектер психология (25-60)

6 Қарттар психологиясы (65 - өлгенге дейін)

Жас ерекшелік психологиясы адамның дүниеге келгеннен бастап өлгенге дейінгі дамуын зерттейді. Бұл саланың негізгі бөлшегі балалар психологиясы, жеткіншектер мен жас өспірімділердің есею процесін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясының қарастыратыны балалар, үлкендер мен студенттер және қарттар(геронтология). Жас ерекшелік психологиясы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы: педагогика, физиология, анатомия және т.б. Жас ерекшелік психологиясы баланың ақылының кіріп қалай есейгені, ал анатомия дене құрылысының әр жасқа қарай дамуын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы ғылыми түрде дамымай тұрған кезінде адамдар баланы оқытып, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық салаларына , мысалы: мал бағу, егін салу, баубақша жұмыстарына үйретті. Осы кезде туған туысқандары жас мөлшерлерімен санасып кім жасына қарай қаншалықты ақылды немесе ақылсыз екенің біліп оқыған, бірақ бұл мәселелерді ғылым деп санамаған. 19 ғасырдың ортасында жас ерекшелік жалпы психологиядан бөлініп шығуына Ч. Дарвиннің зор ықпал етті . Бұл пәннің ғылым болып шығуына біріншіден әсер еткен балаға туғандардың, ата- ананың күрделі жазылуы және оны талдауы. Екіншіден эксперемент тәсілін кенінен қолдану. Дарвин өз заманында жануарлардың өз мінез- құлқын зерттеу мен ғана қоймай өзіне деген қажетті мағлұматтарды балаларды зерттеу арқылы жұмыс жасаған. 20 ғасырдың басында психологтар арасында өз балаларына күнделік жазу қолға алынды. Мысалы: немістін атақты психологы Тистерн әйелімен бірлесе отырып ұзақ жылдар бойы баласының психикалық дамуының жөнінде күнделік жазды, соның нәтижесінде көптеген енбектер жарыққа шығарды. Кеңес психологы А.Н. Гвоздив сегіз жылдай өз ұлының сөйлеу қабілетін зерттей отырып «орыс тілінің грамматикасының балада қалыптасуы» деп кітап жазды. 20 ғасырдың басында АҚШ психологы Келлоктар өз балаларымен қатар маймылдың баласын бірге тәрбиелеп өсіреді. Кеңес психологы Ладыжина маймылдың баласы өз балаларымен бірге төрт жылдай бағып соның негізінде адамның және маймылдың балалары деген еңбек жазды.Жас ерекшелік психологиясының дамуына эксперементалды психология көп әсерін тигізді. Оған үлес қосқан психологтар Штерн (1871-1933) Пияже (1896-1980) 1928 жылдың АҚШ Колифорния университетінде психологиялық лабораториялық генетикалық әдісттерқолданды. Бұл жағдайда 248 баланы зерттеген кейін 18 жасқа толғанда зерттеп отыр.

Тақырып№2 Психология және адам дамуының негізгі ұғымдары

Пісіп – жетілу (созревание) – генетикалық тұрғымен сәйкес дамып, жетілу, даму процесі.

Пісіп - жетілу процесі алдын – ала жоспарланып, бағдарланған өзгерістер бойынша жүреді. Организмнің сртқы пішіні ғана емес, сонымен қатар оның күрделі формалары, функциялары, интеграциясы.

Дұрыс тамақтанбау немесе организмнің ауруға шалдығуына байланысты пісіп – жетілуді бөгеуі мүмкін. Бірақ, мұның барлығысы жеткілікті болған күнде де, арнайы стимулдар қолданылса да адам жедел дамымайды. Адамның дене органдары мен моторлық қабілеттерінің дамуы әртүрлі жылдамдықта жүреді.

Өсу функционалдық мүмкіндіктердің және күрделі органдардың немесе тұтас организмнің оптималды жетілгенге дейінгі өлшемдерінің ұлғаюы.

Қартаю Оптималдық жетілгеннен кейін болатын организмдегі биологиялық өзгерістер.

Қоршаған ортаның адам дамуына ықпалы.

Үйрету (научение). Дамумен байланысты индивидтардың өзгеруінің негізгі процесі. Қортындысында адам жеке тәжірибеге ие болады.

Әлеуметтену (социализация) – жалпы процесс. Әлеуметтенудің арқасында адам әлеуметтік топтар мүшесі болады: қоғамдар, жанұя, әлеметтену өзіне барлық қондырғыларды (установка) меңгеруді қосады. Олар: пікірлер, дәстүрлер, өмірлік құндылықтар, рольдер. Бұл процесс өмір бойына созылады.

Экологиялық жүйелер моделі.

Бұл модель американдық психолог Ури Бронфенбреннермен енгізілген, ол бүгінгі күнде адам дамуына ықпал ететін модель түрі. Бұл психолог бала дамуының экологиялық ортасы бір – бірін сәйкестестіріп тұратын 4 жүйеден тұрады деген. Олар: микросистема, мезосистема, экзосистема, макросистема.

Микросистема – Баланың жақын ортасы: жанұя, бала бақша немесе мектеп. Микросистеманы психологтар жиі зерттеген.

Мезосистема – 2 немесе одан да көп микросистемалардың өзара байлансы. Бұл жерде дамуға мектеп пен жанұя қарым – қатынасы, немесе мектеп пен құрбыларының арасындағы ресми және бейресми байланыстар қатты ықпал етеді. Мысалы: ата – аналардың мұғалімдермен үнемі қарым – қатынасы. Баланың мектептегі жетістіктеріне ықпал етуі мүмкін.

Экзосистема – Балаға әлеуметтік орталардың немесе қоғамдық құрылымдардың әсер етуі. Мыс: ата – аналарының жұмыс орны, өмір жағдайының жақсаруы.т.б.

Макросистема – Ол өзіне өмірлік құндылықтарды, заңдарды, индивидум өмір сүретін ортаның заңдары мен дәстүрлерін қосады.

3 Тақырып. Психология және адам дамуының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.

Жас ерекшелік психологиясы зерттеу әдісттері: Зерттеу әдістерінің екі жолы бар. 1. Салыстыру2. генетикалық.1 салыстыру жолында әр жастағы адамның психологиялық дамуын зерттеді. Мысалы 7-11 жасында. Әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолдану арқылы салыстырды. Салыстыру жолының мұндай түрін кесенді тәсіл деп атайды. Себебі салыстыру кезінде бала психологиясы үздіксіз зерттелінбейді. Екінші генетикалық жол: бұл салада баланың бір қасиетін алады да ұзақ уақыт зерттейді. Мысалы: 10 жылға созылуы мүмкін. Зерттеудің бұл жолы сирек кездеседі. Яғни бір немесе бірнеше адамды ұзақ жылдар бойы үздіксіз зерттеуі қиын. Бақылау әдісі кенінен қолданады. Ол әдейі мақсат қойып адамның мінез-құлқын іс-әрекетін тексеру. Адамдар ісінің нәтижесіне қорытынды жасау зерттеу әдісінің бір түрі. Адам ісінің қорытындысына мысалы: қыздың тіккен кестесіне, суретшінің салған суретіне, шебердің салған мүсініне қарап психологиялық ерекшелігін байқауға болады.

Әңгімелесу әдісі: адам психологиясының сырын білудегі әдіс. Бірақ кез келген әңгіме адам сырын білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгімелер арасындақандай сұрақтар қою жөнінде ойлау керек. Әңгімеде көлденен сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мысалы: бала мұғалімге шының айтқысы келмесе, шының айтуға біреуден қорықсапсихологиялық жағдайға байланысты сұрақ ойлау керек.

Жас ерекшелік психология әдістерінің бірі австирияның психологы Морено Ұсынған социометрия әдісі. Бұл тәсіл бір ұйым немесе топ адамдарының психикалық дамуын зерттейтін тәсіл.

Тест тәсілі: адамдарға белгілі бір тапсырма беру арқылы оның жеке психикасын анықтау.

4 Тақырып. Психология және адам дамуының қазіргі мәселелері.

Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп - тамырымен өзгертеді. Қоғамдық қатынастар жүйесінде ол енді жаңа тәртіп—оқушыны осыдан шығатын барлық заңдар мен міндеттерді иеленеді. Мектеп оқушыларының типтік қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері үшін, орта мектеп жасына өтудің дайындығының негізгі қажеттілігі ретінде оқушы позициясының ішкі қабылдауы жүйелі, бұған біртұтас жүйелі факторлар себепші болады.

Оқушылардың жеке-басының қалыптасуына, әсіресе оның психологиялық дамуында негізгі шешуші рольді оқу-әрекеті атқара бастайды, бұл жолда баланың ғылыми білімдерді қарқынды меңгеруі жүреді, танымдық және ақыл-ой күштері дамиды. Белгілі психолог Д.Б. Эльконин оқу әрекеті арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынастарының барлық жүйесі мен жеке қарым-қатынасы білінеді, деп көрсетті.

Әр түрлі жас сатыларындағы психикалық және физикалық даму ерекшеліктері Дүниеге келу бала организімі үшін үлкен өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадан, яғни ана құрсағынан ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын алуан түрлі тітіркендіргіштерге толы ауалы ортаға мүлдем жаңа жағдайға келеді. Яғни бұрынғы тірі жан дәрежесімен ақыл ойылы адам болып өсетін дүниеге келеді. Терінің қатты тітіркенуі мысалы: ине шаңшу дененің қорғаныш тартылысына, бетінің алдыңдағы бір нәрсенің қаралтуы қабағының тиюы, жарықты кенеттен кенетен көбейту көздің жұмылуына себепші болады. Бұл қорғаныш рефлексі деп атайды. Нәресте дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде жарық көзіне қарай басын бұрады. Бұл бағдарлау рефлексі деп атайды. Емізу, бетіне жақындату қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады.Бала тітіркендіргіш жақа басың бұрып ауызын ашады.Бұл бағдарлау тамақтану рефлексі деп атайды. Жаңа туған балада көптеген реакциялар пайда болады. Бірінші ему реациясы, бала ауызына салған нәрсені сора бастайды. Екінші жармасуреакциясы, алақаны бір нәрсеге тисе ұстап алады. Үшінші итету реакциясы, табанына жаннаса итереді. Жаңа туған нәрестеде әсердің көпшілігіне аяқтарымен қолдарың жөн-жозықсыз қимылдатып қоздырып жауап береді. Өмірінің алғашқы аптасында көру мен естуі жақсы жетіледі. Екі үш айға қарай бала үлкендерге көңіл аудара бастайды. Ересек адам балаға қарағанда, бала жимиып күледі. Бұны жадырау комплексі деп атайды.

Бір жас ішінде бала қимылдап қозғалысы дамыйды және психикалық процесстермен қасиеттерінің қалыптасуы көп болады. Бала мойының ұстаудыды, отыруды, еңбектеуді, тік тұруды бірнеше қадамжасауды үйренеді. 3-4 айлық кезінде жармасу қимылдары пайда болады. Бала өзінің қызықтырған жылтыраған затқа ұмтылады, қолын созады, ұстауға тырысады. Жармасу әрекетімен қатар затты сілкілеу, талқылдату, лақтыру, сияқты қарапайым қимылдарды дамыды. Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігі артады.Қоршаған ортаның өзгерісін бала қайталайды, Мысалы: қол шапалақтау, үлкен кісінің күлгенің қайталау. Нәрестелік шақтың соңына қарай бала үлкендердің іс - әрекетін қайталап еліктеушілік қасиетін көбейтеді. Әдие жасаған әрекеттерімен еліктеу бала ақылының күшті дамып келе жатқаның көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]