- •II бөлім. Жүктілердегі бауыр ауруы........................................................ 55
- •III Бөлім. Ішектің аурулары............................................................................... 75
- •Қалыпты өтіп жатқан жүктіліктегі асқазан-ішек жолдары ағзаларының физиологиялық ерекшеліктері
- •1 Кесте. Қанның биохимиялық көрсеткіші
- •I Бөлім. Асқорыту жолдарының жоғарғы бөлігінің бұзылысы
- •Ажжб патологиясы бар жүкті әйелдерді тексеру
- •2 Кесте. Ажжб патологиясы бар жүкті әйелдерді тексеру.
- •Асқазанның секреторлық функциясын зерттеу
- •Жүктілердің жүрек айнуы мен құсуы
- •Клиникалық белгілері.
- •Жүктілердің шамадан тыс құсуы
- •1.4. Диспепсия
- •4 Таблица. Диспепсия түрлері
- •5 Таблица. Функциональды диспепсияның клиникалық симптомдары
- •6 Кесте. Диспепсиямен науқастарды жіктеу (биопсия алынған эфгдс мәліметі бойынша)
- •1.5. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы
- •7Таблица. Гэра ауырлық дәрежесін бағалау
- •1.6. Созылмалы гастрит
- •1.6.1. Атрофиялық емес созылмалы гастрит
- •8 Кесте. Нр мен біріккен созылмалы гастриттің негізгі белгілері
- •Созылмалы атрофиялық гастрит
- •Жара ауруы
- •9 Кесте. Ауырсыну синдромының қысқаша мінездемесі
- •Жара ауруын емдеу
- •Гастроцитопротекторлар
- •Моторлы қызметке әсер ететін дәрілер
- •Репаративті процесті күшейтетін дәрілер
- •VI. Фитотерапия
- •Минеральды сулармен емдеу
- •VIII. Хирургиялық емі.
- •II бөлім. Жүктілердегі бауыр ауруы
- •10 Кесте. Жүктілердегі жедел және созылмалы гепатиттің себептері
- •Вирусты гепатиттер
- •11 Кесте. Бауыр ауруы кезіндегі негізгі клиникалық синдромдар
- •12 Кесте. Свг маркері
- •13 Кесте. Гепатит вирусының инфекцияның түрлі фазасындағы маркері
- •Жүктілердегі жедел гепатиттің емі
- •3. Жүктілік кезінде вирусты гепатитті емдеуге арнайы вирусқа қарсы ем қолданылмайды.
- •Созылмалы гепатиті бар жүктілерді жүргізу
- •Ем дәм (диета) №5
- •Созылмалы гепатиттің арнайы емі.
- •Вирусқа қарсы ем.
- •Иммуннодепресивті терапия.
- •Сг арнайы емес емі.
- •3.1.Метаболикалық, витаминотерапия және антиоксидті терапия.
- •3.2.Гепатопротекторлы терапия
- •3.3.Дисбактериозды емдеу.
- •3.4.Дезинтоксикациялық терапия.
- •3.5.Орынбасушы ферментті терапия.
- •4.Фитотерапия, минеральды суларды ішу.
- •1 Ұсыныс.
- •Жүктілердің холестазы
- •Бауырдың жедел дистрофиясы
- •Hellp-синдром
- •Бауыр циррозы.
- •III бөлім. Ішектің аурулары
- •Іштің қатуы
- •14 Кесте. Жүктілердегі іш қатуды емдейтін дәрілердің жіктемесі.
- •3.2.Жедел диарея
- •15 Кесте. Жүкті әйелдердегі диарея мен ітс емдеуші дәрілердің жіктемесі
- •Жекелеген бактериальды инфекциялар
- •Протозойдты инфекция
- •Ішектің қабыну аурулары (іқа)
- •16 Кесте. Жүктілердегі іқа емдеуге арналған дәрілердің жіктемесі.
- •Қорытынды.
- •Авиоплант 250 мг 4 рет/тәул, пиридоксин 5% ерітінді — 0,25–0,5 мл 2–3 рет/тәул;
- •Бускопан ерітінді — 2,0 б/ет 2–3 рет/тәул, сосын табл. 10 мг-нан 3–5 рет/тәул;
- •Әдебиеттер тізімі
6 Кесте. Диспепсиямен науқастарды жіктеу (биопсия алынған эфгдс мәліметі бойынша)
Зерттеу нәтижесі |
Салыстырмалы саны, % |
Қалыпты |
33,3 |
Гастроэзофагальды рефлюкс |
23,9 |
Созылмалы гастрит және дуоденит |
20,9 |
Пептиттік жара |
19,9 |
Асқазан обыры |
2 |
Өңештің қышқылдылығын мониторинг жасағанда рН< 4 тәулігіне 15-30 минуттан жоғары болуын анықтайды (қалыптыда 5 минутқа дейін).
Функциональды диспепсияны диагностикалаудың критерийлері (Римнің II критерийі)
Соңғы жылдың ≥ 12 аптасында табылуы:
диспепсияның үдеуші немесе қайталанушы симптомдары;
АЖЖБ органикалық ауруының болмауын (ФЭГДС арқылы) дәлелдеу;
ішектің функциясының бұзылысымен байланысын сипаттайтын симптомдардың болмауы (дефекациядан кейін немесе нәжістің формасы мен жиілігінің өзгерісіне байланысты азаюы немесе пайда болуы).
Диагнозды құрастыру формасы:
Жедел рефлюкс тәрізді диспепсия ( К30).
Созылмалы дискинетикалық диспепсия (К30).
Диспепсиялардың емі
Еңбек және демалыс тәртібін, стресстік жағдайларды болдырмау.
Психотерапия.
Темекі шегуді, алкаголь ішуді, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдауды тоқтату.
Нр эрадикациясы ( жүктілерде жүргізілмейді).
Фитотерапия.
Цитопротекторлар.
Диспепсия формасына байланысты емдік іс-шараларды жүргізу:
- Дискинетикалық – прокинетиктер (ГЭРА емдеу);
-Рефлюкстәрізді – антисекреторлы дәрілер ( жара ауруын емдеу), прокинетиктер (ГЭРА емдеу);
- Жаратәрізді – антисекреторлы дәрілер, миотроптылар қатарының
спазмолитиктері ( жара ауруларын емдеу) және басқалар.
Емдеудің орташа ұзақтығы 2-4 апта.
1.5. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы
Қыжыл жүктілердің 30-80%-да кездеседі. Негізінде бұл жүктілік кезінде алғаш пайда болып, барлық гестация кезеңінде жалғасып, босанғаннан кейін басылады. Әйелдердің 52%-да ГЭРА алғашқы I триместрде, 24-40%-да II триместрде және 9%-да III триместрде пайда болады. Қыжылдың көп мазалайтын кезеңі III триместрде. ГЭРА симптомы 80% жағдайда босанғаннан кейін жойылады, бірақ симптомдардың жүктілік кезінде ұзақ уақыт әсер етуінен ауруға бейім болады.
Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы - асқазан затының өңешке ретрогратты түсуінен болатын созылмалы қайталамалы ауруы. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруының симптомы жүктілерге тән.
Жалпы ГЭРА алдын босанған әйелдердің 5-8% кездеседі.
ГЭРА өзіне ХАЖ-10 мына аурулар тізімін кіргізеді:
К21 Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы
К21.0 Асқазан-өңеш рефлюксы эзофагитпен
К21.9 Асқазан-өңеш рефлюксы эзофагитсіз
К22.1 Өңештің пептидтік жарасы
ГЭРА-ның патогенезінде механикалық және ішкі факторлардың орны бар. Жүктілік барысында өңештің моторикасы бұзылады, өңештің төменгі сфинктерінің қысымы азаяды және асқазанішілік қысым жоғарылайды. Жүктілерде іш қуысының қысымы жоғарылап, асқазан мен өңештің төменгі сфинктерінің механикалық ығысуына алып келеді. ГЭРА симптомдарын тек қана жүкті жатырдың қысымынан пайда болды деуге болмайды, себебі ол жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін пайда болады, ал қыжылдау I триместрде пайда болады. Жүктілік барысында пентагастриннің, ацетилхолиннің және эндорфиннің бөлінуі өзгереді. Барлық жүкті әйелдерде босанғаннан кейін қалпына келетін өңештің төменгі сфинктерінің қысымының төмендеуі 36 аптаға дейін байқалады.
Клиникалық белгілері жалпы аурумен сәйкес келеді. Кардиальды симптомдарға қыжыл мен лоқсу жатады.
Жүкті әйелдердегі ГЭРА-ның классикалық симптомы қыжыл (тамақтанғаннан кейін күшейетін, кеудеартының күйдіруі) болып табылады.
ГЭРА қауіп факторлары: күйзеліс; дененің мәжбүр қалпы; семіздік; жүктілік; темекі шегу; емдік дәрілерді қабылдау (холинолитиктерді, кальций антагонистерін, нитраттар, теофиллиндерді, өт қышқылы бар дәрілерді қолдану және т.б.)
Негізгі белгілері: қыжыл (83%), қышқыл және ащымен кекіру, тағаммен лоқсу (50%), дисфагия (19%), одинофагия, ықылық, құсу, гиперсаливация, асқазанның жоғарғы бөлігінің дискомфорты, кеуде артындағы ауырсыну (сирек стенокардияға ұқсас). Эпигастрий аймағында да ауырсыну, дауыстың қарлығуы (рефлюксты фарингит) байқалуы мүмкін.
Бұл белгілердің пайда болуы тағам қабылдаумен байланысты болуы міндетті емес, бірақ тамақтанғаннан кейінгі іш қуысының қысымын арттырып, дененің алға қарай еңкейіп горизантальды қалыпта болуымен байланысты.
Эзофарингиальды, бронхиальды және кардиальды рефлекстің болуы ГЭРА-ның бронх өкпелік аурулармен, ларингитпен, фарингитпен, жүрек ырғағының бұзылысымен бірге және т.б. аурулармен бірге болуы алып келеді.
Жүктілерде ГЭРА симптомдары жеңіл және эрозиялық эзофарингит, өңештің құрылымдық өзгерісі және қан кетіп асқынуы өте сирек.
ГЭРА бар науқастарды тексеру АЖЖБ патологиясы бар науқастарды тексеретін жалпы әдіспен жүргізіледі (2 табл.). Бірақ көрсеткіштерге сәйкес қосымша тексерулер де жүргізіледі:
ГЭРА-ның атопиялық формасында дәрігер-кардиологтың кеңесі, ЭКГ;
Хромоэндоскопия;
Өңештің рН-ын тәуліктік мониторинг жасау (ерте токсикоз болмаған жағдайда көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі).
ГЭРА диагностикалау критерийлері
Регургитацияға тән симптомдар 1-1,5 ай көлемінде аптасына ≥ 2 қыжыл, қышқылмен лоқсу.
Эзофагитті дәлелдеу үшін ФЭГДС.
Өңеш рН 24-сағ маниторингта оң нәтиже.
Жүктілердің құсуы кезіндегі эндоскопиялық тексерілуі негізделуі керек ( жиі айқын ауырсыну және дисфагиялық синдромдармен)!
ГЭРА жіктемесі (П. Я. Григорьев бойынша, 2000, өзгертілген)
Клиникалық формасы:
жасырын диспепсиялық;
ауырсынулы;
дисфагиялық;
атипиялық (псефдокаронарлы);
аралас.
ГЭРА диагностикасы Нр барына дәлел береді.
Лос-Анджелестік жіктеме бойынша (2000), ГЭРА эрозивті емес, эрозивті форма және Баррет өңешіне бөледі.
ГЭРА ауырлық дәрежесі өңештің шырышты қабатының өзгерісіне байланысты ( 7 табл.)
