Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6variant-10_karta_okonchatelny_variant (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.64 Кб
Скачать

Кіріспе/

Халық шаруашылығының суды пайдаланбайтын саласы жоқ, ал ол суды су көзінен тұтынушыға өз сапасында жеткізу үшін көптеген гидротехникалаық құрылымдар мен гидравликалық машиналар жұмыс істейді. Оларды жобалау,құру және пайдалану үлкен инженерлік өнер, ол үшін гидравликалық есептеу әдістерін жете игеру қажет.

Гидравликалық-суйықтың қозғалысы мен тыныштық күйінің заңдылықтарын зерттейтін және оларды инженерлік практикада пайдаланудың төте әдістерін қарастыратын техникалық ғылым.

Гидравлика – қолданбалы ғылым, сондықтанда гидротехникалық құрылымдарды,сумен қамтамасыз ететін қондырғаларды, гидромашиналарды және т.б су шаруашылығына қажетті жүйелерді қарапайым инженерлік тәсілдермен,эмпирикалық формулармен жуықтап есептеуге бағышталған. Ал гидромеханика сұйық құбылыстары мен қозғалыстарының жалпы ерешеліктерін физикалық және математикалық тәсілдермен дәлме-дәл анықтауға арналған.

Болашақ инженер сұйықтың тыныштық күйінің,оның қарапайым қозғалыстарының теңдеулерін құра алуы және оны шеше білу шарт. Сонымен қатар сол алған білімін практикада,іс жүзінде пайдалана білуі тиіс.

1 Елді мекенің және оның шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету желісін жобалауындағы гидравликалық есептеу

Сумен қамтамасыздандырудың есебі ҚМНЕ II-31-94 көрсетілгендей ережелерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

1.1 Сумен қамтамасыздандыру есебі

Суды тұтыну нормасы – суды тұтынушының бір тәулік ішінде орташа пайдаланылатын су көлемі.Су құбырларын жобалау кезінде қажетті су көлемі суды тұтыну нормалары негізінде анықталады.Коммуналды сектордағы суды тұтыну нормасы негізінен екі факторға байланысты: біріншісі абаттандырылу деңгейі,ал екіншісі аймақтың климаты.

Шаруашылықпен ауыз су қажеттіліктеріне судың орташа тәуліктік шығынның Qтәул.орт төменгі формула бойынша анықталады:

Qтәул.орт=q*N=200*3500=700*103 л/тәул

мұндағы q- 1 кесте бойынша қабылданатын тұтыну су нормасы,

N-тұрғындар саны.

Тәулігіне суды ең көп тұтыну көлемін төменгі формула бойынша есептелінеді:

Qтәул.мах=Kтәул.мах * Qтәул.орт =1,1*700*103 =770*103 л/тәул

Kтәул.мах– суды тәуліктік бірқалыпсыз тұтыну коэффициенті (коммуналды және мал шаруашылық секторлары үшін) 1,1-ден-1,3 –ге дейін қабылдаймыз.

Судың ең жоғарғы сағаттық есептеу мөлшерін,Qсағ.мах төменгі формуламен бойынша анықтаймыз:

Qсағ.мах=Kсағ.мах * Qтәул.мах/24 =2,1*770*103 /24= 67,375*10 3 л/сағ

Шаруашылықпен ауыз суының сағаттық ең жоғарғы бір қалыпсыз тұтыну коэффициент Kсағ.мах төменгі формула бойынша анықталады:

Kсағ.мах= αмах* βмах =1,4*1,5=2,1

Мұндағы αмах –жергілікті жағдайлар мен ғимараттардың абаттандырылу деңгейін есептейтін коэффициент,1,2-1,4 теңдепқабылдаймыз,ал βмах - 2 кесте бойынша тұрғылықты жерлердегі тұрғындар санын есепке алып қабылданатын коэффициент.

Секундтық есептеу шығыны:

Qс= Qсағ.мах/3600 =67,375*103 /3600=18,7 л/с

1.2 Шаруашылықты суменқамтамасыздандыру

Жеке қолдағы малдарға және көкініс,жидек ағаштарының суарылуына және ішкі алаңдарды ылғалдандыруға жұмсалатын тәуліктік су мөлшерін әр тұрғынға шамамен 50-90 л-ден алынады, ал тәуліктік бірқалыпсыз коэффициенты, Kтәул.мах =2 деп қабылдаймыз.

Судың орташа тәуліктік шығынын Qтәул.мах төменгі формула бойынша анықталады:

Qтәул.орт=q*N=90*3500=315*103 л/тәул

Тәулігіне суды ең көп тұтыну көлемін төменгі формула бойынша есептелінеді:

Qтәул.мах=Kтәул.мах * Qтәул.орт =1,1*315 *103 =346,5*103 л/тәул

Судың ең жоғарғы сағаттық мөлшеріесептеу мөлшерін, Qсағ.махтөменгі формула бойынша анықтаймыз:

Qсағ.мах=Kсағ.мах * Qтәул.мах/24 =2*346,5*103 /24=28,875*103 л/сағ

Секундтық есептеу шығыны:

Qс= Qсағ.мах/3600 =28,875*103 /3600=8л/с

1.3 Малшаруашылықты сумен қамтамасыздандыру

Қоғамдық малдарға судың мөлшерін 3 –кестеде көрсетілген нормалар бойынша қабылдаймыз.

Тәуліктік бірқалыпсыз коэффициентін, Kтәул.мах =1,1 қабылданады,ал сағаттық ең жоғарғы бірқалыпсыз коэффициенті, Kсағ.мах =2,5 тең деп қабылдаймыз.

Су нормасының шығынына торларды, мал тұрған жерлерді және сүт ыдыстарын жууға кететін су көлемдері, жемдерді дайындау,сүтті суытуға кететін шығындар кірістірілген. Қиларды алуға жұмсалатын малдың әр басына шаққандағы 4-тен 10 литрге дейін қосымша су шығынын қабылдаған жөн.

Судың орташа тәуліктік шығынын Qтәул.мах төменгі формула бойынша анықталады:

Qтәул.орт=∑q*N=450*100+350*30+300*60+750*15+1500*10=133,25*10 3л/тәул

Тәулігіне суды ең көп тұтыну көлемін Qтәул.махтөменгі формула бойынша есептелінеді:

Qтәул.мах=Kтәул.мах * Qтәул.орт ,л/тәул=1,1*133,25=146,575*103 л/тәул

Судыңең жоғарғы сағаттық мөлшері есептеу мөлшерін, Qсағ.махтөменгі формула бойынша анықтаймыз:

Qсағ.мах=Kсағ.мах * Qтәул.мах/24 =2,5*146,575*103 /24=15,26*103 л/сағ

Секунтық есептеу шығыны: Qс= Qсағ.мах/3600 =15,26*103 /3600=4,2 л/с