- •№2 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 3 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№5 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 9 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№10 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№14 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№15 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 16 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 17 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№19 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№21 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 23 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 7 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 11 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 18 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 20 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •Күтілетін нәтижелер:
№5 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
Білім салалары:Әлеумет
Ұ.О.І.Ә: Өзін өзі тану
Тақырыбы:Менің туған күнім.
Мақсаты:Жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-туған күн қуанышы туралы түсінік беру
-өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту,
-сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі қүлардар:дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеуді оятушы |
Шаттық шеңбері Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. |
Балалар шеңберқұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастыру-іздену |
Әңгімелеу Н.Қадырбаевтың «Туған күн» әңгімесінен үзінді. Әңгіме бойынша сұрақтар. 1.Атасы Нұрланды қалай қуантты? 2.Туған күніне отбасы мүшелері бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық сезімдерін қалай білдіреді? 3.Отбасы мүшелерінің туған күніне қалай дайындаласыңдар? Дәйексөз «Қуаныш-көңілді сергітеді» Тыныштық сәті Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пентыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңіздер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Дәптермен жұмыс. Дострыңның туған күндеріне қандй сыйлық сыйлағыларың келетіндігін айтып беріңдер. Ойын: «Қуаныш сыйлау». Ғажайып сөздер. Жақсы тілек қауныш сыйлайды, Туған күнің құтты болсын. |
Балалар әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Балалар тыныштық сәтінен әсер алып, ойынға белсенділік танытады.
Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. |
Рефлексиялық түзету |
Қортыныдылау Жүректен жүрекке Қандай жақсы туған күнің болғаны, Әржыл сайын бір жасқа адам тлғаны! Көк төсінде жұлдызымыз жайнады, Көңіліміз көтеріңкі жайдары. |
Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. |
Күтілетін нәтижелер:
Білу: -туған күн қуанышы туралы түсінік беру
Игеру :өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту,
Меңгеру:сүйіспеншілікке тәрбиелеу
№ 8 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
Тобы: «Жұлдызша»
Күні:
Тәрбиеші:Нуредилова Н.К.
Білім салалары: әлеуметтік орта
Ұ.О.І.Ә: Өзін өзі тану
Тақырыбы:Мен оысндай баламын.
Мақсаты:жақсы қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар:дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеуді оятушы |
Шаттық шеңбері Кел балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік. Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. |
Балалар шеңберге жиналып, қол ұстасып, Ө.Тұрманжанотың «Кел балалар күлейік» өлеңін бірірігп орындайды. |
Ұйымдастыру-іздену |
Әңгімелесу . Ө.Өтетілеуовтың «Ізгі сөдер» өлеңін оқып береді. 1. балалар, үйде, балабақшада қандай ізгі сөздер айтасыңдар? 2. «Ізгі сөз» дегеніміз қандай сөз? 3. қандай ізгі сөздерді білесіңдер? Жағдаяттар. 1-жағдаятқа сұрақтар: Балалар сендер Дәулеттің орынныда боласыңдар не істер едіңдер? Дәулет өз қателігін түзеу үшін Алмаға не деуі керек еді? 2-жағдаяттың сұрақтары: Балабақшадан қайтар кезде Серік киініп, ешкімге үндеместен кетіп қалды.серік қандай сөз айтуды ұмытып кетті? Әңгіелеу Ә. Дүйсенбевтің «Мен-осындай адаммын» өлеңін оқып беру. Сұрақтар: Шығармадағы бала қандай бала? Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғанын сезіңіздер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Дәйексөз. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» нақылс өзін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Сергіту сәті: қимыл қозғалыстар арқылы жасайды. Бас иық,, тізе, саусақ, Бас, иық, тізе, саусақ, Саусақ, саусақ, саусақ. (саусақпен орындату). Дәптермен дұмыс. -Суреттегі ұл бала мен қыз баланың игі істері туралы әңгімелеп беріңдер.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалардың жауаптары.
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Рефлексиялық түзету |
Қорытындылау. Жақсы бала болу үшін қандай игі қасиеттер қажет екен? Жүректен жүрекке Бір-бірімізге ойыншықтарды беріп, жылы сөздерді айтамыз., |
Шыншылдық, өтірік айтпау, бір-бірімізге көмектесу, қамқор болу, адал болу. Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсынып, жасаған қамқорлығы, сыйлаған қуанышы үшін алғыс айтады. |
Күтілетін нәтижелер:
Білу:адамның жақсы қасиеттері туралы
Игеру:бойларындағы жақсы қасиеттер
Меңгеру:адамгершілікті болу
