- •С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті силлабус «Ішкі аурулар» бойынша интернатура
- •1. Жалпы мәліметтер
- •1620 Сағат, оның ішінде кафедрада - 1350 сағат ( 270 сағат сәкес модульдерде оқытылатын аллергология, нефрология және ревматология блоктарына бөлінген):
- •2. Байланыс ақпараты:
- •3. Интерндерді дайындау тәртібі:
- •4. Тақырыптық жоспар және тәжірибелік сабақтардың мазмұны «Кардиология. Ревматология*» модульі
- •«Пульмонология. Аллергология*» модульі
- •«Гастроэнтерология. Гематология» модульі
- •5. 7 Курс интерндеріне ішкі аурулар бойынша интерндердің оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысының (иобөж)* күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Аймақтық тәжірибеде талқыланатын тақырыпттар:
- •8. Саясат және тәртібі.
- •9. Интерннің өзіндік жұмысы
- •10. Ішкі аурулар бойынша интерндердің өзіндік жұмысының (иөж) календарлық-тақырыптық жоспары
- •11. Интерннің іс-сапар тәжірибесі кезіндегі өзіндік жұмысы
- •1. Шаблон – сырқатнаманың біріншілік сараптамасы
- •Сырқатнаманың экспертті бақылау нұсқасы
- •12. Ұсынылған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •13. Тәжірибелік дағдылар мен білім деңгейін бағалауға арналған бақылау- өлшемдік құралдар.
- •Семинарды бағалау парағы
- •Терапевт- интерндерге арналған тақырыптық талдаудың ұпайлық-қорытынды бағасы (максимальды 100 ұпай)
- •Тақырыптық талдауды бағалау парағы
- •Медициналық құжаттарды жүргізуді бағалау парағы
- •Интерн-терапевті 360° бағалау парағы (іс сапарда)
- •Куратор
- •Бөлім меңгерушісі
- •Дәрігер-ординатор
- •Кезекші дәрігер
- •Мейірбике
- •Пациент
- •Интерн-терапевтің бір нозология бойынша медициналық көмек сапасының мақсаттық сараптамасының (іс-сапар тәжірибесіндегі өзіндік жұмысы) бағалау парағы
- •Интерн-терапевттерге арналған білім беру жобасының (аналитикалық матрица) ұпайлық-рейтингтік бағалауы (интерндердің кафедрадағы өзіндік жұмысы).
- •Бағалау критерийлері
- •Интерн-терапевтердің оқыту жобасын (аналитикалық матрица) бағалау парағы
- •Экг циклы бойынша иөж тапсырмасын бағалау критерийлері
- •Интерннің өзіндік жұмысын (жеке дайындаған) бағалау парағы
- •Терапевт- интерннің кәсіби дағдылардан миниклиникалық емтихан қорытындысының ұпайлық –қорытынды бағалау
- •Терапевт- интерннің кәсіби дағдыларын миниклиникалық емтиханда бағалау парағы
- •14. Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •Нақты пәнге немесе нозологияға жарамды клиникалық компетенцияны меңгеру деңгейлері
- •Интерн мына компетенцияларды меңгеруі тиіс
8. Саясат және тәртібі.
Кафедраның жалпы талаптары
Сыртқы түрі:
киімнің кеңсе стилінде болуы, таза үтіктелген халат, медициналық маска, қалпақ және ауыстырмалы аяқ киім (биік өкшесіз) (ҚР үкіметінің 17.01.12ж №87 «денсаулық сақтау нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерін бекіту үкіміне сәйкес)
міндетті түрде бейдж тағып жүру
халатсыз, ауыстырмалы аяқ киімсіз бөлімге кіруге рұқсат етілмейді
ұқыпты сәнді шаш және тырнақ
2) міндетті түрде фонендоскоптың, тонометрдың, сантиметрлі лента және санитарлық кітаптың болуы
3) Интерндердің жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасын сақтау
4) В,С гепатиттерінің маркерлерінің қорытындысының болуы («Жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатындағы санитарлық-эпидемиологиялық алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық ережелерін бекіту бойынша ҚР үкіметінің 12.01.12ж. №33 үкімі) - топ кураторына көрсетіледі.
5) В гепатитінен міндетті түрде екпе алу (екпе туралы анықтама алу) («Жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатындағы санитарлық-эпидемиологиялық алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық ережелерін бекіту бойынша ҚР үкіметінің 12.01.12ж. №33 үкімі) - топ кураторына көрсетіледі.
6) Бөлімшеде, стационар, университет алаңында, қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салынады (ҚР денсаулық сақтау кодексіне сәйкес).
7) Сабаққа жүйелі түрде дайындалу
8) есептік құжаттарды уақытылы және ұқыпты жүргізу
9) Кафедраның емдеу-диагностикалық және қоғамдық шараларына белсенді қатысу
Оқу үрдісі барысында интерн міндетті:
- стационар бөлімшелерінде 5-6 науқасты қарауға;
- қажетті диагностикалық, емдік және алдын алу шараларын тағайындауға және орындауға;
- қажетті медициналық құжаттарды және тұрғын халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуге;
- айына 2 рет, іс сапар кезінде 4 рет клиникалық базада дәрігердің көмекшісі ретінде кезекшілік кестесіне сәйкес кезекшілікке түсуі
тиіс. Кезекшіліктен интерндер медициналық сараптама және деканат рұқсатымен босатылады;
- профессорлардың, доценттердің, бөлім меңгерішісінің қарауларына, консилиумдарға қатысуға;
- бөлімше, стационар конференцияларына, клиникалық талдауларға, паталого-анатомиялық, ғылыми-тәжірибелік
конференцияларға, конгресстерге және т.б. қатысуға;
- мамандығы бойынша мәселелік дәрістерге қатысуға; кафедрада және іс сапарда ИӨЖ орындауға, ТДО сабақтарға қатысуға;
- топ кураторымен кафедра тақырыбы бойынша ИҒЗЖ айналысуға, жыл соңында ҒЗЖ нәтижелерін тезис, мақала түрінде
шығаруға.
Тәртіп:
Сабаққа немесе таңертеңгілік конференцияға кешігуге рұқсат етілмейді. Интерн кешіккен жағдайда оның сабаққа жіберілуі туралы шешімді сабақты жүргізетін оқытушы қабылдайды. Үш рет кешіккен интерн кафедра меңгерушісінің атына кешігу себебін түсіндіріп түсініктеме жазады және сабаққа жіберілуі үшін деканат тарапынан рұқсат қағаз алып келуге жіберіледі.
Сабақ уақытынан ерте кету немесе сабақ уақытында жұмыс орнында болмау сабақты жіберу болып саналады.
Оқу үрдісі кезінде интерндердің қосымша жұмысы рұқсат етілмейді (тәжірибелік сабақ және кезекшілік кезінде)
3 тен көп кураторды ескертусіз және себепсіз сабақ жіберген интерндерге рапорт жазылып, оқудан жығарылуына нұсқау беріледі.
Жіберілген сабақтар өтелінбейді, жіберілген күндерге стипендия төленбейді.
Дәрігер-интерндер ҚазҰМУ және клиникалық базаның ішкі тәртіп ережелерін толық ұстануы тиіс.
Айып-пұл санкциясы:
1.Сабақ жіберуі (сонымен қатар дәрiс/ оқу конференциялары) «0» бағаланады (сонымен қатар себебті жағдайлар). Сабақты жіберуі - жұмыс уақытында 3 сағаттан артық болмауы. Тұрақты сабаққа кешігуі (3 және одан да көп 15мин кешігу) 1 сабақтан босатуға тең келеді.
2.Босатқан сабақтар қайта өтелмейді. «0» бағасы қосымша кезекшілікке сай.
3. Егер интерн 3 сабақты қатарынан жіберсе – сабаққа кіру үшін декан рұқсаты болу керек (сабақтан қалу себебін растайтын құжат немесе түсніктеме). Интернді деканның жазбаша рұқсатынсыз сабаққа жіберілмейді.
4. Модульдің 50% сабақтарын жіберген жағдайда интерн межелік бақылауға жіберілмейді.
5. Егер интерн қажетті кезекшілік санын өткізбесе ағымдағы айдың табеліне қол қойылмайды, кезекшілік өткізілгенге дейін.
Бонустар: Кафедра шешімі бойынша университеттің және кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысу, оқу үрдісіне белсенді қатысу, теориялық және практикалық білім дағдыларын экстраординарлық меңгеру - ПЖР қосымша ұпайымен бағаланады.
Межелік бақылаудың қорытынды бағаларының аппеляциялық ережесі:
Интерн рубеждік бақылаудан алған бағасына келіспеген жағдайда аппеляциға беруге құқылы.
Емтиханнан соң 18 сағат ішінде аппеляциялық комиссияға аппеляцияға беруге құқылы.
Аппеляция ____ күн ішінде қаралуы керек.
