Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Вирусты гепатиттер лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Базисті терапия

  1. Диета – Cтол N5. Жеке модификацияланған витаминдер жиыны,әсіресе C,P,E,B6,B12 витаминдері,сонымен қатар басқа да терапевтикалық дозадағы витаминдер, минеральды сулар.

  2. Асқазан-ішек жолын қалпына келтіретін, дисбактериоз,ішектік экзотоксиннің жиналуын, эндотоксинемияны қалпына келтіретін заттар. Мұндай заттар қатарына эубиотиктер (лактобактерин,бифидумбактерин,колибактерин және т.б.). Ферменттер жетіспегенде,ішектік антисептиктер және антибиотиктер дұрыс сорылмағанда бактисубтил,энтерол-250, лактулоза қолданады.

  3. Метаболитикалық қасиетке ие болатын гепатопротекторлар,олардың кейбіреуі анаболиктер болып табылады:рибоксин,цитохром С,тиоктацид,гептрал,гепарген, сирепар,флаваноидтар(силибор,карсил,легален,катерген),лив-52,гепалив,эссенциале және т.б.

  4. Вирусқа қарсы спазмолитикалық әсер көрсететін және өт шығаратын әсері бар дәрілік шөптер.

  5. Физиотерапевтикалық шаралар,емдік физкультура.

  6. Психологиялық (психотерапия,гипноз және т.б.), әлеуметтік-маманданған терапия аспектілері және реабилитация (ауыр физикалық күштен босату, психоэмоциональды және әлеуметтік қолдау).

Емі сәйкес келетін аурулар жағдайлар,симптоматикалық заттар.

Емдеудің арнайы әдістерін қамтитын синдромальды терапия.

Созылмалы гепатиттегі цитолитикалық синдром ақуыз препараттары (альбумин), ұю факторлары (плазма,криопреципитат), жаңа паринизирленген қанды ауыстырып құю, қанды пласт арқылы перфузиялау, экстракорпоральды детоксикация және т.б. сияқты коррекцияны қалайды.

Холестатикалық синдромда энтеросорбенттер (холестирамин, билингин, карболен, полипефан, ваулен), сонымен қатар, соңғы жылдары урсофалька, хенофалька препараттары, гемо-, плазмосорбция тағайындалады.

Аутоиммунды синдромда иммуно дайындалған энтеросорбенттер таайындалады: азатиоприм (имуран), делалгил, кортикостероидтар, плазмосорбция, жүйелік энзималар (воэнзим).

Созылмалы гепатит антимикробты заттар (трихопол, ампициллин, аугментин және т.б.) қолданылады.

СВГ емдеудегі негізгі бағыттарын сипаттайтындарға мақсаттандырылған комплексті терапия, вирусқа қарсы комбинирленген терапия (интерферондар), базистік фондағы және синдромдық терапиялар жатады.

Вирусқа қарсы препараттарды тағайындау көрсеткіші репликация фазазына байланысты.

Этиотропты (вирусқа қарсы) терапия

Синтетикалық нуклеозидтар (қайтымды транскриптазының ингибаторлары):

  • - азитодимитин (ретровир) – 600-800 мг/ тәулігіне және т.б.;

  • - ламивудин (эпивир, ЗТС) – 300 мг/тәулігіне;

  • - рибавирин (синтетикалық нуклеозид) 0,1-ден 2,0-ге дейін г/тәлігіне.

Протеазаның ингибиторлары:

    • криксиван 1,2 - 2,4 г/тәулігіне мөлшерімен

СВГ спецификалық терапия варианттарының иммуноглубин анти-НВѕ жоғарғы типтерімен және гепатитке қарсы генді-инженерлі вакцина жатуы мүмкін.

Генді-инженерлік рекомбинантты альфа-интерферонын (ИФН альфа) емдік тәжірибеде кең қолданылады. Вирусқа қарсы әсерлеріне ИФН альфа - 2b (Интрон А, Реальдирон, Виферон), тағы ИФН альфа – 2а (Реаферон, Реаферон А және т.б.) препараттары қолданылады. Рекомбинантты ИФН ұзақ қолданылып, науқас ағзасында көп мөлшерде антиденені нейтролиздеуші – ИФН түзіледі, сол кезде табиғи ИФН – Албфаферон, Вэлферон, Эгиферон тағайындалады.

Препараттарды курстық мөлшерімен аптасына 3-6 млн МЕ п/к немесе бұлшықетке 3 реттен тағайындап, ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейін созылады.

Интерферонның пролонгирленген әсерінің (PEG-интрон және т.б),қолдану тәжірбиесі жиналады,аптасына 1 реттен көп тағайындалмауы керек.

Созылмалы неверифицирленген вирусты гепатитта ИФН тағайындау көрсеткішіне: клиникалық мәліметтердің бірігуі,аурудың асқынғанын, АлАТ белсенділігі жатады.

СГ иммунобейімдеушілік терапияда интерферон индукторы (циклоферан, амиксин және т.б.), интерлейкиндер (ИЛ-1,ИЛ-2), тиопоэтин тобындағы препараттарды (глутоксим,моликсан және т.б) қолданылады. Оны дәрігер иммунолог қадағалап отырады.

Диспансерлік бақылау өмір бойы инфекциялық аурудың кабинетіне немесе мамандандырылған гепатологиялық орталығында жүзеге асады.

Вирусты гепатиттің маркерлерін анықтауда тәжірибедегі қолданылатын нұсқауы.

Диагностикалық тәжірибеде қолданатын вирусты гепатиттардың маркерларын және олардың клиникалық мағынасын қарастырамыз.(2-ші кесте).

ВГ-тың диагностикалық маркерлары 2-ші кесте

Нозология

Маркер

Маркер сипаттамасы

Клиникалық мағынасы

Гепатит А

Ig M анти-

HAV

Вирусты гепатит А

М класты антидене

Жедел инфекцияны көрсетеді

Ig G анти-

HAV

Вирусты гепатит А

G класты антидене

Инфекциямен ауырғандығын көрсетеді немесе HAV-постинфекция, қанда өмір бойы сақталады.

Гепатит Е

Ig M анти-

HEV

Вирусты гепатит Е

М класты антидене

Жедел инфекцияны көрсетеді.

Ig G анти-

HEV

Вирусты гепатит Е

G класты антидене

Инфекциямен ауырғандығын немесе HAV-постинфекцияны көрсетеді.

Гепатит В

HBs Ag

HBV беткейлік антиген

HBV-ның инфекцияланғанын маркерлейді.

HBe Ag

HBV ядролық «е»-антиген

Гепатоциттағы HBV репликациясын көрсетеді, қанның инфекцияланғанын және вирустың перинатальды берілу қауіпі жоғары.

HBc Ag

HBV ядролық «core» антиген

Гепатоциттағы HBVрепликациясын маркерлейді, қанда бос күйінде анықталмайды, тек бауырдың биоптаты және аутопсияда морфологиялық зерттеуде ғана көрінеді.

анти-HBc

(total)

(HBcAb)

HBcAg не антиген көбеюі

Маңызды диагностикалық маркер, HBsAg индикация теріс қорытындысында, ВГ ретроспективті диагностикада және неверифицирленген гепатитта HBsAb кластарына бөлмей анықтауда қолданылады.

IgM анти-HBc

(HBcAbIgM)

Ядерлік антигенге М класты антидене

ВГ ерте сарысулық маркерлерінің бірі, қанда болуы жедел инфекцияны көрсетеді (ауру фазасы), созылмалы ВГ HBV репликациясын маркерлейді және бауырдағы белсенді процесті көрсетеді.

анти-HBe

(HBeAb)

«е»-антигеніне антидене

Реконвалесценция сатысының басталғанын көрсетеді (HBV формалы мутанттының басқасы).

анти-HBs

(HBsAb)

HBV беткейлік антигеніне протективті антидене

Ауырғандығын немесе поствакциналық антиденені көрсетеді, ВГ алғашқы аптасында антидененің табылуы,гипериммунды нұсқадағы ВГ фульминанттығының дамуын көрсетеді.

HBV-DNA

ВГ ДНҚ вирусы

HBV репликациясы және маркердің болуы.

Гепатит Д

IgM анти-

HDV

Вирусты гепатит Д

М класты антидене

Ағзадағы HDV репликациясын маркерлейді.

IgG анти-

HDV

Вирусты гепатит Д

G класты антидене

HDV инфекцияланғанын немесеинфекциямен ауырғанын дәлелдейді.

HDAg

ГД вирусының антигені

Ағзадағы HDV маркерінің болуы.

HDV-RNA

ГД вирусының РНҚ-сы

HDV репликациясы және маркерінің болуы.

Гепатит С

анти-HCV IgG

Вирусты гепатит С

G класты антидене

HCV инфекциялану мүмкіндігін инфекциямен ауырғанын (скринингілі зерттеумен анықталады).

анти-HCV

Core IgM

HCV ядролық белоктарына М класты антиген.

HCV инфекцияланғанын немесе инфекциямен ауырғанын дәлелдейді.

анти-HCV

Core IgG

HCV ядролық белоктарына G класты антиген.

Ағымды инфекцияны көрсетеді (жедел немесе созылмалы түрдегі реактивация фазасында).

анти-HCV NS

HCV құрылымсыз белоктарына антидене.

СГ созылмалы сатысында анықталады.

HCV-RNA

СГ РНҚ вирусы

HVC репликациясы және маркерінің болуы.

Гепатит G

HGV-RNA

GГ РНҚ вирусы

HVC репликациясы және маркерінің болуы.

Ескерту:IgM және IgG кластарының антиденесін бөлек анықтауда лабораторияда жүйелі тест болмағанда, көбейтілген антиденелер (анти-HVc,анти-HDV,анти-HCV) зерттеледі. Көбейтілген антидене клиникалық интерпретациясы эпидемиологиялық анамнезбен және клинико-лабораториялық көрсеткішімен жекеленіп жүзеге асады.

Кейбір адамдардың вирусы гепатиттардың қорытынды интерпретациясын қарастырамыз (аурулардың, реконвалесценттердің, дені саулардың). 3-ші кестеде жиі кездесетін ВГ маркерлері анықталады.

Кесте 3

Анықталған маркер

Диагноз

Ескерту

IgM анти-HAV және HBsAg

Вирусты гепатит А

Қос: «HBsAg» тасымалдаушы

Жедел ГА типті көрінісі. ЖВГ және СВГ шығарып тастау үшін, клинико-лабораторлы зерттеу керек.

IgM анти-HAV,

HBsAg,анти-HBc(total),

IgG анти-HBc

Вирусты гепатит А

Қос: созылмалы В гепатиты (репликативті емес фаза)

Жедел ГА-де науқаста созылмалы гепатиттің көрінісі кезінде және репликация маркерлері (HBV-DNA, HbeAg IgM анти-HBc) болмайды.

IgM анти-HAV, HBsAg, анти-HBc(total),

IgG анти-HBc,

IgM анти-HBc,

HBeAg

HBV-DNA

Вирусты гепатит А

Қос: созылмалы В гепатиты (репликативті фаза).

Жедел гепатит А-мен ауырған науқаста, созымалы гепатиттің көрінісінің байқалуы.

HBsAg

HBeAg

IgM анти-HBc

IgM анти- HDV

Жедел ВВГ және ВДГ коинфекциясы

СВГ асқыну көрінісі клинико-анамнестикалық және IgG анти- HBc болмауы.

Вирусты гепатиттің маркерлерін анықтаудағы диагностикалық жүйелік интерпретация

HDV-RNA

lg M анти- HDV

HBs Ag

Жедел ВДГ суперимфекция

Lg М анти-HBVзерттеудегі теріс нәтижесінде

Анти-HCV lg G

ВСГ реконвалесценті (немесе ВСГ пастинфекциясы) - lg M HCV және HCV-RNA зерттеудің теріс нәтижесінде

Осындай зерттеу болмаған жағдайда

Тек сау адамдардғы эпидемиологиялық мәліметтердің және бауырдың зақымдалуы клинико-лабороториялық көрінісінің болмауы

Диспансерлік бақылау «НВѕ Аg тасымалдаушы» диагнозындағы сияқты ( СССР №408 ДС бұйрығы)

Анти-HCV(total) анти-HCV соrе lg М, HCV-RNA

Жедел вирусты С гепатиті

Жедел гепатиттағы эпидемиологиялық және клинико-лабороториялық көріністің болуы және ВГ басқа маркерінің болмауы. Диспансерлік бақылауы ЖВГ сияқты

Анти- HCV lg G,

анти-HCV соrе lg М,

анти-HCV соrе lg G,

анти-HCV NS, HCV-RNA

Созылмалы вирусты С гепатиті

(реактивация фазасы)

Бауырдың созылмалы зақымдалуында клинико-биохимиялық көріністің болуы. Диспансерлік бақылау ЖВГ сияқты

Анти- HCV lg G,

анти-HCV соrе lg G,

анти-HCV NS

Созылмалы вирусты С гепатиті

(латентті фазасы)

Қанда HCV- RNA, анти-HCV соrе lg М және созылмалы СГ асқынуындағы көріністің болмауы

HBsAg,

lg М анти-НВс,

НвеAg,

анти- HCV lg G,

анти-HCV соrе lg М,

анти-HCV соrе lg G,

анти-HCV NS, HCV-RNA

Жедел В гепатит

Қос.: созылмалы вирусты гепатиті (реактивация фазасы)

ЖВГ клинико-лабороториялық көріністерінің болуы. Қосарланған диагнозды клинико-лабороториялық зерттеудегі СГ ұзақ қолданғанда пайда болады

HBsAg,

lg М анти-НВс,

НвеAg,

анти- HCV lg G,

анти-HCV соrе lg G,

анти-HCV NS,

Жедел В гепатит

Қос.: Созылмалы вирусты С гепатиті

(латентті фазасы)

ЖВГ клинико-лабороториялық көріністерінің болуы. Қосарланған диагнозды клинико-лабороториялық зерттеуді СГ ұзақ жүргізген кезде пайда болады

HBsAg,

lg М анти-НВс,

НвеAg,

анти-HCV (total)

анти-HCV соrе lg М,

HCV-RNA

Жедел ВВГ/ВСГ коинфекциясы

Жедел вирустағы гепатиттардағы сипаттамалары эпидемиологиялық және клинико-лабороториялық көріністердің болуында ғана тән болады

Анти-HCV (total)

анти-HCV соrе lg М,

HCV-RNA,

HBsAg,

анти-HВс (total)

lg G анти-HВс

Жедел В гепатит

Қос.: Созылмалы вирусты В гепатиті

(нерепликативті фазасы)

Жедел СГ эпидемиологиялық және клинико-лабороториялық көріністердің болуы

Анти-HCV (total)

анти-HCV соrе lg М,

HCV-RNA,

HBsAg,

анти-HВс (total)

lg G анти-HВс,

lg М анти-HВс,

НВV-DNA

Жедел В гепатит

Қос.: Созылмалы вирусты В гепатиті

(репликативті фазасы)

Жедел СГ және созылмалы ВГ эпидемиологиялық және клинико-лабороториялық көріністердің болуы

  • Мазмұны:

  • Вирусты гепатиттар (жедел және созылмалы)

    • Вирусты гепатит А

    • Вирусты гепатит Е

    • Вирусты гепатит D

    • Вирусты гепатит С

    • Вирусты гепатит G

  • Аз зерттелген гепатотропты вирустарымен шақырылатын, вирусты гепатит

  • Жедел вирусты гепатиттардың емдеу тактикасы және стратегиясы

  • Вирусты гепатиттің реконвалесцентінің жалпы тәжірибедегі емін толық аяқтауын дәрігерлер білуі қажет

    • Вирусты гепатит А

    • Вирусты гепатит В, D, C

    • Созылмалы вирусты гепатиттер

    • Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтаудағы тәжірибелік қолданысы

  • Қосымша

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]