- •С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті силлабус «Ішкі аурулар» бойынша интернатура
- •1. Жалпы мәліметтер
- •1620 Сағат, оның ішінде кафедрада - 1350 сағат ( 270 сағат сәкес модульдерде оқытылатын аллергология, нефрология және ревматология блоктарына бөлінген):
- •2. Байланыс ақпараты:
- •3. Интерндерді дайындау тәртібі:
- •4. Тақырыптық жоспар және тәжірибелік сабақтардың мазмұны «Кардиология. Ревматология*» модульі
- •«Пульмонология. Аллергология*» модульі
- •«Гастроэнтерология. Гематология» модульі
- •5. 7 Курс интерндеріне ішкі аурулар бойынша интерндердің оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысының (иобөж)* күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Аймақтық тәжірибеде талқыланатын тақырыпттар:
- •8. Саясат және тәртібі.
- •9. Интерннің өзіндік жұмысы
- •10. Ішкі аурулар бойынша интерндердің өзіндік жұмысының (иөж) календарлық-тақырыптық жоспары
- •11. Интерннің іс-сапар тәжірибесі кезіндегі өзіндік жұмысы
- •1. Шаблон – сырқатнаманың біріншілік сараптамасы
- •Сырқатнаманың экспертті бақылау нұсқасы
- •12. Ұсынылған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •13. Тәжірибелік дағдылар мен білім деңгейін бағалауға арналған бақылау- өлшемдік құралдар.
- •Семинарды бағалау парағы
- •Терапевт- интерндерге арналған тақырыптық талдаудың ұпайлық-қорытынды бағасы (максимальды 100 ұпай)
- •Тақырыптық талдауды бағалау парағы
- •Медициналық құжаттарды жүргізуді бағалау парағы
- •Интерн-терапевті 360° бағалау парағы (іс сапарда)
- •Куратор
- •Бөлім меңгерушісі
- •Дәрігер-ординатор
- •Кезекші дәрігер
- •Мейірбике
- •Пациент
- •Интерн-терапевтің бір нозология бойынша медициналық көмек сапасының мақсаттық сараптамасының (іс-сапар тәжірибесіндегі өзіндік жұмысы) бағалау парағы
- •Интерн-терапевттерге арналған білім беру жобасының (аналитикалық матрица) ұпайлық-рейтингтік бағалауы (интерндердің кафедрадағы өзіндік жұмысы).
- •Бағалау критерийлері
- •Интерн-терапевтердің оқыту жобасын (аналитикалық матрица) бағалау парағы
- •Экг циклы бойынша иөж тапсырмасын бағалау критерийлері
- •Интерннің өзіндік жұмысын (жеке дайындаған) бағалау парағы
- •Терапевт- интерннің кәсіби дағдылардан миниклиникалық емтихан қорытындысының ұпайлық –қорытынды бағалау
- •Терапевт- интерннің кәсіби дағдыларын миниклиникалық емтиханда бағалау парағы
- •14. Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •Нақты пәнге немесе нозологияға жарамды клиникалық компетенцияны меңгеру деңгейлері
- •Интерн мына компетенцияларды меңгеруі тиіс
«Пульмонология. Аллергология*» модульі
№ |
Тақырып |
Мазмұны |
Оқыту әдісі |
Аудит. сағат |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 БЛОК |
Пульмонология |
|
|
1 |
Пневмониялар |
Пневмониялардың классификациясы. Ауруханадан тыс пневмонияның қауіп факторлары. Этиологиясына қарай ауруханадан тыс пневмонияның клиникалық көрінісі. Әртүрлі жас топтарындағы науқастарда пневмонияның негізгі қоздырғыштары. Ажырату диагностикасы. Пневмония кезінде госпитализация критериилері. CURB-65. Госпитальды пневмонияның диагностикалық критериилері. Негізгі қоздырғыштары. ӨЖВ жағдайындағы науқастарда пневмонияның ағымының ерекшеліктері. Пульмонологияда қолданылатын антибиотиктердің классификациясы, әсер ету механизмі, фармакокинетикасы, жанама әсерлері, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Микробқа қарсы терапияны таңдау әдісінің принциптері. Мукоцилиарлық клиренске әсер ететін препараттардың (муколитиктер) классификациясы, әсер ету механизмі, фармакокинетикасы, жанама әсерлері, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Дәлелдік медицина тұрғысынан пневмонияның емдеу алгоритмі және рационалды антибиотикотерапиясы. Иммуномодуляциялық терапия принциптері. Иммунокомпроментирленген науқастардағы пневмония. Қауіп топтары. Қоздырғыштары. Емі. Біріншілік және екігшілік профилактика. Аспирациялық пневмонияның қауіп топтары. Вирустық пневмония. Легионеллез, орнитоз. Өкпе патологиясы кезіндегі физиотерапия әдістері мен құралдары. Оксигенотерапия. |
Семинар** Тақырыптық талдау |
15 |
2 |
Пневмонияның асқынулары. Өкпенің іріңді аурулары. |
Инфекциялық-токсикалық шок. ЖТЖ. Респираторлық дистресс-синдром. Клиникалық көрінісі. Дифференциалды-диагностикалық критериилері. Жедел көмек. Профилактикасы. Плевриттер, классификациясы, плевра қуысындағы сұйықтықтың пайда болу себебі. Клиникалық көрінісі. Плевра қуысында сұйықтық пайда болуының үш сатысы. Плевроцентезге көрсеткіштер, плевра сұйықтығын лабораторлық әдіспен зерттеу. Плевралық сұйықтықты идентификациялау. Өкпенің, плевраның инфекциялық аурулары, қатерлі ісіктері, дәнекер тіннің аурулары, ОАТЭ кезінде дамитын плевриттердің дифференциалдық диагностикасы. Басқа мүшелер ауруларындағы плевриттер. Лабораторлық және инструменталдық зерттеу әдістері. Емі. Өкпе абсцессі және өкпе гангренасының этиологиясы, клиникалық көрінісі. Консервативтік емі. Хирургиялық емге көрсеткіштер. Бронхоэктаз ауруының этиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы, дифференциалдық диагностикасы. Бронхографияға көрсеткіштер. Емі.Хирургиялық емге көрсеткіштер. Кеуде қуысы органдарын рентгендік әдістермен зерттеу, көрсеткіштері, жүргізу ережелері, зерттеу әдісінің диагностикалық бағалылығы. Өкпе патологиясындағы негізгі Р-синдромдар: қараю, ошақ, диссеменирленген өзгерістер, өкпе түбірінің өзгерістері, өкпе суретінің өзгерістері, ағару. Плевра қуысындағы сұйықтық синдромы. Пневмоторакс синдромы. Визуализация әдістері: рентгенологиялық, эндоскопиялық (МРТ, КТ, бронхоскопия, бронхография, ангиография) Мәліметтерді интерпретациялау, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Радиоизотопты зерттеу әдістері, жүргізу әдістері, қаіпсіздік ережелері. Қалдықтарды жою. Сепсис. Жіктелуі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты. |
Семинар** Тақырыптық талдау
|
20 |
3 |
ӨСОА |
Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы. ӨСОА дәлелденген және мумкін қауіп факторлары. ӨСОА кезіндегі тыныс жолдарының қабынуының негізгі иммунологиялық механизмдері. ӨСОА диагностикасы, бронхтар обструкциясының қайтымсыздығын анықтау. ӨСОА халықаралық классификациясы. ӨСОА асқынған науқастарды жүргізу, госпитализацияға көрсеткіштер. Тұрақты ӨСОА бар науқастарды жүргізу, терапия принциптері, негізгі дәрілік зат топтары. Дәрілік әсерлесу. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты. |
Семинар** Тақырыптық талдау
|
20 |
4 |
Өкпенің диссеминирленген аурулары (саркоидоз, фиброздаушы альвеолит, пневмокониоздар және т.б.) |
Өкпенің диссеминирленген үрдістерінің классификациясы (клиникалық топтары). Жедел, жеделдеу және созылмалы саркоидоздың клиникасы. Дифференциалдық диагнозы. Емдеу принциптері, болжамы. Өкпенің диссеминирленген ауруларына тән рентгенологиялық белнілер. Спирография және қан құрамының газдарының көрсеткіштерінің ерекшеліктері. Экзогенді және эндогенді альвеолиттер. Экзогенді альвеолиттер: аллергиялық альвеолит, эозинофильді пневмония (дәрілік пневмониттер), токсикалық альвеолит. Емі. Дифференциалдық диагнозы. Идиопатифлық фиброздаушы альвеолит, Гудпасчер синдромы, гистиоцитоз Х. Гематогенді-диссеминирленген туберкулезбен, өкпе карциноматозымен, бронхоальвеолярлы ракпен, пневмомикозбен, пневмокониозбен дифференциалдық диагнозы. ДТДА кезіндегі өкпе васкулиттері. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын өкпенің диссеминирленген аурулары (өкпенің идиопатиялық гемосидерозы, өкпенің біріншілік протеинозы, біріншілік бронхөкпелік амилоидоз, микролитиаз). Морфологиялық зерттеу әдістерінің ролі. |
Семинар ҒТК |
25 |
5 |
Тыныс жетіспеушілігі. Жедел және созылмалы өкпелік жүрек. |
Анықтамасы. Даму механизмдері. Классификациясы. Тыныс жетіспеушілігі типтерінің дифференциалдық диагностикасы. Қалыпты жағдайда және патологиялық жағдайда қанның газдық құрамының көрсеткіштері, пульсоксиметрияның диагностикалық маңыздылығы. Ұзақ уақыт оттегімен емдеуге көрсеткіштер. Өкпе гипертензиясы. Классификациясы: біріншілік, екіншілік. Себептері, патогенезі, клиникалық критериилері. Диагностикада инструментальдық зерттеу әдістерінің ролі. Клинико-диагностикалық және дифференциальды-диагностикалық критериилері. Асқынулары. Болжамы. Өкпе гипертензиясының және созылмалы өкпелік жүректің емі. Жедел өкпелік жүрек. ӨТЭА. Диагностикасы және емі. Дәлелді медицина тұрғысынан емдеу бағыты. |
Семинар Тақырыптық талдау |
10 |
6 |
|
Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы |
МҚЖСБ |
20 |
|
|
|
21 күн |
105 |
