Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін өзі тану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.3 Кб
Скачать

№ 16 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін өзі тану

Тақырыбы:Достық әлемі

Мақсаты: «Достық» ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

-достық, татулық, бірлік, ұғымдарын түсіндіру.

-өзара татулық сезімдерін дамыту.

-достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, хрестоматия

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері

Амансыңдар ма , балалар! мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. енді балалар мына өлең жолдарын бәріміз бірге айтайық.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыхдар,

Тату-тәтті ойнаймыз!

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелеу. С.Сейтеновтың «Атасының ақылы» әңгімесі.

Сұрақтар:

Еркін мен Төкен достықты қалай түсінеді?

Еркіннің атасы немересіне достық туралы қандай ақыл берді?

«Тату-тәтті дос» деп қандай достарды айта аламыз?

Дәйексөз.

«Адам достығымен күшті»

Сергіту сәті

Өлең мазмұнына сәйкес қимылмен жасалады.

Ойын: «Достық неден басталады, достыққа не жарасады»

Дәптермен жұмыс.

Достарыңа арналған ашықхаттың суретін салыңдар. оны қиып алып достық ағашына бекітіңдер.

Тыныштық сәті.

Балалар денелеіңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмасңдар да болады. Ауаны терең жұтып , еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңіздер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Шығармашылық ұжымдық жұмыс. «Достық шеңбері»

Балалар алақандарын бояуға салып, ватманға қолдарын бастырып шығады. жылы лебіз, тілектерін білдіреді.

Ғажайып сөздер.

Шынайы достық қуаныш әкеледі,

Адал достар үнемі бір-біріне көмекке дайын болады,

Достарым көп болсын десең, өзің жақсы бол.

.

Балалардың жауаптары.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Рефлексиялық түзету

Жүректен жүрекке

Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап Е.Өтетілуеовтың өлең жолдарын айтады

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашанда, қайда да

Достар бір-біріне

Сенімді боламыз.

Екі деген екі дос

Бірін бірі қимайтын,

Артық-кемді етпей сөз

Бірін-бірі сыйлайтын.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: достық, татулық, бірлік, ұғымдарын түсіндіру.

Игеру:өзара татулық сезімдерін дамыту.

Меңгеру:достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

№ 17 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Сәлемдесе білемін.

Мақсаты:Балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-балаларды сәлемдесе білуге үйрету

-балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту

-әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарды қайталайды.

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелеу.

Ө.Ақыпбеков «Сәлем берем үлкенге»

Сұрақтар:

  1. Балалар, үлкен атаны көргенде қалай амандасасыңдар?

  2. Ал қыздар ше?

  3. Әжені көргенде қандай жылы сөз айтамыз?

Дәйексөз

«Сәлем сөздің анасы»

Тыныштық сәті

Балалар денелеіңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмасңдар да болады. Ауаны терең жұтып , еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңіздер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Ойын: «Қалай амандасу керек?»

Мақсаты: әдептілік ережелеріне баулу.

Дәптермен жұмыс:

Берілген суреттерде балалар амандасудың қандай түрлерін пайдаланады деп ойлайсыңдар? әңгімелеп беріңдер. суретті бояңдар.

Ғажайып сөздер.

Сәлеметсіз бе? амансыз ба? Ассалаумағалейкүм? уағалейкумассалам!

Қош бол! сау бол! Қош келдіңіздер! Төрге шығыңыз.

Ьалалар әңгімені мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Балалар жұптасып, сыртқы және ішкі шеңбер құрады. тәрбиешінің нұсқауы бойынша қарама-қарсы тұрған балалар бір-бірімен амандасады.

Рефлексиялық түзету

Жүректен жүрекке

«Кездескенше сау бол шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне күлімсіреп қарап ойыншықжүрекшені ұсынып «Кездескенше сау бол!» деп қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: балаларды сәлемдесе білуге үйрету

Игеру:балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту

Меңгеру:әдептілікке тәрбиелеу