Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.5 Кб
Скачать
  1. Ақ «Казхром» өндірістік орындағы зиянды және қауіпті өндірстік факторларды аттестациялау , классификациялау , анықтау.

Жұмыс орындарын аттестациялау Қазақстан Республикасы Үкіметімен  2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен жүргізіледі.      

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет.

Өндірістік объектілерді аттестаттау:

1) ұйымның өндірістік объектілері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;

2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:

  • еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;

  • жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;

  • қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды

  • Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.

Ұйымның аттестаттау комиссиясы:

1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;

2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;

3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;

4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;

5) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

6) өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;

7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;

8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;

9) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу мерзімін келіседі;

10) ұйымдардың өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі

Аттестаттау нәтижелері:

1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);

2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);

3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;

4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;

5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамалар

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:

1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;       2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;

3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;       4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;

5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;       6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;       7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу;

8)еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;       9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.

Зиянды және қауіпті өндірстік факторлар

Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс жарамдылығының төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда (қарқындылық, ұзақтық және т.б.) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру, жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек процесінің факторлары. Сандық сипаттамасына (концентрация және т.б. деңгейне) және әсер ету ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік қауіпті болуы мүмкін.   Қауіпті өндірістік фактор — жұмыс істеушіге әсері жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуіне (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлім-жітімге алып келуі мүмкін өндірістік фактор, әрекет ету табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болыпболінеді

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:  1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.  3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.  4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.  Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.

Өндірістік шу .

Шу – дегеніміз өндірістегі қызмет процесі кезіндегі әр түрлі құрал – жабдықтардың қосылма шыққан дыбыстары. Ол адамдардың жұмыс істеу қабілетін төмендететіні анық. Әр жабдықтың өзіне тән шум шығарылуы да ГОСТ стандарт бойынша бекітіледі. Ол қандай категориялы екені және дыбыстың көп ноталы ма әлде дара немесе таза дыбыс екені жабдықтың құжатында көрсетіледі.

Өндірістегі шумның әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады. Шум кезінде тіке есту қаблеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз – қан айналымды, жұмысқа деген қаблеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте бақытсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды (сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.

Шу 2 түрге бөлінеді:

1) Механикалық;

2 )Аэростатикалық;

а) Механикалық дыбыс - дегеніміз үзіліссіз машиналар мен

жабдықтардың қоспалы дыбысы.

б) Аэродинамикалық – дегеніміз белгілі бір уақытта болатын және механикалық жабдықтарсыз жеңіл бір ноталы дыбыс. Мысалы желдеткіш, судың ағуы, т.б.

Шуылдан қорғану.

Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.

Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.

Шуға қарсы жеке қорғаныс құралдары

Қарқынды шу мен дірілге жеке қорғаныс құралдарын қолдану олар дұрыс таңдалған және тұрақты түрде пайдаланылса тиімді болып табылады.

Қазіргі заманғы физиологиялық әдістер көмегімен жүргізілген зерттеулер нәтижесі жеке қорғаныс құралдарының діріл мен шудың әсерінен ағзаны едәуір қорғайтынын, сонымен қатар әртүрлі терең функционалды зақымдаулар мен бұзылулардың алдын алатындығын дәлелдеді. Бірақ жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жалпы шумен күресу мәселелерін толығымен шешпейді. Егер жұмыс орнында шу деңгейін басқа да қажетті әдістермен шекті деңгейге қоюға мүмкіндік болмаса, онда жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға тура келеді. Соғу, кесу, пневматикалық және электрлік құрал-жабдықтармен дәнекерлеу тігістерін тазарту, металлды қолмен қорыту секілді өндірістік үрдістер үшін жеке қорғаныс құралдары кәсіби аурулардың алдын алатын іс-шаралар болып табылады.

Шу адамның есту мүшесіне және ағзасына алғашқы 3-5 жылда қатты әсер етеді, содан соң патологиялық өзгерулер баяулай бастайды. Сондықтан да, шулы өндірісте жұмысты алғаш бастар алдында қорғаныс құралдарын қолдану маңызды болып табылады.

Шудан қорғанудың жеке қорғаныс құралдарына тығындар, құлаққаптар және шлемофондар жатады.

Тығындар. Тығындар құлақтың есту арнасына салынады. Оларды пластикалық пішінін қатты өзгертпейтін материалдардан жасайды. Қатты тығындарды қысқа мерзімде қолдану керек, себебі олар есту мүшелерін зақымдайды. Дұрыс таңдалған құлақ тығындары жоғары жиіліктердегі шуды біршама төмендетеді.

Шуды өлшейтін құралдар.

Шумамер-дыбыстың қаттылығын өлшеуге арналған аспап. Ол өлшеуіш микрофоннан, электртербелістерін күшейткіштен, шарлы детектордан және индикатордан тұрады

Ақтөбе феррохром зауытындағы негізгі химиялық қосылыстардың зиянды әсері.

 Азот оксиді (N0) көбінесе адамзат қызметінің негізінде пайда болады, электр энергиясы және жылуды жағумен байланысты болады. Азот оксиді, осындай жағдай барысында диоксид азотына (N02) дейін қышқылдақтануы мүмкін, яғни ауада. Азот оксиді N0 және N02 қатты жерлі. Азот оксиді түссіз, иіссіз газ, жанбайтын және суда әлсіз ериді.

Азот  диоксиді (N02) қышқыл иісті қызғыш – сұр газ. Газ тәрізді N02 жерлі N02 молекуласы спектр облысының көрінетін көп бөлігінде жарықты сөндіреді. Осының нәтижесінде ауада N02 сарғыш, не қызғыш түзелту мүмкін.

0,28-ден  0,56 мг/м3 – дейінгі концентратта N02 қызанақ жерін игізеді.

Молекулары  азотың атмосферадағы бөлігі микроорганизм  жерімен қауіпті және биологиялық  система қосылады; бұл процесс, азоториксация  деп аталады, жылына орташа 150 млн. т. азот береді. Азот фиксациясының өндірісі дүние жүзіндегі азоттың төрттен бір бөлігін береді. 95-%-ға азот айналымдағы қайталау циклына қатысады.

Азот  оксиді (ІV) белгілі шартарды разряд кезінде найзағай пайда болуы, вулкандардың, топырақта бактерия желуіне соқтыруы мүмкін. Азот оксидінің табиғаттағы қалдығы жылына 1100 млн.т. құрайды.

  1. Гигиеналық нормативтер. ПРКр.з = 2 мг/дм3, пары, класс қауіптілігі 3. атмосфералары ауаға ПДКм.р = 0,085 мг/м3, ПДКсс = QОН мг/м3 қауіпті классы

  2. Фонды концентрациялары N02 зерттелу ауданында 0,07 мг/м3 құрайды.

  3. Сера және оның бірігуі. Литосфера құрамында 4,7 • 10-2%  сера құрайды, жер құрамыңда толығымен 2,74%-ға дейін. Элементарлы сера барлық элемент көлемінің 0,026%-ын және теңіз суының 0,0885%-ын құрайды. 40 элеменке жуығын серамен біріктіріп түзелтеді, жалпы көлемі В.И.Вернадскийдің шамамен санағы бойынша 0,15% құрайды; сернис бірігу құрамына 0,001%-дан келеді.

Сероводород токсикалық әрекет. Концентрация арқылы 0,0011 мг/м3 және оданда көп бөлігі суда шіріген жұмыртқаның иісін шығарады, ішетін судаға концентрациясында 0,07 мк2/дм3 оның дәмін өзгертуі мүмкін. Эмиссия жерінен Н2S өсімдік жапырақтарында сера жиналады. Н2S көп болуынан ауаның жетіспеушіліген әкелуі мүмкін. Концентрация негізінде Н2S 1,0мг/дм3 балықтарда демалысы төмендейді, тереңдікте жүзе алмауы мүмкін. Сероводород балықтардың терісінің ауаны қабылдауын нашарлатады.

Гигиеналық  нормативтік ПДКр.з = 10,0 мг/м3, пары қауіпсіздік класы 2; атмосфералық  ауаға    ПДК м.р = 0,008 мг/м3,   қауіпсіздік   класы 2; фондық

концентрациясы  Н2S зерттелу ауданында 0,0043 мг/м3 құрайды.

Сера  оксиды (ІV) (сера диоксиды сералық ангидрид, сералы газ). Атмосфераға өндірістегі отты жағудан, сұйық оттан нәтижесінде түзіледі

ҚОРЫТЫНДЫ

   Қалай десе де ғылыми техникалық прогресс  экологияның  бұзылуына  соқтырады. Ойткені қалдықсыз  технологиялар өте аз. Ауаны бұзатын зауыт, фабрикалар, көліктер көбейіп жатыр. Мысалы: Алматы қаласындағы ауаны ластау индексі 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2 есе өскен. 2004 жылы наурыз айында 12 болса, 2005 жылының ақпан айында 21,4 Ақтөбе қаласы да  таза қалаға жатпайды. Республика бойынша еспублика бойынша IV орында тұр. 2004 жылы мұндағы индекс 9,6 болған. Ауаны ластайтын объектілер: қара металлургия және химия.

   Сонымен қатар табиғи ортаға  қазіргі заманғы өнеркәсіп орындарының  әсер етулері комплексті  сипатта  болады, себебі технологияларда  әр-түрлі процестер қолданылады:физико-механикалық,  физико-химиялық және химия-биологиялық.  Осы әсер етулердің әрқайсысын  сапалық және сандық жағынан  анықтау табиғи-өнеркәсіптік  жүйелердің  табиғи  және  адамды қоршаған  ортамен өзара байланысын  бағалауға,  табиғи компоненттердің өзгеру  себептерін, нообиогеоценоздағы бұзылулар  мен ластағыштарды анықтау, экологиялық  жүйелердегі нооценоздарды дамыту  стратегиясын жасауды негіздейді. Әсері  күшті  үлы  заттарға:күкірсутегі,  көмірқышқыл газы, аммиак және  де т.б зауыттарда  қолданылатын  заттар жатады.

    Жалпы  көптеген  мәліметтерге  сүйенсек, Ақтөбе  Хром  Қосындылар  Зауыты өндіріс  аумағындағы   атмосфералық ауаның жағдайы   қалыпты және экологиялық   нормаларға сай келеді  деуге  болады.

Судың химиялық   талдауы көрсеткендей, қалдықтардың құрамында кальций, магний, үшвалентті хром фтор, темір жоғарылылығы көрсетілмеген.

Ақтөбе  Хром Қосындылар Зауытының өндірістік пруд накопитель маңындағы ауаны  ластау берілген нормадан аспайды.

Ақтөбе  Хром Қосындылар Заводының  маңында: сера диоксиды – О, ОН ПДК м.р диоксид  азоты – 0,19 ПДК м.р; көмірқышқыл  оксиді – 0,58 ПДК м.р ,6 валентті хром – 0,07 ПДК. Максималды концентрация бекітілген; диоксид сералы – 0,41 ПДК м.р, азот диоксиды – 1,62 ПДК, неорганикалық – 3,8 ПДК м.р, сероводород – 0,15 ПДК  м.р көмірқышқыл оксиді – о,9 н  ПДК м.р 6 валентті хром – 0,33 ПДК .

 Ақтөбе  Хром Қосындылар Зауытының –  пруд накопитель аймағы: диоксид  серасы – 0,02 ПДК м.р,диоксид  азоты – 0,09 ПДК м.р; неорганикалық  шаң – 0,06 ПДК м.р, сероводород  – 0,13 ПДК м.р, көмірқышқыл оксиді 0,49 ПДК м.р6 валентті хром 0,07 ПДК.  Максималды концентрациясы бекітілген  диоксид сера – 0,62 ПДК азот  диоксиді – 0,32 ПДК м.р неорганикалық шаң – 0,44 ПДК м.р сероводород – 0,38 ПДК м.р, көмірқышқыл оксиды – 0,62 ПДК м.р; 6 валентті хром – 0,07 ПДК с.с.

Импактты  зонада: хром бойынша – 0,07 ПДК с.с, диоксид серасы – 0,03 ПДК м.р,  азот диоксиды  0,17 ПДК м.р неорганикалық  шаң – ОН ПДК м.р, көмірқышқыл  оксиді – 0,62 ПДК м.р, сероводород  – 0,13 ПДК м.р. Максималды концентрациясы бекітілген: хром6 – 0,33 ПДК с.с, неорганикалық шаң - 1,52  ПДК м.р, сера диоксиды – 0,12 ПДК м.р, азот диоксиды – 1,0 ПДК м.р, көмірқышқыл оксиды – 1,12 ПДК М.Р сероводород – 0,25 ПДК м.р

Селитебті зонада: хром6 – 0,07 ПДК, сера диоксиды 0,02 ПДК, азот диоксиді 0,2Н ПДК неорганикалық шаң – 0,22 ПДК, көмірқышқыл оксиды – 0,67 ПДК, сероводород – 0,25 ПДК, максималды концентрациясы бекітілді хром6 – 0,07 ПДК, неорганикалық шаң – 0,78 ПДК, сера диоксиды – 0,068 ПДК, диоксид азоты – 0,38 ПДК, көмірқышқыл оксиды – 1,0 ПДК, сероводород – 1,11 ПДК

   Актөбе  Хром Қосындылар  Зауыты  және пруд – накопитель маңындағы  атмосфераға тиетін лас заттар  көлемі нормадан аспайды.

2. АО  «Ақтөбе хром қосындылар зауыты»  орналасқан аудандағы техногеосистеманың  бетіндегі және жер асты суларының  талдау жағдайы.

Сонғы 15-20 жылдар бойы АО «Ақтөбе Хром Қосындылар Зауыты» маңындағы  атмосфералық ауа жағдайы үнемі тексеріліп отырады. Ақтөбе Хром Қосындылар  Зауыты болған эксплуатация және қүрылыс жерінен  болған илек ауданында ластайтын  зат алтываленті хром.Сол кезде  реагенттерді сақтау кезінде және заводта  сақталған заттар жерінен грунт  сулары ласталған жер асты суларын  ластау заттары көбінесе заводты  эксплуатациөлаған кезде болған.Өл грунт суларына тікелей жерін  тигізген болатын, ласталған интенсивті фильтрация негізінен атмосфера  ласталған, әсіресе Ақтөбе Хром Қосындылар Зауыты маңында. Содан кейін белгілі  шаралар қолданғаннан соң жағдайынан төмендеген. Жоғарыда көрсетілгендей соңғы құрылыста гидроизоляция  және домба жоғарысында екі қабатты  экран қабатталған, бұл толық  қамтамасыз етеді. Сонымен қатар  Ақтөбе Хром Қосындылар Зауытында суқұрырлы  станция құрастырылған.