Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Вирусты гепатиттер лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Вирусты гепатит g

Этиология. Вирусты гепатит G флавивирус тұқымдасына жатады. Вирус геномы РНК. ВГG 5 генотипі белгілі.

Эпидемиология. Инфекция көзі ГG жедел және созылмалы формаларымен ауыратын ауру адамдар. Механизм, таралу жолы ГС сияқты. Инфицирленгендердің арасында жоғары қауіпті топтарға наркотикалық заттарды венаға енгізетін наркомандар мен татуировка жасайтын адамдар.

Клиника. ГG өзінің клиникалық көрінісі бойынша ВГС-ға ұқсас. Оны кейде НСV-тәрізді гепатит деп атайды. Жедел ГG симптомсыз немесе манифестті өтуі мүмкін. манифестті ағымда сарғаюсыз және жасырың кезең болады. Жедел ГG клиникалық көріністері мен аминотрансфераза белсенділігінің жоғарлауы жедел гепатит С – ға қарағанда әлсіз. Аурудың соңы сауығу, вирустың толық элиминациясы мен инфекцияның созылмалы формасының түзілуімен аяқталады.

ГG моноинфекция түріне қарағанда, гепатит В, С және Д – мен бірге жүреді.

Диагностикасы. ГG диагностикасының негізгі әдістеріне ПЦР –де РНК вирусын анықтау жатады.

Емі. Интерферонотерапия мен вирусқа қарсы препараттардың қолданылуы зерттелуде.

Профилактика. Арнайы әдістер жоқ. Гепатит В, С кезінде қолданылатын эпидемияға қарсы шаралар ГG алдын алуында қолданылады.

1997ж Япония зерттеушілерімен құрамында ДНҚ-сы бар TTV (transfusion transmitted virus) вирусы ашылды.TTV-DNA-қ бөлінуімен қан құюдан кейін 8-11 аптадан кейін дамыған посттрансфузионды гепатиттің 5 жағдайы тіркелген. Вирустың 3 генотипі және 9 субтиптері анықталған. Бұл вирус Россияда сау адамдардвн және этиологиясы белгісіз гепатитпен ауырған науқастардан бөлінген.

1999ж Италия зерттеушілері АИВ-мен ауыратын , бауырдың зақымдану белгілері бар науқастан ДНҚ құрамды SEN вирусы бөлініп алынған. Италия зерттеушілерінің ойынша бұл вируспен гемофилиямен ауыратындардың 3%,нашақорлардың 40-60% этиологиясы верифицирленген гепатитпен 60% науқастар инфицирленуі мүмкін.

Жедел ВГ емінің стратегиясы және тактикасы.

Әртүрлі нозологиялық формалы және гепатиттердің емінің негізін патогенетикалық терапия құрайды.Соңғы 10 жылда әртүрлі нозологиялық формалы жедел гепатиттің эффективті этиотропты және иммунокорригирлеуші терапия заттарына интенсивті іздеу жүргізілген.Қазіргі уақытта бар мәліметтер этиотропты және иммуноориентирленген терапияның кейбір критерилерін құрауға мүмкіндік береді.

  • Вирусқа қарсы заттар тек прогредиентті сипатта ағымдағы және хронизация қауіптілігі (ГВ,ГС,ГД) бар вирусты гепатиттерде ғана ұсынылады;

  • ВГС науқастарын емдегенде этиотропты препараттар 1-ші күннен бастап кем дегенде 3 ай мерзімінде беріледі;

  • Этиотропты заттарды қолдану көрсеткіштері аурудың ацикликалық белгілері болып табылады.Олар:қанда HBV-ДНҚ ұзақ анықтау(3 апта және одан да көп), HbcAg (4 апта және одан жоғары), HBsAg (6-8 апта және одан жоғары), IgM анти-HBc(6-8 апта және одан жоғары), анти-HBc сероконверсиясының жоқтығы;

  • Этиотропты заттар ретінде ацикликалық нуклеотидтерді қолдануға салыстырмалы қарсы көрсеткіш болып айқын холестаз есептеледі;

  • ЖВГ этиотропты терапиясында ациклдік нуклеотидтердің, рекомбинантты альфа-26 интерферондарды, интерферон индукторларының комбинациясы қолданылады;

  • ВГС(ВГС және ВГД-ң холестаз белгілері фонында) рекомбинантты интерферондармен бірге урсо-, хено- және тауродезоксихол қышқылдарының қатарындағы дәрі-дәрмектерді қолдану ұсынылады;

  • Аминотрансферазалардың белсенділігінің және цитолитикалық синдромның басқа көрсеткіштерінің жоғарылауы этиотропты заттардың, терапияның нәтижесі болып табылатын және ол белгілер осы заттарды тоқтатудың белгісі болып табылмайды;

  • Интерферон немесе олардың индукторларын (flu-like syndrome және т.б.) қолданғаннан қосымша әсерлерді төмендету үшін НПВП қолданылуы мүмкін;

  • Этиотропты терапия курсының ұзақтығы жеткілікті үлкен болуы керек, қанда ВГ жоғары оң динамикасы маркерларды анықтайды;

  • ЖВГ эиотропты терапиясында ациклді нуклеотидтермен бірге гипериммунды және полиспецификалық иммуноглобулиндер вена ішіне қолдануы мүмкін;

  • Иммунотолерантты типті, фульминантты генотиптегі науқастарда үлкен дозасы (10 млн.ЕД/күніне)қолданылуы мүмкін;

  • Вирусқа қарсы терапия ретінде рекомбинантты альфа-2в интерферондар (интрон А, реальдирон және т.б) қолдану оптимальды болып табылады.Иммунокорригирлеуші қасиеттерге бета-(ферон) және, әсіресе гамма-(имукин) интерферондар ие;

Реконвалесцентті ВГ емдеуде жалпы тәжірибелік дәрігерге білу керек.

ВГ этилогиясына байланыссыз стационарда шығарғаннан кейін реконвалесценттерді ары қарай емдеу амбулаторлы-поликлиникалық жағдайларда жүргізіледі.

Амбулаторлы емдеудің алғашқы айында науқасты ауыр үй жұмысынан және кез келген физикалық жүктемеден босату керек. Тағамдануда қалыпты режимге көшу біртіндеп басталуы керек, оның ұзақтығы ВГ этиологиясына және реконвалесценцияның ағымының ерекшелігіне байланысты.

Табиғи балды (1 шай қасық) суда немесе қайнатпада ерітіп қолдану ұсынылады.Таңертең суды бөлме температурасына сәйкес, кешке жылытылған күйде қолданады. Диета жағынан (5-ші дастархан) клинико-лабораторлы көрсеткіштерді ескерумен біртіндеп кеңейтеді, науқасты жалпы тағамдарға рұқсат көшіреді, бірақ алкогольді 1 жыл ішінде қолдануға тыйым салынады.

Қыс-көктем кезінде сауығу кезеңінде науқастарға негізгі терапия ретінде комплексті витаминдер сияқты препараттар беріледі.(«Ревит», «Гептавит», «Ундевит» және т.б.). Асқа 40 мин бұрын күніне 3 рет ½ стакан жылы, газсыз минеральды сулар беріледі.

Медикаментозды терапия ВГ этиологиясы және қандық көріністердің сипатына байланысты жүргізіледі.

Вирусты гепатит А

ВГА-да гепатопротекторлар қолданылмайды, тек қана базисті терапиямен (режим, диета, витаминдер) шектеледі.Бірақ стационар дәрігерінің ұсыныстарын ескеру қажет.

Мәнді және ұзақ сақталатын гипертрансаминаземияда қосымша ем ұсынылады:аскорутин, бал, итмұрын тұнбасы, кейде карсил,силибор.

Диспепсиялық құбылыстардың болуы (іштегі дыбыстар, эпигастрии және кіндік аймағындағы жағымсыз, қолайсыз сезімдерді сезіну, дәреттің бұзылуы) ферментті препараттарды (фестал, экзистал, мезим-форте және т.б.) ұсыну көрсеткіштері болып табылады.

Егер науқасты оң жақ қабырға астында ауырлық сезім алаңдатса, 5-фракционды дуоденальды зондтау жүргізілуі керек. Бұл өт шығарушы жолдардың дискенезиясының типін анықтап, осыған байланысты терапия жүргізу үшін қажет.

Дискенезияның гипотоникалық формасында арнайы диета ұсынылады. Оған холекинетикалық әсері бар заттар кіреді.Оған:жануар және өсімдік майы, кілегей, жеңіл сыр, жеміс салаттары, жемістер, шырындар, жоғары минерализацияланған минеральды сусындар.Өт айдағыш қасиетті сублингвальды қолданылатын майлар (1 шай қасық күніне 3 рет)ксилитпен,соритпен,изюммен тюбажалар қолданылады. Өт қабы аймағына ФТЛ-10-15сеансын ұсынуға болады.

Дискенезияның гипертоникалық типінде науқастарға седативті заттар, миелорелаксия әсері бар диазепам тобының заттары, шөп қайнатпалары, тұнблары (мың жапырақ, итмұрын, жалбыз, қайың жапырағы, итмұрын жидектері және т.б.)ұсынылады.Бұл тұнбаларға 1 стакан тұнбаға1 шай қасық бал қосып кешке жатар алдында жылы күйінде ішеді.Дискенезияның бұл типінде спазмолитиктермен бірге холиномиметиктер және холеретиктер (холензим, аллохол,және т.б)көрсетіледі және гидрохолеретиктердің ішінентөмен минерализациямен минеральды, газдалмаған, жылы түрінде су беріледі.ФТЛ ішінен диатермия, электрофорез, өт қабы аймағына жылыту процедуралары жүргізіледі.

Вирусты гепатиттер В, Д, С.

В,Д,С ВГ-рі жиі ұзақ ағымнан созылмалы түрге өтеді.Бұндай науқастарды емдеу ерекше мұқият жүргізіледі. Витаминдер және минеральды сулардын басқа бұл науқастарға физиотеоапия , ферерментер және стационарда емдеуші дәрігер ұсыныстарымен әртүрлі терапия жүргізіледі.Табиғи иммуномодуляторлар ретінде құрамында аскорбин қышқылы бар (лимон, киви)табиғи өнімдер қолданылады.Сонымен қатар балдық ем (медотерапия) да қолданылады.Вирустық және токсикологиялық зақымдануы бар науқастарға (алкоголизм, нашақор) күніне 3 рет 40 тамшы лохеин, күніне 3 рет 1-2 капсула эссенциале, күніне 1 таблеткадан, 3 рет силибор, күніне 1 таблеткадан 3 рет леволин.

Цитолиздің айқын шектелген синдромдарында, яғни биохимиялық жағынан гиперферментемияда беріледі:карсил(силибор), рибоксин(перфоральды, парентеральды), липосомальды витамин Е+бетакаротин және аскорбин қышқылы.

Ұзақ гиперферментемияда және иммунитеттің жасушалық звеносының бұзылыстарында иммуноориентирленген терапия көрсетіледі, бірақ иммунолог-дәрігердің бақылауымен.

Қандық құбылыстарды емдеу ВГА сияқты.

Астеникалық синдром , кей науқастарда болады, оларға өсімдік текті адаптогендерді қолдану көрсетіледі.Мысалы:энтерококк тұнбасы, левзей, лохеин, пантокрин тұнбасы т.б.Науқастың динамикасы оң болмаса токсикация, сарғаю,гиперферментемия, билирубинемия өсе берсе , инфекционды стационарға госпитализациялануы тиіс.

Созылмалы ГА.

Созылмалы ВГ-тер –гепатотропты вирустардың әртүрлі түрімен тудырылады.Морфологиялық жағынан бауырдың бөліктік құрылымының сқталуымен Купфер жасушаларының гиперплазиясы, бөлікішілік және бөлікаралықстрома фиброзымен, портальды алаңдардың гистиолимфоцитарлы инфтльтрациясымен бауырдың диффузды қабынулы- дистрофиялық зақымдануымен сипатталатын, манифестті және симптомсыз 6 айдан ұзақ созылатын инфекционды ауру.

Соңғы 10-12 ж жоғары хрониогенді потенциальды гепатотропты вирустарды ашу және практикада жоғары сезімтал және ақпаратты молекулярлы-биологиялық (ПЦР), иммунохимиялық (ИФА, иммуноблот) және радиоиммунды (РИА)диагностиканың әдістерді кеңінен қолдану созылмалы гепатитке этиологиялық принциптің жіктелуінің негзін салды.(1994ж Лос-Анжелес, АҚШ).

Созылмалы гепатиттер жіктелді. (А.Г.Рахманова, 1997).

  1. Этиологиясы бойынша:

    • Созылмалы вирусты гепатит В, С ,Д, G;

    • Созылмалы вирусты гепатит В және Д, С және G жәнебасқа қосындылары;

    • Белгісіз эиологиялы созылмалы вирусты гепатит;

2.Инфекционды үрдіс фазалары бойынша:

а) этиологиясы тұрақты:

  • Репликация;

  • Интеграция

б)этилогиясы тұрақсыз:

  • Асқыну;

  • Ремиссия;

3.Инфекциялық үрдістің белсенділік дәрежесі бойынша:

  • Минимальды;

  • әлсіз көрінген;

  • орташа көрінген;

  • айқын көрінген;

  • фульминантты бауырлық энцефалопатиямен;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]