Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Вирусты гепатиттер лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

IV. Стадия бойынша:

  • 0 – фиброзсыз;

  • 1 - әлсіз көрінген перипортальды фиброз;

  • 2 – орташа фиброз портопортальды септалармен;

  • 3 – анық фиброз портоцентральды септалармен;

  • 4 – бауыр циррозы;

  • 5 – біріншілік гепатоцеллюлярлы карцинома;

V. Бастаушы синдром бойынша:

  • цитолитикалық ,

  • холестатикалық ,

  • аутоиммунды.

VI. Асқынулар:

  • бауырлық энцефалопатия;

  • геморрагиялық синдром;

  • ісіктік-асциттік синдром;

  • бактериологиялық асқынулар(ішек флегмонасы,пневмония және т.б.)

Созылмалы гепатит В(СГВ) көп зерттелген. Ол клиникалық анық көрінетін гепатиттің жедел түрінен туындайды және асқынулар мен рецедивтер беріп, ұзаққа созылады. Негізінен созылмалы гепатит сарғаюсыз, симптомсыз өтеді, бұл кезде инфекционды процестің жедел фазасын анықтау қиынға соғады. Бұл формасын біріншілік созылмалы деп атайды және оны көп жағдайда сау адамдар мен донорлардың қандарынан жоспарлы зерттеулер кезінде СГВ маркерларын іздегенде анықтайды.Созылмалы гепатит жедел гепатит В-ның асқынуы және нәтижесі болып саналмайды, бұл гепатит В вирусты инфекцияның жиі кездесетін формасф болып табылады.

Бауырдың созылмалы вирусты зақымдануының патогенезінде клетка геномындағы вирус интеграциясы басты рольде ойнайды және оның асқыну кезеңі мен инфицирленген организмнің жауабы белсенді репликациясы болып табылады. Аурудың сарғаюсыз, жасырын формасында интегративті процестер пайда болады,

Олар бауырдың ұзақ уақытқа созылатын созылмалы қабынуына әкеледі. Созылмалы гепатитпен ауырған науқастар – инфекцияның негізгі көзі болып саналады,және оған тең өз зерттеулерінде СГВ-мен ауырған болвп шығатын HBS Ag тасымалдаушы «сау адам».

Клиника: Белсенділігі минимальды, әлсіз және орташа мөлшерде көрінген созылмалы гепатит бұрынғы анықтамаға, яғни «созылмалы персистирлеуші гепатит» анықтамасына сәйкес келеді. Оның клиникалық симптоматикасы қалыпты көріністе. Мұндай пациенттер дәрігерге сирек қаралады, және аурудың диагнозын көп жылдан соң бірінші белгілер пайда болғаннан кейін қояды. Көбінесе жиі кездесетін симптомдары- дискомфорт,оң жақ қабырға астының ауырсынуы, өт шығаратын жолдардың дискенезиясы. Сирек жағдайда пациенттер әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Бауыр көлемі ұлғаймаған, бірақ кейде тура емес гипербилирубинемия салдарынан сарғаю пайда болады және оны қатерсіз немесе Жильбер синдромы деп атайды. Бауырдың функциональды пробалары өзгереді. Клинико- морфологиялық көрсеткіштері өте айқын ремиссиямен болса, онда ауру асқынулармен өтуі мүмкін.

Созылмалы гепатит айқын белсенділікпен бірге (бұрынғы аты – созылмалы белсенді гепатит, СБГ ) клиникалық симптомдардың көптігімен сипатталады және бастапқы симптомдар жиыны негізінде келесі варианттарды бөліп көрсетеді:

А. Цитолитикалық (гепатопривті) созылмалы бауырлық энцефалопатия синдромымен;

В. Холестатикалық;

С. Жүйелік бұзылыстармен, дәнекер тін зақымдануымен болатын аутоиммунды процестер;

Д. Аралас;

СГВ-ның формаларының бөлінуі мен ағымдар вриантын стационарда ауруды қарағанда анықтауға болады.

Көбінесе жиі кездесетін астеновегетативті және диспепсиялық синдромдар. Науқастар аяқ асты әлсіздікке, тез шаршауға, тұрақты емес үлкен дәретке, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, эпигастридегі ауырсынуға, дене салмағының азаюына шағымданады. Барлық науқастарда бауыр көлемі ұлғайған, концистенциясы тығыз, пальпация кезінде ауырсынады. Спленомегалия байқалады. Асқыну кезеңінде сарғаю, терісінің қышуы болады. Кейбір пациенттерде сарғаю қзбамен жүреді, дене температурасы 37,1° -37,6 °С дейін көтеріледі.

Аурудың прогрессирлену шегінде зат алмасу процестерінің ауыр бұзылыстарымен болатын симптомдар байқалды, тері сұрғылт түсті, құрғақ, тырнақтың сынуы, шаштың түсуі болады. Геморрагиялық синдром байқалады,оның көріністері болып: танаудан қан ағу,иектердің қанауы, теріге қан құйылулардың болуы және т.б.

Сирек жағдайларда урудың бауырдан тыс көріністері де болады. Науқастан пальмарлы эритема, телеангиоэктазды көріге болады. Асқыну кезінде бет,буын ауыруы мүмкін. Аменорея,либидоның төмендеуі,гинекомастия болады.

Аутоиммунды синдром кезінде патологиялық процеске әртүрлі ағзалар ұшырайды:бүйрек,буындар,тері,өкпе,жүрек және т.б. Мұндай нақастардан сирек жағдайда иммунды цитопения, аутоиммунды гемолитикааааалық анемия, кейде қаннан

LE – клеткаларды табуға болады. Бауырдың және басқа ағзалардың зақымдану механизмін 2 топқа бөледі. Бірінші – иммунокомплексті реакциялармен негізделген патологиялық процеспен көрінеді. Иммунокомплексті реакциялар: созылмалы гепатит,буынның зақымдануы,сүйек бұлшық етінің зақымдануы, өкпенің (фибролиздеуші альвеоли, васкулит, гранулематоз), мио және перикардит,панкреатит, тубулоинтестинальды нефрит, Шегрен ауруы және т.б. Екінші топ – иммунокомплексті патология, оған: тері васкулиті, сарысу ауруының синдромы,эссенциальды аралас криоглобулинемия, Рейно синдромы, түйіндік периартерит, Такаясу ауруы,созылмалы гломерулонефрит, полинейропатия, Гистен – Барре синдромы.

Асциттің пайда болуы, гемморойдальды веналар және өңеш венасы,іш қабырғасы венасының кеңеюі. Созылмалы гепатитпен ауырған науқастарда айқын белсенді бауыр циррозы бар екені көрінеді, жәнебауыр циррозының табиғаты вирусты болып келеді. Созылмалы гепатиттің қорытынды сатысы – гепатоцеллюлярлы карцинома.

Өлімге әкелетін асқынулары болып бауыр энцефалопатиясы, әртүрлі қан ағулар (өңеш венасынан),ішек флегмонасы,асцит – перитонит, сепсис және т.б.

Диагностика. Диагностикалық арнайы әдістері (Вирусты ГВ-ны қара),тек этиологиямен ғана анықталып қоймай, сонымен бірге репликация және интеграция фазаларымен анықталады, биохимиялық,морфологиялық және инструментальды зерттеу әдістерін қолданады.

Созылмалы гепатит Д (СГД). Д вирусымен инфекцияның прогрессирлеуші ауыр формалары тығыз байланысты. ВГД-да жедел суперинфекция 75%-де созылмалы гепатит туындауымен аяқталады. Белсенді ағыммен жүретін созылмалы гепатитпен ауырған науқастарда 79-86% жағдайда белсенді ВГД инфекциясының маркерлерін анықтайды. ВГВ белсенділігі төмен ағыммен созылмалы инфекцияны шақырады, ал жоғары белсенділікте ВГД-ның қосылуымен патологиялық процеске әкелуіне негізделген.Д вирусы бауыр циррозының тез арада туындауына әкеледі.

Созылмалы гепатит С (СГС). Созылмалы ГС-ң клиникалық көріністерінің диапозоны кең және минимальды белгілеріндегі формалардан ауыр пргрессирлеуші формаларына дейінгі кезде цирроз және біріншілік гепатоцеллюлярлы карцинома дамиды.СГС-мен ауырған науқастарда бұл көбінесе жедел созылмалы гепатитпен ауырғаннан кейін пайда болады. Мұнда мынадай заңдылық бар:жедел гепатит – созылмалы гепатит – цирроз – цирроз,бауыр рагы. Қалған науқастарда анамнезде жедел инфекцияның эпизоды болмайды. Созылмалы ГС персистирлеуші тип бойынша минимальды клиникалық көріністермен және кеш диагностика себептері болып табылатын белсенді процестің биохимиялық көрсеткіштерімен ұзақ уақытқа созылады. СГС-да бауырдың морфологиялық өзгерістері клинико-биохимиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді,бауыр циррозының өзі симптомсыз өтуі мүмкін.Мамандардың көпшілігі инфекция зақымдалған уақыттан бастап біріншілік белгілердің пайда болуы үшін ұзақ латентті кезең болуы керек деп есептейді. Созылмалы гепатиттің біріншілік клиникалық және лабораториялық белгілері зақымдалғаннан кейін 10-15 жылда, бауыр циррозы 20-21 жыл, гепатоцеллюлярлы карцинома 23-29 жыл ішінде анықталады. Аурудың тез прогрессирленуіне жағдай жасайтын факторлар бар: созылмалы алкоголизм,наркомания,басқа да гепатотропты вирустармен бірге(B,G,D)жүретін инфекция, Эпштейн-Барр, ВИЧ вирустары. Инфекцияның пргрессирленуінде ауру созылмалы гепатит пен бауыр циррозының айқын белсенді белгілерімен өтеді.ВГС – бұл біріншілік өт рагының 3 есе жиі себебі болып табылады. 50-55% науқастарда бауырдың созылмалы зақымдануы байқалады – бауырдың ұлғаюы,астеникалық синдром, АлАТ 1,5-3 есе толқын тәрізді белсенді түрде жоғарлауы болады. 40-45%науқастарда баурлық көріністермен бірге бауырдан тыс көріністер де байқалады.

Созылмалы гепатит С-ның бауырдан тыс көріністерінің бірі аралас криоглобулинемия жиі анықталады, әсіресе орта және үлкен жастағы әйел адамдарда инфекция ағымы ұзаққа созылады (орташа ағымы 10,7 жыл) және бауыр циррозы жиі кездеседі.Диагностикалық зерттеулерге сүйене отырып криоглобулинемия 42-96% науқастарда байқалады. 10-42% науқастарда криоглобулинемияның клиникалық көрсеткіштері:әлсіздік,артралгия,пурпура,перифериялық полинейропатия, Рейно синдромы, артериальды гипертония, бүйрек зақымданулары.

Гломерулонефрит 2-27% жағдайда кездеседі және криоглобулинемия шегінде болады. Нефротикалық синдромның дамуымен жүретін бүйрек зақымдалуы созылмалы гепатит С-дағы криоглобулинемияның ең негізгі белгісі болып табылады.

Идиопатиялық тромбоцитопения көп жағдайда вирусты гепатит С инфекциясына негізделген. ВГС кезінде лимфопрлиферативті аурулар дамиды.

Эндокринді бұзылыстар Созылмалы ГС инфекциясында қалқанша безінің дисфункциясының 7-12% жағдайда әртүрлі формаларды біріктіреді: гипотиреоз, гипертиреоз, Хошимото тиреоидиті, жоғары титрдегі тиреоглобулинге антиденелердің түзілуі созылмалы гепатит С-мен қоса бауыр циррозы кезінде қантты диабет (50%-кедейін) пайда болады. Қалқанша безі мен ұйқы безі вируспен тура зақымдалады.

Сиалоаденит созылмалы гепатит С-мен ауырған адамдардың 14-57%-де кездеседі,бірақ көп жағдайларда Шегрен синдромының (клиникалық,гистологиялық белгілері, серологиялық маркерлары)типтік суреті болмайды.

Созылмалы гепатит Синфекциясына сәйкес көру ағзалары зақымдалады:жаралы кератит,увеит.

Терінің зақымдалуы некротизирлеуші васкулит,папуллезді,петехиальды бөртпе түрінде болып,криоглобулинемиямен байланысты болады.

Нейробұлшықеттік және буындық бауырдан тыс көріністері әртүрлі және көп жағдайда криоглобулинемияға негізделген. Бұлшықеттік әлсіздік, миопатикалық синдром, миалгия, миастения созылмалы гепатит С-мен байланысты.

Созылмалы ГС кезіндегі жүйелік зақымдануларда көптеген ағзалар мен тіндер патологиялық процеске ұшырайды және оның қазіргі кездегі диагностикасы мен емі қиынға түседі.

Диагностика. Созылмалы ГС – «Вирусты ГС-ны қара». Негізгі информативті әдіс болып вирусты ГС-ның вирусын қаннан және тіннен анықтау.

Созылмалы гепатит G (СГG) – көп науқастарда ұзақ уақытқа персистирлеуші сипатта болады.Созылмалы ГG-ң клиникалық,биохимиялық,морфологиялық өзгерістері созылмалы ГС-ға ұқсас. Айырмашылығы болып вирустың репликация фазасына сәйкес келетін сілтілі фосфатаза мен гамма-глутамилтранспептидаза (өт шығаратын жолдардың зақымдануын маркерлейтін ферменттер)деңгейінің жоғалылауы болып табылады. Бұл өт шығаратын жолдардың зақымдалуының созылмалы ГG-ғы спецификалық белгі.

Созылмалы ГС-ғы бауырдан тыс көріністер тіркелмеген.

Диагностика РНҚ, ВГG-ді анықтауға негізделген.

Экологиясы тұрақты емес созылмалы вирусты гепатитті мынадай жағдайда, егер гепатотропты вирустардың В, С, D, С маркерлерін анықтағанда ғана диагностирлейді. СВГ клиникалық, биохимиялық, марфологиялық белгілермен қоса бауыр циррозы белгілерін сипаттайтын әртүрлі белсенді деңгейлерді қамтиды. Мынадай жағдайларға көңіл аудару керек, яғни диагноз қоярда көбінесе терапевтар, гастроэнтерологтар: «созылмалы гепатит», «бауыр циррозы» инфекциялық ауруларының табиғатын түсіну қажет. Мұндай ауруларда науқастар инфекция көзі болып табылады және олар инфекциялық стационарға жатқызылуы керек. Бұл пациенттің емі,диспансерлік бақылануы цнфекциялық процестің заңдылығын, вирус пен микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасын жақсы білетін дәрігер-инфекционистпен жүзеге асырылады.

Емі.Этиологиясы тұрақты немесе тұрақсыз СГ-мен ауырған,бауыр циррозы бар науқас стационарға жатқызылады. Неғұрлым арнайыланған орталықтар,яғни реанимационды,акушер-гинекологиялық, инфекционно-хирургиялық,поликлиникалық бөлімдер, күндізгі стационар болуы тиіс.

Аурудың терапиясы патологиялық процестің белсенділік деңгейін, аурудың басталу синдромын, цирротикалық стадиядағы және вирусты инфекцияның фазаларындағы (интеграция және репликация) белгілер жиынтығын қамту керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]