- •Түсініктемелік жазба
- •Түсініктемелік жазба
- •Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
- •5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •Тапсырма
- •Графигі
- •Мазмұны
- •Ақ «Казхром» жалпы сипаттамалары .Аақ «тұк Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы .
- •Ақ «Казхром» өндірістік орындағы зиянды және қауіпті өндірстік факторларды аттестациялау , классификациялау , анықтау.
Ақ «Казхром» жалпы сипаттамалары .Аақ «тұк Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы .
ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары, орта-төмен көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді
Хром туралы жалпы сипаттама
Хром ең алғаш рет адамзат баласына 1798 жылы мәлім болған. Хром сөзі гректің «chroma» – «түс» деген сөзінен туындағаны тарихтан білеміз. Аталмыш металл жер қыртысының ең тереңінде кездеседі. Ғылымға құрамында хромы бар 20 түрлі минералы мәлім. Өндіріске қажетті хромшпинелидтің құрамында негізінен уваровит, волконскоит, кемерит, фуксит сынды минералдар бар. Хромнан бояу, тері илейтін химиялық өнiмдер, түрлі құймалар, электр мен өндіріске қажетті заттар алынады.
Дүниежүзіндегі хромның негізгі минералды-шикізаттық қоры Қазақстан, Зимбабве және Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) орналасқан. Аталған елдердегі хромның қоры әлемдегі шикізат қорының 84 пайызын құрайды. Ал 4 пайыз шикізат Үндістан, Финляндия, Филиппин, Түркия, Албанияның еншісінде болса, қалған 14 пайызы дүнежүзінің әр тарабына таралған. Хром өндірісі негізінен әлемнің бес елінде жақсы дамығанын айта кетуіміз керек. Олар – ОАР (45,8 пайыз), Қазақстан (18 пайыз), Үндістан (14,3 пайыз), Түркия (6,9 пайыз), Зимбабве (4,4 пайыз) болып жіктеледі. Қазір әлемде феррохром өндірісімен айналысатын жетекші компаниялар ретінде «Samancor», «Қазхром», «Sudelektra», «Chrome Resources», «Xstrata S.A. (Pty.) Ltd», «Anglovaal» компанияларын атауға болады. ОАР-дағы ең ірі «Samancor» қазіргі таңда 10 хромит кенішін жылына 3 млн. тоннаға дейін феррохром өндіріп келеді. Феррохром өндірісіндегі компаниялар бүгінде табысты жұмыс істеу үшін бір-бірімен ынтымақтасуға бет бұрып отыр. Осы ретте «Samancor» компаниясы «Xstrata» кәсіпорынының бақылаушы акциясына иелік етуі біздің сөзімізге дәлел болады.
Хромның қоры жөнiнен Қазақстан (430 млн. тонна) дүниежүзiнде ОАР-ға ғана дес беретінін жоғарыда айттық. Ал елімізде өндірілетін хром сапасы әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады. Ақтөбе облысындағы Дөн кен-байыту комбинаты Кемпiрсай кен орнынан хромит өндiрумен қатар хром концентраты және ұнтақталған тауарлы көміртекті хром өндірілетінін бәріміз білеміз. Мамандардың пайымдауынша, Кемпiрсай кенішінде хром қоры 310-320 млн. тоннаға жетеді. Аталған кенiш «Қазхром» трансұлттық компаниясының Ақтөбе мен Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауыттарын қажетті шикізатпен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Ақсу ферроқорытпа зауыты ферроқорытпа балқымаларын, ферросиликохром, ферросиликомарганец шығарса, Ақтөбе облысындағы «Феррохром» ААҚ-ы феррохром мен ферросиликохром шығаруды жолға қойған. Кәсiпорындардың жылдық феррохром өндіруі 350 млн. тоннаға жеткен. Қазіргі таңда Қазақстанда феррохромнан жаңа заман талабына сай өнімдер алуда қолға алынған. Осы ретте феррохромнан отқа төзімді болат өндіру және жоғары технологиялы сұйық шыны жасау ісі қарқынды дамуда. Отандық феррохром өндірісі негізінен дүниежүзiлiк нарықты қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзiнде хром өндiру жағынан Қытай, Бразилия, Австралия, Ресей, АҚШ, Үндiстан, Украинадан қара үзіп кеткен.
Осы ретте «Казхром» трансұлттық компаниясы жоғары көміртек феррохром шығару бойынша инновациялық технологияларды енгізуге де айрықша мән беріп отырғанын айтуға тиіспіз. Алып кәсіпорын бұл бағытта 110,5 млрд. теңгеге бағаланған жобаның бірінші кезеңін 2012 жылы аяқтамақшы. Ал «SBS Steel» компаниясы қуаттылығы жылына 500 мың тонна түйіршіктелген шойын өндіретін инвестициялық жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Жоба барысында әлемдегі жаңа технологиялардың бірі – ITmk3 технологиясы қолданылады. Аталған технология бойынша бірінші зауыт осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-та іске қосылған болатын. Қазақстандық зауыт озық технологияның бұл түрін пайдаланған әлемдегі екінші кәсіпорын болайын деп тұр 2013 жылы аяқталатын зауытқа салынған инвестиция көлемі – 457 млн. долларды құрайды. Осыдан-ақ, отандық компаниялардың бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолында ешқандай елден қалыспай отырғанын байқаймыз.
Қазақстанда хром ұзақ жылдар бойы өндіріліп, өндірістік қалдық феррохром қождары жиналғаны белгілі. Бүгінде «Қазхром» осы өндірістіқ қалдықты іске жаратуға бел буып, білек сыбана кіріскен. Осы ретте Ақсу ферроқорытпа зауыты жылдар бойы жинақталған жоғары көміртекті феррохромның қождарын қайта өңдеу кешенін жобалау және салу жоспарлап отыр. Феррохром қожы дегеніміз металлургиялық процесс барысында сұйық металдың бетін жабатын ауыспалы құрамдағы металлургиялық қорытпа. Зауыттың өндірістік қалдықты кәдеге жаратуға шындап кіріскені бізді қатты қуантады. Феррохром қождарын қайта өңдеу компанияға пайданың жаңа көзі болайын деп тұр. Мәселен, бір ғана Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағында 5 млн. тонна феррохром қожы жинақталған. Жыл сайын оның қоры бір миллион тоннадан астам қожбен толығатынын ескерсек, жер қойнауынан қазып алынған ен байлықтың қаншасы босқа рәсуа болатынын байқау қиын емес. Енді бұл олқылықтың орны толмақшы. Зауыт жартылай өнімді кәдеге жарату арқылы миллиондаған тонна шикізат қорына дайындау мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстанда жоғары көміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец кең көлемде өндіріліп келе жатқанына ұзақ жыл болды. Сондықтан бұл саладағы кәсіпорындардың іс-тәжірибесі орасан зор деп нық сеніммен айта аламыз. Отандық компаниялардың әртүрлі өнім өндіріп, әлемдік нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуі қазір еліміздің абыройын асқақтатып тұр. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісінің көлемі өскен. Осылайша Еуразиялық өнеркәсіпшілер тобы отандық металлургияда балқымалы металдардың ассортиментін кеңейтуге айрықша мән беруде. Еліміздегі кәсіпорындар үшін хром балқымаларына аса сұраныс жоқ. Сондықтан «Қазхром» өз өнімінің 95 пайызын сырт елдерге экспорттайтыны белгілі. Компанияның жоғары сапалы өнімдерін болат өнеркәсібімен айналысатын Еуропа, Қиыр Шығыс, АҚШ, ТМД елдерінің компаниялары сатып алуда. Осы ретте Қазақ елінде өндірілген феррохромның негізгі тұтынушысы ретінде Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдерін, Үндістан мен Оңтүстік Американың бірқатар елдерін атауға болады. Тоқсаныншы жылдары КСРО-ның ыдырауы әріптестік байланыстардың бұзылуына және еліміздің металлургия саласына айтарлықтай салқынын тигізгені белгілі. Дәл осы уақытта елімізге Жапонияның «Japan Chrome Corporation» компаниясы келіп, феррохром өндірісінде үлкен бетбұрыс жасаған болатын. Аталған компания өндіріске қажетті капитал мен өндірістік базаны жетілдіруге инвестицияны аяған жоқ. Бұдан басқа басқару саласына өндірістік және сауда стратегияларын енгізіп, ірі өндіріс ошағын нарық заңдылықтарына икемдеу жолында көп тер төкті. Дәл осы жылдары бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру, әлемдік нарықты жаулау үшін сапалы өнім шығару басты орынға қойылды. Өз кезегінде жапондық инвесторлар кәсіпорындардағы пештерді модернизациялап, жаңа технологиялар енгізген болатын. Ал 1995 жылы «Казхром» трансұлттық компаниясы құрылып, феррохром саласындағы жетекші өндірістік нысандар – Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары мен Дөн кен-байыту комбинаты қанатының астына алғаны мәлім. 1997 жылдың өзінде-ақ «Қазхром» дүниежүзіндегі хром өндіретін өндіріс ошақтарының арасында үшінші орынға табан тіреді. Осы ретте алып кәсіпорынның ел қазынасына жыл сайын 20 млрд. теңгеден астам салық төлеп отырғанын айтуға тиіспіз. 2005 жылдың өзінде компанияның өндірген өнімі 151,1 млрд. теңгеге жетті. 2007 жылы дағдарыс орын алғанда отандық компанияның өндірістік қуаты біршама бәсеңдеген еді. Ал қазір алып кәсіпорын жұмысын қайта жандандырып, өзінің әлеуетін әлемдік экономикаға қайта таныта бастады.
Қоғам органдары.
Қоғам органдарына жатады:
Жоғарғы орган — Толық акционерлер жиналысы;
Басқару органы — Директорлар советі;
Атқарушы органы — Правление;
Бақылаушы орган — Ішкі аудит службасы.
Қоғамның қызметі және мақсаты.
Қоғамның негізгі мақсаты — хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.
Қоғамның негізгі қызметі болып саналады:
Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;
құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;
тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;
заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;
құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;
магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;
металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;
көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;
түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;
тау өндірістерін эксплуатациялау;
медициналық қызмет;
өлшеу құралдарын тексеру;
теміржолмен жүк тасымалдау;
қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;
құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;
өндірістік объектілерін электромонтаждау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.
Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын Қоғам жүзеге асырады, егер олпрда осы қызметтерді орындауға арнайы лицензиялар мен рұқсаттамалар болса.
Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты — балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындары үшін ферробалқымаларының қажеттігі өте қатты маңызды емес, сондықтан бұл өндіріс өнімдерінің көлемін экспорт үшін арттыру тенденциясы орын алады. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары (95%) — жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.
«Донской ГОКтан» басқа, негізгі, рудалы шиказаттармен (марганец рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін — Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты — Алтай коксо-химиялық және Төменгі Тагильдік металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.
90-шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен СССР құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан болған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы болды. Басқарушы инвестор-фирма «Japan Chrome Corporation» келуімен жағдай жақсара бастады. Ол — өндірісті қажетті айналым капиталы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялармен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақтау және әлемдік нарықы жаулау үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технологияларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. 1998 жылы «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мүліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферробалқыту зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нәзік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрикасы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондырғысы кіреді.
