Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adik srs eko1.1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.34 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару

Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен шығаружөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде:

—       меншік формаларының көп түрлілігі;

—       жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы;

—       халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу;

—       нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы.

Мемлекеттік меншіктен шығару — бұл мемлекеттің экономикадағы шамадан тыс рөлін бәсеңдетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Мемлекеттік меншіктен шығару монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына бағытталған.

Мемлекеттік меншіктен шығару шаралары жекешелендірумен тығыз байланысты құрайды.

Жекешелендіру — бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі.

Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.

I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.

II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.

Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:

—         Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру».

—         Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі».

—         Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.

—         «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі».

Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.

IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

V кезең Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды.

1991-2000 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34,5 мыңы жекешелендірілді.

Жұмыс туралы ақпарат - Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі

Тақырыбы:

Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі

Мазмұны (Жоспар):

КІРІСПЕ.

I МЕНШІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Меншік теориясының экономикалық негіздері.

1.2 Меншік формалары мен жеке меншіктің экономикадағы ролі.

II Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу ерекшеліктері.

2.1 Жекешелендірудің негізгі мақсаты мен міндеттері.

2.2 Кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің ролі

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Доғалова Г. Н. Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәжірибесін талдау және жаңа құрылымдаудың міндеттері. Алматы “Экономика” -1998ж, 3-83 б.

  2. Байтуғанов Ж. М., Әуелбаев С. Ш. Нарықтық экономика. Алматы – 1995ж., 138-146 б.

  3. Жүнісов Б. А., Мәмбетов Ұ. Е.,  Байжомартов Ұ. С. Нарықтық экономика негіздері. Алматы-1994ж, 6-36 б.

  4. Нұрғалиев Қ. Р. Қазақстан экономикасы. Алматы “Қазақ университеті” 1999ж.., 184-188б

  5. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Алматы “Экономика” 2001ж, 19-30 б.

  6. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. “Кәсіпорын экономикасы”. Алматы “Экономика”2003ж., 43-48б.

  7. ҚР Конституциясы. Алматы “Жеті жарғы” 2000ж

  8. Н. Ә. Назарбаев. “Қазақстан – 2030”. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел  Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы – 2001ж.,83-84б.

  9. Мәуленова С. С. “Экономикалық теория”. Алматы “Экономика” 2004ж. 43-48 б.

10.Шеденов Ө. Қ., “Жалпы экономикалық теория” Ақтөбе – 2004ж. “А-Полиграфия” 21-32б.

11.Крымова “Эономикалық теория” Алматы 2003 18-25б

12.Әубәкіров “Экономикалық теория негіздері оқулық” Алматы-1998 168-179б.

Сипаттамасы:

Адамзат тарихында экономиканы ұйымдастырудың негізгі үш әдісі анықталған: нарықтың, әміршілдік және аралас экономика. Бұл әдістердің әрқайсысына тән артықшылық және кемшілік қасиеттері бар. Алайда, қоғамдық өндірушілер мен тұтынушыларды тиімді байланыстыратын ең қолайлы тәсіл ретінде нарық механизмі танылып отыр. Нарық  механизмі экономиканың ең басты үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?) өте қарапайым және ыңғайлы түрде шешеді.

1991 жылға дейін шаруашылығы әкішілдік - әміршілдік формада ұйымдастырылып келген ТМД елдері, оның ішінде Қазақтан да әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінде қолданылатын нарық механизміне ынғайланды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, нарық күрделі экономикалық категория ретінде белгілі бір әлеуметтік – экономикалық жағдайда, тиісті шарттар орындалғанда ғана дұрыс қалыптасып, өмір сүреді. Нарықтың ең негізгі шарттарының бірі – меншік қатынастарының алуан түрлі нысандарының болуы және олардың тең құқылығы. Осы шартты қанағаттандыру мәселелерін талқылау барысында таңдап алған тақрыптың өте маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінеді. Өйткені, республика экономикасының перспективалық болашағы көбіне меншік қатынатарының саналуандығы және тең құқықтың дамуы жағдайында шаруашылықтың қаншалықты дәйекті жүргізілетіндігіне байланысты.

Ізденіс барысында аталмыш тақырыптың толық мазмұнда ашылуы үшін бірнеше сұрақ – мәселелер қарастырылды. Бұл мәселелер республика экономикасындағы жеке меншік қатынастарының алатын орны, даму жағдайлары, қажеттілігі және оның кәсіпкерлікті жетілдірудегі ролі және тағы басқалары – жекелеген тарауларға бөлініп талқыланды.

Қарастырылып отырған тақырыптың күрделілігі және сан қырлылығы, шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелердің болуы және оларды кешенді түрде зерттеудің қажеттілігі осы жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндетің айқындайды.

Жұмыстың териториялық мақсаты – Қазақстан Республикасында көптүрлі меншік қатынастарының, соның ішінде жеке меншіктің қалыптасу кезеңдерің және өсіп-өркендеуінің бағыттары мен нәтижелерін жүйелі түрде, зерттеу еңбектеріне сүйене отырып суреттеу. Ал, практикалық мақсаттың негізін Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында жеке меншік қатынастарының кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытудағы орны мен ролі жөніңдегі пікірлермен тұжырымдар құрайды .

 

1.1. Меншік теориясының экономикалық негіздері

 

“Меншік” ұғымы әрбір экономикалық жүйесінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер –қоғамдық өндірістің басты құралы). Өндіріс нәтижелерін иелену қоғамдық экономикалық қатынастар шеңберіне материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады.

К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік – бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес – құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұның құрайды. Алайда “меншік” ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәсені – қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі – экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.

Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

 

1.2. Меншік формалары мен жеке меншіктің экономикалық ролі

 

Қазақстан экономикасын терең қаржылық және құрлымдық дағдарыстан алып шығу үшін бөліп үлестіру әдістемесіне негізделген шаруашылық жүйесінен бас тарту экономиканы ұйымдастыру әдістерінің мазмұның жаңа бағытқа өзгертті. Нарықты құру – бұл жаңа экономикалық қатынастарға көшу тікелей басқару құрылымдарын көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді. Нарықтық экономикаға көшу – ең алдымен, меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап етеді. Осы орайда меншік дегеніміздің өзі не деген заңды сұрақ туындайды. Меншік дегеніміз - өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтың қоғамдық қатынастар. Меншік қатнастары иемдену, материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және оларды жүзеге асыруды экономикалық сипатын анықтаудың барысындағы қарым-қатынастарды қамтиды. Меншікпен адамдардың өте қуатты экономикалық, кәсіпкерлік әрекеттері, мақсатты қозғалыс жүйесі, тағы да басқа әр түрлі экономикалық мүдделері, шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдері тығыз байланысты.

 Сонымен қатар, жұмыстық орындалу барысында жиі қолданылатын бірқатар ұғымдардың мағынасын түсіндіре кеткен жөн.

Мемлекет иелігінен алу- мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субьектілерге беру арқылы қайта құру;

Жеке меншік – жеке адамдардың өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы;

Жекешелендіру – мемлекеттік меншік обьектілерін азаматтардың және басқа да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру (сату);

Нарыққа көшу барысындағы аса маңызды мәселелердің бірі – жоғарыда аталып өткен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру болып табылады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің арасында ең негізгі бір айырмашылық бар, яғни, жекешелендіру кезінде меншік обьектісі мемлекеттен біржола бөлініп, меншік құқығына да, шаруашылықты басқару құқығына да иелік өзгереді. Ал, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекет мемлекеттік мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізу субьектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді.

Жеке меншік дамуы XIX-шы ғасырдың екіші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен XIX-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі “жеке” термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізі ретінде мемлекеттік және муниципалдық меншікті жекешелендіру өзінің мақсаттары мен міндеттері бойынша экономиканы тұрақтандыру және оның одан әрі қарқынды түрде дамуын жүзеге асыратын тиімді шаруашылық жүйесін жасаудың негізгі шарты ретінде анықталған. Дүниежүзілік тәжірибеден анық болғандай, нарықты қалыптастыру кезеңінде меншіктің әр түрлі форалары пайда болып, заңды түрде мойындады. Кеңетік кезеңде мемлекеттік және колхозды – кооперативтік меншік формалары ғана мойындалған қазіргі Қазақстанның нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында жоғарыда аталған үрдістер анық байқалды. Бұл әселенің заңдық – құқықтың негізі Қазақстан Республикасының  контитуцисынан баталады. Онда Қазақтан Республикасының экономикасының сан алуан меншік түрлеріне негізделетіні жөнінде, сондай-ақ жалпы ережелердің 6-бабының 1-тармағында “Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады”,-деп атап көрсетілген. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар осы екеуіне негізделген алуан түрлі еншік форалары заңды деп есептелінеді. Атап айтар болсақ, акционерлік қоғамның меншігі, арендалық кәсіпорынның меншігі, қоғадық ұйымдар мен қорлардың, меншігі, діни ұйымдардың меншігі және тағы басқа. Бұл ретте ҚР-ның  “Меншік туралы заңының” респуликадағы меншік қатынастарына қатысты жайттарды реттеудегі басты құжаттарының бірі екендігің ескеру қажет.

Меншіктің әр түрлі формалары - бұл олардың динамикалық бір тұтастығы сондай-ақ олардың бір-бірімен тығыз диалектикалық өзара байланыстылығы. Меншік формаларының плурализмі-бұл шаруашылық жүргізу жүйесінің, бүкіл қоғамдық организмінің өзін-өзі ұйымдастыру және реттеуінің қажетті шарты болып табылады.

Жеке меншіктің экономикалық роліне келетің болсақ, жеке және қоғамдық меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К. Маркстің еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Ол түсінікті. Өйткені жеке меншік мәселесіне К. Маркс еңбектерінде қатаң үміт шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін болсақ, К. Маркс “Капиталында” бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді пікірлер айтқанын ескерген абзал.

Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты обьективті табиғи-тарихи  процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан  бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік, онымен байланысты экономикалық оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) тауарлы, рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты. “Адамның жеке дара оқшаулануы белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі жеке дара оқшауланудың басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны ыдыратады”. Алғашқы қауымдық құрылыстың өндірістік қатынастарының шектеулі сипаты туралы айта келе К. Маркс, бұл қоғамда “...қоғамның, не жеке бастың еркін және “толық мағынада дамуы мүмкін емес” деп жазды.

Сонымен, жеке меншік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады. Солай бола тұрса да, “Капитал” мен “Коммунистік партияның манифесі” жеке меншікке мүлдем қарсы. Буржуазиялық қоғамның бүкіл қайшылықтары мен қарама-қарсылықтары пролетариаттың қанауда болуы, қайыршылануы, оның тұрмыс жағдайының абсолютті және салыстырмалы нашарлануының барлық салдарын осы жеке меншікпен байланыстырды.

Экспроприаторларды экспроприациялау деген әйгілі ұранан басқа, К. Маркстің мына бір пікірін де еске түсірелік, яғни жеке меншікті жою әлеуметтік революция және пролетариат диктатурасының үстемдігін орнату жолымен шектелмейді. Экономикалық дамудың обьективті жолы жеке меншіктің жойылуына әкеліп тірейді. К. Маркстің акционерлік қоғам туралы сипаттамасына көңіл аударатын болсақ, ол мұны капиталистік өндіріс әдісі шеңберінде капитализмнің ыдырауы деп көрсеткен.

Әрине жеке меншіктің қанаушылықты жоққа шығармайтыны да белгілі (әсіресе капитализмнің қалыптасу кезеңінде). Дегенмен қанаушылық мәселесіне тәптіштеп талдау жасамай-ақ, оның экономикалық категория ретінде мәніне теориялық тұрғыдан қарау қажеттігі де жоқ емес. Олай дейтініміз қанау процесі тек жеке меншікке ғана байланысты деу көңілге сенімсіз. Бұрынғы КСРО-ның бүкілхалықтық меншік кезеңіне халықтың мемлекет тарапынан қанауға ұшырағанын ашып айтпасқа болмас. Оған мына бір деректің өзі дәлел бола алады. 80-жылдардың орта шенінде жалақының ұлттық табыстағы үлесі КСРО-да – 35 процент, ал батыс елдерінде – 65 процент болды. Жеке меншіктің өзі әр қилы формаларда болады: жеке, өз басының еңбегіне негізделген жеке меншік; жалдамалы еңбекке негізделген капиталистік жеке меншік; ұжымдық формадағы жеке меншік (кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік кәсіпорындар).

Сонымен, 1985 жылғы қайта құрудан басталып, ұзаққа созылған әкімшілдік-әміршілдік жүиеден нарықтық шаруашылыққа көшуде  “Меншіктің барлық түрінің теңдігімен, құқығына қалыпты жағдай жасайтың” бірден-бір процесс – жекешелендіру болып табылады. Сондықтан да, “жекешелендіру саласындағы мемлекет саясатының мақсаты – тұтастай алғанда барлық халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру болып табылады”. Осыған байланысты қоғамдық мүлікті жекешелендіруді оны талан-таражға түсіру емес, керісінше оны тиымды пайдаландырудың, еңбек өнімділігін арттырудың негізгі көзі ретінде түсіну қажет.

Қорыта айтқанда, мемлекет меншігін жекешелендіру процессі мемлекет иелігінен алу бағдарламасының құрамдас бір бөлігі болып, табыла отырып, жеке меншіктің сан алуан нысандарының пайда болуына, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің, жалгерлік қатынастар мен нарықтық экономикадағы жұмыстардың дамуына әкеледі. Сондықтан, жеке меншіктің қажеттілігі неде деген сұраққа берілер жауап мынандай болмақ:

1)    Ол шындығында да нақты меншік иесін, кәсіпкерді дүниеге әкеледі;

2)    Мемлекеттен, саяси өкіметтен тәуелсіз, дербес меншік суьектісін қалыптастырады. Осыған сәйкес, оның демократиялық, азаматтық қоғамды қалыптастыруда маңызды құрал  ретінде ролі бар.

 Жекешелендіру экономиканың қайта құрудың түпкі мақсаты болып табылмайды, алайда, ол меншік қатынастарын қайта құрудық тәсілі, жаңа экономикалық жүиеге көшу бағдарламасының құрамдас бір бөлігі болып саналады. 

 

2.1 Жекешелендірудің негізгі мақсаты мен міндеттері..

 

Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жеке меншіктің пайда болып, дамып-жетілуі жекешелендіру процесімен тығыз байланысты құбылыс болып табылады. Сондықтан, республикадағы жеке меншіктің даму жағдайларын талдау үшін, алдымен жекешелендіру процесінің бағыттарын, мақсаттары мен  міндеттерін, шарттарын анықтау қажет.

Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңнен тұратын бағдарлама арқылы жүзеге асырылды.1992 жылғы 22 шілдеде қабылданған Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасының  Заңы, осының негізінде қабылданған нормативтік актілер мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңінің негізін салды. (1991-1992) Мемлекеттік меншікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекттік меншік жөніндегі комитетінің құзырында болды. Ұлттық бағдарламаның  1-ші кезеңінің мақсаты - мемлекеттік меншік нысанын басқа меншік нысаны түрінде қайта құру, заңды тұлғалардың мемлекеттік кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуы бойынша айқындалды. Алғашқы кезеңде шағын кәсіпорындарды, орта және ірі, әсіресе, рентабельділігі төмен және зиянды кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу процесі мемлекеттік, ұжымдық және жекеменшік нысандарының пайда болуына әкелді. Жекешелендіру нысандары болып еңбек ұжымы мүшесінің сатып алуы ,АҚ және басқа да серіктестіктер етіп қайта құру, концессияға беру, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және азаматтарға сату  танылып, заңды төлем құралдары және жекешелендіру купондарын төлеу арқылы сату-сатып алу жүргізілді.

Негізінен, жекешелендіруге өндіріс және бюджеттік шаруашылықтар жатады.

Тек, жекешелендіруге жататын шаруашылықтарға.

  • тұрмыстық қызмет көрсететін шаруашылықтар;

  • тұрғын үйлер және коммуналды объектілер;

  • қоғамдық тамақтандыру және мемлекеттік сауда;

  • агроөндіріс және құрылыс объектілері кіреді;

 

Ал, жекешелендіруге жатпайтын шаруашылықтар ретінде,

  • халыққа білім беру;

  • денсаулық сақтау;

  • денешынықтыру және спорт саласында: Медеу комплексі, спорт сарайы, стадиондар;

  • мәдениет және өнер саласында: театрлар, музейлер, консерваториялар, филармониялар, кітапхана, цирк;

  • ауылшаруашылығы саласында: мемлекеттік асылтұқым зауыты, мемлекеттік ат зауыты, ғылыми-зерттеу институты;

  • байланыс саласында: радиоорталық, қалалық, аудандық байланыс, т.б.

  • әртүрлі шаруашылықтар саласы бойынша: телевидения, баспахана,  теміржол басқармасы, азаматтық авиация, су құбыры, т.б. танылады.

 

Нақты анықталынып, бекітілген осындай талаптарға сәйкес 1993 жылы аяқталған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің  бірінші кезеңінде шағын және өнеркәсіптік кәсіпорындар жекешелендірілді. Шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндер саны 200 адамға дейін) алдын ала акционерлік қоғамдарға айландырылмай тұрып жекешелендірілді. Сауда және қызмет көрсету, материалдық - техникалық жабдықтау салаларының бірқатар ұйымдары бірінші кезеңнің меншік объектілері ретінде саудаға қойылды. “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нысаны бойынша қайта құрылған кәсіпорындар былайша бөлінді:    5-пайызы жалгерлік,   1-пайызы ұжымдық, 24-пайызы жекеменшіктік, 9-пайызы акционерлік қоғамдар, кәсіпорындардың 11-пайызы мемлекеттік емес заңды және тұлғаларға сатылды”.

Осы кезеңде жекешелендірудің нысандарының ішінде мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымдарына беру деп аталған нысан өзінің  тиімсіздігімен көзге түсті. Бұл жағдай, біріншіден, еңбек ұжымдарында еңбек нәтижесі үшін экономикалық жауапкершіліктің төмендеуіне әкелсе, екіншіден, көптеген жағымсыз әлеуметтік салдарлары болды.

Республикадағы жекешелендіруді жүзеге асыру бағдарламасының бірінші кезеңі меншік нысандарын  қайта құру қарқынын арттыру, мемлекет тарапынан  жекешелендіру процесіне жасалатын басшылықтың тиімділігін арттыру, т.б. секілді қажетті жайттарды ескерту қажеттігін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы  5-наурыздағы, “Қазақстан Республикасында 1993-1995 ж.ж. арналған мемлекет иелігін алудың және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы туралы” №1135  Жарлығы  жекешелендірудің екінші кезеңінің басталғанынан хабардар етті. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының екінші кезеңінің мақсаты – мемлекетке тиімді өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық активтерді өтеусіз беру арқылы... нарық экономикасына көшуге қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Екінші кезеңнің (1993 – 1995  ж.ж.) ерекшілігі – меншік нысандары ретінде мемлекеттік және жеке меншік нысандарын құру мақсат етілді. Жекешелендіру нысандары төмендегіше анықталды,

  • барлық мемлекеттік кәсіпорындарды ашық үлгідегі  АҚ –ға және мемлекеттік үлесі    0 пайыздан астам  жабық үлгідегі АҚ –ға қайта құру,

  • конкурс және аукцион бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғаларды сатып алуы,

  • кәсіпорындарды жекешелендіру,

Осы кезеңде сату – сатып алу процесіндегі төлем құралдары ретінде заңды төлем құралдары,тұрғын үй және инвестициялық купондар танылды. Республикадағы жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі міндеті – ҚР азаматтарының арасында мемлекеттік меншіктің белгілі бір бөлігін бөлу еді.Осы міндеттің орындалу барысында купондық аукциондар басталды.(1994 ж. 29 сәуірден бастап). Өз кезегінде бұл жағдай жаппай жекешелендірудің бастамасы болды. Бұл процесс негізгі  үш кезеңді қамтыды:

1)мемлекеттік меншіктің тиесілі бөлігін алу үшін инвестициялық купондарды тұрғындарға беру;

2)купондарды жинақтау үшін инвестициялық жекешелендіру қорларын құруҮ

3)мемлекет мүлкін иемденуден  немесе акцияларды сатудан түсетін табыстардың  90 пайызын купон салымшыларына, 10 пайызын ИЖҚ –н  ұстауға беру.

 

Ресми емес дерек көздеріне қарағанда, жаппай жекешелендіруге барлығы  11 млн-нан астам, яғни ел халқының  70 пайызы дерлік қатысқан. “Бұл процестің кезеңінде  22 аукционда инвестициялық купондары үшін сатуға  2000 кәсіпорынның  акциясы шығарылды. Мұнда купондарды өтеу  66 -68 пайызды құрады”.

Жаппай жекешелендірудің  1994 -1995  ж.ж. қорытындылары бойынша кәсіпорындардың жалпы санына шаққанда  жекеменшілік капиталының үлесі  50 пайызынан астамы  - 43 пайыз, жекеменшік капиталының үлесі  80пайызынан астамы – 2  пайыз, ал толық жекеменшіктегі кәсіпорындар 32 пайызды құрайды.

1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құрылымдау Бағдарламасының негізгі мақсаты – республикадағы жекешелендіру процесін негізінен аяқтау арқылы жекеменшік секторының басымдығына қол жеткізу және нықтау ретінде анықталды.Ұлттық бағдарламаның үшінші кезеңінің ерекшілігі мынада болды, мемлекеттік меншікті жекелендірудің ақша төлемдерінің негізінде ғана және тек екі жолмен – аукциондық және тендірлік саудамен, тек кейде заңда арнайы көрсетілген жағдайда ғана тікелей бағытталған сату болды.

1998 жылы жекешелендіру объектілерін сатудың тәртібін, сондай-ақ аукционға қатысушылардың құқықтарын реттейтін, Жекешелендіру  объектілерін сату жөніндегі аукциондар ұйымдастыру мен өткізу  тәртібі туралы Ереже бекітілді. Осы Ереже бойынша аукционға барлық ниет білдірушілердің қатысуына құқығы бар.Аукционда ,сатушы, ретінде ҚР –ның  Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті танылған.Аукцион екі тәсіл арқылы өткізіледі

1) сауда – саттықтың ағылшындық тәсілі – бастапқы баға алдын – ала хабарланған қадаммен неғұрлым ең жоғарғы баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін көтерілген жағдайдағы саудаласу тәсілі

2) сауда – саттықтың голландық тәсілі – бастапқы баға хабарланған қадаммен  хабарланған баға бойынша қатысушылардың бірі объектіні сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендеген жағдайдағы саудаласу тәртібі.

Жекешелендіру бағыттарының ішіндегі ең күрделісі – жеке жобалармен жекешелендіру болып табылады. Мындай жекешелендіруге ерекше ірі және бірегей объектілер немесе жұмыс істеушілер саны  5000- нан асатын объектілер жатады. Бірегей деп ерекше әлеуметтік мәні бар өнімдер шығатын немесе жұмыстар орындайтын, сондай-ақ мемлекеттік табиғи монополия болип табылатын кәсіпорындар ұғынылады.Кәсіпорындарды жеке жобалар бойынша жекешелендіретін топқа жатқызған кезде,шығарылатын өнімге дүниежүзілік нарықтағы сұраныс, өндіріс технологиясының жоғары дәрежесі жәнә қазіргі заманғаы жабдықтармен жарақталуы аса маңызды көрсеткіштер ретінде ескеріледі. Республика бойынша жеке жобалар бойынша жекешелендірілетін тізімге 129 объект енгізілді.

Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды өткізуді көздейді:

  • мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;

  • жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;

  • кәсіпорын мүлкін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;

  • шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін.

Сондай-ақ мемлекттік акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:

  • электроэнергетикалық кешендегі;

  • мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;

  • металлургиялық және тау-кен кешеніндегі;

  • көлік-коммуникация кешеніндегі;

  • агроөнеркәсіп кешеніндегі;

  • әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды.

Жекешелендіру процесін жүргізу барысында үкімет ірі кәсіпорындарды жекешелендіруге, бәсекелі сауда – саттық өткізу жолымен жекешелендіруден түсетін пайданы ұлғайтуға, стратегиялық инвесторларды тартуға және кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға ерекше назер аударуда.

IV кезең Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 1999 - 2000 жылдарға арналған  төртінші бағдарламасы акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер мен ведомстволардың хұзырына берілген акционерлік қоғамдарды  басқару саласындағы жаңа тәсілдерді көздеді.

IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты – жекелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаренттік негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді:

Бағдарламаға сәйкес:

  • мемлекеттік акциялардың иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомстволарға өткізіп берілді;

  • “көгілдір фишка” ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды;

  • Мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.

 

Сонымен, 1991 – 2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында жүргізілген жекешелендіру процесінің қорытындылары бойынша 22мың нысан жекешелендірілді.

Қазіргі уақытта жалпы ішкі өнімде жеке меншік секторының үлесі , өнеркәсіпте – 70-75  пайыз, ауыл шаруашылығында – 9  пайыз, құрылыста 9  пайыз болып отыр. Бұл мемлекеттің нарықтық экономика құрылымын орнатуда өз міндетінің бірін белгілі бір дәрежеде орындағанын көрсетеді. Республика экономикасында жеке меншік секторының үлесін арттыру мақсаты, ҚР Президентінің  1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығымен анықталған ,Экономикалық өсу , бағдарламасында айқын көрініс тапқан. Мұнда ҚР -* да жеке меншікті дамыту үшін экономикалық өсу стратегиясының екі принципі қарастырылған.Атап айтатын болсақ,жеке меншік институттарын нығайту мен жекешелендіру бағыттары. Бұл бағыттағы мәселе ҚР –ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  барлық  қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауыпсіздігі және әл – ауқатының артуына бағытталған ,Қазақстан – 2030 , Стратегиялық бағдарламасында да қарастырылған.Мұнда , жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім- шарттардың орындалуын қорғайтын заң  жүйесін құрудың есебінен нығайтылады,  деп атап көрсетілген.

Жерді жеке меншікке беру, бермеу мәселесі бірнеше жылдардан бері қызу талқыланып келеді.Бұл мәселе ҚР Конститутциясында да қарастырылған. Нарықтық экономика барлық ресурстарды айналымға салуды  талап етеді.Жерді ресурс ретінде нарықтық айналымға салудың бірден бір жолы оған жекеменшік енгізу екені айқын. Жерді жеке меншікке беру – жерге деген жауапкершілікті арттыратыны даусыз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі меншіктің жеке, мемлекеттік және аралас  нысандарының құқықтық ауқымын анықтайды. Әлемдік тәжірибеде және батыс ғылымында мемлекеттік болып табылмайтын барлық меншік “жеке” деп танылады. “Жеке” жеке-дара және топтық (аралас меншік) бола алады. Қазақстан Республикасында меншік нысанына қарай тіркелген заңды тұлғалардың саны 2002жылғы 1 қаңтарда келесідей болды: барлығы 156,4 мың, соның ішінде мемлекеттік меншік – 24,1 мың; жеке меншік – 127,1 мың; оның ішінде мемлекеттің қатысуымен – 1,3 мың; біріккен кәсіпорындар (шетелдіктердің қатысуымен ) – 4,1 мың; шетелдік меншік -5,1.

Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланып жүрген анықтамалардың біреуіне сүйенер болсақ, жеке меншік меншіктік құқықтың мынадай түрлері арқылы дами алады:

  • Ø Иемдену құқы, яғни игіліктерге физикалық бақылау жасау, пайдалы қасиеттерін өз игілігіне пайдалану құқы;

  • Ø Басқару құқы, яғни игіліктерді пайдалануды кім, қалай қамтамасыз ететіндігін шешу құқы;

  • Ø Табыстарға құқ, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне құқылық ету;

  • Ø Егемендік құқы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту немесе жойып жіберу құқы;

  • Ø Қауіпсіздік құқы, немесе игліліктерді экспроприациялаудан және зиянды сыртқы күштерден қорғау құқы;

  • Ø Игіліктерді мұрагерлікке беру құқы;

  • Ø Игіліктерді иемденуге шек қоймау құқы;

  • Ø Сыртқы ортаға зиянды әдістерді пайдалануға тыйым салу;

  • Ø Өндіріп алуға жауапкершілік құқы, қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқы;

  • Ø Қалдық сипатты құқ, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқы.

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншік категориясына теориялық талдау, оның қоғамның әрі құқылық, әрі экономикалық қатынастарын сипаттайтынын растайды. Жалпы меншіктің экономикалық және құқылық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда “тамырлар қатынасының заңы” әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда меншік бір мезгілде әрі экономика, әрі заң категориясына жатады. Осы бірлікте жоғарыда атап өткендей анықтаушы рөлді меншіктің экономикалық жағы атқарады. Егер жеке меншік экономикалық форманы қабылдамайтын болса, яғни өндірісте пайдаланбаса, иесіне табыс келтірмесе, ол “заңдылық, функциялық”түрде қалады. Жеке меншіктің экономикалық тұрғыдан даму алуы өндірістік қатынастар арқылы, нақтылап айтқанда алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік қызмет арқылы жүзеге асады.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында 1991 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан экономикалық реформалар, әсіресе нарықтық экономикаға өту үшін жекеше секторды дамыту мақсатындағы іс- шаралар республикадағы ішкі жалпы өнімде және жұмыспен қамтуды  қамтамасыз етуде жекеше сектордың үлесін ұлғайту, сондай-ақ өндірісті диверсификациялаудың негізін қалау міндеттерінің қай денгейде орындалғанын анықтайды. Бұл міндеттер толығымен орындалуы үшін республикадағы алдағы уақытта да тиісті істер атқарыла береді.

 

2.2 Кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің ролі

 

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің негізгі мақсаты – таза бәсекеге қол жетсізу үшін, өндірістің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау үшін шаруашылыққа иелік жасаудың сан- салалы түрін ұйымдастыру. Мұның өзінде бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу керек. Біріншіден, Қазақстан азаматтарын мемлекеттік меншікке иелендіру, әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асыру, екіншіден, нарық сипатына сай келетін осы заманғаы шаруашылыққа тиімді иелік жасай алатын жеке меншік топтарын құру.Жоғарыда аталғандардың ішінде екінші міндет біздің талдайтын тақырыбымызға сай келеді.

Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында экономикалық өсуі шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту арқылы дамыған нарықтық экономикаға негізделеді. “Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын  және орта кәсіпорындарды ЖІӨ -нің 40-  50 пайызы өндірілуі қажет”.

Сонымен, экономикалық саясаттың негізгі он қағидасын сақтау қажет.Оның біріншісінде Мемлекеттің экономикаға араласуының шектелуі болуы туралы айтылады.Сонымен қатар, осы принципте мемлекеттің міндеті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып, нарықтық ережелерді құру, оларды сақтауды қамтамасыз ету екендігі де қамтылған.Алайда, қазіргі уақытта яғни, өтпелі кезеңде нарық әлі дами қоймағандықтан мемлекеттің экономикаға араласу рөлі қажетті деңгейде болғаны жөн.

Республика экономикасында жеке сектордың дамуының нәтижесінде кәсіпкерліктің де қалыптасып, өсіп -өркендейтіндігі Қазақстан Республикасының Ата Заңында ашық түрде бекітілген. Яғни,жоғарыда аталған құжаттың 1 бөлім, 6 -бабының 2–ші тармағында “Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс деп атап көрсетілген. Сондай–ақ, меншік субъектілері мен объектілерінің, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктерінің Заңмен белгіленетіндігі айқындалған.

Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “кәсіпорын” мен “фирма” ұғымын боламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтың қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік  қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

  • Азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

  • Ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

  • Акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;

  • Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;

  • Құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарыда енеді.

Қазақстан республикасы Азаматтық Кодексімен, “Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы”, “Жеке кәсіпкерлік қорғау мен қолдау туралы” республика заңдарында кәсіпорын кезкелген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.

Қазіргі кезде нарықтық  экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі  бойынша классификациялау қажет.

“Орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық прогрестің шешуші факторы және жұмыспен қамтудың басты көзі”.

Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген ынталылығын арттыру, тұтыну нарығын мол ассортиментті тауарлармен және қызметтермен толтыру.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға, Қазақстан азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатымен бірнеше бөліктен тұратын іс-шараларды жүзеге асыру көзделген:

  • Жеке адамның және жанұялық кәсіпкерліктердің, шаруашылық қожалықтарының істеріне мемлекет ұйымдарының  заңсыз араласпауына кепілдік беретін заңдармен қамтамасыз ету;

  • Шағын бизнес субьектілерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу;

  • Мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субьектілерінен қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен жағдайларды жою;

  • Материалдық өнімдер өндірісімен  шұғылданатын шағын бизнес субьектілеріне салық және кеден ақысын төлеуде жеңілдіктер беруді өрістету;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында халықты жұмыспен қамтамасыз етуді, оның тұрмыс деңгейін арттыруды және елдің экономикасын нығайтуды қамтамасыз ететін кәсіпкерлік секторын одан әрі кеңейту негізгі мақсаттардың бірі ретінде айқындалған. Бұл Бағдарлама Қазақстан Республикасының  шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын іске  асыруды жалғастырды. Бағдарламаның негізгі міндеттері – кәсіпкерлікті  қаржылық-несиелік қолдауды дамыту; оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету; кәсіпкерлік қызметтің  барлық саласында технологиялық және нарықтық инфрақұрылымдардың  элементтерін қалыптастыру мен дамыту;

“Статистикалық  тіркелім  деректерінде республика бойынша 2003 жылдың 1-қаңтарына дейін бизнеспен айналысатынын 117,0 мыңға жуық шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 14,4 пайызға көп”. 

“Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған теріс жағдайлар ретінде мыналарды атауға болады:

v    Шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған заңдардың орындалу деңгейінің төмендігі;

v    Жергілікті билік органдары шенеуніктерінің  шағын кәсіпорындар қызметіне  құқықты бұза отырып, орынсыз араласа беруі, т.б.”

Сонымен, қорыта айтар болсақ, шағын кәсіпкерлік әлі де болса елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі күшке айнала қойған жоқ. Шағын кәсіпкерліктің республика экономикасындағы ролі оның құрам түзуші фактор ретіндегі ролімен анықталады. Ал ол өз кезегінде бәсеке ортасының дамуын, рынокты тауарлармен және ақылы қызметтермен толықтыруды, халықтың кәсіп түрлерін қайта туындатуды, ауылда, шағын және орта қалаларда дамытуды қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпкерлік жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыруды жүзеге асырады.

 

Қорытынды.

 

Қазақстан республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен өсіп-өркендеуінің алдағы көкейтесті мәселелері нарықтық емес қоғамнан нарыққа өту болып табылады. Жан-жақты терең зерттеулер мен сараптауларды қажет ететін бұл келелі мәселе саясатта да, әлеуметтік – экономикалық жағдайда да, тәуелсіз мемлекеттік бағыт-бағдарымызда да алдыңғы орында тұр.

Республикада Конституция бойынша екі меншік нысаны танылған: мемлекеттік және жеке меншік. Мұнда жеке меншіктің  дамуы өте маңызды іс. Себебі, ол біріншіден, нақты меншік иесін; екіншіден дербес меншік субьектісін қалыптастырып, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің, жалгерлік қатынастардың, т.б. дамуына әкеледі.

Мемлекет иелігінен шығарудың және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын орындау барысында 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік меншікті қайта құру кәсіпорындарды акционерлеуден экономиканың жекелеген салаларын жекешелендіруге дейінгі  эволюциялық жолдан өтті. Бұл мынадай бағыттарда жүргізілді:

  • Шағын жекешелендіру; Бұл меншіктелушілердің кең көлемдегі топтарының пайда болуының негізін қалыптастырып, тұтыну рыногындағы тауарлар және қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жол ашты. Кіші жекешелендіру барысының артықшылығы – жаңадан мыңдаған жұмыс орындары ашылды.

  • Жалпы жекешелендіру; Бұл – мемлекеттің бекіткен тізіміне сәйкес өндіріс орындарын алдын ала акционерлеуді қарастыру.

  • Жеке жобалау арқылы жекешелендіру; Бұл – экономика түрін анықтайтын және Қазақстанның ішкі рыногындағы монополия жайғасымын қорғайтын  ірі кәсіпкерліктер мен кәсіпорындарын жекешелендірудің ерекше тетігін қамтиды.

 

Мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының  орындалуының қысқа аралық қорытындысын жасай отырып, оның алға  қойған мақсаттарының негізінен орындалғаны туралы қорытынды жасауға болады.

Жоғарыда айтылған қорытындыға қайта оралатын болсақ, жекеменшіктің қалыптасуы шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл тұжырым республиканың нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайында іс жүзінде көрініс тапты. Шағын кәсіпкерліктің атқаратын ролі оның құрам түзуші қызметімен анықталады. Ол бәсекенің дамуын, кәсіпкерліктің барлық орталарда жетілуін, нарықты тауарлармен және қызметтермен толтыруды жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерліктің бірсыпыра маңызды әлеуметтік қызметтерді атқарудағы ролі жоғары болып саналады.

Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстан Республикасында 1991 жылдан бері жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар өзінің орындалу барысында негізгі міндеттерді жүзеге асырғанымен, бірқатар мақсаттарға әлі қол жеткізе алған жоқ. Бұл кемшіліктің тақырыбымызға қатысты тұсына келсек, жеке меншікті дамытып, өсіп-өркендетуге қаншама іс-шаралар қолданса да, жекеменшіктің кең көлемі тиімді шаруашылық субьектісі ретінде қалыптаспады. Алайда, Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайында жеке меншік нысанының едәуір жоғары деңгейде қалыптасып, дамып жетілгендігін қазіргі таңда өмір сүріп жатқан шағын және орта бизнестің бүгінгі тыныс-тіршілігі ашық түрде айқындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]