Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін өзі тану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.3 Кб
Скачать

№ 20 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Бәрі де татулықтан басталады.

Мақсаты: Отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы өзара сыйластық, өзара түсіністерінің қалыптасуына ықпал ету. Туған, өскен үйде тату болуға тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: Дәптер, хрестоматия

Сөздік жұмыс: Мейірім, сүйіспеншілік.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Амансыңдар ма, балалар! Сендермен кездескеніме қуаныштымы. Енді барлығымыз М.Мақатаевтың мына өлеңін бірге айтайық.

Анам маған – үлкенді сыйла деген

Сол сөз маған ізгілі құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Амандасады.

Өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-іздену

Мен сендерге Н.Қадырбаевтың «Мейірім» әңгімесін оқып берейін.

Балалар осы әңгіме жайлы сұрақтарға кім жауап береді?

-Айнұр атасы мен әжесінің қасында не үшін қалғысы келді?

-Атасы мен әжесі немересіне неге риза болды?

-Сендер Айнұрдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

-Сендер аталарың мен әжелеріңе сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіре аласыңдар?

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын

Шаң-тозаңды қуамын.

Ойын «Ғажайып сандықша»

Әдемі сандықша ішінде отбасының суреттері салынған.

Тәрбиеші сұрақтары:

Сен әжеңді қалай сыйлайсың?

-Сен атаңа қандай құмет көрсетесің?

-Қарындасыңмен татусың ба?

-Ініңмен қандай ойындар ойнайсың?

Әңгімені зейін қойып тыңдайды.

-бірге тұрғысы келеді.

-Айнурдың атасы мен әжесін жақсы көргендіктен.

-Бізде ауылда қалар едік.

-Жақсы көреміз, сыйлаймыз, көмектесеміз, тыңдаймыз.

Өлең мазмұнын сай қимыл-қозғалыс жасайды.

Балалар сандықшаның ішінен суреттерді алып, суреттегі бейнеге өз құметін, сыйластығын қалай білдіретінен айтады.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Рефлексиялық түзету

Тыныштық сәтін жасайды.

Балалар енді дәптерге өз үйлеріңнің суретін салыңдар.

Үйренген өнегелі сөздерімізді қайталап айтайықшы.

Балалар шеңберге жиналып отбасы туралы мына өлең жолдарын айтайық.

Әкем, шешем және мен,

Тату-тәтті тұрамыз.

Сыйластықпен, махаббатпен,

Сауық-сайран құрамыз!

-Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін ,өте тамаша сұрақтарға жауап бердіңдер.

Дәптеріне өз үйлерінің суретін салады.

Үлкендерді құрметте,

Ата-анаңды сыйла, ренжітпе.

Өлең жолдарын қайталайды.

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: отбасы, татулық ұғымдарын

Игеру: отбасындағы өзара сыйластықты

Меңгеру: үлкендерді, сыйлауды.

№ 32 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеуметтік орта

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: Ризамын, саған, «өзін-өзі тану» әлемі!.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін бекіту, іскерліктерін қорытындылау. Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Адамгершілікке тәрбиелеу. .

Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері:

-Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

-Қане, бәріміз бірге «Өзін-өзі тану әлеміне» ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтайық.

Ризамын саған,

«Өзін-өзі тану әлемі».

Ризамын саған,

Дәптерім менің әдемі

Ризамын саған

«Өзін-өзі тану әлемі».

Сүйеміз біз,

Қоршаған бар әлемді.

Ұйымдастыру-іздену

Балалар өткен сабақтарлы еске түсіру үшін,

« Өзін-өзі тану әлемінінің» картасына назар аударыуыңыздар.

-Жақсы, жаман болу өзіңе байланысты деген сөзді қалай түсінесің?

-Өзіңді қандай баламын деп ойлайсың?

Жыл бойы өткен сабақтарды еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:

-Біз қандай болуымыз керек деп ойлайсыңдар?

-Біз досбыз! Біз дос болуымыз үшін қандай болуымыз керек?

-Біз отбасындағы жақын адамдарды қалай сыйлаймыз?

-Біз табиғатқа қамқор болуымыз үшін қандай көмек бере аламыз?

-Біз Отанды сүйеміз.Отанды құрметтеу үшін не істей аламыз?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз адамбыз, сондықтан да біз әдепті, қамқор, шыншылмыз. Отбасынды үлкенді сыйлап, кішіге қамқор боламыз. Бір-бірімізді ренжітпей, тату ойнаймыз. Табиғатқа әрқашан қамқормыз, Отанымызды құрметтейміз. Айналадағы адамдарды жақсы істерімізбен қуантамыз.

Ойын: Жақсылық жасау үшін не істеу керек?» Ойын шарты: Балаларға адамдардың, құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің муреттерін таратып, сол суретке қарап, олармен дос болу үшін не істейтіні туралы әңгімелеп беруді ұсынады.

Дәйексөз. Тәрбиеші балаларға:

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты болып өссең сен.

Нағыз адам боласың!

деген халық даналығын бүгінгі күннің дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Тәрбиешінің көмегімен әр аялдамада не үйренгендерін еске түсіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Балалар төмендегідей жауаптар береді:

-Мен құстарға жақсылық жасау үшін, оларға ұя жасап, жем шашып, қамқорлық көрсетер едім.

-Мен ағашпен, гүлмен дос болу үшін, оған су құйып, топырағын қопсытар едім.

-Мен балапанмен дос болу үшін, оған жем, су берер едім.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Мен жақсы баламын.

Мен өз отбасымды жақсы көремін.

Достарымды сыйлаймын.

Табиғатты қорғаймын.

Менің Отаным – Қазақстан.

Рефлексиялық түзету

-Балалар, міне, біздің «Өзін-өзі тану әлеміндегі» саяхатымыз да аяқталды.

Біз енді өзімізді, отбасымызды, достарымызды, айнала қоршаған табиғатымызды, туған жерімізді, елімізді, Отанымызды сүйіп, аялап, қамқор боп, жақсылық жасай білуге үйрендік.

Балалар шеңберге тұрып «Ризашылық» әнін тәрбиешімен берге орындайды.

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: «Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін бекіту

Игеру: қамқорлық жасау білуді.

Меңгеру: балалар бойындағы жақсы қасиеттерді.

№ 22 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мен көмекшімін

Мақсаты: «Көмек», «көмектесу» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу. Бір-біріне көмектесе білу дағдыларын қалыптастыру. Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар : Дәптер, хрестоматия

Сөздік жұмыс: қолғанат, көмектесу.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-оятушы

Шеңберге тұрып, бір- бірімізбен амандасайық. Бәріміз бірге мына өлең жолдарын қайталаймыз.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен, ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Балалар шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады.

Өлең жолдарын бәрі бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-іздену

-Балалар, «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат барысында адамдардың біп-біріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарап, шыншыл бала болу қажеттігін түсіндік. Енді бүгінгі сабақта «көмектесу» туралы әңгімелесеміз.

«Көмектесу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімелесу. «Қолғанат» әңгімесін оқып берейін.

-Жанар анасына қандай көмек көрсеткісі келді?

-Анасы Жанардың бұл ісін қалай бағалады?

-Сендер ата-аналарына қандай көмек көрсете аласыңдар?

Бүгінгі дәйексөз «Бала – ата-ананың қолғанаты» нақыл сөзі ретінде түсіндіреді.

Ойын-жаттығу «Топтасып көрейік...».

Шеңбер бойындағы балалар бір-бірімен төмендегі белгілері бойынша топтасады:

-кімнің мысығы бар...

-ақ көйлектілер...

-тәттіні жақсы көретіндер...

Балалар топтасқаннан соң, жүргізушынің нұсқауы бойынша үнсіз қимылмен төмендегі тапсырмаларды орындайды.

-ағаш аралау;

-алма жинау;

-суға түсу;

-әткеншек тебу;

-сурет салу;

-би билеу.

Тыныштық сәті

Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.

Ғажайып сөздерді қайталаймыз.

Балалар жауап береді.

-кір жууға көмектескісі келді.

- қуанды.

-үй жинаймыз, бөбемізді бағамыз т.б.

Ойын ойнайды.

Тапсырмаларды орындайды.

Тыныштық сәтін жасайды.

Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Көмектің үлкен-кішісі жоқ.

Көмек көрсету – жақсы қасиет.

Рефлексивті - түзету

-Балалар, бүгінгі сабағымызда үлкендерге, өзімізден кішілерге, бір-бірімізге қалай көмектесетініміз туралы әңгімелестік. Сендер кішкентай болсаңдар да үлкендерге көмек беру, қолқанат болудың жақсы қасиет екенін білесіңдер. Көмектің үлкен-кішісі жоқ. Сендердің әрбір көмектерің үлкендерді, ата-аналарыңды қуантады.

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, төмендегі өлең жолдарын тәрбиешімен бірігіп қайталайды.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз.

Бәріміз де біргеміз.

Күтілген нәтижелер:

Білу керек: көмектесу ұғымын білу керек.

Игеру: үлкенге де, кішіге де көмектесуді

Меңгеру: көмек беру, қолғанат болу жақсы қасиет екенін

№ 24 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай азаматымын!

Мақсаты: Отан, туған ел, туралы түсініктерін кеңейту. Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Отанын сүюге тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар : Дәптер, хрестоматия

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-оятушы

Шаттық шеңбері.

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін.

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған өзіңнен.

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-іздену

Балаларға «Менің Отаным» әңгімесін оқып беру.

Сендер осы әңгімеге сұрақтарға жауап беріңдер?

-Бекжанның басқа балалардан қандай ерекшелігі бар?

-Қалай ойлайсыңдар, Бекжанның ерекше сезімге бөлінуі неліктен?

«Отан деп өс, жас қауым. Оны ардақтап сүйке біл»! өлең жолдарын бүгінгі дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз.

Өсіп-өніп томаыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз.

Дәптермен жұмыс «Сүйем сені, туған өлкем»

Сабақта үйренген өнегелі , ғажайып сөздерімізді қайталаймыз.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Өлең мазмұнын сәйкес қимылдар жасайды.

Суретке қарап, әңгіме құрастырады, бояйды.

Мен Отаным - Қазақстан.

Мен елімнің азаматымын.

Рефлексивті - түзету

-Біз Отанымыздың кең, байтақ екенін білдік. Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз. Біз Отанымызды сүйеміз!

Балалар шеңберге тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын айтады.

Күтілген нәтижелер:

Білу керек: Отанын сүйуді.

Игеру: Отанын қадірлеп, қорғауды.

Меңгеру: өз елінің кішкентай азаматы екенін

28 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: «Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: «Табиғат- денсаулық мекені»

Мақсаты : Табиғат денсаулық құндылықтары туралы ттүсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,

Көрнекі құралдар :

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-оятушы

- Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңберге тұрып, бір - бірімізге сүйіспеншілігімізді білдірейік.

1. Сабина, сен әдепті қызсың. 2. Серболат, сен батыр баласың. 3. Ботагөз, сен мейірімді қызсың.

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелесу: - Бүгін «Өзін - өзі тану» әлемінің «Отбасы»аялдамасына тоқталамыз. - Бүгінгі сабақта отбасының құндылығы, маңыздылығы туралы айтамыз. - Суретте не көріп отырсыңдар? - Бұл жерде бізді қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп тұр. - Ал біз бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз. Өзіммен өзім: - Балалар, қане, мына кілем үстіне отыруларыңды сұраймын. Әркімнің өз үйі бар. Әркім өз үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жайлы ды жылы. Онда сендерді жақсы көретін адамдар тұрады. Енді әр қайсысымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды көз алдымызға елестетейік. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Баяу әуенді музыка ойнайды. - Енді көзімізді ашып, ойлаған ойларымызбен бөлісейік. Сергіту сәті: «Тату - тәтті отбасы» - Мен қазір сендерге, тату - тәтті отбасында - 3 адам, 4 адам, 5 адам тұрады деймін, сендер сол санға сәйкес тез топтасып тұра қаласыңдар. Санамақ айту: Көрініс: «Ана мен бала» Бала доппен ойнап жүргенде құлап қалады. Оны көрген анасы жүгіріп келіп, баласын көтеріп алады. Айналайын, жан балам, Құладың - ау сен жаман. Ауырған жоқ па, бір жерің, Жүргенің жақсы сен аман! - Сендерде осындай жағдай болды ма? - Болсаңдар аналарың қандай сөз айтты? - Қане, осы отбасы туралы кім өлең, тақпақ біледі? Дәйексөз: - «Адамға ең қымбат - отбасы»дегенді қалай түсінесіңдер? Ғажайып сөздер: - Адамға ең қымбат - отбасы. - Отбасы - сенің ең жақын адамдарың.

Отбасы.

Балалар өз ойларын айтып береді.

Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз. Бас бармағым - атам, Балан үйрек - апам, Ортан терек - әкем, Шылдыр шүмек - анам, Кішкентай бөбек - мен. Біз үйде нешеуміз? Біз үйде – бесеуміз.

1. Ең жақын адамдар, Әкем мен анам бар. Әкемнің әкесі, Ақ басты атам бар. Әкемнің шешесі, Ақ шашты әжем бар. 2. Ұлдардың үлкені, Бір туған ағам бар. Қыздардың үлкені, Бір туған әпкем бар. 3. Ұлдардың кішісі, Бір туған інім бар. Қыздардың кішісі, Бір туған қарындас, Әпкеге - сіңлі бар. - Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасы - бұл сенің ең жақын адамдарың; атаң, әжең, әкең, анаң, бауырың, інің, әпкең, сіңлің. Біз туған үйімізді жақсы көреміз.

Рефлексивті - түзету

- Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы - сенің атаң, әжең, әкең, анаң, сіңілің, інің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйретеді.

Жүректен жүрекке: Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді. - Менің отбасым ең тату отбасы. - Менің отбасы ең үлкен. - мен атам мен әжемді жақсы көремін. - Менің анам ең ақылды адам. - Менің отбасым аман болсын. - Менің отбасымда қуаныш көп болсын. - Менің отбасым қонақжай. - Менің отбасым көңілді. - Менің отбасым мейірімді. - Менің отбасым ең бақытты. - Мен өз отбасымды жақсы көремін.

Күтілген нәтижелер:

Білу керек: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту

Игеру: . Отбасы деген жағымды қарым - қатынастарын дамыту

Меңгеру: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

26 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам

Мақсаты: Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Дәптер, хрестоматия

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Е.Өтетілеуовтың «Бала,бала, баламыз» өлеңін бірігіп айтады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Батамыз да қаламыз.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-іздену

-Балалар, бүгін сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелесеміз.

Біздер балабақшада әдепті, қамқор, ұқыпты, мейірімді, тату болуға үйреніп, көптеген достар таптық. Тәрбиеші апайымыздың көмегімен ән салып, би билеп, сурет салуға үйрендік. Айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстық. Сондықтан «Балабақша – өз үйіміз» деп біз айта аламыз.

-Қалай ойлайсыңдар, «Балабақша»деген атау не үшін берілген?

-Балабақша» бұл – әдемі атау. Бақшада жас жеміс ағаштары өссе, балабақшада Отанымыздың жас ұландары, сендер өсіп, жақсылыққа, достыққа, әдептілікке үйреніңдер.

-Балабақшада не үйренесіңдер?

-Сендерге балабақша несімен ұнайды?

Дәйексөз.

Тәрбиеші балаларға «Сәбиіңмін сенің, балабақшам менің» деген Е.Ашықбаевтың өлең жолдарын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Тынықтық сәті:

Ойын: «Балабақша бізді неге үйретеді?»

Балаларшеңбер бойымен тұрып. Бастауыш допты бір балаға лақтырып, «Балабақша бізді неге үйретеді?» деп сұрақ қояды. Допты ұстаған бала жауап айтады.

Күтілген жауаптар.

-татулыққа;

-достыққа;

-Мейірімділікке;

-бірлікке;

-ұйымшылдыққа,

-сыйластыққа;

-сүйіспеншілікке;

-жауапкершілікке;

-жақсылыққа;

Дәптермен жұмыс: - Өз балабақшаның суретін салып, әңгімелеп беріңдер.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп, өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көпке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып.

Жаттығулар жасаймыз.

-Балалар балабақша туралы ғажайып сөздер айтыңыздар.

Балалар мұқият тыңдап отырады.

Балалардың жауаптары

-Тақпақ, ән, би билеп, сурет салып, әдепті болуды үйренеміз.

Өлеңді қайталайды.

Ойын ойнайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Сурет салады, оны бояйды.

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасайды.

Мен балабақшамды, өз тобымды, апайымды жақсы көремін. Балабақша мені жақсылыққа үйретті.

Рефлексиялық түзету

-Балалар, біз балабақшада жақсылыққа, ұйымшылыдыққа, сы йластыққа, достыққа, таттулыққа үйрендік.

Жүректен-жүрекке мына өлең жолдарын қайталймыз.

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз аты да

Бірге сайран құрамыз.