Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін өзі тану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.3 Кб
Скачать

№10 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін өзі тану

Тақырыбы:Отбасылық мерекелер.

Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-отбасылық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту

-қуанышты көңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптасытру

-отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, ватман, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, шарлар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңберге жинау. Бір-біріне шар ұсына отырып, жақсы тілектерін білдіреді.

Сәлеметсіңбе Қарлығаш? Саған қуаныш тілеймін.

Сәлеметсіңбе Ғазия? Саған денсаулық тілеймін.

Сәлеметсіңбе, батихан? Саған ұзақ өмір тілеймін.

Сәлем дана! Саған бақыт тілеймін, т.сс.

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелесу.

Балалар, қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?

Өзіммен-өзім. «Менің арманым»

Үнтаспадан әдемі әуен естіледі.

-Әр адамның арманы болады. Үлкендер, туған-туыстар, достар бір-біріне «Арманың орындалсын!» деп тілек білдіреді. Біз де армандап көрейік. Өздеріңді Жаңа жылдық шырша тойында жүрміз деп ойлаңдар. Ортада әсем шырша тұр. Ол әр түрлі ойыншықтармен, жұлдазшалармен безендірілген. Қызыл-жасыл шамдар жарқырап тұр. Аяз Ата мен Ақшақар әр баланың сүйікті ойыншығын таратып жүр. Армандаған ойыншығына сенің де қолын жетті. Қуанышты сезіммен шаттана билеп жүрсің.

Дәйексөз.

Тәрбиеші балаларға «Көңілді үйде күнде мейрам» нақыл сөзін түсіндіреді.

Ойын. «Шыршаны безендірейік»

Дәптермен жұмыс.

Суретті бояп, отбасындағы Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеп беріңдер.

Сергіту сәті

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау.

Балалардың жауаптары. Туған күн, Жаң жыл, 8-наурыз-Аналар мерекесі.

Балалардың жауаптары.

Балалар Жаңа Жылға тілегін айтып, шыршаға ойыншықтарын іледі.

Рефлексиялық түзету

Қорытындылау.

Бүгінгі сабағымызда Жаңа жыл мерекесі отбасылық мерекелердің бірі екенін білдік. Адамдар бұл күні бір-біріне бақыт, денсаулық, сүйіспеншілік тілейді. Жаңа жыл күні тілеген тілектер мен ой армандар орындалады. Сол себептен жақсы ой ойлап, өзіне және өзгелерге ізгі тілектер керектігін білдік.

Жүректен жүрекке

Жаңа жылда жақсылық болсын!

Жаңа жылда молшылық болсын!

Жаңа жылда денсаулық болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне Жаңа Жылдық жақсы тілектер білдіреді.

Күтілетін нәтижелер:

Білу:отбасылық мереке туралы түсінік

Игеру:қуанышты көңіл күйде жүруді

Меңгеру:отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік

12 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін өзі тану

Тақырыбы: Достық неден басталады?

Мақсаты: «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру

-достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету

-достаса білуге тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері

Амансыңдар ма достарым!

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-бірлеріне қолдарыңды созып, шын жүректен мынадай сөздермен мәлемдесейік. Сәлемесізбе Сауле, мен сенің досыңмын, мен сенімен достасқым келеді.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің айтқанымен бір-бірімен сәлемдеседі.

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелесу.

Балаларға жаңа тарауды түсіндіру мақсатында әңгімелесу әдісін пайдалану.

Балалар, «Өзін өзі тану әлемінің» картасындағы үшінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

Әңгімелесу. В.Осеева Үш жолдас.

Сұрақтар:

Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысы шын, нағыз дос деп айта аламыз? Сендер олардың орында болсаңдар не істер едіңдер?

Дәйесксөз

«Достық асыл қасиет»

Ойын: «Менің досым»

Тәрбиеші допты әрбір балаға кезекпен лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

Тыныштық сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңіздер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Дәптермен жұмыс.

Балалар, барлығымыздың да достарымыз бар. Олар сүйкімді, әдемі, мейірімді, қайырымды. Өз достаыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көріңдер. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп беріңдер.

Сергіту сәті.

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасалады.

Ғажайып сөздер.

Достар тату, мейірімді болады.

Достар бір-біріне көмектеседі.

Балалардың жауаптары.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біз мейірімді баламыз!

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасадық,

Жақсы сергіп қаламыз.

Рефлексиялық түзету

Қорытындылау.

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достар үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы ғана емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектесу керек.

Жүректен жүрекке.

Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып, өз досыңның қандай болғанын қалайтынын айтып шығады.

Менің досым батыр болса деймін,

Менің досым әдемі болма деймін, менің досым өтірік айтпаса екен деймін.

Күтілетін нәтижелер:

Білу:достық деген сөздің мәні

Игеру:дос болудың маңызы зор

Меңгеру:достықты сақтау, мейірімді, адал болуды

13 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Адал дос

Мақсаты: «Адалдық» , «Адал дос» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-адал дос туралы түсінік беру

-адалдық қаситеттерін дамыту.

-адал дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, хрестоматия

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері

Ән салуға барамыз

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне, мен!

Доспын енді сенімен!

Балалар шеңбер бойымен жүреді, тоқтайды, қолдарын екі жаққа сермейді, көршілерімен қол алысады.

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелеу

М.Төрежанов «Адал дос»

Сұрақтар:

Екі баланың достығын неге адал, шынайы деп атады?

Сен Абланның орнында болсаң, не істер едің?

Сен досыңа көмегіңді қалай көрсетесің?

Дәйексөз

«Адал дос алтыннан қымбат»

Ойын: «Нағыз дос болайық»

Қосыл, қосыл, шеңберге

Нағыз адал дос болып,

Қосыл, қосыл шеңберге.

Ең сенімді дос болып,

Қосыл, қосыл, шеңберге

Ең зиянды дос болып,

Қосыл, қосыл шеңберге

Ең мейірбан дос болып.

Дәптермен жұмыс.

Мысықтың ақ тиінге қалай көмектескені жайлы айтып беріңдер. Суреттерді бояңдар.

Тыныштық сәті.

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауауны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңіздер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Ғажайып сөздер.

Достық жақсы қасиет.

Мен адал, сенімді, мейірбан, жақсы доспын.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер аталғанда, алға бір қадам жасайды, қуанышын білдіріп қол соғады. Достықтың жараспайтын сөздерді атағанда, балалар керімінше артқа қарай бір қадам жылжиды.

Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Рефлексиялық түзету

Жүректен жүрекке.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашанда қайда да!

Достар бір-біріне,

Сенімді болады.

Балалар қол ұстасып шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: адал дос туралы түсінік беру

Игеру:адалдық қаситеттерін дамыту.

Меңгеру:адал дос болуға тәрбиелеу.