- •С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті силлабус «Ішкі аурулар» бойынша интернатура
- •1. Жалпы мәліметтер
- •1620 Сағат, оның ішінде кафедрада - 1350 сағат ( 270 сағат сәкес модульдерде оқытылатын аллергология, нефрология және ревматология блоктарына бөлінген):
- •2. Байланыс ақпараты:
- •3. Интерндерді дайындау тәртібі:
- •4. Тақырыптық жоспар және тәжірибелік сабақтардың мазмұны «Кардиология. Ревматология*» модульі
- •«Пульмонология. Аллергология*» модульі
- •«Гастроэнтерология. Гематология» модульі
- •5. 7 Курс интерндеріне ішкі аурулар бойынша интерндердің оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысының (иобөж)* күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Аймақтық тәжірибеде талқыланатын тақырыпттар:
- •8. Саясат және тәртібі.
- •9. Интерннің өзіндік жұмысы
- •10. Ішкі аурулар бойынша интерндердің өзіндік жұмысының (иөж) календарлық-тақырыптық жоспары
- •11. Интерннің іс-сапар тәжірибесі кезіндегі өзіндік жұмысы
- •1. Шаблон – сырқатнаманың біріншілік сараптамасы
- •Сырқатнаманың экспертті бақылау нұсқасы
- •12. Ұсынылған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •13. Тәжірибелік дағдылар мен білім деңгейін бағалауға арналған бақылау- өлшемдік құралдар.
- •Семинарды бағалау парағы
- •Терапевт- интерндерге арналған тақырыптық талдаудың ұпайлық-қорытынды бағасы (максимальды 100 ұпай)
- •Тақырыптық талдауды бағалау парағы
- •Медициналық құжаттарды жүргізуді бағалау парағы
- •Интерн-терапевті 360° бағалау парағы (іс сапарда)
- •Куратор
- •Бөлім меңгерушісі
- •Дәрігер-ординатор
- •Кезекші дәрігер
- •Мейірбике
- •Пациент
- •Интерн-терапевтің бір нозология бойынша медициналық көмек сапасының мақсаттық сараптамасының (іс-сапар тәжірибесіндегі өзіндік жұмысы) бағалау парағы
- •Интерн-терапевттерге арналған білім беру жобасының (аналитикалық матрица) ұпайлық-рейтингтік бағалауы (интерндердің кафедрадағы өзіндік жұмысы).
- •Бағалау критерийлері
- •Интерн-терапевтердің оқыту жобасын (аналитикалық матрица) бағалау парағы
- •Экг циклы бойынша иөж тапсырмасын бағалау критерийлері
- •Интерннің өзіндік жұмысын (жеке дайындаған) бағалау парағы
- •Терапевт- интерннің кәсіби дағдылардан миниклиникалық емтихан қорытындысының ұпайлық –қорытынды бағалау
- •Терапевт- интерннің кәсіби дағдыларын миниклиникалық емтиханда бағалау парағы
- •14. Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •Нақты пәнге немесе нозологияға жарамды клиникалық компетенцияны меңгеру деңгейлері
- •Интерн мына компетенцияларды меңгеруі тиіс
«Гастроэнтерология. Гематология» модульі
№ |
Тақырып |
Мазмұны |
Сабақ беру әдісі |
Сағат саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 БЛОК |
Гастроэнтерология |
|
|
1 |
Өңеш аурулары. АҚЖ ауруларының негізгі синдромдары |
Кардия ахалазиясы, эзофагоспазм, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, диафрагманың өңешті тесіктің жарығының салыстырмалы диагностикасы. Емдеудің замануи әдістері. Баррет өңеші. Гастроэнтронологиядағы негізгі синдромдарының салыстырмалы диагностикасы (соның ішінде хирургиялық және жұқпалы патологиямен): ауру, қызба, мальабсорбция, цитолитикалық, мезенхимальді қабыну, астено - вегетативтік, геморрагиялық, холестатикалық, ашығу диспепсияның , диареяның. |
Семинар. Тақырыптық талдау |
5 |
2
|
Созылмалы гастриттер, дуодениттер. Жарасыз асқазан диспепсиялары Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы
|
Гастриттердің жіктелуі, диагностиканың морфологиялық критерийлері. Helicobacter pylori анықтаудың әдістері. Қазіргі замануи диагностика және емдеу әдістері, салыстырмалы диагноз. АҚЖ хеликобактер-ассоциирленген ауруларының емдеуінің консенсусы. Жұту актісінің бұзылысы, лоқсу, құсу бар науқастардың зерттеу алгоритмі. Негізгі аурудың сипатына байланысты диспепсиялық синдромының клиникалық ерекшеліктері (асқазан - ішек жолының, орталық жүйке жүйесінің, зат алмасудың, вестибулярлы аппараттың, эндокринді бұзылыстардың, қан-тамыр жүйенің ауруларының, жұқпалы және жедел хирургиялық патологияның, жедел және созылмалы экзогенді уланулардың, дәрілік терапияның асқынуларының анықталуы). Асқазанның секреторлы және моторлы қызметінің зерттелуі. Рентгенологиялық зерттеу мен ФГС-ң маңыздылығы. Құсуға қарсы дәрілік терапия. Диагноздың критерийлері. Ауру синдромының салыстырмалы диагностикасы. Емдеудің замануи тактикасы. Ойық жараның асқынулары. Хирургиялық емдеу әдістерінің көрсеткіші. Алдын алу. Helicobacter pylori – инфекцияның асқазаннан және ішектен тыс көріністері. |
Семинар. Тақырыптық талдау
|
10
|
3
|
Өт қабының дискинезиясы, созылмалы холецистит, өт тас - ауруы. Созылмалы панкреатит |
Негізгі симптомдар. Дуоденальды зондылауды жүргізудің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Өт қабындағы конкременттерінің диагностикасының УДЗ әдістері, ретроградты холангиопанкреатография. Лапароскопиялық холецистэктомия. Холецистэктомиядан кейін науқасты жүргізу. Емдеудің заманауи әдістері. Урсодезоксихолий қышқылының туындылары. Өт жолдары мен ұйқы безі ауруларының салыстырмалы диагностикасы мен емі: өт тас ауруы, созылмалы холецистит, өт жолдарының дискинезиясы, созылмалы панкреатиттің әр түрлі клиникалық варианттары, ұйқы безінің ісігі. Өтті шаншуда және жедел панкреатитте шұғыл көмек көрсету. Ұйқы безінің функциялары. Ұйқы безінің ағысты жүйенің ерекшеліктері. Созылмалы панкреатиттің жіктелуі. РХПГ. Созылмалы панкреатиттің биохимиялық маркерлері. Капрограмма . Аурудың клиника-диагностикалық критерийлері. Ұйқы безі ауруларының диетотерапиясының рациональді принциптері. Препараттардың негізгі топтары. Жедел панкреатитте көрсетілетін жедел жәрдем. |
Семинар. Тақырыптық талдау |
10 |
4 |
Спецификалық емес жаралы колит. Крон ауруы. Жаралы емес ішек диспепсиясы
|
Диареямен өтетін аурулар (асқазан – ішек трактінің ісіктері, спецификалық емес жаралы колит, Крон ауруы, созылмалы энтероколит, моно - және дисахаридазды мальабсорбция, целиакия, функциональді бұзылыстар, жұқпалы аурулар). Сіңудің бұзылу синдромы. Іш қату (жуан ішектің кеңеюі, жуан ішектің шамадан тыс кеңеюі (перерастяжение), ісіктері, дивертикулез , жуан ішектің дистальді бөлімінің аурулары, қоздырған ішек синдромы). Диагностика мүмкіншіліктері (ішектің рентгеноконтрастты зерттеуі, нәжісті, ферменттерді зерттеу, ішектің шырышты қабатының биопсиясы). СЖК (НЯК) және Крон ауруындағы ішектің зақымдалуының негізгі себептері мен механизмдері. Клиниканың ерекшеліктері. Аурудың ішекті және ішектен тыс көріністері. Аурудың салыстырмалы - диагностикалық белгілері. Замануи емдік тактика. Алдын алу, болжау. |
Семинар. Тақырыптық талдау |
10 |
5 |
Вирусты гепатиттер. Диагностика және клиникалық көрінісі Бауырдың вирусты емес аурулары. Емі. |
Вирусты гепатиттердің жіктелуі. Бауыр зақымдалуының биохимиялық маркерлері. Вирусты гепатиттердің ИФА, ПЦР - диагностикасы. Вирусты гепатиттердің клиникалық көріністері. Негізгі синдромдар. Бауырдың функциональді жағдайын бағалау. Вирусты гепатиттердің жүйелік көріністері. Аутоиммунды патологиясының салыстырмалы диагностикасының проблемалары. Морфологиялық диагностика. Нәтижелер. Біріншілік алдын алу, халықтың вакцинациясы және қауіп қатер тобы. Бауыр патологиясындағы негізгі синдромдардың салыстырмалы диагностикасы: холестаз, цитолитикалық, бауыр-клеткалық жетіспеушілік, портальді гипертензия, асцит, диффузды өзгерістер, бауырдағы көлемді түзілімдер т.б. Дәрілік, токсикалық, алкогольді гепатиттер, майлы гепатоз. Диагностика критерийлері. Терапияның негізгі принциптері. Вильсон – Коновалов ауруы, Жильбер синдромы. Жүкті әйелдердегі бауыр патологиясы: холестаз, бауырдың жедел майлы дистрофиясы, HELLP - синдромы. Вирусқа қарсы терапиясы көрсетілмеген науқастарды емдеу. Асқынулардың алдын алуы. Созылмалы вирусты гепатиті бар науқастарды жүргізу принциптері. Вирусқа қарсы дәрілермен емдеу. Вирусқа қарсы терапияның тағайындауына негізгі көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Емдеудің эффективтілігінің предикторлары. Интерферондардың, нуклеозидтер аналогтарының, вирусты протеазалардың ингибиторларының әсер ету механизмі. Болжамы. |
Семинар. Тақырыптық талдау ҒТК |
20
|
6
|
Бауыр циррозы Бауыр циррозының асқынулары |
Цирроздың даму себептері. Аурудың негізгі критерийлері. Ерте диагностикасы. Бауыр циррозының Чайлд - Пью бойынша жіктелуі. Процесстің активтілігінің критерийлері. Биопсия өткізуіне көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштері. Морфологиялық жіктелуі Metavir, Knodell. Емі. Дәрілердің негізгі топтары. Әсер ету механизмі. Бауыр циррозы бар науқастарды жүргізу. Порто – кавальді шунттауға, бауырдың трансплантациясына көрсеткіштер. Портальды гипертензия синдромы. Асқынулары: өңештің варикозды көк тамырларынан қан кету, портальді гастропатия. Өңештің варикозды кеңейген көк тамырларынан қан кетулер, біріншілік және екіншілік алдын алуы. Бауырлық энцефалопатия . Бауырлық энцефалопатияны бағалау. Жедел бауырлық энцефалопатия, даму себептері. Ауырлық дәрежесін бағалауы. Шұғыл көмек. Асцит және оның асқынулары. Терапия сатылары. Рефрактерлі асцит, себептері. Лапароцентез. Спонтанды бактериальді перитонит. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты. |
Семинар. Тақырыптық талдау |
20 |
7 |
|
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы |
МҚЖСБ |
15 |
|
|
|
17 күн |
85 |
|
2 БЛОК |
Гематология |
|
|
1 |
Анемия. ТТА, В-12 – тапшылықты анемия. Созылмлы аурулардағы анемиялық синдром. Гипопластика-лық анемиялар. Цитопениялар. Гемолитикалық анемиялар
|
Анемиялардың этиология және патогенезі. Анемияның маңызды патогенетикалық вариантын анықтау, нақты науқастағы анемияның негізінде жататын аурудың диагностикалық ізденісі. Теміртапшылықты анемия. Темірдің тәуіліктік қажеттілігі. Темірдің сіңуі. Сидеропениялық және анемиялық синдромының клиника-лабораторлы диагностикасы. Жас өспірімдерде, жүкті әйелдерде және егде адамдардағы ТТА ерекшеліктері. Емі. Темір препараттардың сипаттамасы. Темір препараттарының пероральді және парентеральді қолданылудың көрсеткіштері. Гемотрансфузияларға көрсеткіш. Емдеудің бақылауы. Қан түзудегі В- 12 витаминнің ролі. Патогенезінде аутоиммунды механизмнің маңыздылығы. Негізгі клиникалық синдромдар. Лабораторлы - аспаптық диагностикасы. Мегалобластты анемиялардың диагностикасында миелограмманың маңызы. Фолий – тапшылықты, гипопластикалық анемиялармен, жедел лейкозбен салыстырмалы диагностикасы. Емі ( оксикобаламин, цианокобаламин ). Онкологиялық науқастардағы қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. Бауыр патологиясында, алкоголизм, бүйрек патологиясында, созылмалы қабынуларда (ревматикалық ауруларда), жұқпалы ауруларда, АИВ кезіндегі қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. СБЖ-гі анемия және оның емі. Апластикалық анемиялар, апластикалық синдром және парциалді қызыл клеткалы аплазия. Клиникалық критерийлері, салыстырмалы диагностикасы. Вирустардың ролі . Диспансерлік бақылау. Тұқымқуалайтын ( мембранопатиялар, гемоглобинопатиялар, ферментопатиялар ) және жүре пайда болған ( иммунды, иммунды емес) гемолитикалық анемиялар. Гемограмма, миелограмма, трепанобиопсия мәліметтерін, арнайы тестілердің нәтижелерін, қан жағындысында формалы элементтердің морфологиялық өзгерістерін білу. Емдеу принциптері. Диспансерлік бақылау. |
Семинар. Тақырыптық талдау |
10 |
2 |
Геморрагиялық синдром. Коагулограмма. Тромбоцитопа-тиялар және тромбоцитопе-ниялар. Қантамырлық гемостаздың бұзылысы. Гемофилиялар. ҚШТҰ синдромы. Трансфузиоло-гияның негізгі ұстанымдары. |
Гемостаз туралы ұғым. Гемостаздың негізгі тізбектерінің сипаты (тамырлы - тромбоцитарлы, коагуляциялық, фибринолиз жүйесі). Қалыптыдағы коагулограмма. Патология кезінде коагулограмма өзгерістері. Балаларда гемокоагуляцияның жастық ерекшеліктері. Қан кетудің Баркаган З.С. (1978) бойынша жіктелуі. Геморрагиялық синдромда диагностиканың негізгі принциптері. Антитромболитикалық терапия (антикоагулянттар, тромболитиктер). Антитромболитикалық терапиядағы лабораторлық бақылау. Сарысулы гемостаздың бұзылысы: әр түрлі факторлардың тапшылықтары, гемофилиялар. Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура, Верльгоф ауруы, туа пайда болған тромоцитопатиялар, екіншілік тромбоцитопениялар (симптоматикалық). Вазопатиялар (геморрагиялық васкулит, Рандю-Ослер, Луи-Барр, Казабаха-Меррита аурулары т.б.), Виллебранд ауруы. Клиникасы, диагностика және емдеу принциптері. ҚШТҰ - синдромы. Баркаган З.С. бойынша жіктелуі. Гиперкоагуляциялық, аралық, гипокоагуляциялық фазалардың клиника-лабораторлы диагностикасы. Коагулограмма сипаттамасы. ҚШҰ - синдромның негізгі маркерлері - паракоагуляция өнімдері , олардың сапалы және сандық бағалауы (РФМК , фибриннің деградация өнімдері). Даму сатысына байланысты ҚШҰ – синдромының емі (негізгі аурудың терапиясы , жаңа мұздатылған плазма, коагулограмма көрсеткішіне байланысты гемостатикалық және прокоагулянтты терапия, қанның реологиялық қасиеттерінің жақсаруына арналған заттар, глюкокортикоидтар). |
Семинар. Тақырыптық талдау |
15 |
3 |
Гемобластоздар.Жедел лейкоздар. Созылмалы лейкоздар. Парапротеин-емиялық гемобластоздар. Лимфоидты неоплазиялар. |
Жедел лейкоздар. FAB - жіктелуі. Жедел лейкоздар мен варианттарының диагностикалық критерийлері. Салыстырмалы диагностика. Емдеудің негізгі принциптері (полихимиотерапия, емдеудің сатылылығы, клиника –гематологиялық ремиссия мен клиника-гематологиялық жақсарудың критерийлері). Жедел лейкоздардағы сүйек кемігінің трансплантациясы. Жедел лимфобластты және жедел миелобластты лейкоздардың емінің негізгі протоколдары. Болжауы. Қалыпты миелограмма. Стернальдық пункция мен трепанобиопсияға көрсеткіштер. Сүйек кемігінің цитохимиялық зерттеулері және иммунофенотиптеу туралы ұғым. Негізгі гематологиялық аурулар кезіндегі миелограмманың диагностикалық маңызы. Созылмалы лейкоздар. Олардың жіктелуі. Созылмалы лейкоздардың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері: созылмалы лимфолейкоз, созылмалы миелолейкоз, сублейкемиялық миелоз, эритремия, созылмалы моноцитарлы лейкоз. Гематологиялық суреттің ерекшеліктері (гемограмма, пунктаттар). Ерте диагностикасы. Емдеу принциптері. Гематологиялық аурулардағы сүйек кемігінің және гемопоэтикалық бағаналық клеткалардың трансплантациясына көрсеткіштер, трансплантацияның иммунологиялық проблемалары, трансплантацияға реципиенттерді дайындау және сүйек кемігінің немесе гемопоэтикалық бағаналық клеткалардың трансплантациясын өткерген пациентті жүргізу. Көптік миелома. Диагностикалық критерийлері. Ig – патияға күдікті болғандағы зерттеуі. Емдеу принциптері. В-лимфомалар, Т және НК-клеткалы ісіктер. Лимфогрануломатоз. Лимфопролиферативті ауруларға күдікті болғандағы диагностикалық жолдары. Дәлелді медицина тұрғысынан замануй емдеу бағыты. |
Семинар. Тақырыптық талдау |
20 |
4 |
|
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы |
МҚЖСБ |
5 |
|
|
|
10 күн |
50 |
Модуль «Эндокринология. Нефрология*»
№ |
Тақырып |
Мазмұны |
Сабақ беру әдістері |
Сағат |
|
1 БЛОК |
Эндокринология |
|
|
1 |
Қант диабеті. Этиопатогенез және клиника. Қант диабетінің 1 және 2 типінің емдеуі. Қант диабеті бар жүкті әйелді жүргізу ерекшеліктері. Гестационды диабет. Қант диабеті кезіндегі шұғыл жағдай.
|
Этиология, патогенез, классификация (БҰО, 1999 ж.) және қант диабетінің 1 және 2 түрінің дифференциально-диагностикалық критерийлері. Таралуы. Қант диабеті кезіндегі метоболикалық бұзылыстары. Қант дибетінің асқынулары. Диабетикалық нейропатия, ретинопатия, нефропатия. Диагностика. Қант диабетінің екіншілік формалары. (Эндокринопатияда, дәрі-дәрмектік және т.б.). Емі. "Диабетик мектебі". Кеш асқынулардың алдын-алудың қазіргі заманғы концепциясы. Гипергликемияның және қант диабеті асқынуларының диагностикасы үшін диагностикалық аппаратура. Қант диабеті бар науқастарға арналған тамақтанудың рационды есебі. Инсулинотерапия: көрсеткіштері, мөлшері, техникасы, интенсивті терапия, емдеу сызбасы, инсулинді помпалар. Пероральді қант түсіретін препараттар: бигуанидтер, сульфаниламидтер, тиазолидиндиондар, глинидтер, а-глюкозидазалар, ГПП-1агонистері, ДПП-1ингибиторлары. Емдеу бақылауының әдістері. Қантсыз диабет кезіндегі жүкті әйелдердің организмдегі зат алмасуы және оның қант диабеті кезіндегі ерекшеліктері. Гестационды диабет: патогенез, клиника, диагностика, емі. Қант диабеті бар әйелдердегі жүктілік. Емдік тамақтану, жүктіліктің мерзіміне байланысты инсулинотерапия. Кетоацидоздық, лактацидемиялық, гиперосмолярлы, гипогликемиялық комалар кезіндегі шұғыл жағдайлар және диагностикалық критерийлері. Кетоацидоздық диабеттік кома: оның дамуына әкелетін себептер. Патогенез, клиника, даму стадиялары, барлық стадиялардағы дәрігердің тактикасы, емі- инсулинотерапия, инфузионды терапия, электролиттік алмасулардың коррекциясы, гепаринотерапия, симптоматикалық терапия. Гипогликемиялық, гиперосмолярлық және лактацидемиялық комалар: себептері, патогенез, клиника, емі. |
Семинар. Тақырыптық талдау. |
15 |
2
|
Қалқанша және қалқанша маңы безінің аурулары
|
Жіктелуі, қалқанша безі ауруларының қазіргі заманғы диагностикалық әдістері. Диагностикалық тесттер. Тиреотоксикоз. Жасөспірімдердегі, кәрі жастағы науқастар және жүкті әйелдердегі диффузды токсикалық зобтың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері. Тиреотоксикалық жүрек. Тиреотоксикалық криз. Тиреостатиктермен емдеу әдістері, жағымсыз әсерлері, лабораторлық бақылау. Қалқанша безі ауруларының радикалды емдеу көрсеткіштері. Науқастарды операция дайындау. Токсикалық зобтың асқынуларын емдеу ерекшеліктері. Гипотиреоз. Аутоиммунды тиреоидит (Хашимото зобы). Жіктелуі. Гипотиреоз кезіндегі ЖҚЖ зақымдануы. Гипотиреоидтық кома. Диагностикасының және емдеу әдістерінің алгоритмі. Қалқанша безі гормандарының алмастырушы терапиясының негізгі принциптері. Эндемиялық зоб. Емдеу принциптері және алдын алуы. Қалқанша безінің қабыну аурулары. Қалқанша маңы безінің анатомиясы және физиологиясы. Ағзадағы кальцийдің және фосфордың рөлі. Паратгормон, оның ағзадағы рөлі. Кальцитонин, оның рөлі. Д витамині, оның зат алмасудағы рөлі. Фосфоркальцилі алмасудың гормонды регуляциясы. Гиперкальциемия и гипокальциемия, симптомдар. Сүйек дамудың және сүйек резорбциясының маркерлері, клиникалық түсініктері. Сүйектердің визуализациялық әдістері: денситометрия, сцинтиграфия. Биопсия. Гипопаратиреоз: анықтамасы, жіктелуі, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, Диагностика және салыстырмалы диагностикасы. Гипопаратиреоздың емдеу принциптері. Гиперпаратиреоз: анықтамасы, классификациясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, бірінішілік және екіншілік гиперпаратиреоздың емдеу принциптері. Үшіншілік гиперпаратиреоз. |
Семинар. Тақырыпты талдау |
15 |
5 |
Семіздік және метаболикалық синдром. Ішкі аурулар клиникасындағы патологиялық климакс |
Анықтамасы. Патогенез. Клиникалық көріністері, формалары. Метаболикалық синдромның диагностика және терапиялық принциптері. Липопротеиндердің (ЛП), май қышқылдарының, фосфолипидтердің класстары. Дислипидемияның клиникалық көріністері. Липидтік алмасу бұзылыстарының лабораториялық диагностикасы. ЖИА әр түрлі сатылары кезіндегі төмен тығызды липопротеидтердің және холестериннің дәрежелері. Атерогенді дислипидемияның алдын алуы мен рациональдік емдік тамақтанудың қазіргі замануи жолдары. Дислипидемияның медикаментозды емі. Статиндердің, фибраттардың, никотин қышқылының, өт қышқылының секвестрларының, пробуколдың негізгі қасиеттері және әсер ету механизмі, мөлшері және жағымсыз әсерлері. Липидтік алмасудың ауыр бұзылыстары емінің экстракорпоральді әдістері. (ЛПНП-аферез, плазмаферез). Семіздігі бар науқасты қазіргі заманғы жүргізу әдістері. Жіктелуі (БҰО, 1998). Семіздік кезіндегі ішкі ағзалардың патологиясы. Алдын алуы. Емі. Қазіргі заманға сәйкес диетотерапия, ашығу, бөлек тамақтану. Анорексигенді заттар: көрсеткіштері, препараттарды таңдау. Майды азайту препараттары: жағымсыз әсерлері, тағайындау сызбасы. Ағзалардағы алмасу процесстерін қалпына келтіру препараттары. Физикалық жүктемелердің рационалді тәртібі. Патологиялық климакс: жіктелуі, диагностикалық сынамалар, салыстырмалы диагностикасы, емі (рациональды тамақтану, физиотерапевтикалық процедуралар, В витаминдерінің топтары, нейролептиктер, гормональды терапия). |
Семинар. Тақырыпты талдау |
15 |
6 |
Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің және бүйрек үсті безінің аурулары |
Гипофиздың анатомиясы. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондарының сипаттамасы. Гипоталамустың анатомиясы және физиологиясы. Гипоталамо-гипофизарлы жүйесінің регуляциясы. Гипофиздың артқы бөлігі, оның қызметтері. Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің визуализациялық әдістері: сәулелі диагностика, октреотидті қолданумен сцинтиграфия. Гипофиздің ісіктері: этиология, эпидемиология, патофизиология, диагностика, емі. Сәулелі терапия.Гипоталамиялық синдромдар: синдромның анықтамасы, жіктелуі, этиология, патогенез, гипоталамиялық синдромдардың әр түрлі түрлерінің клиникасы, диагностикасы, қазіргі заманғы емдеу әдістері. Иценко-Кушинга ауруы: аурудың және Иценко-Кушинг синдромының анықтамасы. Кортикостероидтардың физиологиялық және патологиялық әсерлері, бүйрек үсті безі қыртыстарының жұмыс жасау калпы. Этиология, патогенез, клиника, диагностика, емі, жұмыс жасауы, болжамы. Акромегалия және гигантизм: анықтамасы, этиологиясы және патогенезі. Гигантизмнің клиникасы, диагностикасы және емі. Акромегалияның клиника, диагностика және емі. Гипопитуитаризм: этиология, патогенез, клиника, диагностикалық сынамалар, салыстырмалы диагностика, емі. Лакторея-аменорея синдромы: физиологиялық және патологиялық гиперпролактинемия. Пролактиннің әсерлері. Гиперпролактинемияның патологиялық түрлері. Клиника, диагностика, емі. Қантсыз диабет: анықтамасы, альдостеронның және зәрдің мөлшерін қалпына келтіретін антидиуретикалық гормондардың рөлі. Жіктелуі, клиника, диагностика, емі. Бүйрекүсті безінің анатомиясы, физиологиясы. Гормондардың сипаттамасы. Бүйрекүсті безінің кызметінің реттелуі. Визуальді диагностика: компьютерлік томографиясы, МРТ, бүйрек үсті безі қыртыстарының сцинтиграфиясы, бүйрек үсті безі милық затының сцинтиграфиясы, позитронды эмиссионды томография. Диагностикалық критерийлері және емдеу әдістері. Ішкі аурулар клиникасындағы жедел және созылмалы бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі. Ауырлық дәрежелері. Диагностикасы және емі. Бүйрек үсті безі қыртыстарының ісіктері: жіктелуі, этиология, клиника, диагностика, салыстырмалы диагностика және емі. Феохромоцитома: клиника, диагностика және салыстырмалы диагностикасы, емі. |
Семинар. Тақырыптық талдау |
15 |
|
|
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы |
МҚЖСБ |
15 |
|
|
|
15 күн |
75 |
|
2 Блок |
Клиникалық ЭКГ |
|
|
1 |
Қалыпты ЭКГ сараптамасы. |
Қалыпты ЭКГ сараптамасы. ЭКГ элементтерінің өзгерістері. Позициялық өзгерістер |
Семинар |
5 |
2 |
Гипертрофиялар кезіндегі ЭКГ |
Жүрекшелер мен қарыншалар гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ |
Семинар |
5 |
3 |
Аритмиялардың ЭКГ диагностикасы |
Синус түйінінің автоматизмінің бұзылысына байланысты аритмиялардың ЭКГ диагностикасы. Изменения ЭКГ при активных эктопических комплексах и ритмах |
Семинар |
5 |
4 |
Жыпылықтау мен діріл кезіндегі ЭКГ. |
ЭКГ диагностика пассивных эктопических комплексов и ритмов. Мерцание и трепетание. |
Семинар |
5 |
5 |
Бөгемелердің ЭКГ диагностикасы. |
Бөгемелердің ЭКГ диагностикасы. |
Семинар |
5 |
6 |
Миокард инфаркты кезіндегі ЭКГ. |
Миокард инфаркты кезіндегі ЭКГ. |
Семинар |
5 |
|
|
Барлығы, сағат |
6 күн |
30 |
|
|
Кафедрадағы пән бойынша барлық тәжрибелік сабақтар сағаты* |
|
450 |
Ескерту:
* - «Ревматология», «Нефрология», «Аллергология» блоктары сәйкес модульдерде оқытылады;
**- берілген тақырып бойынша ТДО-да біріктірілген сабақтар жүргізіледі.
